Салыстырма кесте

-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

бет5/12
Дата13.06.2016
өлшемі1 Mb.
#131859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

1. Орталық мемлекеттік органдардың донорлардың өтеусіз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негізделген байланысты гранттар тартуға өтінімдер қалыптастыру, ұсыным жасау және іріктеу жөніндегі қызметі байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.

2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Жоқ.

3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестігі;

2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған байланысты гранттарға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның қорытындысы қоса беріледі.

3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестігі;

2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.

Байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар (Бюджет кодексінің 3-бабының 1-т 3) тт);

Байланысты гранттар, оның ішінде өтеусіз техникалық көмек ұсыну туралы донорлардың ұсыныстары негізінде тартылатындықтан ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның қатысуы ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және оларды дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімге қорытынды беру түрінде өтінімдерді қарау кезеңінде қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұл норма мамандандырылған мемлекеттік органдарға байланысты гранттарды, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың., атап айтқанда байланысты грантты тартқан органның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне ақпараттық жүйелерді перспективалық енгізу тұрғысынан іске асыру кезінде ақпараттық технологияларды болжамды қолдануды бағалауды қамтамасыз етеді.

56

169-баптың 2-тармағы

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:

1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;

2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;

4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;

5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:

1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;

2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;

4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;

5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органға – ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша, донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша, байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

Іске асыру кезінде мемлекеттік саясаттың тиімділігі және оның үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тартылған байланысты гранттарды пайдалануды бағалау кезінде ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның қатысуы көздеу ұсынылады.

57

170-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы, 2-тармағы

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі:

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға табыс етуін көздейді.

2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар айқындайды.

3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге асырады және:

байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;

байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін талдауды;

байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі:

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органға табыс етуін көздейді.

2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган айқындайды.

3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге асырады және:

байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;

байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін талдауды;

байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.

Іске асыру кезінде мемлекеттік саясаттың тиімділігі және оның үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тартылған байланысты гранттарды пайдалануды бағалау кезінде ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның қатысуы көздеу ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы»

1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

58

6-бап

6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу

2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.

6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу

2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.

Түзету ақпараттандыру субьектілеріне атау беру бөлігінде «Ақпараттандыру туралы» заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында енгізіледі.

59

30-бап

30-бап. Банк қызметі

7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.

30-бап. Банк қызметі

7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.

Түзету ақпараттандыру субьектілеріне атау беру бөлігінде «Ақпараттандыру туралы» заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында енгізіледі.

60

38-бап

38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру

1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.

3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.

4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.

38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру

1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

1-1. Ақша жөнелтуші алған мемлекеттік қызметтер төлеміне төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін банктер өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкімет» операторының ақпараттық жүйелерімен кіріктіреді.

2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылмаған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.

3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.

4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) шотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.

Түзету енгізу халыққа және заңды тұлғаларға интернет және «электрондық үкімет» төлем шлюзіне қосылған екінші деңгейдегі банктердің ұтқыр банкингі арқылы оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

61

50-баптың 4-тармағы

50-бап. Банк құпиясы

4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік қарыз, лизинг операцияларын, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.

Мыналар:

...

4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді табыс ету;

4-1) жоқ;

5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;

11) банкроттық саласындағы уәкілетті органға және конкурстық басқарушыға оған қатысты соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банк шоты бойынша мәліметтерді беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.

4-1) банктердің «электрондық үкіметтің» ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының операторына ақша жөнелтушілердің мемлекеттік қызметтерді төлеуі үшін мәліметтерді табыс етуі;

5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;

11) банкроттық саласындағы уәкілетті органға және конкурстық басқарушыға оған қатысты соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банк шоты бойынша мәліметтерді беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.

Түзету «электрондық үкімет»төлем шлюзінің операторына банк құпиясына жататын ақпаратты, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер үшін төлемді жүзеге асыратын клиенттердің банктік шоттарының болуы туралы, мемлекеттік қызметтер үшін төлеммен байланысты бұл шоттар бойынша ақша қалдығы мен олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы»

1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

62

13-бап.

13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:

20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;

20-1) жоқ;

20-2) жоқ;

20-3) жоқ;

20-4) жоқ;

20-5) жоқ;

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар даярлауды жүзеге асыру;

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

13-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының құқықтары

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:

20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;

20-1) мемлекеттік құпияларға жатқызылған (қамтитын) өзіндік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, беру, қорғау және оларға қол жеткізу тәртібін айқындау;

20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған (қамтитын) өзіндік ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану (сүйемелдеу), түрлендіру және есептен шығару, оларды аттестаттау, техникалық аудит жүргізу, оларды депозитке беру мен тіркеу;

20-3) арнайы куәландырушы орталық құру, оны пайдалануға беру, пайдалану және оның қызметін тоқтату;

20-4) ақпараттық жүйелерді жасау, дамыту, енгізу, орналастыру, сүйемелдеу, оған техникалық қызмет көрсету және оны пайдалану жөніндегі функцияларды немесе жұмыстар мен қызметтердің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы аутсорсинг қызметтерінің жеткізушісін айқындай отырып, бизнес-процестерді автоматтандыруды аутсорсингке беру;

20-5) электрондық-ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ телекоммуникациялық желілерді пайдалану және олардың өзара іс-қимылы тәртібін айқындау;

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар даярлауды жүзеге асыру;

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Түзетулерді енгізу ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпияларға жатқызылған немесе осыларды қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық жүйелерге қатысты құзыретін бекітумен байланысты.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы

63

2-баптың 14-1) тармақшасы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

14-1) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет