Салыстырмалы кесте



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі402.5 Kb.
#125468
  1   2   3   4


«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ







Құрылымдық элементтің атауы



Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме. Тапсырмаға сілтемеден басқа:

1) түзетудің мәні;

2) әрбір енгізілетін түзетуге нақты негіздеме көрсетілуге тиіс




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы




1

1-бөлім

  1. Бағдарлама паспорты

Іске асыру мерзімдері және кезеңдері

1-кезең – 2015 жыл

2-кезең – 2016 – 2020 жылдар



  1. Бағдарлама паспорты

Іске асыру мерзімдері және кезеңдері

1-кезең – 2015 жыл

2-кезең – 2016 – 2019 жылдар









2

3-бөлім

3. Ағымдағы ахуалды талдау
2. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті.

......


Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.


3. Ағымдағы ахуалды талдау

2. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті.

......

Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.



«Халықтың көші-қоны туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 12), 12-1), 13) және 15-1) тармақшаларын іске асыру мақсатында






3

4-бөлім

4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері
........

4. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:


  1. жылға қарай:

  1. жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;

  2. әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;

  3. жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 4,6 %-дан аспайтын болады.

Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдардың жалпы санынан – 6,1 %-ы;

2) жұмыссыздардың жалпы санынан – 21,0 %-ы;

3) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерінің жалпы санынан – 20,0 %-ы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.

5. Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту:



Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;

әлеуметтік келісімшартқа қол қойған адамдар қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;

әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандар қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 %;

өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2016 қарай – 64,5 %, 2020 жылға қарай – 66,5 % болады;



4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері
........

4. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

2020 жылға қарай:

1) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;

2) әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;

3) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 4,6 %-дан аспайтын болады.

Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдардың жалпы санынан – 5,5 %-ы;

2) жұмыссыздардың жалпы санынан – 11,0 %-ы;

3) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерінің жалпы санынан – 20,0 %-ы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.

5. Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту:

Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;

Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;

Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 % болады;

.......

ЖҚЖК 2020 қаржыландырудың бұрын жоспарланған 97,3 млрд. теңгеден 37,3 млрд. теңгеге дейін азаюына байланысты көрсеткіштер қайта қаралды.
08.10.2014ж. ҚР Үкіметінің №1066 қаулысымен бекітілген бағдарламаның мазмұнымен сәйкестендіру мақсатында.





4

4-бөлім

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту;

3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.





5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;



2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру;

3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.



Тірек ауылдық елді мекендер инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.

Тірек ауылдарды кешенді дамыту бөлімі алынып тасталды







5




Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
.......

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.

12. Жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау және әлеуметтік- еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды, өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

.......


13. Жобаларды қарау барысында өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган жобалардың осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті орган – 8-тармақтың 4) тармақшасына сәйкестігін тексереді.

14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.

Осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келетін жобалардың тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындары санының және орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса отырып, Бағдарлама операторына жібереді.

15. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып жобаларды қарайды.


16. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 30 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

.......


Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
.......

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.

12. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау және әлеуметтік- еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

.......
13. Жобаларды қарау барысында Бағдарлама операторы жобалардың осы Бағдарламаның 8-тармағында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге, сәйкестігін тексереді.




14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.

алып тасталсын

15. Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдары ұсынған құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып жобаларды қарап іріктейді.

Бұл ретте іске асыру үшін, Бағдарлама қатысушылары үшін көбірек жұмыс орындарын құрған және ұзақ мерзімде жұмыспен қамтуды қамтамасыз еткен инфраструктуралық жобаларға басымдық беріледі.

16. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс кезінде – жаңа құрылатын жұмыс орындарының кемінде 30 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңа құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.


.......

Қазақстан Республикасы бюджеттің атқаруылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №11-Қ қаулысына сәйкес ҚР ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 7 маусымдағы №27-2/186-И хатпен бірінші бағытты тұрақты жұмыс орындарын құрмайтындықтан алып тастауды ұсынды. Бұл ретте, ЖҚЖК 2020 Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту болып табылатындығын ескере отырып, бірінші бағытты ДСӘДМ –де қалдыру ұсынылады. Аталған шара еңбек нарығына ықпал етуді, жедел түрде жұмыс орындарын құруға, ең алдымен ауыл халқын жұмыспен қамтуға әсер етеді.





6

5-бөлім

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.

17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жұмсай алады.

18. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға – инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және абаттандыру бойынша, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша есептерді ұсынады.

Есептерде:

1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;

3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;

4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына басталған (аяқталған) жобалардың саны, құрылған жұмыс орындары мен халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

19. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Бағдарлама операторына Бағдарламаның 18-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес есептер ұсынады.

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.



23. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

16-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарлама қатысушыларына құрылыс кезінде – жаңа құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңа құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

16-2. Инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.

17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жұмсай алады.


18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Бағдарлама операторына инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша

1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;

3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;

4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс есептерді ұсынады.

алып тасталсын


алып тасталсын

.......


22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

23. Бағдарлама операторы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.


ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22-тамыздағы отырысында мақұлданған 2015 және 2016 жылдары экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарының 64,71-тармақтарын орындау мақсатында.




7

5-бөлім

Екінші бағыт:

кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру

және тірек ауылдарды кешенді дамыту
24. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.

.......


Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру
25. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.

Жоқ

.......
30. Микрокредит беру шарттары:

1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;



жоқ

5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

.......

жоқ
жоқ
......

12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес қайта кредит беруге жол беріледі.

.......

32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.



33. Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.

.......


35. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;

2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді.

жоқ
.......

жоқ

36. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:



.......

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.


.......

4) микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
.......

5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;


.......

Екінші бағыт:

кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру

24. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.

.......

алып тасталсын
25. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, сондай-ақ Бағдарлама қатысушыларының ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру мынадай қатынаста жүзеге асырылады: 80 % - ауылдық елді мекендерде, 20% - қалалық елді мекендерде.

.......
30. Микрокредит беру шарттары:

1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;



Жеке ісін кеңейтуге микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартында беріледі.

.......


  1. микрокредит:

  • жеке ісін ұймдастыруға және кеңейтуге 3 млн. теңгеге дейінгі;

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударғандар үшін 5 млн. теңгеге дейінгі;

  • жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн.теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 6 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер беру 2016 жылы пилоттық режимде қабылданатын болады.

.......
12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты есебінен қайта кредит беруге жол беріледі;

.......
32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

33. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуға арналған Бюджеттік қаражатты жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.

.......

35. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:



1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;

2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді.




Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүзеге асырылады.

.....


6) Бағдарлама операторы өз құзыреті шегінде Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.

Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті, микрокредиттерді беру және өтеу, қатарынан 3 айдан астам микрокредиттерді өтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы бойынша қарыздардың сомасы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген жұмыспен қамту орталығына әр айдың 5-iне дейін ұсынады.

7) Қаржы агентттігі не микроқаржы «микрокредит) ұйымдары немесе микрокредиттік серіктестіктер мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол берген және кредиттерді өтеу кестесін бұзған адамдарды қосак алғанда, микрокредит алған Бағдарлама қатысушыларының тізімін ұсынады.

36. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

.......

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына (сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйым) жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.



.......

4) микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығының жәрдем көрсетуімен жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.

.......

5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға бір жылдық мерзімге өтеусіз шарт жасасуға құқылы;


.......

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу үшін жергілікті атқарушы органдар нақты санын алдын-ала болжай алмағандықтан қаржыландыруға бюджеттік өтінімді тапсыра алмайды. Осыған байланысты шығыстар сомасын жергілікті деңгейде қарастыру ұсынылады, ол қаржылық тиімділікті арттырады.


Микрокредиттеуді және микрокредиттерді өтеуді қамтамсыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігін күшейту мақсатында
Микрокредиттерді өтеу және мақсатты пайдалану мониторингін жүргізу мақсатында халыққа микрокредиттерді тікелей ұсынатын қаржы ұйымдарының өздері есеп ұсынуы қажет

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында қаралған шаралардың барлық көлемін пайдалану үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығының потенциалдарын пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет