1-мәтін
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік.
500 - 600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50- 60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай -ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан - жағына 6-7 дейін жайылатындықтан, бір- бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5- 6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады. Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
1. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Қарағайдың бүршіктерін қолдан жасалатын бұйымдарға қолданады.
B) Қарағайдың жай және тез өсетін түрлері таулы жерлерге кеңінен таралған.
C)Қарағайдың барлық түрі көгалдандыру жұмыстарында көптеп пайдаланады.
D) Қарағайдың жапырақтарынан шайыр өте көп мөлшерде шығады екен.
2. Мәтінің стилі
A) Ғылыми танымдық
B) Ғылыми көпшілік
C) Ғылыми зерттеу
D) Ғылыми тезис
2-мәтін
Тері – мал мен хайуан денесінің сыртқы қабы. Жеңіл өнеркәсіп орындарының аса бағалы шикізаты. Қазақ халқының тұрмыстық жағдайында әртүрлі мақсатта кең қолданылған нәрсе. Атаулары: Жабағы тері – қой мен ешкінің көкек, мамыр айларындағы жабағы жүні қопсымаған қалың түбітті терісі. Одан өте жылы күпі, тон, бөстек тігіледі. Қырықпа тері – жабағы және күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған қойдың сұйық жүнді терісі. Жеңіл-желпі киімдер тігіледі. Күздік тері – қазан, қараша айларында сойылған қой мен ешкінің өңі қалың терісі. Тон, ішек, бөрік тігуге қолайлы. Соғым терісі – жүндес, қыртысы қалың берік тері. Тақыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған малдың немесе жүні жидітіліп алынған тері. Қап, дорба, тұлып тігіледі. Сеңсең – үш-бес айлық арасында сойылған, қырқылмаған қозының терісі. Ішік, тымақ, бөрік, бөстек, тон жасалады. Күдері – әбден иі қанған жұмсақ, жылтыр тері. Пұшпақ – тізеден төменгі сирақ терісі. Тулақ – жүні алынбай қатырылған шикі тері. Саң – бітеу сойылған мал терісі. Шуйды – суға тиіп, күнге қақталып құрысқан тері. Жұрын – иленіп, бұйым жасалған терінің қалдығы. Ұлпан – ұлпа жүнді тері. Құрым – иленген жұмсақ тері. Жақ – құлын, бұзау терісі. Жылбысқа, жылпысын – іште жатып өлген, іш тасталған немесе туысымен өлген, жүні жоққа тән қозының терісі. Өте жұқа. Шылғи – илеуі жетпеген, бабына келмеген тері. Тоқтышақ терісі – сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен, төрт-бес айлық қозы терісі. Жеңіл, жұмсақ, жылы теріден киімнің көптеген түрін тігуге болады.
3. Мәтін бойынша қойдың сұйық жүнді терісі
A) Тақыр тері
B) Жабағы тері
C) Қырықпа тері
D) Күздік тері
4. Мәтіндегі пұшпаққа тән ерекшелік
A) Әбден иі қанған терісі
B) Малдың сирақ терісі
C) Иленген жұмсақ терісі
D) Қалың жуан терісі
5. Мәтін бойынша тақыр теріден тігілетін бұйым
A) Ішек
B) Дорба
C) Тұлып
D) Бөрік
3-мәтін
1.Бас бармақ пен ортан үйрек саусақтарының екі ұшының арасын қарыс дейді. Ол шынашақ, елі, бармақ, сынық сүйем, сүйем, шынтақ тәрізді әртүрлі нәрселердің ұзын-қысқалығын, жуан-жіңішкелігін, қалың-жұқаңдығын анықтап-білуге қолданылатын мөлшер түрлерінің бірі.
2. Қарыс – кере қарыс, қарыс сүйем, бір қарыс та сынық сүйем, бір қарыс та бір елі мөлшерге бөлінеді. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жәй ғана созылуын қарыс, ал бұл екеуінің барынша керілуін кереқарыс дейді.Бас бармақ пен балаң үйрек, яғни, сұқ саусақ ұштарының арасын сүйем, бас бармақ пен сұқ саусақтың үш жағындағы екі буынның бүгілісі аралығын сынық сүйем дейді.Бармақ – бас бармақтың, елі – ортаңғы саусақтың, шынашақ – шүлдір шүмектің жуандығындай. Бұлардың ешқайсысы өлшемге жатпайды.
3. Өлшем – қадақ, аршын, мысқал, кез тәрізді нақты, тұрақты болады. Ал алақан айналасындағы мөлшерлер де қадам, құлаш сияқты әр адамның тұлға, бітіміне қарай әртүрлі болады.Маңдайы керекқарыс дегенде адамның маңдайы нақты қарысталып, өлшеніп тұрған жоқ. Маңдайдың ұзындығы, енділігі деген ұғым жоқ. Бұл – бейнелі сөз. Кең маңдайлы дегенді әсірелеп, бейнелеп айту. Мәселен, аузы алты қарыс дегенде азудың ұзындығы емес, мықтылып бейнеленіп тұр. Қазының да ұзыны мен енін ешкім өлшемейді, қабырғаға біткен майдың қалыңдығын анықтайды.
4. Сонымен кереқарыс дегендегі кере сөзі – кере адым, кере құлаш, кере сөйлеу, кере шайнау, кере лақтыру, кере тарту дегендердегідей кәдімгі керу (созу) мәніндегі сөз.
6. Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Кере сөзінің мәні
2. Кереқарыс атауы
3. Қарыс атаулары
4.Бейнелі сөз
A) 2,4,3,1
B) 2,1,3,4
C) 3,1,4,2
D) 3,2,4,1
7. Мәтін бойынша бейнелі сөзге айналған өлшем бірлігі
A) Қарыс сүйем
B) Сынық сүйем
C) Шүлдір шүмек
D) Кең кереқарыс
8. Мәтіннің мақсаты
A) Қазақи өлшем бірліктері туралы ақпарат беру
B) Қарыс өлшемі туралы зерттеулерді көрсету
C) Қазақи бейнелі сөздер туралы мәлімет беру
D) Саусаққа қатысты ұғымдар туралы түсінік беру
9. Мәтін мазмұны бойынша жауап алуға болатын сұраулы сөйлем
A) Маңдайдың ені қанша сантиметр болады?
B) Қазының ені мен ұзындығы қанша болады?
C) Сынықт сүйем дегеніміз не?
D)Қарыс қандай өлшем түрі?
10. Берілген үзінді мен үндесетін мәтін бөлігі
Мысалы, зорлықшыл адам –эмоционалдық бағалау контексі: ұнатпау, жақтырмау - азуы алты қарыс – ызасы //қорлығы өту – тырнағы /н/ 7 бату //батыру т.б. Сол сияқты, бақытсыз, сорлы – эмоционалдық бағалау контексі: мүсіркеу- аяу – маңдайының соры бес елі – соры қайнау – соры арылмау т.б.
A) Үшінші
B) Бірінші
C) Екінші
D) Төртінші
Достарыңызбен бөлісу: |