Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#11475
  1   2   3   4




№ исх: 1439 от: 13.01.2014

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » желтоқсандағы

№ қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.

Пайымы: Тиімді құқықтық қорғаумен, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің стандарттары мен қағидаттарына сәйкес мемлекеттік және заңгерлік қызметтермен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.


2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті

салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
1. Стратегиялық бағыт. Заңнаманы және нормашығармашылықты жетілдіру.

Реттелетін саланы немесе қызметтік саланы дамытудың негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады, оның негізгі қоғамдық қатынастарға нормативтік құқықтық реттеу арқылы құқықтық ықпал етуден тұрады.

Бүгінгі күні қалыптасқан ұлттық заңнама бола тұра, оның айтарлықтай тұтастығын айту керек. Сонымен қоса, қоғамдық қатынастардың үнемі өзгеретінін ескере отыра, ұлттық құқықтық жүйені баламалы дамытудың нақты қажеттілігі туындайды.

Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру оның нормаларын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мемлекет жүргізіп отырған саясатқа деген сенімділігін нығайту мақсатында тиімді іске асыру арқылы жүзеге асыуы тиіс.

Бұл мәселеде конституциялық құқықтарды және кепілдіктерді іске асыруға, ең алдымен, бұзылған құқықты тиімді заңнамалық реттеулерді қолдана отыра, қорғау және қалпына келтіру мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Осыған байланысты, үкіметтің әрекетіне дау айту, азаматтық дауларды, меншікке құқықты реттеу институттарының құқықтық негіздерін дәйекті дамыту қажет.

Бұдан басқа, халықты, бизнесті, үкіметтік емес секторды неғұрлым барынша ақпараттық қамту мақсатында, осы субъектілерді бюрократтық рәсімдерді оңайлату жөнінде қабылданған мемлекеттік шаралар туралы хабардар етуді арттыру жөнінде сараланған саясат жүргізу қажет.

Сонымен қатар, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар биліктің қоғамның мүддесінен алшақ қабылдаған реттегіші ретінде қабылданбауы тиіс.

Нормашығармашылығы процесінде неғұрлым беделді өкілдері тартылуы мүмкін қоғамның мүддесі алдыңғы орынға қойылуы тиіс.

Осы негізде заң жобаларын әзірлеудің ең бастапқы кезеңінде оларды жария талқылаудың тиімді тетіктерін енгізу қажет болады.

Айталық, заң жобалау қызметін жетілдіру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі  ВАК) заң жобаларын тұжырымдамалық тәсілдерін талқылау институты енгізілген болатын.

Осы комиссия қызметінің 13 жылғы тарихында оның жұмысына әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың басшылары (бұдан әрі  ҮЕҰ), ғылыми қоғамдастықтың өкілдері белсене қатысты.

Мысалы, соңғы 3 жыл бойына ВАК құрамына ҮЕҰ, 7 мүшесі ғалымдар кірген, 2013 жылы олардың саны 10-ға дейін өскен.

Осыған байланысты заң шығармашылығы процесіне тартылған субъектілердің неғұрлым ауқымды болуы үшін аталған комиссия құрамында ҮЕҰ және бизнес өкілдерінің санын біртіндеп ұлғайту қажет болады.

Мұндай шара заң жобаларын келісудің барлық сатыларында және оның Парламентте өтуінде қоғам ұсынған ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы нормаларды тұрақты талдау және оларды жетілдіру бойынша шаралар қабылдау мақсатында олқылықтарды, коллизияларды, қайшылықтарды, ескірген және тиімсіз іске асырылатын нормаларды анықтауға бағытталған заңнамалық актілердің құқықтық мониторингі институты енгізілді.

Сонымен бірге, құқықтық мониторинг үдерісінде осындай нормаларды анықтау мемлекеттік органдардың жүргізілетін құқықтық реформаларды талдау бойынша жұмысының бір бөлігі ғана болып табылады.

Біздің пікірімізше, құқықтық мониторингтің тиімді тұтқасы талдау нәтижелері бойынша анықталған нормаға ықпал ету дәрежесі болуы тиіс.

Осыған байланысты, әрбір мемлекеттік орган мониторинг нәтижесін заң жобалау қызметінде қолдануы тиіс.

Министрлік мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің мониторингі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметін үйлестіруші болып табылатындықтан, Министрлік мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысының шеңберінде мониторинг үдерісінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды қолданатын болады.

Қоғам мүддесін қорғау және құқық қолдануды дұрыс қамтамасыз ету жолында басқа пәрменді құрал нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Құқық қолдану тәжірибесінде ресми жарияланымның пайдалануын ескере отырып, бүгінгі күні халықтың басым бөлігі өздерінің алтын уақыттарын жоғалтумен, мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндеріне сұрау салумен жүгінуге мәжбүр.

Бұл бағытта нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін электронды түрде Интернет-ресурсында жариялау тетігін енгізу аса тиімді болады, бұл оларды алуды айтарлықтай оңайлатады.

Жалпы аталған тетіктер халықтың ақпаратқа қол жетімділігінің конституциялық қағидатын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасы қызметін халықаралық аренада құқықтық қамтамасыз ету болып табылады, оның ішінде халықаралық шарттар жобасын сараптау және халықаралық шарттарды бекіту дайындығына қатысу жолымен.

Министрлік сараптау жүргізетін халықаралық шарттардың көлемі жыл сайын ұлғаюда, мұны Еуразия экономикалық комиссиясының Кеден одағы (бұдан әрі  КО) және Біртұтас экономикалық кеңістік (бұдан әрі  БЭК) аясында қабылданатын шешімдері дәлелдейді.

Кейінгі үш жылда 1000 астам БЭК шешімдері қабылданды. Аталған комиссияның шешімдері үкімет пен уәкілетті органдардың кейбір ұлттық функцияларын беруіне орай жоғары ұлттық мәнге ие болатынын ескере отырып, келіп түсетін БЭК шешімдері мен халықаралық шарттар жобаларының сапасын арттыру бойынша шаралар қолдануда, себебі көрсетілген жобалардың басым бөлігі халықаралық міндеттемелерді, әсіресе КО және БЭК кеңістік шеңберінде орындау барысында әзірленеді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Сапалы норма шығармашылық үдерісіне жобалардың заң сараптамасын жүргізу және Министрлік қызметінің негізгі стратегиялық бағыты болып табылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тіркеу арқылы да қол жеткізуге болады.

Жоғарыда көрсетілген актілерді зерделеу кезінде жалпы жағдай меморгандардың нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі  НҚА) дайындау сапасының әлі де жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетті.

НҚА жобаларын жеткіліксіз дайындалуы да осы мәселені шешу жүйелік негізде әдістемелік көмекті күшейтуден және Министрлікте және оның аумақтық бөлімшелерінде орталық және жергілікті меморгандардың заң қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды жалғастырудан көрінеді.

Қабылданатын НҚА уақтылы және сапалы іске асыру қызметі маңызды болып табылады.

Соңғы жылдары аталған жұмыс Премьер-Министр өкімдерін қабылдау және олардың Министрлік тарапынан орындалуын тұрақты бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, бүгінгі күні заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді актілерді уақытында әзірлемеу және қабылдамау, сондай-ақ дайындауға және жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты беруге ғана емес, сондай-ақ оны жүргізу рәсіміне үстірт қараудың шешілмеген мәселелері бар.

Мемлекеттік органдар жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша анықталған актілерді қолданыстағы заңнама сәйкес келтіру мәселесіне тиісті назар аудармайды.

Сонымен бірге, қазіргі таңда Министрлікті мониторинг жүргізудегі шын мәніндегі рөлі – мемлекеттік органдар ұсынып отырған ақпаратты талдау болып табылады, себебі Министрлікке тек қана мониторингті үйлестіру функциялары бекітілген. Алайда мониторинг тиімділігін қамтамасыз ету үшін Министрліктің үйлестіру рөлі жеткіліксіз. НҚА құқықтық мониторингті одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

Заң шығармашылығы саласындағы негізгі міндет мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының сапасын арттыру болып табылады, бұл олардың заңдық пысықталуынан ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік, экономикалық, қаржылық құрамдас бөліктерін пысықтаудан, статистикалық деректерді зерделеуге құқық қолдану практикасын талдауға, оң халықаралық тәжірибені қолдануға байланысты және т.б.

Практика мемлекеттік органдардың заң жобаларының тұжырылымдамаларын және заңдар жобаларының өздерін әзірлеуде тиісті көңіл бөлмейтінін көрсетті, сондықтан заң жобаларының тұжырымдамаларында баяндалған ережелерді тиісінше пысықтамау заң жобаларының өздерінің сапасына салдарын тигізеді.

Осылайша, заң жобаларын әзірлеуші – мемлекеттік органдар тиісті саладағы қоғамдық қатынастарға терең талдау жүргізу қажеттігі мәселесіне тиісінше көңіл бөлмейді.

Заң жобасы тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде оны дайындау мәселесіне, заң жобаларын әзірлеу талаптарына сәйкес соңғы ВАК мақұлдаған, олардың тұжырымдамаларына қатаң сәйкес әзірленуі тиіс болғандықтан неғұрлым жауапты және сараланған түрде болуы тиіс.

Әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынылған мәселе бойынша жан-жақты болжалды-талдау жұмысын жүргізуі, оның қорытындысы бойынша заңнамалық реттелуге ұсынылған барлық ұсыныстарды заң жобасының тұжырымдамасында бекітуі тиіс.

Сол арқылы әзірленген заң жобаларының сапасы жақсарады және ВАК мүшелерінің ұсынысы ескерілетін болады.

Ішкі факторлар:

Мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысымен халықтың хабардар болу деңгейін нығайту керек. Осы негізде ықпалды құрал мемлекеттік органдардың Интернет-ресурсында әзірленген заң жобаларының орналасуы болуы тиіс.



2. Стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру.

Реттелетін саланы немесе қызметтің саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес сот актілерін барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

Борышкерлерге әсер ету тетіктерінің және тиімді жүйенің ұзақ уақыт болмауынан қоғамда сот шешімдерінің жазасыз орындалу мүмкіндігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан, ол аталған саладағы жағдайға әсер етеді. Сондай-ақ 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот актілерін орындау бұлжытпай орындауға жету қажеттілігі аталған. Қабылданған шаралармен ұқсас өткен жылмен салыстырғанда атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметінде оң серпінге қол жеткізілді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Сот шешімдерінің орындалмаудың негізгі себептері мыналар болып табылады:

1) жетілдірілмеген қолданыстағы заңнама;

2) сот орындаушыларына жыл сайынғы қызметтік жүктеменің өсуі;

3) борышкерлерге әсер етуге жеткілікті шаралардың болмауы;

4) атқарушылық іс жүргізу органдарының әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етуі;

5) қолданыстағы атқарушылық іс жүргізуді автоматтандырылған есепке алу ақпарттық жүйесінің және бақылаудың жетілдірілмеуі;

Атқарушылық іс жүргізу жүйесін екі бағытта дамыту жоспарлануда:

1) бір жағынан – жеке орындау институтын дамыту;

2) басқа жағынан – тиісті функцияларды беру есебінен мемлекеттік орындауды күшейту.

Бастапқы кезеңде мемлекеттен немесе мемлекеттің қатысуымен өндіру туралы құжаттарды қоспағанда, заңды тұлғалардың пайдасына, кейіннен жеке тұлғалардың пайдасына өндіру туралы сот актілерін орындау бойынша өкілеттіктерді жеке сот орындаушыларына ғана беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, заңды тұлғаларға тиісті лицензиялар алу жолымен жеке орындау құқығын беру туралы мәселе оқуды талап етеді, ол ірі мамандандырылған кәсіби компаниялардың құрамында жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік сот орындаушыларын күшейту үшін оларға сот актілерін орындамаумен байланысты мемлекеттік органдармен келісіп қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша функцияларды беру туралы мәселесін қарау керек.

Борышкерлерді сот үкімін, сот шешімін немесе өзгеде сот актілерін қасақана орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша құқық қолдану тәжірибесі талдау аталған норманы қолданудың төмен тиімділігін көрсетті.

2000 жылдан 2001 жылдар аралығында шамамен 700 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 2001 жылдан бастап (көрсетілген қылмыстар туралы істерді ішкі істер органдарының тергеуіне бойынша беру) 2012 жылға 39-ға дейін тартылған тұлғалардың саны бірден төмендегені байқалады. Онда сот орындаушыларымен жыл сайын ішкі істер органдарына жолдаған материалдардың саны 1700-ден 2000 дейін құрайды.

Қылмыстық істерді қозғау үшін құқық қорғау органдарына жолданған атқарушылық құжаттар ұдайы өсуі мен материалдардың көбеюі кезінде сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған борышкерлер санының төмендеу үрдісі байқалуда.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

Туындаған жағдайдың себебі борышкерлерге әсер етудің жеткілікті тетіктерінің, мәжбүрлеу әдістерін дербес қолдану мүмкіндігінің болмауы болып табылады.

Әлемдік тәжірибені талдау борышкерлерді түрмеге қамау немесе борышты жабуға қажетті мерзімде борышкерді қоғамдық жұмыстарға мәжбүрлеу шараларын қолданумен сот орындаушыларының тергеу әрекеттерін жүргізуін куәландырады. Ресей Федерациясында сот актілерін орындамаумен байланысты істер бойынша анықтау функцияларын Федаралды сот приставтары қызметімен жүзеге асырылады, ол қылмыстық-әкімшілік механизмді толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта сот орындаушылары сот актілерін орындау процесінде олардың қызметіне кедергі келтіру, күшпен қарсылық көрсету, олардың талаптарын орындамау және елемеу, келмеу, борышкердің тұрған жерін қасақана жасыру мәселелерімен кездеседі.

«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуда сот приставтарының сот орындаушыларына қолдау көрсету көзделген.

Сот приставтары сот орындаушыларының қажетті атқарушылық әрекеттерді кедергісіз жүргізуге мүмкіндік беретін өкілдік берілген.

Халықаралық тәжірибені зерделеу атқарушылық іс жүргізу органдарына арнайы мәртебенің бар болуы жүктелген міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін көрсетті, себебі кедергі келтіру және олардың талаптарын елемеу тәуекелі айрықша төмен.

Ішкі факторлар:

2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес сот актілерін мүлтіксіз орындауға жету, соның ішінде сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікті күшейту, адал емес борышкерлерге қатысты шектеу шараларын бұдан әрі қолдану, атқарушылық іс жүргізуге процессуалдық сот бақылауын күшейту қажет.



3. Стратегиялық бағыт. Сот-сараптамалық қызметтi жетiлдiру.

Реттелетін саланы немесе қызметтің саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Құқық қолдану тәжірибесі сараптамалық қорытындылардың қоғамдық қатынастардың әр түрлі салаларында талап етіліп отырғанын көрсетеді.

Сараптамалық қызметтің көбейіп отырған көлемі сот сараптамасының баламалы жеке секторын енгізуге негіз болды.

Сот сарапшысының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін сот-сараптама саласындағы заңнамалық база жасалды, сот сараптамасының сапасына бақылау жасау тетіктері енгізілді.

Қазіргі заманғы қылмыстық әрекеттердің жоғары ғылыми-техникалық деңгейі мен оның ұйымшылдығы құқық қорғау органдары қызметін қамтамасыз етудегі сот сараптамасының ролі мен мағынасын шын мәнінде көтермелейді.

Негізгі проблемаларды талдау.

Сонымен бірге, сот-сараптама қызметінің саласы одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

2012 жылы Сот сараптамасы орталығы (ССО) сот сарапшыларының жүктемесі 1997 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге өсті, Сот медицинасы орталығының (СМО) жүктемесі 1,5 есеге өсті, алайда сот сараптамасы органдарының штаттық саны аталған кезеңде өзгерген жоқ.

ССО сарапшы кадрлары тек 15 ауданда және облыстық маңызы бар 9 қалада ғана бар, ал сот-медицина сарапшылары – 86 ауданда бар.

Жеке сот сараптама институты да жеткілікті дамымай отыр, әсіресе аудан орталықтарында, сондай-ақ осы саладағы ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз аккредиттелген сарапшылардың әлеуеті де толық көлемде пайдаланылмай отыр.

Бұдан басқа, қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты инновациялық сот-сараптамалық технологияларды енгізу, сондай-ақ сот-сараптамалық зерттеулердің жаңа әдістемелерін әзірлеу қажет.

Сот сараптамасының жекелеген түрлерін тағайындаудың мақсатқа сәйкестігі мәселесі де толық көлемде пысықталмаған, ал бұл сарапшылық жүктеменің артуына әкеп соғады.

Қазіргі уақытта еңбек ақының төмендігінен, жұмыс көлемінің көптігінен, әлеуметтік қорғалудың жоқтығынан сараптама қызметі беделінің төмендеуі мен осы саладан сарапшы кадрларының кетуі байқалады.

Сот сарапшыларын әлеуметтік қорғау шараларын қалыптастыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы келесілерді реттеу үшін жетілдіру қажет:

1) сот ісін жүргізудегі сот сарапшыларының қауіпсіздігін;

2) сот сарапшыларын әлеуметтік қорғауды (бюджеттік қаражат есебінен міндетті сақтандыру, опат болған, жарақат алған, мүгедектік белгіленген жағдайларда өтем ақы төлеу);

3) тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) сарапшылар мен олардың отбасына медициналық қызмет көрсету.

Астана және Алматы қалаларын қоспағанда Орталықтың барлық дерлік зертханалары криминалистикалық зертханаларға арналған үй-жайларды жарақтандырудың халықаралық және отандық стандарттарына сәйкес келмейді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

Мемлекетіміздің бүгінгі таңда құқық қорғау жүйесіне қойып отырған жоғары талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, Министрлік сарапшылық тәжірибені ғылыми-зерттеушілік және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді зерттеу әдістемелерінің жаңа түрлерін әзірлеу мен қолда барларын өзгерту, сараптама жүргізудің халықаралық тәжірибеге негізделген заманауи әдістері мен рәсімдерін енгізу жолымен нығайтатын және жетілдіретін болады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» ММ 22 аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарын сынақ зертханаларына қойылатын арнайы талаптар мен санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келтіруі қажет.

Ішкі факторлар:

Ұсынылатын қызметтердің сапасына әсер ететін маңызды фактордың бірі сот-сараптама қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар сот сарапшыларының кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Тек лайықталған үй-жайлары бар зертханаларда жұмыс істеу, сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді пайдалану ғана сот-сараптамалық зерттеулерді уақтылы және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

4. Стратегиялық бағыт. Дүниежүзілік сауда ұйымының және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының нормаларына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

Реттелетін саланы немесе қызметтің саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Зияткерлік меншік құқықтарын тиісінше қорғау мәселелері экономикалық сипаттағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы растап отыр. Оған сәйкес осы ұйымға кіруге ниет білдірген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасын Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (1994 жылғы 15 сәуірдегі) сәйкес келтіруге міндетті.

Қазіргі уақытта, жалпы зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның заңнамасы қалыптасқан. Республика негізгі халықаралық келісімдер мен шарттардың қатысушысы болып табылады.

Зияткерлік меншік саласындағы басекелестікке қабілеттілікті жоғарылату және инновациялық қызметті қолдау мен дамыту мақсатында, жылсайын «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауы, сондай-ақ, зияткерлік менгшікті қорғау мәселелері бойынша Астана экономикалық форумының аясында панельдік сессиялар өткізіледі.

2013 жылы жарияланған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне сәйкес Қазақстан «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» индикаторы бойынша 73 орында тұр, өткен кезеңнің көрсеткішінен 19 тармақ жоғарыда. Осы көрсеткіштің құрылуына зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету деңгейі әсер етеді.

Министрлікпен зияткерлік меншік саласында 19 өзекті мәселелер бойынша социологиялық сұрақ-жауап жүргізілді.

Аталған сұрақ-жауап зияткерлік меншік саласында халықтың білімін және хабардар болу деңгейін анықтауға, сондай-ақ ерекше өзекті бағыттар бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттерінің жұмысы жақсарту үшін бағытталған.

Жүргізілген социологиялық сұрақ-жауаптың нәтижесі 52,6% сауалнамаға жауап берушілер зияткерлік меншік құқығын қорғау деңгейімен қанағаттанатынын көрсетті.

Негізгі проблемаларды талдау.

Зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын кәсіпкерлер ретінде пайдаланушылардың, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылдамайтын туындылар авторларының құқықтық сауаттылықтың және хабардар болуының төмендігі зияткерлік меншік саласының бірден бір проблемасы болып табылады.

Зияткерлік меншік объектілерін заңсыз қолдану оның дамуына теріс әсерін ететіні бәріне мәлім, сонымен зияткерлік меншік құқығын қорғау деңгейін одан арттыру қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар:

Қазақстан Республикасы КО мен БЭК мүшесі болып табылады. Осыған орай, КО мен БЭК аумағында зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету үшін үш мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша шара қолдануы қажет. Өзара саудада зияткерлік меншікті қорғау біріңғай ережесін қамтамасыз ету мақсатында үш халықаралық шарттарға қол қою және бекіту болжамдалуда.

Ішкі факторлар:

Осы салада халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында зияткерлік меншік саласында құқықтық түсіндіру жұмысы күшейту қажет.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Министрлікке авторлық құқық және патент мәселесін реттейтін заңнаманы тексеру жүргізілді.

Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын құқықтық реттейтін мәселелер бойынша Заң жобасы әзірленді, ол ұйымдардың міндеттерін нақтылауды, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару негізін, өзінің шығыстарын өтеуге ұсталған мөлшері пайызын анықтауды, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару негізін 30 күндік күнтізбеге (қазіргі таңда аккредиттеу мерзімі 65 жұмыс күнінде), Қазақстанда өнеркәсіп меншік объектілері құқығын қорғау құралдары тізімінен инновациялық патентін алып тастауды, сондай-ақ өнеркәсіп меншік және т.б. қызметтік объектілерін құқықтық регламенттеу бөлігінде қолданыстағы заңнама нормаларын қайта қарауды көздейді.

Зияткерлік меншік саласына қатысты Қазақстанда даму үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру мақсатында контрафактілі өнімдермен күресу жөнінде тиімді шараларды арттыруға, құқықтық түсіндіру жұмысын күшейтуге, аталған салада заңнаманы жетілдіруге бағытталған іс-шаралар Министрліктің Стратегиялық жоспарында көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет