«Зерде» ұлттық инфокоммуиикациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған стратегиясы
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі ұғымдар
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Ішкі ортаны талдау
3.2. Сыртқы ортаны талдау
4. Миссия және пайымдау
5. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер
5.1. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуы» қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаты, шешуші көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері
5.1.1. АКТ саласында нормативтік құқықтық базаны және салалық стандарттардың дамытуды қамтамасыз ету
5.1.2. АКТ білімін дамыту және АКТ мамандарының кәсіби деңгейін арттыру
5.1.3. АКТ саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету
5.1.4. Жаңа АКТ-технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру
5.1.5. Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды қамтамасыз ету
5.2. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері
5.3. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту» бағытының негізгі өзекті көрсеткіштері
5.4. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту» қызметінің стратегиялық бағыты мен оның мақсаттары, негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері
5.4.1. Халық пен заңды тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету
5.4.2. Мемлекеттік органдарға тиімді және жоғары сапалы АТ-қызметтерін көрсету
5.4.3. Холдингтің компаниялар тобының активтерін тиімді басқару
5.5. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту» бағытының күтілетін нәтижелері
5.6. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту» бағыты қызметінің негізгі өзекті көрсеткіштері
1. Кіріспе
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Холдинг) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі Холдингтің құрылтайшысы болып табылады.
Холдинг қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты мен акциялар пакеті Холдингтің меншігіндегі акционерлік қоғамдардың дивидендттері есебінен құрылатын кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де кірістер арқылы жүзеге асырылады. Холдинг негізгі кірісті мемлекеттік тапсырыстардан алады.
Холдинг қызметінің негізгі мәні акциялар пакеті Холдингтің акциялар төлеміне берілген заңды тұлғаларды (бұдан әрі - компаниялар тобы) тиімді басқару болып табылады. Холдингті құрудың мақсаттары:
инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеті мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;
инфокоммуникациялық саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.
Холдингтің компаниялар тобына мынадай заңды тұлғалар кіреді:
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
«Қазконтент» акционерлік қоғамы;
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Kazsanet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы;
«Ұлттық процессингтік орталық» акционерлік қоғамы.
2. Негізгі ұғымдар
1) Вендор (ағыл. vendor) - өзінің сауда маркасы арқылы өнімдерді және қызметтерді шығаратын және жеткізетін компания.
2) Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың және жеке сипаты бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініштері бойынша жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
3) Дата-орталық (ағыл. data center) - серверлік және коммуникациялық жабдықты орнату мен Интернет желісі арналарына қосылу үшін мамандандырылған ғимарат (алаң).
4) Е-әкімдік - электрондық қызметтерді ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тетігі.
5) Е-қызметтер - оны сұрау салушы тұлғаға (ұйымға) нақты уақыт режимінде ақпаратты берудің және ұсынудың АКТ құралдарын қолдана отырып, көрсетілетін қызмет.
6) Инфокоммуникациялар - АКТ негізінде компьютерлік және телекоммуникациялық желілердің өзара ену (конвергенциясы) үдерісінде айналымға енгізілген және ақпараттық пен телекоммуникациялық технологиялардың ақпаратты құру және одан әрі оның алмасу үдерісінде ажырамас байланысты білдіретін термин.
7) АКТ сала, инфокоммуникациялық сала - АКТ негізінде өнімдер өндірумен және қызметтермен байланысты қызмет түрлерімен кәсіпорындардың шартты бірлесуі.
8) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - оны пайдаланушылардың мүддесі үшін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету мен пайдалану мақсатында ықпалдасқан әдістердің, өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.
9) Интернет - жаһанды ақпараттық жүйе, оның бөліктері қисынды түрде бір-бірімен ТСР/ІР хаттамасына негізделген бірегей мекенжайлық кеңістігі арқылы өзара байланысқан және жария немесе жеке түрде жоғары деңгейдегі коммуникациялық сервисті қамтамасыз етеді.
10) Интернет-ресурс - электронды ақпараттық ресурс, оны жүргізу және/немесе қолдану технологиясы, ашық технологиялар негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық желі, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.
11) Ақпарат - ұсыну нысанына қарамастан тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен үдерістер туралы мәліметтер.
12) АТ-қызмет - ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген және тапсырыс берушінің бизнес-үдерістерін қолдайтын қызмет.
13) Тұманды (бытыраңқы) есептеу (ағыл. cloud computing, сондай-ақ Тұманды (бытыраңқы) деректерді өңдеу термині де пайдаланылады) - компьютерлік ресурстар және қуаттылық пайдаланушыға Интернет-сервис ретінде ұсынылатын деректерді өңдеу технологиясы.
14) Ашық код (ағыл. open source software) - басталу коды пайдаланушылардың жаңа бағдарламаларды қарауына, зерделеуіне және өзгертуіне арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.
15) «электронды үкіметтің» төлем шлюзі - ол арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып, интернет, ұялы байланысы пен қолма-қол төлем терминалы арқылы салық төлемі, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтерінің және тағы сондай қызметтер төлемі сияқты әртүрлі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылатын жүйе.
16) Әлеуметтік желі - Интернетте мүдделері және/немесе қызметі ұқсас адамдардан қоғамдастық құруға бағытталған ресурс. Байланыс ішкі пошта сервисі немесе хабарламалармен мезеттік алмасу арқылы жүзеге асырылады.
17) Хостинг — Интернет желісінде үнемі болатын серверге ақпаратты нақты орналастыруға арналған қызметті ұсыну жөніндегі қызмет.
18) Карнеги-Меллон Университеті - (ағыл. Carnegie Mellon University, CMU - Питтcбургте орналасқан (АҚШ, Пенсильвания штаты) жеке меншік университет және зерттеу орталығы.
19) Электронды үкімет, ЭҮ - мемлекеттік органдардың электрондық қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс істеу тетігі.
20) Электронды мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
21) 3G - (ағыл. tring generation - үшінші буын), 3-буынды ұялы байланыс технологиялары - Интернет желісінің қызметтерімен жоғары жылдамдықты ұялы қол жетімділікті де, деректерді беру арналарын құратын радио байланыс технологиясын да біріктіретін қызметтер жиынтығы.
22) 4G - деректерді берудің жоғары жылдамдығымен және дыбысты байланыстың жоғары сапасымен сипатталатын ұялы байланыстың перспективалық (төртінші) буыны. Төртінші буынға деректерді жылжымалы абоненттерге 100 Мбит/с және стационарлы абоненттерге 1Гбит/с астам жылдамдықпен беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін перспективалық технологияларды жатқызу қабылданған.
23) В2В (ағыл. Bussiness to Bussiness) - өзара әрекет ететін субъектілер типі бойынша жіктелген ақпараттық және экономикалық өзара әрекет ету түрін айқындайтын термин, бұл жағдайда - заңды тұлғалар.
24) В2С - заңды тұлға мен түпкілікті тұтынушы/жеке тұлғаның арасындағы қатынастарды білдіреді.
25) Call center - қоңырау шалуларға қызмет көрсету орталығы-телефон арқылы сұрау түрінде түсетін ақпараттың үлкен көлемдерін алу және тарату үшін пайдаланатын орталықтанған кеңсе.
26) CDMA (ағыл. Code Division Multiple Accts) - кодпен бөлінген көп ретті қол жетімділік технологиясы.
27) Collocation клиенттің дата-орталықтағы серверлік және телекоммуникациялық жабдығын нақты орналастыруды білдіреді.
28) Carnegia Mellon университеті әзірлеген Capability Maturity MODEL - компанияның бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қабілетін дамытудың эволюциялық моделі.
29) GSM - ұтқыр ұялы байланысқа арналған ғаламдық цифрлық стандарт.
30) ІР-телефония Интернет-хаттаманы (ІР) пайдаланатын желілердің үстіне дыбыстық байланысты қамтамасыз етеді. Технология ұтқыр қызметкерлерді қоса алғанда, ұйымның көптеген бытыраңқы объектілерін біріктіруге мүмкіндік береді.
31) lnfrastructure as a Servis (laaS) - тұманды есептеулердің тұжырымдамасы негізінде компьютерлік инфрақұрылымды қызмет ретінде (әдетте виртуалдандыру түрінде) ұсыну.
32) HR. - адам ресурстары.
33) SWOT - факторлар мен құбылыстарды төрт санатқа: strengths (күшті жақтары), weaknesses (әлсіз жақтары), opportunities (мүмкіндіктер) және threats (қатерлері) бөлуді білдіретін, стратегиялық жоспарлаудағы талдау әдісі.
34) Software as а service (SaaS) («бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде») немесе Software on Demand (SoD) («талап бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету») - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатудың бизнес-моделі.
35) Startup-жоба — жаңа жоба.
36) WiMAX (ағыл.Worldwide Interoperability for Microwave Access) - құрылғылардың кең спектріне арналған (жұмыс станциялары мен портативті компьютерлерден бастап ұялы телефондарға дейін) үлкен қашықтықтағы әмбебап сымсыз байланысты ұсыну мақсатында әзірленген телекоммуникациялық технология.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Ішкі ортаны талдау
Компания портфелі. Компания басқаруына берілген қызметтің перспективалық бағыттары бойынша әртүрлі мамандануы, сондай-ақ «электронды үкімет» сияқты ірі ауқымды жобаларды іске асырудағы кейбір тәжірибелері болады. Екінші жағынан, Холдингтің АКТ саласын дамыту бойынша бастамалары салалық мемлекеттік орган тарапынан қолдау табады. Еншілес ұйымдардың ресурстарын олардың мамандануына бағыттау және функцияларына қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес қайта құрылымдау жүргізу қажет.
Қаржылық жағдай. Талдау көрсеткендей, Холдингтің компаниялар тобының ағымдағы қаржылық жағдайы жалпы алғанда құрылған кезден гөрі әлдеқайда жақсара түскен - 2009 жылдың қорытындысы бойынша шоғырланған қаржы нәтижесі құрылған жылы (2008 жыл) 390 миллион теңге болған теріс нәтижемен салыстырғанда 467 млн. теңгені құрады.
Қазіргі кезде Холдингтің қаржылық тұрақтылығы қаржылық тұрақтылықтың оң көрсеткіштерімен және төлем қабілеттілігімен расталады. Меншікті қаражатпен қамтамасыз етушілік көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда өсті, 2009 жылы капитал 21%-ға немесе 1 380 миллион теңгеге ұлғайды.
Холдингтің компаниялар тобында ашықтықтың, теңгерімділік пен тиімділіктің жалпы қағидаттарына негізделген бюджеттеу жүйесі жұмыс істейді.
Холдингтің әлсіз жақтары ішінде Холдингтің АКТ өндірісін инвестициялау үшін меншікті қаржы қаражатының жеткіліксіздігі атап өтіледі. Бұдан әрі даму мақсатында перспективалық жобалар үшін қарыз қаражатын тарту, сондай-ақ мемлекеттік жеке әріптестік қағидаты бойынша жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру талап етіледі.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау жүйесі Холдинг құрылған кезге дейін оған орналастырылған акциялар төлеміне берілген компаниялардағы стратегиялық жоспарлау жүйесі формальды сипатта болды, ал кейбіреуінде тіпті болған да жоқ. Қазіргі уақытта компаниялар тобында стратегиялық құжаттарды әзірлеу үдерісіне бақылау күшейтілді. Стратегиялық жоспарлау жүйесі құжаттарының тұтастығы мен бірегейлігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай әдістемелік талаптарға сәйкес еншілес және тәуелсіз ұйымдарды дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегияларының жобалары дайындалды.
Қазіргі кезде Холдинг стратегиясын қызметкерлер арасында және Холдинг пен компаниялар тобы көрсеткіштерінің арасындағы келісімпаздықты терең түсінушіліктің жеткіліксіздігі байқалады. Компаниялар тобында теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін — миссияны, пайымдау мен стратегиялық бағыттарды нақты мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер нысанында құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияны жүзеге асыру құралын енгізу жүргізіліп жатыр.
Компаниялар тобында стратегиялық жоспарлау жүйесін толық регламенттеу жүргізу, акционер мен Холдингтің компаниялар тобының өзара іс-қимылы үдерістерін сипаттау қажет. Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді, каскадтауды және автоматтандыруды аяқтап, сондай-ақ топ-менеджмент арасында компаниялар тобын дамыту бойынша пайымдаудағы бөлектенушілікті болдырмау керек.
Еншілес және тәуелсіз ұйымдарды басқару моделі. Холдинг компаниялар тобы қызметіне қатысу дәрежесі Холдингтің басқару моделін операциялылық басқару моделіне жатқызуға мүмкіндік береді. Операциялық басқару моделі жетілмеушілікпен және Холдингке орналастырылған акциялар төлеміне беру сәтінде қатысқан еншілес компаниялардың операциялық, қаржылық, стратегиялық және өзге де қызмет түрлеріндегі айырмашылыққа негізделген.
Компаниялар тобын басқарудың операциялық моделінің, оның үстіне Холдинг қызметінің ерекшелігіне орай басымдығы да болады: жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалуын тікелей бақылау жүргізуге мүмкіндік береді; іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті жауап беруші ретінде Холдинг басшылығының жеке жауапкершілігінің жоғары дәрежесін болжайды; Холдинг компаниялар тобы мүдделерін сыртқы ортада қолдауға ықпал етеді.
Холдингтің басқару моделін жетілдіру мақсатында компанияның бизнес-моделін нарықтың мемлекеттік емес сегментінен табыс алуға қайта бағдарлап, компанияның операциялық моделін АТ саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келтіру қажет.
Стратегиялық дамуды ойдағыдай іске асыру үшін, сондай-ақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің тетіктерін шұғыл, сапалы және уақтылы қолдануына мүмкіндік беретін оңтайлы операциялық модель қажет. Оңтайлы операциялық модель қолданыстағы бизнес-үдерістердің дайын болу деңгейін сипаттайды.
Операциялық қызмет. Холдинг мәселелердің кең спектрі бойынша бірыңғай нормативтік құқықтық базаны құру жөніндегі іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Тұтастай алғанда 2009 жылы Холдингтің операциялық қызметі іске асырудың үш негізгі кезеңінен тұрды:
бірінші кезең - операциялық қызметке қатысы бар, Холдингтің компаниялар тобының үдерістері мен ішкі құжаттарын талдау және зерттеу;
екінші кезең - жүргізілген талдау негізінде деректерді жүйелеу және үлгілік ережелерді әзірлеу;
үшінші кезең - Холдингтің компаниялар тобындағы құжаттарды бекіту.
Холдинг қызметінің бүкіл аспектілері бойынша қолданыстағы бизнес-үдерістерді регламенттеу жөнінде және Жалғыз акционер мен Холдингтің компаниялар тобының өзара іс-қимылы саласында жұмыстар жүргізілуде. Бизнес-үдерістерді регламенттеу және регламенттің сақталу мониторингі компаниялар тобының тиімділігін арттырудың негізі болып табылады. Холдингтің компаниялар тобы қызметінің толық емес түрде регламенттелуі және осы сәтте қатысатын сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл салдары проблемалық аймақтардың пайда болуына және стандартты үдерістердің болмауына әкелуі мүмкін.
Холдингтің қызметінде және оның мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимылында проблемалық аймақтардың пайда болу салдарын жоюға мүмкіндік туғызатын жағдай жасау қажет. Осы мақсатта, Холдинг бірыңғай жобалық басқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды бастады. Компания топтары үшін жобаларды басқару жөніндегі әдіснама әзірленді, бағдарламалық қамтамасыз етуді алдын ала тестілеу басталды. 2010 жылдың соңына дейін Холдингтің компания топтарының бүкіл қолданыстағы жобаларын үйретуші материалдардың сүйемелдеуімен осы жүйеге ауыстыруды жүргізу жоспарланып отыр. Осы іс-шараларды ойдағыдай жүргізу компания тобындағы жобаларды басқарудың сапалы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Персоналды басқару. Персоналға Стратегиялық менеджмент жүйесінде ұзақ кезеңге бәсекелестік артықшылықты жасаудың негізгі көздерінің бірі ретінде маңызды орын тиесілі. Холдингте персоналды басқарудың тиімді жүйесін жасауға және стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған адам ресурстарын басқару стратегиясы жұмыс істейді. Персоналды іріктеу және бейімдеу, кадрлық резервті қалыптастыру, персоналды оқыту және дамыту жүйесі қалыптасқан. Іске асырылып жатқан кадрлық саясат АТ саласында білікті кадрлардың тапшылығымен байланысты проблемаларды шешуге және жинақталған тәжірибені сақтауға бағытталған.
3.2. Сыртқы ортаны талдау
Инфокоммуникация саласына сыртқы орта факторларының ықпалы. Инфокоммуникация саласына бірнеше ғаламдық факторлар ықпалын тигізеді, олар Холдингтің қызметіне: саяси, құқықтық, экономикалық, демографиялық, шаруашылық және экологиялық факторларды қоса алғанда, ықпал жасай алады.
Саяси және құқықтық факторлар. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларға сұраныс пен ұсынысты дамыту тұтас алғанда АКТ секторы үшін және электрондық коммерция, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық цифрлық қолтаңба сияқты жекелеген бағыттар үшін заңнамалық нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуінен бәсеңдейді. Екінші жағынан Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуға қатысты бірнеше бағдарламалар мен стратегияның болуы бүгінгі күні АКТ секторына назардың жоғары деңгейде екенін білдіреді. Салаға қолданылатын ең маңызды құжаттардың қатарына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1555-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электронды үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы жатады. Холдингке саланың серпінді дамуы үшін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу мүмкіндігін барынша пайдалану қажет. Екінші жағынан, мемлекет тарапынан АКТ саласына назардың жоғары деңгейі АКТ-компанияларын мемлекеттік тапсырыстарға тәуелді етуі және саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін.
Экономикалық факторлар. Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарындағы ипотекалық дағдарыстың нәтижесінде 2008 жылдың екінші жартысынан басталған әлемдік экономиканың жағдайының күрт нашарлағаны байқалады. Үрдіс 2009 жылы жалғасты, және кейбір сарапшылар 2000-жылдардың аяғындағы дағдарысты «1930 жылдан бергі ең нашар дағдарыс» деп атады. Әлемдік сауда ағыны және тауарларды өндіру алғашқыда дамыған, ал кейін дамушы мемлекеттерде айтарлықтай төмендеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) деректері бойынша, сауданың дүниежүзілік деңгейі жылдың соңғы 6 айында күрт қысқарып, 2008 жылы бар-жоғы 2 %-ға өсті. Салыстыру үшін, 2007 жылы сауда 6 %-ға өсті. Жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) өлшенетін әлемдік өндіріс 2007 жылы 3,5 %-дан 2008 жылы 1,7 %-ға дейін едәуір төмендеді. Ағымдағы дағдарыстың маңызды ерекшелігі - оның бәрін қамтуы. Саудадағы дамушы елдердің өскелең үлесі мен сауда ағынының географиялық әртараптандырудың жоғары деңгейі дамушы елдердің экономикалық осалдығын төмендетеді деп болжалды, бірақ дағдарыс оларды да қозғады. Сонымен қатар Дүниежүзілік сауда ұйымы АКТ қызметіне шығыстардың өсу қарқынының 2008 жылы 10,3%-дан 2011 жылы 3,6%-ға дейін құлдырауын болжады.
Әлемдік қаржы дағдарысы басталған кезде Қазақстан экономикасы, әсіресе қаржы секторы күрт құлдырауға ұшырады. Сонымен, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ өсуінің жоспарланған 10%-дың орнына экономикалық өсімнің қарқыны 2008 жылы екі есе аз - 5,1% болды. Қазақстандағы дағдарыстың негізгі себебі республиканың банк жүйесінің әлемдік қаржы жүйесіне кірігуінің жоғары деңгейі болып табылады, бұл сыртқы қарыз алудың едәуір артуына алып келді. Банк секторындағы дағдарыс жылжымайтын мүлік нарығындағы және экономиканың құрылыс секторындағы күрт құлдырауға себеп болды.
Әлемдік дағдарыс, алайда Қазақстанның инфокоммуникациялық саласы үшін соншалықты қатты зардабы болған жоқ. Экономиканың басқа салаларында өсу қарқыны баяулағаны және кірістердің азаюы байқалғанына қарамастан телекоммуникация саласы керісінше өзінің айналымын, әсіресе Интернет қызметін көрсету саласында арттыруда. 2008 жылы интернет-қызметінен түсетін кіріс $290 млн. құрады, өсім мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 60% құрады. Тұтас алғанда ақпараттық технологияларға кеткен шығындар сол кезең ішінде 46 %-ға өсті.
2009 жылғы тамызға дейінгі инфляция жылдық көріністе 6,2 %-ға дейін бәсеңдеді, бұл 2001 жылдан бастап ең төменгі деңгей болып табылады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 8,5 % деңгейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіледі, бұл біршама жоғары шама болып табылады және инвестициялауды қиындатады.
Экономикалық қолайсыз жағдайға байланысты экономиканың кейбір секторлары, қазақстандық АКТ компаниялары үшін тауарлар мен қызметтерді экспорттау тиімді болып келеді. Шығындарды азайту шеңберінде аутсорсингтің рөлі артады. Сонымен бірге, ұйымдар олардың операциялық шығындарын төмендететін жоғары технологиялық жобаларды инвестициялауға және енгізуге мүдделі болуы мүмкін (мысалы, үдерістерді автоматтандыру).
Демографиялық факторлар. Әлемдік демографияның екі басты үрдіс - өмір сүру ұзақтығын жалпы өсіру және туу деңгейін азайту. Осылайша, бүкіл тұрғындар арасында егде адамдардың үлесі артуда. Бұл ретте көптеген егде адамдардың елеулі бос уақыты және нарықтың басқа сегменттеріне жиі жетіспейтін еркін қаржы ресурстары бар. Басқа әлеуметтік үрдіс балалардың тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде рөлінің артуымен байланысты. Қоғамның, әсіресе жас кәсіпқойлардың өмір сүру салты, неғұрлым ұтқырлыққа өзгеруде. Әр күн сайын ұтқыр қызметкерлердің саны артуда, Холдинг тіркелген жұмыс орнын қажет етпейтін және оларға қолайлы кез келген нүктеден, мысалы, үйде, жолда, дәмханада жұмыс істей алатын «электронды үкімет» инфрақұрылымының және ұлттық ақпараттық жүйенің, қызметкерлердің үздіксіз қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, АКТ саласында стратегиялық мүдделерді қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді әріптесі болады.
Қазақстандық маңызды әлеуметтік үрдістерден: халықтың ауылдық жерлерден қалаларға көшіп қонуы, сапалы кадрлардың жетіспеушілігі, атап айтқанда АКТ саласында, сондай-ақ қоғам өмірінде бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің артуын атап өтуге болады. Холдингке жас шамасы белгісі бойынша - егде адамдар мен балалар, сонымен қатар, өмір сүру салтының белгісі бойынша — ұтқыр қызметкерлер бойынша нарықтың өскелең сегментіне көңіл бөлу керек. Холдинг бұрынғыға қарағанда қоғамның неғұрлым қалт етпейтін назарында болады, сондықтан оң имиджді сақтау үшін күш салу керек. Сонымен қатар, Холдингке қазақстандық зияткерлік капиталды дамыту және АКТ саласында білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар өткізу қажет.
Шаруашылық факторлар. АКТ жабдығы жұмысының жоғары энергия шығындары және электр энергиясына тарифтердің өсуі себепті энергия үнемдеуге көңіл бөлу керек. Астана және Алматы қалаларында үй-жайды жоғары бағамен жалға алу факторы бар, бұл дата-орталықтар мен жоғары технологиялық жабдықтар дайындайтын зауыттар сияқты ірі өндірістік объектілерді жалға біршама төмен бағамен үй-жайларға орналастыру қажеттігін тудыруы мүмкін.
Экологиялық факторлар. Қазіргі уақытта ғалымдар 18-ғасырдың екінші жартысынан бастап біздің ғаламшарымыздың орташа температурасы 0,7 оС көтерілді деген қорытындыға келді. Көптеген сарапшылар соңғы 50 жылдағы жылынудың үлкен үлесі адамдардың қызметімен - бірінші кезекте көмірқышқыл газы және метан сияқты парниктік әсер тудыратын газдардың шығарындысымен байланысты деген пікірмен келіседі. Бағалау XXI ғасырда жер бетінің орташа температурасы шамамен 1,1-ден 6,4оС дейін көтерілуі мүмкін дегенді айтады. Жаһандық жылыну сонымен қатар Әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуіне, атмосфералық жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуіндегі өзгерістерге және табиғи катаклизм мен биологиялық түрлердің жоғалуына алып келуі мүмкін. Әр түрлі себептердің, соның ішінде жаһандық жылынудың арқасында, соңғы жылдары бүкіл әлем бойынша энергияны аса жауапкершілікпен пайдалануға өсіп отырған үрдіс байқалады. Қоғам мен ұйымдар тұтынуды азайтады және жаңартылатын энергия көздеріне өтеді.
Саланы талдау - технологиялық факторлар. Әлемдік ауқымда 1997 - 2008 жылдар кезеңінде телекоммуникация саласының үлесі барлық елдердің жиынтық ЖІӨ-де 1,7%-дан 3,2%-ға дейін, ал телекоммуникация қызметінің үлесі қызметке кеткен жалпы шығында - 2,8%-дан 4,7%-ға дейін өсті.
Телекоммуникация саласы қазақстандық экономиканың өскелең сегменті болып табылады, 2009 жылы кәсіпорындардың жиынтық табысы 441,3 млрд. теңгеге жетті, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3% көп. Сала табысының молаюы елдің халқы мен бизнестің көрсетілетін қызметтерге артып отырған қажетсінуін көрсетеді. Телекоммуникациялық инфрақұрылым серпінді дамуда, ол инвестиция үшін тартымды объекті болып табылады.
Қазақстандық телекоммуникация саласының әлемдік нарықтармен кеңжолақты ұтқыр қолжеткізуді енгізу және цифрлы телерадиохабарын таратуды енгізуде шамалы артта қалушылықты көрсете отырып, ұқсас серпіні бар. Құрылымда кірістің негізгі үлесі ұялы байланыс қызметіне -237,9 млрд. теңге (54%) келеді. Сала кірісінің жалпы көлеміндегі басқа қызметтердің үлесі мынадай түрде бөлінген: қалааралық және халықаралық байланыс қызметі - 52,1 млрд. теңге (11,8%); жергілікті телефон байланысы - 30,9 млрд. теңге (7%); Интернет қызметі - 42,6 млрд. теңге (9,6%) және басқа да байланыс қызметі - 65,4 млрд. теңге (9,1%).
2009 жылы сала қызметтерінің негізгі тұтынушысы корпоративтік сектор — 252,8 млрд. теңге (57,3%); халыққа байланыс қызметін сатудан түскен кіріс 188,5 млрд. теңгені құрады (42,7%) бұл 2008 жылға қарағанда 13,7%-ға көп.
Соңғы жылдар бойына телекоммуникация саласы өсуінің катализаторы ұялы байланыс сегменті болды. 2010 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанның аумағында әлемде ең көп тараған GSM 900/1800 және CDMA стандарттарын пайдаланатын төрт ұялы байланыс желісі құрылды және ойдағыдай жұмыс істеуде. Екі ұялы оператор желісі, «GSM Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы республикалық аумақтық қамту деңгейіне жетті және өз мүмкіндіктері бойынша оңтайлы басымдығын сақтай отырып, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының дәстүрлі байланыс операторы желісінен кем түспейді. Сонымен бірге, ұялы байланыс нарығы жоғары шоғырландырылған болып табылатынын атап өту керек: нарықтың 90% өз ара екі ірі оператор бөліседі, нарықтың қалған басқа қатысушыларының үлесіне 10 %-дан аз келеді.
2009 жылы ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. құрады, бұл 100 тұрғынға 95 абонент тығыздығына сәйкес келеді. 2005 жылдан бастап, абоненттердің арту қарқыны үздіксіз төмендеуде (2005 жылы - 121%, 2006 жылы - 45%, 2007 жылы - 60,8% және 2008 жылы - 16,9 %) және абоненттік базаның артуы белсенді арту кезеңінен баяу арту кезеңіне өтті. Бұл байланыста осы сегменттің ішінде бәсекелестік құрылымының: тарифтер негізіндегі бәсекелестіктен ұялы байланыстың көрсетілетін қосымша қызметтерінің спектрі бойынша бәсекелестікке өзгеруі байқалады.
Ұялы байланыс операторларын дамыту үшін 3G технологиясын енгізудің үлкен маңызы бар. Алматы және Астана қалаларында 2008 жыл бойына ұялы байланыс операторлары 1920-1980/2110-2170 МГц жиілік диапазонында 3G стандартының үялы байланыс жабдықтарын тестілеу бойынша жаңа жобаларды ойдағыдай жүргізді.
2009 жылы тіркелген байланыс нарығы абоненттерінің саны 3,7 млн. абонентті құрады. Нарықтың жалпы көлемі 2008 жылы 86 млрд. теңге мәніне жетті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 12,4% өсім көрсетті, нарық көлемі 76,5 млрд. теңгені құрады.
Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет қызметінің және деректерді беру үлесі соңғы 4 жылда аз ғана өзгерді және 2008 жылы шамамен 11% құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі 2008 жылы 44 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте осы сектордың ішінде кіріс құрылымы едәуір өзгерді. Интернет және ІР-телефония қызметтерінен түсетін кірістің үлесі едәуір артты, арналарды жалға беруден түсетін кірістердің үлесі азайды.
2009 жылы Интернет желісін пайдаланушылардың саны байланыс операторларының есептеріне сәйкес пайдаланушылар 3,15 млн. артты, бұл 100 тұрғынға 19,8 пайдаланушылар жиілігіне сәйкес келеді. 4G, атап айтқанда WI-Мах технологиясы бойынша кең жолақты байланысты енгізудің үлкен перспективасы бар.
Соңғы жылдар бойы телекоммуникацияның қосымша қызметі серпінді дамуда, оның қатарына ақылы теледидар, веб-хостинг, ІР-телефония, телерадиобағдарламаларды беру және телекоммуникацияның басқа қызметтері кіреді. Байланыстың өзге де қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2008 жылы 56 млрд. теңгені құрады; 2009 жылдың алғашқы үш тоқсанында осы сегменттің кірісі 51,6 млрд. теңге мөлшеріне жетті. Ақылы теледидар нарығы 2009 жылы 13,2 млрд. теңгені құрады. Абоненттік базасы 5,2 мың адам ІР-телефония қызметінің сегменті 2008 жылы осы санатта қызмет көрсетуден түскен 5,2 млрд. теңге кіріс бар.
2008 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік ақпараттық технологиялар нарығының жалпы көлемі 1,48 трлн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатудан жалпы әлемдік нарық 222 млрд. АҚШ долларын құрады, ақпараттық технологиялық қызметтер (бұдан әрі - АТ қызметі) 805 млрд. АҚШ доллары, өсу қарқыны айтарлықтай жоғары және тиісінше 10,3% және 8,2%, құрады.
Әлемдік ақпараттық технологиялар саласының негізгі даму үрдісі негізгі өндірістік қуаттарды дамыған елдерден дамушы елдерге қайта дислокациялау болып табылады. Бұл дамыған мемлекеттердің компанияларына өз өнімінің ақтық құнын оңтайландыра отырып, жұмыс күшіне, салық жүктемесіне өндірістік шығындарды азайтуға, өндірісті шикізат көздеріне жақындатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кез келген жабдықты жасау - жақын маңдағы қоршаған ортаны ластау көзі екені жұртқа мәлім. Атап айтқанда, дамыған батыс еуропа мемлекеттері бұл мәселені толықтай сезінеді және өздерінің өндірістерін мемлекеттің экономикалық жоспарында әл-ауқаты аз өндіріске ауыстырады.
2003 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде құрастырмалы өндірісті Шығыс Европа елдеріне жоспарлы түрде көшіру орын алды, бұл тұтас Еуропалық одақтың АКТ нарығы құрылымының өзгеруіне ықпалын тигізді. Кейбір шығысеуропалық мемлекеттер (мысалы Венгрия, Словакия және т.б.) бүгінгі күні ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша сыртқы саудада оң сальдосы бар, оның негізінде көбінесе экспортқа бағдарланған компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарды құрастыруға мамандану жатады. Ақпараттық қызметтер мен ықпалдасу саласында Ирландия мен Үндістанның сыртқы саудаға мамандану тәжірибесі қызықты. Бұл елдер офшорлы бағдарламалауда көшбасшы болды және қызметтер экспортында едәуір қаражат 2008. жылы; Ирландия - 20 млрд. АҚШ долл., Үндістан - 25 млрд. АҚШ долл. тауып отыр.
Халықаралық АКТ нарығының ірі нетто-экспорттаушылары: Корея (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар сыртқы саудасының оң сальдосы 32%), Малайзия (20%), Жапония (19%), Қытай (18%). Бірнеше еуропалық мемлекеттерде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың сыртқы саудасында оң сальдо сақталуда.
Әлемде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың ірі экспорттаушысы Қытай болып табылады. Оның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы өнімдері мен қызметтерінің экспорты 2008 жылы Экономикалық одақтың 15 елі мен Америка Құрама Штаттарының жиынтық экспортынан асып түсіп, 360 млрд. долл. құрады.
Өскелең экономика тәжірибесі, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі басқа салалардың экономикалық көрсеткіштеріне оң позитивті мөлшерлемесі және қоғам тіршілігінің сапасы, жалпы алғанда тіпті АКТ саласын дамыту жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясатпен ақталғанын көрсетіп отыр. Бұған Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Тайвань, Гонконг, Канада, Австралия, Финляндия елдері мысал бола алады. Бұл ретте, отандық АКТ саласының халықаралық ықпалдасуға дайын болмағандығынан және бағалау институттары мен АКТ жобаларына сапалы тәуелсіз сараптаманың жоқтығы Қазақстанның АКТ саласын үйлестірушінің болуына объективті қажеттілік туындап отыр.
4. Миссия және пайымдау
Миссия: Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға осы заманғы инфокоммуникациялық технологияларды дамыту және тиімді енгізу арқылы өтуіне жағдай жасау. Бәсекеге қабілетті ұлттық АКТ секторын қалыптастыру мақсатында саланы дамыту үшін жағдай және тетіктер жасау.
Пайымдау: Холдинг Қазақстан Республикасының инфокоммуникация саласының экономикада өндіріс факторларының өнімділігінің арттыруға оң ықпалын тигізуге және мамандардың біліктілік деңгейін арттыру, қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету және инновациялық АКТ жобаларын дамыту арқылы қазақстандық қоғамның тіршілік сапасын жақсартуға қабілетті локомотив болады.
Холдинг «электронды үкімет» инфрақұрылымының және ұлттық ақпараттық жүйенің тоқтаусыз қызмет көрсетуін және жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ электронды түрде тиімді қызметтердің кең спектрін ұсына отырып, АКТ саласындағы стратегиялық мүдделерді қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді әріптесі болады. Холдинг табысты АКТ компаниялардың қоржынын дамытатын, стратегиялық әріптес желіні кеңейтетін және жоғары кәсіби кадрларды тартатын болады.
5. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер
5.1. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуы»
қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаты, шешуші көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері
Мақсаты: Экономикадағы өндіріс факторлары өнімділігінің өсуіне және қазақстандық қоғам өмірінің сапасын арттыруға оң әсер етуге қабілетті, бәсекеге бейім және жоғары кірісті АКТ-саласын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Осы бағыттағы Холдингтің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаның, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Холдинг құзыреті шегінде тиімді шараларды үйлестіру, олардың мониторингі, іске асыру болып табылады. Бұдан әрі Холдинг қызметінде көрініс табатын келесі кезеңге арналған салалық бағдарламалық құжаттар қабылданатын болады. Осы бағытта көрсетілген мақсаттарды Холдингпен бірігіп, негізгі мақсаты АКТ-білімін дамыту болып табылатын «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы және қызметі Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуға бағытталған «Қазконтент» акционерлік қоғамы іске асыратын болады.
Осы бағыт, АКТ саласы инновациялық экономиканы жасаудың басты факторларының бірі болғандықтан, басым болып табылады.
Міндеттері:
АКТ саласының нормативтік құқықтық базаны және салалық стандарттарын дамытуды қамтамасыз ету;
АКТ білімін дамыту және АКТ мамандарының біліктілік деңгейін арттыру;
АКТ саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;
жаңа АКТ технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру;
Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды қамтамасыз ету.
5.1.1. АКТ саласында нормативтік құқықтық базаны және салалық
стандарттардың дамытуды қамтамасыз ету
Берілген міндетті орындау мына іс-шараларды іске асыруды болжайды:
1) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институттандыруда басқа мүдделі тараптардың қатысуымен жұмысты ұйымдастыру.
Сондай-ақ, тұрақты негізде - саланың заңнамалық базасын дамыту, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды жинау үшін нарық қатысушыларымен қайта байланыс тетіктерін әзірлеу және іске асыру, оларды кеңінен талқылау, бұл қабылданатын салалық заңдар мен нормативтік құжаттардың сапасы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
2) халықаралық қоғамдастық қабылдаған объективті стандарттарға көшу. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен бірігіп стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында салалық статистиканы жинаудың тиімді тетіктерін, оны одан әрі талдау және түзету үшін әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаның негізгі индикаторларын Холдинг құзыреті шегінде орындау мониторингі тетігін әзірлеу;
4) тек мемлекеттік тілді білетін азаматтар үшін АКТ технологиясын қолданудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер мен ресурстарда мемлекеттік тілді қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
5) дамудың қазіргі кезеңінде маңызды АКТ стандарттарын, техникалық регламенттер мен саясаттарды, АКТ өнімін жасауға еңбекті қажетсінетін шығындарда бағалау әдістемелерін әзірлеу және қабылдау үшін салалық техникалық комитеттермен өзара тиімді әрекет етуді құру.
5.1.2. АКТ білімін дамыту және АКТ мамандарының кәсіби деңгейін арттыру
Бұл міндетті орындау мына іс-шараларды іске асыруды болжайды:
1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамын орналастыру;
2) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамын халықаралық аккредиттеуді жүргізу;
3) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының Carnegie Mellon университетімен түлектерге Carnegie Mellon дипломын беру туралы келісім жасау;
4) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында магистратура және PhD ашу;
5) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындарының арасында қосымша шетелдік әріптестерге іріктеу жүргізу;
6) шетелдік тәжірибені зерделеу мен ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуда тәжірибесі бар халықаралық сарапшыларды тарту арқылы Холдингтің компаниялар тобы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
7) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы базасында білім беру сапасын қолдаудың бүкіл озық технологияларды есепке ала отырып, ғылыми-практикалық қызметпен үйлесімде АКТ-мамандарын даярлаудың жақсы тәжірибесін қалыпқа келтіру;
8) АТ-мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын сипаттай отырып, біліктілік анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) бейінді мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша бастамашылықты ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттері арасында АКТ-нің өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар өткізу;
11) ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1721 Қаулысымен алып тасталды
12) АТ мамандарын даярлау бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
13) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда АТ-мамандарының біліктілігін арттыруға жәрдем көрсету.
5.1.3. АКТ саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету
Бұл міндетті орындау мына іс-шараларды іске асыруды болжайды:
1) АТ компанияларының преференцияларды алудағы және оны енгізудегі халықаралық тәжірибені талдау;
2) Қазақстанда АКТ бизнесін жүргізу рәсімін оңайлату мақсатында мемлекеттік құрылымдармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл;
3) ел ішінде де, шетелде де стратегиялық инвесторларды іздеуді қамтамасыз ету, АКТ бизнесінің өзара тиімді моделдерін бірлесіп әзірлеу және оларды отандық АТ компанияларды тарта отырып енгізу;
4) жұмыс істеп тұрған инвестициялық және венчурлік қорлармен ынтымақтастық;
5) ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы мен елдердің электрондық дайындығы деңгейінің рейтингтерін айқындайтын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, ел жөнінде объективті бағаны қалыптастыру үшін олардың Қазақстан бойынша сенімді және өзекті деректерді алуына ықпал ету;
6) халықаралық қатысушыларды тарта отырып, іс-шаралар өткізу, сондай-ақ отандық АКТ-бизнесін насихаттау үшін халықаралық деңгейдегі шараларға қатысу. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ қызметін үш: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кеңінен көрсету;
7) АТ компанияларының арасында әріптестік қатынастарды дамытуға, оларды мамандандыруға және интеграциялауға жәрдемдесу арқылы отандық брендттерді қалыптастыруға ықпал ету;
8) отандық АКТ компанияларының тізілімін және отандық АКТ-өнімдерінің қажетті анықтамасы бар тізілімі мен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі шешімдерді құру;
9) АКТ-өніміне әлеуетті сұраныс пен ұсынысты анықтау үшін әлеуетті тапсырыс берушілер (салалық қауымдастықтар, ірі кәсіпорындар, Холдингтер) мен АТ-қоғамдастығы арасында өзара іс-қимыл ұйымдастыру, ынтымақтастық туралы келісімге қол қою және кепілдендірілген тапсырыстарды қалыптастыру;
10) жаңа жобаларды тұрақты іріктеу және венчурлік қорлардан қаржыландыру рәсімін ұйымдастыру;
11) АТ жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік жеке әріптестіктің тетіктері мен қағидаттарын әзірлеу;
12) әртүрлі қаржылық құралдарды, оның ішінде Холдингтің облигацияларын шығару және Холдинг акцияларын қоспағанда, оларды Қазақстанның қор биржасына орналастыру жолымен пайдалану.
5.1.4. Жаңа АКТ-технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру
Берілген міндетті орындау мына іс-шараларды іске асыруды болжайды:
1) отандық АТ-компаниялардың жаңа технологияларды табысты және серпінді игеруі мен жаңа өнімдерді жасау үшін - технологиялар трансферті бойынша жобаларға бастама білдіру, шетелдік консалтингті тарту, мастер-кластарды және мақсаттық тренингтерді ұйымдастыру;
2) «Аспанжол» инновациялардың корпоративтік бағдарламасын дамыту және ауқымды қолдану арқылы АКТ нарық қатысушыларының тарапынан инновацияларды көтермелеу;
3) АКТ саласында, мына: бағдарламалық өнімдерге тапсырыстан және инфрақұрылымнан дайын сервистерді (Saas (Soft as a Servise), IaaS (Infrastructure as a Servise) сатып алу мен тұманды есептеуге көшу сияқты жаңа үрдістерді жылжыту;
4) ақпараттық технологиялар паркі қатысушыларына, сондай-ақ бүкіл мүдделі клиенттерге жоғары сапалы және бәсекелес құны бойынша қызметтерді ұсыну үшін инвесторлар тобымен бірігіп, «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында коммерциялық дата-орталығын құру;
5) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы базасында жоғары технологиялық жабдық өндірісін ұйымдастыру;
6) Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;
7) «ашық код» (Open source) негізінде вендорлармен және тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, бағдарламалық өнімді қолдау және жылжыту;
8) халық пен бизнес үшін электрондық мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді іске асыру жөніндегі жобаларға бастама білдіру. Осы мақсаттар үшін АТ-компаниялар, ішкі және сыртқы инвесторлар белсенді тартылатын болады;
9) халық пен бизнес үшін электрондық коммерцияны және электрондық төлемдерді дамытуға ықпал ету.
5.1.5. Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды қамтамасыз ету
Бұл міндетті орындау мына іс-шараларды іске асыруды болжайды:
1) венчурлік қорларды тарта отырып, білім беретін, ақпараттық-жаңалық, ойын-сауық сипаттағы интернет startup-жобаларды жыл сайын іске қосуды қамтамасыз ету;
2) дата-орталықтар желісін құру мен дамыту және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, перспективалық интернет-жобаларға арналған жеңілдігі бар хостинг мүмкіндігін ұсыну арқылы Қазнет үшін қол жетімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың, оларға контенттің дизайн сапасы, жұмыс істеу және көп тілді болуын жақсарту бойынша ұсыныстарды одан әрі бере отырып, интернет-ресурстардың жүйелік мониторингі мен талдауын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және басқаларының баспасөз қызметтерін жүйелі оқыту өткізу;
4) электрондық төлемдерді және электрондық коммерцияны дамытуға жәрдем көрсету;
5) қазақстандық контентті, интернет-журналистиканы дамыту және Интернет-бизнестің жаңа моделін жылжыту үшін интернет қоғамдастықты қолдау бойынша іс-шараларды («дөңгелек үстелдер», ғылыми-тәжірибелік конференциялар, оқу семинарлары және тренингтер) тұрақты негізде ұйымдастыру;
6) жергілікті өңірлік компаниялар іске асыратын Интернет желісінің қазақстандық сегментінің жобасына қатысу үшін халықаралық кәсіптік ұйымдарды тарту.
5.2. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту»
бағытының күтілетін нәтижелері
1-кезең (2011 - 2012 жылдар):
1) 2011 жылы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін әзірлеу;
2) нарыққа шығу мүмкіндігі бар АКТ саласын дамыту үшін жобаларға бастама білдіру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
3) Дүниежүзілік банктің біріккен экономикалық зерттеулерінің бағдарламасына АКТ бағыттарын енгізу және кемінде 1 грант алу;
4) АТ- мамандары мен жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушылары үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, семинарлар өткізу;
5) 2011 жылға дейін кәсіби АКТ-қоғамдастығын дамытуды қолдау бойынша 10 іс-шара (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру;
6) 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында АКТ-ның өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар өткізу;
7) Байланыс және ақпарат, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен бірлесіп, АТ жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік жеке әріптестік тетіктері мен қағидаттарды әзірлеу;
8) ішкі және халықаралық нарықтарда АТ-саланы насихаттау және ұстанымын білдіру, сондай-ақ жыл сайын кемінде 2 халықаралық көрмеге және конференцияға қатысу;
9) әлеуетті тапсырыс берушіге ақпаратты беру үшін отандық өндірушілердің АТ-өнімінің электрондық тізілімін әзірлеу;
10) АТ саласына инвестицияларды тарту бойынша инвестициялық компаниялармен кемінде 3 меморандумға қол қою;
11) SaaS «сервис ретіндегі софт» моделі бойынша АТ-сервистерін ұсыну жөніндегі 1 жобаны іске қосу;
12) B2B, В2C мемлекеттік емес электронды қызмет жобаларын іске асыруды ұйымдастыру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
13) АКТ өніміне сұранысты анықтау мәніне салалық қауымдастықтармен, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл қамтамасыз ету және Қазақстандық АТ-компания қауымдастығымен бірлесіп, әлеуетті тапсырыс портфельдерін қалыптастыру;
14) 45-ке дейінгі әлеуметтік-маңызды және танымал Интернет-жобаларды (білім беру, ақпараттық-жаңалықтық, ойын-сауық сипатындағы) дамыту және қолдау;
15) дамыту, қолдау, сүйемелдеу және үш қазақстандық порталды дамыту: kaztude-ойын-сауық - танымдық порталы, bnews - ақпараттық-талдамалық портал және қазақстандық әлеуметтік желі;
16) жергілікті өңірлік компаниялар іске асыратын Интернет желісінің қазақстандық сегменті жобаларына қатысуға халықаралық кәсіби ұйымдарды тарту;
17) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру;
18) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы АКТ-кластердің құрылысы мәселесін қарау;
19) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.
2-кезең (2013 - 2015 жылдар):
1) нарыққа шығу мүмкіндігі бар АКТ-саласын дамыту үшін жобаларға бастама білдіру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
2) республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаның орындалу мониторингінің тетіктерін әзірлеу;
3) Дүниежүзілік банктің біріккен экономикалық зерттеулерінің бағдарламасына АКТ-бағыттарын енгізу және кемінде 1 грант алу жұмысын жалғастыру;
4) мемлекеттік тілде АКТ-терминдер сөздігін әзірлеу;
5) В2В, В2С форматында электронды коммерциялық қызмет тізілімін талдамалық зерттеу;
6) Байланыс және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, АКТ-жобаларындағы инновациялық және ғылыми құрамдас дәрежесін бағалау әдістері мен өлшемдерін әзірлеуге қатысу;
7) SaaS «сервис ретіндегі софт» моделі бойынша АТ-сервистерін ұсыну жөніндегі жобаны іске қосу;
8) 1 ірі коммерциялық дата-орталық құру;
9) 2014 жылға дейін жоғары технологиялық жабдықтардың кемінде 2 өндірісін ұйымдастыру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
10) ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу;
11) 2014 жылға дейін жыл сайын, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуына арналған талдамалық жинақты үш тілде шығару;
12) В2В және В2С мемлекеттік емес электрондық қызметтерді іске асыруды ұйымдастыру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
13) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында PhD ашу;
14) 2014 жылға дейін жергілікті өңірлік компаниялармен іске асырылатын Интернет желісінің қазақстандық сегменті жобаларына халықаралық кәсіптік ұйымдарды тарту.
3-кезең (2016 - 2020 жылдар):
1) Дүниежүзілік банктің бірлескен экономикалық зерттеулерінің бағдарламасына АКТ бағыттарын енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыру және кемінде 1 грант алу;
2) 45-ке дейінгі әлеуметтік-маңызды және танымал Интернет-жобаларды (білім беру, ақпараттық-жаңалық, ойын-сауық сипатындағы) дамыту және қолдау;
3) SaaS «софт қызмет ретінде» моделі бойынша АТ-сервистерін ұсыну жөніндегі жобаны іске қосу;
4) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақта «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамын орналастыру;
5) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының түлектеріне Carnegie Mellon университетімен Carnegie Mellon дипломын беру туралы келісім жасау;
6) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының халықаралық аккредиттеуден өтуі.
5.3. «Қазақстандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын дамыту»
бағытының негізгі өзекті көрсеткіштері
1. Нарыққа шығу мүмкіншілігімен АКТ-салаларын дамыту үшін жобаларға бастамашылық ету (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
2. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында АКТ өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар және кәсіптік АКТ-қоғамдастығын дамытуды қолдау бойынша кемінде 20 іс-шара өткізу (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер);
3. Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын ашық кодтар, робот техникасы, компьютерлік графика, микропроцессорлық жүйелер, қолданбалы жүйелер, қорғау және қауіпсіздік және конвергенттік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға жәрдемдесу.
5.4. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту»
қызметінің стратегиялық бағыты мен оның мақсаттары, негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелері
Мақсаты: Мемлекеттік секторда АКТ тиімді қолдану үшін ықпалдастырылған инфрақұрылымды қалыптастыру.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу Холдингтің көрсетілген еншілес және тәуелді компаниялармен қамтамасыз етілетін болады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ақпараттандыру саласында Ұлттық оператор болып табылады және қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы электрондық үкімет инфрақұрылымының жобалық интеграторы ретінде Қазақстан Республикасы «электрондық үкімет» іске асыруға жауап береді, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» базалық компоненттеріне және мемлекеттік органдардың АТ инфрақұрылымдарына қызмет көрсету бойынша сервистік компания болып табылады.
«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ақпараттандыру саласында Ұлттық оператор болып табылады және Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының жобалық ықпалдасуына және қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде техникалық сүйемелдеуге жауап береді, сондай-ақ электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы Бірыңғай операторы болып табылады және электрондық мемлекеттік сатып алудың тиімді және толық функционалдық және сенімді жүйесін қамтамасыз етеді.
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы — негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік органдар арасында аудандық деңгейге дейін қорғалған тасымал ортаны қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
халық пен заңды тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдар үшін тиімді және жоғары сапалы АТ қызметтерді корсету;
Холдингтің компаниялар тобының активтерін тиімді басқару.
5.4.1. Халық пен заңды тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету
Осы міндетті орындау мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
1) «электрондық үкіметтің» нормативтік құқықтық базасын дамыту;
2) мемлекеттік ақпараттық ресурстарды, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану технологиясын пайдалана отырып, пайдаланушыларды авторизациялау мен бірдейлендірудің тиімді жүйесін, сондай-ақ авторизациялаудың басқа құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
3) электрондық лицензиялаудың мемлекеттік базасын іске асыру;
4) мемлекеттік органдарға «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді ұсынуға жәрдемдесу;
5) «е-нотариат» электрондық қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобаны іске асыру;
6) ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимылы арқылы «электрондық үкімет» порталының ұялы сервистерін қамтамасыз ету және ұсыну;
7) түрлі төлем құралдарының (карталар, тұлғалық шот, қолма қол ақша) көмегімен мемлекеттік қызметтерді төлеу үшін «электрондық үкімет» төлем шлюзін енгізу;
8) халық үшін «электрондық үкімет» call-орталығын дамыту;
9) «электрондық үкімет» мүмкіндіктерін практикалық пайдалануға халықты тиімді оқытуды қамтамасыз ету;
10) «электрондық үкімет» мүмкіндіктері туралы халық пен бизнеске хабарлауды арттыру үшін РR-шараларды жүзеге асыру;
11) электрондық қызмет көрсетуді алу бойынша оқыту арқылы халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру.
5.4.2. Мемлекеттік органдарға тиімді және жоғары сапалы АТ-қызметтерін көрсету
Осы міндетті орындау мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті билік органдарына және мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету үшін мемлекеттік органдардың сервистік орталықтарын дамыту және өңірлік дата-орталықтарын салу;
2) «электрондық үкімет» резервтік серверлік орталығын құру;
3) Қазақстан Республикасында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу;
4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аудандық деңгейге дейін мемлекеттік органдардың қорғалған бірыңғай көліктік ортасын кезең-кезеңмен дамытуды жүргізу;
5) мемлекеттік органдарды тұрақты негізде телекоммуникациялық қызметтің толық пакетімен, оның ішінде бейне конференциялық байланыспен қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуын және қаржылық үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
7) «электрондық үкімет» call-орталығы арқылы мемлекеттік органдарды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
8) АТ сервистер саласындағы жоғары кәсіби сервистік ұйым ретінде - ISO20000 халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау («Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, «Kazsarnet» акционерлік қоғамы, «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
9) мемлекеттік органдардың жабдықтың қызмет көрсету паркінің жұмыс қабілеттілігін бақылаудың тиімді мониторинг жүйесін енгізу;
10) мемлекеттік қызметшілердің АКТ білімін арттыру үшін бірыңғай ақпараттық-кеңес орталығын құру;
11) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық бағасын, консультациялық және өзге де қызмет көрсету.
5.4.3. Холдингтің компаниялар тобының активтерін тиімді басқару
Осы міндетті орындау мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
1) Холдингті және компаниялар тобын дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
2) Холдингте және Холдингтің компаниялар тобының, оның теңгерімді көрсеткіштер жүйесі арқылы мониторинг жүйесін қалыптастыру және стратегиялық құжаттардың іске асырылуын бақылау;
3) оңтайлы жедел модельді қалыптастыру;
4) бизнес-үдерістері жүйесінің жетілу деңгейін арттыру мен Холдингтің және Холдингтің компаниялар тобының тиімді ұйымдастыру құрылымдарын қалыптастыру;
5) сапа менеджменті жүйесін енгізу;
6) тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;
7) Холдингтің компаниялар тобында тиімді корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыру;
8) бюджеттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және активтер мен қаржы құралдарын басқарудың ең үздік тәжірибелерін енгізу;
9) Қаржыландырудың жеке меншік және қарыз көздері есебінен Холдингтің компаниялар тобының инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қорларды қалыптастыру және қаржы ресурстарын тарту құралдары;
10) Холдингтің компаниялар тобының персоналды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
5.5. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту»
бағытының күтілетін нәтижелері
1-кезең (2011 - 2012 жылдар):
1) «е-нотариат» жүйесіне Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша 15 әділет департаментін, 15 аумақтық нотариалды палатаны және 931 нотариусты қосу;
2) «е-әкімшілік» жүйесін 14 облыстық әкімдікте және республикалық маңызы бар қалалардың 2 әкімдігінде пайдалануға енгізу және жергілікті атқарушы органдардың 40 электрондық қызметтерін іске асыру;
3) ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау бөлігіндегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, хостинг қызметін көрсету үшін серверлік интернет-платформа құру;
4) 7*24*365 режимінде мемлекеттік органдар үшін хостинг, collocation және серверлерді жалға алу бойынша АТ қызметтерді ұсыну үшін серверлік орталықты дамыту;
5) облыстық және аудандық деңгейде мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығын енгізу;
6) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы базасында бизнес-инкубациямен коммерциялық АТ-жобаларын қаржыландыру үшін мамандандырылған қаржы ұйымын құру (венчурлік қаржыландыру);
7) Холдингтің компаниялар тобында теңгерімді көрсеткіштер жүйесінің жұмыс істеуі;
8) Холдингтің компаниялар тобында ISO 9001-2008 сапа менеджмент жүйесін енгізу;
9) Холдингтің және Холдингтің компаниялар тобының ұзақ мерзімді даму стратегияларын және жоспарларын бекіту;
10) тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;
11) Холдингтің компаниялар тобының қазынашылық жүйесінің тиімділігін және үндестігін арттыру;
12) компаниялар тобы қызметінің пайдалылығын 3% (амортизация шығындарын есепке алғанда) деңгейінде қолдау.
2-кезең (2013 - 2015 жылдар):
1) лицензиялаудың 100 түрін автоматтандыру және ұсыну, 22 мемлекеттік органға берілетін лицензиялардың жалпы санынан 60%-ын электрондық түрде беру;
2) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 40 %-ға арттыру;
3) мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар талап етілген электрондық қызметтердің кемінде 50 %-ын электрондық нысанға көшіру;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ахуал орталығын құру;
5) «электрондық үкімет» резервтік серверлік орталығын құру;
6) серверлік орталықтың негізгі өлшемдерін жинау бойынша мониторинг пен диспетчерлеу жүйесін енгізу;
7) «электронды үкімет» call-орталығын дамыту;
8) ақпараттық технологиялар саласында (ITSM) қызметтерді басқару жүйесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында енгізу;
9) қызметтерді басқару жүйесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамындағы ISO 20000 стандартына сәйкестікке сертификаттау;
10) компаниялар тобы қызметінің пайдалылығын 4% (амортизация шығындарын есептегенде) деңгейінде қолдау.
3-кезең (2016 - 2020 жылдар):
1) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 60 %-ға арттыру;
2) АКТ шегінде 10 000 мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін арттыру;
3) қағазсыз құжат айналымының үлесін 100 %-ға дейін жеткізе отырып, мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу;
4) халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық ақпараттық жүйелерді және ресурстарды сүйемелдеу мен қызмет көрсету жүйесін құру;
5) «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурстарын электрондық түрге көшіру;
6) компаниялар тобының сатып алуларындағы қазақстандық қамту деңгейін 60 %-ға дейін арттыру;
7) корпоративтік басқару рейтингін алу;
8) «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің сындарлы уақытының тұрып қалуы тәулігіне 30 (отыз) мин. артық болмауы тиіс. Бағдарламалық-аппараттық құралдарды жүйелі. техникалық қамтамасыз ету шеңберінде алдын алу жұмыстарын жүргізуді қоспағанда, ағымдағы жылы тұрып қалудың жалпы уақыты 1 сағат 20 минуттан аспауы тиіс.
5.6. «Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту»
бағыты қызметінің негізгі өзекті көрсеткіштері
1) 2020 жылға дейін қағазсыз құжат айналымының үлесін 100 %-ға дейін жеткізе отырып, мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу;
2) мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар талап етілген электрондық қызметтердің кемінде 50 %-ын электрондық нысанға көшіру;
3) 2020 жылға дейін халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 60%-ға арттыру.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған стратегиясына 1-қосымша
Холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі
Табыстың негізгі факторы
|
Холдинг қызметінің негізгі көрсеткішінің атауы
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
2020 ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Рентабелділікті қолдау
|
Таза пайда бойынша Холдингтің рентабелділігі
|
3%
|
3%
|
4%
|
4%
|
4%
|
5%
|
5%
|
5%
|
6%
|
6%
|
ҚР ЖІӨ-дегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар үлесінің өсімі
|
Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үлесі
|
3,3
|
3,4
|
3,5
|
3,6
|
3,8
|
3,9
|
4,0
|
4,1
|
4,2
|
4,3
|
Электрондық қызметтердің сапасы мен көлемі
|
G2С,G2В,В2С, В2В қызметтерін пайдаланушылар үлесінің өсуі
|
15%
|
30%
|
40%
|
45%
|
50%
|
55%
|
60%
|
65%
|
70%
|
75%
|
АКТ-білімінінің сапасын арттыру
|
АТК саласында білім беруді дамыту
|
Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің арасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар өткізу
|
Қазақстан Республикасының жоғары оку орындары студенттерінің арасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар өткізу
|
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында PhD ашу;
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының Карнеги-Меллон университетімен қосарлы диплом беру туралы келісім жасау
|
Ғылыми-зерттеу зертханаларын ашу
|
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының оқушылар арасында информатика бойынша халықаралық олимпиада өткізу
|
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының халықаралық аккредиттеуден өтуі
|
Персоналдың біліктілігін арттыру
|
Холдинг компаниялары кадрларының ағыны
|
20%
|
17%
|
17%
|
16%
|
16%
|
15%
|
15%
|
14%
|
14%
|
4%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ЖІӨ - Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі
АКТ - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
ЖОО - жоғары оқу орны
«ХАТУ» АҚ - «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
акционерлік қоғамын дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған стратегиясына 2-қосымша
Міндеттердің стратегиялық мақсаты
«Зерде» Холдингі акционерлік қоғамының негізгі стратегиялық бағыттары
|
Компанияның Даму стратегиясының мақсаттары
|
Компанияның Даму стратегиясының міндеттері
|
Негізгі көрсеткіштер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-бағыт:
Қазақстандық ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын дамыту
|
Мақсат: Экономикадағы өндіріс факторларының өнімділігін арттыруға және қазақстандық қоғам өмірінің сапасын жақсартуға он ықпалын тигізуге қабілетті бәсекеге қабілетті және жоғары табысты АКТ-саласын қалыптастыруға жәрдемдесу.
|
Міндеттер:
1) АКТ-саласының нормативтік-құқықтық базасы мен салалық стандарттарының дамуын қамтамасыз ету;
2) АКТ-білім беруді дамыту және АКТ мамандарының біліктілік деңгейін арттыру;
3) АКТ саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;
4) жаңа АКТ-технологияларын дамыту және жаңа жобаларға бастама білдіру;
5) Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды қамтамасыз ету
|
НК 2012 жылға дейін:
1) 2011 жылы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін әзірлеу;
2) АКТ-саласын дамыту үшін нарыққа шығу мүмкіндігі бар жобаларға бастама білдіру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
3) Дүниежүзілік банктің бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасына АКТ бағыттарын қосу және кемінде 1 грант алу;
4) АТ-мамандары және жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары үшін халықаралық сарашпыларды тарта отырып семинарлар өткізу;
5) 2011 жылға дейін кәсіби АКТ-қоғамдастығын дамытуды қолдау жөнінде 10 іс-шара ұйымдастыру (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер);
6) 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы жоғары оку орындары студенттерінің арасында АКТ өзекті тақырыптары бойынша олимпиадалар өткізу;
7) Байланыс және ақпарат, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен бірлесіп, АТ жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері мен принциптерін әзірлеу;
8) ішкі және халықаралық нарықтарда АТ-саласын насихаттау және жайғастыру, сондай-ақ жыл сайын кемінде 2 халықаралық көрмеге және конференцияларға қатысу;
9) әлеуетті тапсырысшыларға ақпарат беру үшін отандық өндірушілердің АТ-өнімдерінің электрондық тізілімін әзірлеу;
10) АТ саласына инвестициялар тарту жөнінде инвестициялық компаниялармен кемінде 3 меморандумға қол қою;
11) SааS «сервис ретінде софт» моделі бойынша АТ-сервистерін ұсыну жөніндегі 1 жобаны іске қосу;
12) Мемлекеттік емес электронды қызметтің В2В, В2С жобаларын іске асыратын ұйымдар (венчурлік гранттық қаржыландыру);
13) АКТ өніміне сұранысты анықтау үшін салалық қауымдастықтармен, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстандық АТ-компания қауымдастығымен бірлесіп әлеуетті тапсырысшылардың қоржындарын қалыптастыру;
14) 45-ке дейінгі әлеуметтік маңызды және танымал Интернет жобаларды (білім беру, ақпараттық-жаңалықтық, ойын-сауық сипатындағы) дамыту және қолдау;
15) Қазақстандық үш порталды: дамыту, қолдау, сүйемелдеу: kaztube-ойын-сауық - танымдық порталы, bnews - ақпараттық- талдамалық портал және қазақстандық әлеуметтік желі;
16) жергілікті өңірлік компаниялар іске асыратын Интернет желісінің қазақстандық сегмент жобаларына қатысуға халықаралық кәсіби ұйымдарды тарту.
НК 2015 жылға дейін:
1) нарыққа шығу мүмкіндігі бар АКТ саласын дамыту үшін жобаларға бастама білдіру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
2) республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологияларын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаның орындалу мониторингінің тетіктерін әзірлеу;
3) Дүниежүзілік банктің біріккен экономикалық зерттеулерінің бағдарламасына АКТ бағыттарын енгізу және кемінде 1 грант алу жұмысын жалғастыру;
4) мемлекеттік тілде АКТ терминдер сөздігін әзірлеу;
5) В2В, В2С форматында электронды коммерциялык қызмет тізілімін талдамалық зерттеу;
6) Байланыс және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерімен бірлесіп, АКТ жобаларындағы инновациялық және ғылыми құрамдас дәрежесін бағалау әдістері мен өлшемдерін әзірлеуге қатысу;
7) SааS «сервис ретіндегі софт» моделі бойынша АТ-сервистерін ұсыну жөніндегі жобаны іске қосу;
8) 1 ірі коммерциялық дата-орталықты құру;
9) 2014 жылға дейін жоғары технологиялық жабдықтардың кемінде 2 өндірісін ұйымдастыру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
10) жоғары оқу орындары базасында, робот-техникасы және микроэлектроника, «ашық кодпен» (Open source) бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту, тұманды есептеу, ұшқыр технологиялар және компьютерлік көрлекілеу саласында кеміңде 3 ғылыми-зерттеу зертханасын ашуға жәрдемдесу;
11) 2014 жылға дейін жыл сайын, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының дамуына арналған талдамалық жинақты үш тілде шығару;
12) В2В және В2С мемлекеттік емес электрондық қызметтерді іске асыруды ұйымдастыру (венчурлік, гранттық қаржыландыру);
13) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамында PhD ашу;
14) 2014 жылға дейін жергілікті өңірлік компаниялармен іске асырылатын Интернет желісінің қазақстандық сегменті жобаларына халықаралық кәсіптік ұйымдарды тарту.
НК 2020 жылға дейін:
1) Дүниежүзілік банктің бірлескен экономикалық зерттеулерінің бағдарламасына АКТ бағыттарын енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыру және кемінде 1 грант алу;
2) 45-ке дейінгі әлеуметтік-маңызды және танымал Интернет-жобаларды (білім беру, ақпараттық-жаңалық, ойын-сауық сипатындағы) дамыту және қолдау;
3) SааS «софт қызмет ретінде» моделі бойынша АТ сервистерін ұсыну жөніндегі жобаны іске қосу;
4) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақта «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамын орналастыру;
5) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының түлектеріне Carnegie Mellon университетімен Carnegie Mellon дипломын беру туралы келісім жасау;
6) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының халықаралық аккредиттеуден өтуі.
|
Бағыт 2:
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және дамыту
|
Мақсаты:
Мемлекеттік секторда АКТ тиімді қолдану үшін ықпалдастырылған инфрақұрылымды қалыптастыру.
|
Міндеті:
1) Халық пен заңды тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдар үшін тиімді және жоғары сапалы АТ қызметтерді көрсету;
3) Холдингтің компаниялар тобының активтерін тиімді басқару.
|
НК 2012 жылға дейін:
1) «е-нотариат» жүйесіне Қазақстанның барлық аумағы бойынша 15 әділет департаментін 15 аумақтық нотариалды палатаны және 931 нотариусты қосу;
2) «е-әкімшілік» жүйесін 14 облыстық әкімдікте және республикалық маңызы бар қалалардың 2 әкімдігінде пайдалануға енгізу және жергілікті атқарушы органдардың 40 электрондық қызметтерін іске асыру;
3) өңірлерде «е-әкімшілік» қызметін көрсету үшін мәре алаңының деректерін өңдеудің 15 орталығын құру;
4) 7*24*365 режимінде мемлекеттік органдар үшін хостинг, collocation және серверлерді жалға алу бойынша АТ қызметтерді ұсыну үшін серверлік орталықты дамыту;
5) облыстық және аудандық деңгейде мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығын енгізу;
6) серпіңді АТ жобаларды қаржыландыру үшін мамандандырылған қор құру (венчурлік қаржыландыру);
7) Ходдингтің компаниялар тобында теңгерімді көрсеткіштер жүйесінің жұмыс істеуі;
8) қызметтерді басқару жүйесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамындағы lSO 9001-2008 стандартына сәйкестікке сертификаттау;
9) Холдинг және Холдингтің компаниялар тобы дамуының ұзақ мерзімді стратегияларын және жоспарларын бекіту;
10) қатерлерді басқару жүйесін енгізу;
11) компаниялар тобы қызметінің пайдалылығын 3% (амортизация шығындарын есептегенде) деңгейінде қолдау.
НК 2015 жылға дейін:
1) 22 мемлекеттік орган - лицензиялаушыларға берудің жалпы санынан 60% электронды түрде беру, лицензиялаудың 100 түрін автоматтандыру және ұсыну;
2) тұрғындардың компьютерлік біліктілік деңгейін 40 % арттыру;
3) мемлекеттік әлеуметтік мәні бар талап етілген электрондық қызметтердің 50 %-тен кем емесін электрондық нысанға көшіру;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі үшін ахуал орталығын құру;
5) «электронды үкімет» резервті серверлік орталығын құру;
6) серверлік орталықтың негізгі параметрлерін жинау бойынша бақылау және диспетчерлеу жүйесін енгізу;
7) «электронды үкімет» Call - орталығын дамыту;
8) ақпараттық технологиялар саласында (ІТSМ) қызметтерді басқару жүйесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында енгізу;
9) қызметтерді басқару жүйесін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да ISO 20000 стандартына сәйкестікке сертификаттау;
10) компаниялар тобы қызметінің пайдалалылығын 4 % (амортизация шығындарын есептегенде) деңгейінде қолдау.
НК 2020 жылға дейін:
1) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін 60 %-ға арттыру;
2) АКТ шегінде 10 000 мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін арттыру;
3) қағазсыз құжат айналымының үлесін 100 %-ға дейін жеткізе отырып, мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу;
4) халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық ақпараттық жүйелерді және ресурстарды сүйемелдеу мен қызмет көрсету жүйесін құру;
5) «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алу конкурстарын электрондық түрге көшіру;
6) компаниялар тобының сатып алуларындағы қазақстандық қамту деңгейін 60 %-ға дейін арттыру;
7) корпоративтік басқару рейтингін алу;
«электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің сындарлы уақытының тұрып қалуы тәулігіне 30 (отыз) мин. артық болмауы тиіс. Бағдарламалық-аппараттық құралдарды жүйелі техникалық қамтамасыз ету шеңберінде алдын алу жұмыстарын жүргізуді қоспағанда, ағымдағы жылы тұрып қалудың жалпы уақыты 1 сағат 20 минуттан аспауы тиіс.
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКТ - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
АТ - ақпараттық технологиялар
НК - негізгі көрсеткіштер
|