СалықТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰзушылық, ерекшеліктері мен түрлері



Дата23.02.2016
өлшемі129.33 Kb.
#3123
САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Мақалада салықтық құқық бұзушылық пен оның қоғамға қауіптілігі, себептері, түрлері, ерекшеліктері және сол заң бузущылыққа қатысты тартылатын жауапкершілік түрлері қарастырылған.



Салықтық құқық бұзушылық – салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген міндеттерін ойдағыдай орындамауларына байланысты заңи жауапкершілік кӛзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып табылады. Салықтық құқық бұзушылықтың басқа да құқық бұзушылықтар сияқты (мысалы, әкімшілік, қылмыстық, құқық бұзушылықтар) ӛзіне тән белгілері мен құрамы болады. Белгілеріне тоқталсақ, олар мына келесідей кӛрініс табады: 1. қоғамға қауіптілігі (бұл жерде ӛте жиі кӛрініс табуына байланысты); 2. құқыққа қайшылығы (қарсы); 3. кінәлілігі; 4. зардап-залалдың (зиянның) болуы; 5.құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттің (әрекетсіздіктің) жазалануы, яғни теріс қылық-әрекеттің жазалануы. Енді салықтық құқық бұзушылықтардың белгілеріне қысқаша сипаттама береміз. Кез келген құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігін айтпасақта белгілі, сол сияқты салықтық құқық бұзушылықтың қоғамға тигізер теріс салдары аз емес. Осы арқылы елде бюджет қаражаттарының жетіспеуі орын 86 алады, ал ол жағымсыз жайт бірінші кезекте елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайына оң әсерін бермесі сӛзсіз. Құқыққа қайшы әрекет – салықтық заңдардың нормаларының әмірлі талаптарын орындамау болып табылады. Салықтық құқық бұзушылықтың келесі белгісі – кінәлілігі. Бұл жерде құқық бұзушының ӛзі қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетіне деген ӛзінің психикалық қатыстығын білдіретін белгі ретінде кӛрініс табады. Келесі белгі – салықтық құқық бұзушылықтың нәтижесінде келтірілген зиян (залал) болып саналады. Қандай да болмасын салықтық құқық бұзушылық зиянды болғандықтан, материалдық құқық бұзушылықтың барысында мемлекетке немесе салық тӛлеушіге зиян келтіріледі. А.И. Худяковтың пікірі бойынша, ―зиянсыз салықтық құқық бұзушылық болмайды. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда міндетті түрде зардап-зияны болады‖. Салықтық құқық бұзушылықтың бесінші белгісі – кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттің жазалануы, яғни заңи жауапкершілікке тартылуы. Құқық бұзушылық болған жағдайда заңи жауапкершілік қолданылады; құқық бұзушылық салықтық құқықтық қатынастар аясында орын алмаса онда заңи жауапкершіліктің негізі болмайды. Салықтық құқық бұзушылық – салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген міндеттерін ойдағыдай орындамауларына байланысты заңи жауапкершілік кӛзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып табылады. Салықтық құқық бұзушылықтың басқа да құқық бұзушылықтар сияқты (мысалы, әкімшілік, қылмыстық, құқық бұзушылықтар) ӛзіне тән белгілері мен құрамы болады. Белгілеріне тоқталсақ, олар мына келесідей кӛрініс табады: 1. қоғамға қауіптілігі (бұл жерде ӛте жиі кӛрініс табуына байланысты); 2. құқыққа қайшылығы (қарсы); 3. кінәлілігі; 4. зардап-залалдың (зиянның) болуы; 5.құқыққа қайшы, кінәлі әрекеттің (әрекетсіздіктің) жазалануы, яғни теріс қылық-әрекеттің жазалануы. Енді салықтық құқық бұзушылықтардың белгілеріне қысқаша сипаттама береміз. Кез келген құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігін айтпасақта белгілі, сол сияқты салықтық құқық бұзушылықтың қоғамға тигізер теріс салдары аз емес. Осы арқылы елде бюджет қаражаттарының жетіспеуі орын алады, ал ол жағымсыз жайт бірінші кезекте елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайына оң әсерін бермесі сӛзсіз. Құқыққа қайшы әрекет – салықтық заңдардың нормаларының әмірлі талаптарын орындамау болып табылады. 87 Салықтық құқық бұзушылықтың келесі белгісі – кінәлілігі. Бұл жерде құқық бұзушының ӛзі қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетіне деген ӛзінің психикалық қатыстығын білдіретін белгі ретінде кӛрініс табады. Келесі белгі – салықтық құқық бұзушылықтың нәтижесінде келтірілген зиян (залал) болып саналады. Қандай да болмасын салықтық құқық бұзушылық зиянды болғандықтан, материалдық құқық бұзушылықтың барысында мемлекетке немесе салық тӛлеушіге зиян келтіріледі. А.И. Худяковтың пікірі бойынша, ―зиянсыз салықтық құқық бұзушылық болмайды. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда міндетті түрде зардап-зияны болады‖. Салықтық құқық бұзушылықтың бесінші белгісі – кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттің жазалануы, яғни заңи жауапкершілікке тартылуы. Құқық бұзушылық болған жағдайда заңи жауапкершілік қолданылады; құқық бұзушылық салықтық құқықтық қатынастар аясында орын алмаса онда заңи жауапкершіліктің негізі болмайды. Салықтық құқық бұзушылықтың себептері ӛте кӛп, бірақ ең кең тараған себептерді келесідей топтасақ болады: 1. Экономикалық себептер 2. Саяси себептер 3. Құқықтық себептер 4. Техникалық себептер 5. Рухани себептер Енді осы себептерге толығырақ тоқталсақ, экономикалық себептерге:  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қаржылық жағдайының тӛмендеуі, яғни, экономикадағы дағдарыстық жағдайларға, ӛндірістің тӛмендеуі, ақша массасының шет ел валютасында қорлануы жатады. Сондықтан, салық салу субъектілерінің салық тӛлеу қабілетінің тӛмендеуі салық тӛлеуден жалтарудың маңызды экономикалық себептеріне жатқызамыз;  елдің салық жүйесі мен жүргізіліп отырған салық саясатымен байланысты экономикалық себептер. Салық ауыртпалығының тым кӛбеюін жатқызамыз бұған. Салық ауыртпалығының артуы кӛптеген себептерге байланысты, яғни мемлекеттің бюджет шығыстарына тиімді бақылау жүргізе алмауы себебі, соның салдарынан шығыстар ұлғайып кетеді де салық салу деңгейін кӛтеруге тура келеді; Салықтық құқық бұзушылықтың саяси себептері салықтың реттеуші қызметімен байланысты, бұл қызмет арқылы мемлекет қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы реттеу қызметі арқылы мемлекет тарапынан мүдделеріне нұқсан келген тұлғалар, салық тӛлеуден жалтару арқылы осы процеске қарсылығын білдіреді. Сондай – ақ бұл себепке елдегі саяси ахуалды жатқызамыз. 88 Құқықтық себептерге салықтар мен бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы заңдылықтың тұрақсыздығы, оның үнемі ӛзгеруі жатады. Бұл заңдардан бӛлек салық оргнадары кӛптеген нормативті – құқықтық актілерге сүйенеді. Салық салу мәселелері бойынша нормативті – құқықтық база кӛптеген Жарлықтар мен шешімдерге, ережелерге тола. Бұл да ӛз кезегінде кӛптеген түсінбеушіліктерге алып келеді. Техникалық сипаттағы себептерге салықтық бақылаудың әдістері мен түрлерінің кемшіліктері жатады. Салық тӛлеушілердің техникалық қамтамасыз етілмеуі және салық тӛлеушілер қолданатын касса – бақылау аппараты, салық және бухгалтерлік есеп мәліметтерін сақтау, жасау және керекті орындарға беру бағдарамаларымен толық қамтаасыз етілмеу. Халықпе ақшалай есеп – айырысуды жүзеге асыру барысында касса – бақылау машиналарын толыққанды пайдаланбау мәселелері. Осыған орай салықтық тексеріс кезінде сауда – саттық пен қызмет кӛрсету салаларында нақты түскен түсім мен салықты есеп тӛлеуге бақылау жасалынады. Әрбір тексеріс барысында түскен ақшаның белгілі бір бӛлігі кассалық - бақылау аппаратынан тыс айналыста екені анықталады. Енді рухани себептерге тоқталсақ, ол себептер жиынтығы 3 аспектіде қарастырылады: салық жүйесіне деген теріс кӛзқарас, құқықтық мәдениет деңгейінің тӛмендігі және қара басының қамын ойлаушылық. Қара басының қамын ойлаушылардың ынтасы анық. Ірі салық тӛлеушілердің арасында кӛлеңкелі экономиканың қайраткерлері, лауазымды тұлғалар бар. Салықтық құқық бұзушылықтың бірқатары корпоративті, топтық қызығушылық негізінде орын алады. Бұндай фактілер кәсіпорын басшылары ӛндірісті дамытуға, несие мен жалақы тӛлеуге кетуімен байланысты. Салықтық құқық бұзушылыққа әкелетін себептер кӛп, сондықтан да салықтық құқық бұзушылыққа баратын тұлғаларды зерттеуге келсек, оларды келесідей топтаймыз: 1. Әлеуметтік – демографиялық белгілер: жынысы, жасы, әлеуметтік жанұя жағдайы, мамандығы, материалдық жағдайы; 2. Қылмыстық – құқықтық белгілер: қылмысты жасау мотивациясы, қылмыс түрі, қылмысты жалғыз немесе топпен жасау; 3. Адамгершілік қасиеттері мен психологиялық ерекшелігі. Салықтық құқық бұзушылққа баратын тұлғалар 4 типке бӛлінеді: - Салық және құқық қорғау органдары анықтай алмайды деген ниетпен салық заңдылығын жүйелі түрде қасақана бұзушылар. Бұндай салықтық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда олар бірден бюджет алдындағы берешегін ӛтейді; - Салық заңдылығындағы ережелерді олар үшін ауыр деп есептейтін және сол бағытта күресіп келген заңға бағынышты тұлғалар; 89 - Басшылар, яғни заңды тұлғалар жатады, олардың жасырған пайдалары мен басқа да тӛлемдері, айыппұл санкциялары инкассациялық талаптарды қою арқылы алынады. Бұндай әдіс банк шотында ақша болған жағдайда жүзеге асырылады. Бұған салық органдарының тексерістері бойынша есептелген айыппұлдарды тӛлеуден бас тартқан басшыларды жатқызуға болады; - Меншіктің жеке түріне негізделген сауда – саттық қызметпен айналысатын және тек қана ресми түрде қызмет ететін басшылар жатады. Бұндай кәсіпорында капиталдың бірнеше айналымы орын алады, қалаған табысты аған кезде тайып тұрады. Қазақстанда қаржы полициясы органдарының назарына келесідей лауазымды тұлғалар түседі: - Бас бухгалтер мен кәсіпорын бухгалтериясының қызметкерлері; - Коммерциялық емес кәсіпорындардың бухгалтерлері мен басшылары; - Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері мен басшылары; - Салық қылмысы анықталған кейінде заңға қайшы әрекетін жалғастырушы, яғни лауазымды тұлғамен келісімге келгісі келетін тұлғалар; - Салық салынатын кәсіпорында жұмыс істейтін бухгалтерлік құжаттарға арнайы табыстар мен шығыстар жайлы жалған ақпараттарды енгізген тұлғалар; - ылмысты ұйымдастырған және соған басшылық етуші тұлғалар, яғни қылмыс жасауға мекеме басшысын, бас бухгалтерді немесе сол мекеменің басқа да қызметкерлерін бағдар, кеңес беру арқылы итермелеген адам. Соловьев И.Н. ӛз зерттеулерінде салықтық құқық бұзушылықта қылмыскерлер келесідей үлесте екенін айта кеткен: - мекеме басшылары – 82,95 % - бухгалтерлер – 8,4 % - мекеме қызметкерлері – 4,4 % Салықтық құқық бузушылықтың ерекшелігіне келсек, сол заңсыз әрекетке қолданылатын шараларға байланысты болмақ. Яғни, жауапкершілікке тарту шаралары үш бірдей заң бойынша жүзеге асырылады. Салықтық құқық бұзушылық жасаған тұлғаға ӛсім, айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай – ақ мүлкін тәркілеу мен бас бостандығына айыруға дейін баратын шаралар қолданылады. Жасалған қылмысқа қарсы қолданылатын жауапкершілік бойынша құқықтық бұзушылықтың келесідей түрлері бар: 1. Қазақстан Республикасының Салық кодексімен қарастырылған қаржы – құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылық; 90 2. Әкімшілік – құқықтық бұзушылық кодексімен қарастырылған әкімшілік– құқықтық сипаттағы құқық бұзушылық; 3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қаратырылған қылмыстық – құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылық. Жалпы алғанда ҚР салық жүйесінің қызмет етуі заңи жауапкершілікке тарту шараларымен қамсыздандырылған. Салықтық құқық бұзушылыққа қарсы елімізде қаржылық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту кӛзделген. Кейбір жағдайда тәртіпке шақыру және материалдық жауапкершілікке тарту жүзеге асырылады. Қаржы – құқықтық жауапкершілік бойынша салықтар мен ағымдық және аванстық тӛлемдерді белгіленген уақытта тӛленбеген жағдайда салық органдары салық тӛлеушілердің берешегі сомасында оның банктік шоттарынан күштеп алуға құқығы бар. Салықтар мен ағымдық және аванстық тӛлемдерді уақытында тӛлемегені үшін заң бойынша айыппұл есептелініп, бекітіледі. Салықтың қандай да бір болмасын түрі бойынша артық тӛленген сомасы басқа салық түрлері бойынша бересіне (недоимка) жатқызылады. Мемлекеттік бюджет алдындағы қарызды тӛлеу келесідей тәртіп бойынша жүзеге асырылады: 1. Ӛсімпұл тӛлеу; 2. Айыппұл есептеу; 3. Салық сомасы. Салық заңдылығын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық деп тұлғаның қасақана, оның себептері мен салдарын біле тұрып заңға қайшы түрде әдейі жасалған әрекеттерін айтамыз. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жататындар: - Тиісті орны бойынша салық органына барып салық салық есебіне тұру (бекіту) мерзімін бұзу, яғни кешеуілдету; - Салық есептілігін ӛткізбеу немесе уақытында ұсынбау; - Салық салу объектісін жасыру; - Салық салу объектілерін және табыстар мен шығыстарды есептеу ережелерін бұзу; - Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдердің есептелген сомаларын тӛлеуден жалтару; - Бюджетке тӛленетін салықтар мен басқа да міндетті тӛлемдердің сомаларын азайту. 91 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз және лицензиясыз айналысқанда әкімшілік жауапкершілікке тартады. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен маркіленетін, акцизделетін тауарларды қндіру мен қткізу ережелерін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартады, яғни айыппұлдар салынып, акцизделетін тауарларды тәркілеуге дейн барады. Салық заңдылығын бұзған үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Қылмыстық кодексіне сәйкес» жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершіліктің сипаты келесідей: - Ол қоғамдық қылмыстың қауіпті түрлеріне қолданылады: - Қылмыс субъектісі болып тек ақыл – есі дұрыс тұлға ғана табылады; - Тек сот тәртібі бойынша жүзеге асырылады; - Қылмыстық және қылмыс процессуалдық құқықтық нормаларынан шығады. Қылмыс объектісіне жеке тұлғалармен салық тӛлеу процесінде экономика аясында болатын қоғамдық қатынастарды жатқызамыз. Қылмыстық жауапкершілік субъектілеріне Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ шетел азаматтарын жатқызамыз. Салықтық қылмыс құрылымына байланысты субъектілер салық тӛлеуші – азаматтар мен лауазымды тұлғалар болып бӛлінеді. Сонымен қатар салық тӛлеушілердің жеке кәсіпкер деген жеке санаты да бар. Салықтық құқық бұзушылық бойынша жауапкершілік түрлерін екінші тарауда толығырақ қарастырамыз. Салықтық құқық бұзушылықтың бірқатар кезеңдерге бӛлінеді десек болады. Нақты айтсақ, салықтық құқық бұзушылықтың «ӛмірлік циклы» тауардың ӛмірлік цикліне ұқсас. Бірінші кезеңде салық тӛлеуші салық салудан жалтарудың жаңа сызбасын ойлап табады. Екінші кезеңде бұл сызба салық тӛлеушілер арасында тарайды. Бұл салық органдарына таныс бола бастағанда үшінші кезең басталады, яғни салықтық құқық бұзушылықты анықтау мен жоюдың тиімді әдістері мен түрлерін іздеу жүзеге асырылады. Тӛртінші кезеңде мемлекеттік органдардың келтірілген зала мен салықтық құқық бұзушылықтың санын азайтуға әкелетін белсенді қарсы әрекеттерімен сипатталады. Салық органдарының жұмысы салықтық құқық бұзушылықты шектеуге, онымен күресудің жаңа, тиімді әдістерін табуға, салықтық құқық бұзушылықтың алдын – алуға бағытталуы тиіс. Салықтық құқық бұзушылық түрлерін қарастырайық. Ресейлік ғалым С. Пепеляевтың айтуынша салықтық құқық бұзушылықтарға тек мемлекеттің салық жүйесіне тікелей қатысы бар құқық бұзушылықтар жатады. Сонымен 92 бірге ол салықтық құқық бұзушылықтарға тек салық тӛлеушінің тарапынан жасалынған құқыққа қайшы әрекеттерді жатқызған аздық етеді (салық тӛлеушінің салықты тӛлеуден жалтаруы салықтық құқық бұзушылықтың басты түрі болса да) дей келіп, құқыққа қайшы әрекеттердің бағыт бағдарларына байланысты салықтық құқық бұзушылықтың мына келесідей топтарын бӛліп кӛрсеткен: 1. салықтар жүйесіне (бұл жерде салық жүйесі емес) қарсы құқық бұзушылықтар; 2. салық тӛлеушілердің құқықтары мен бостандықтарына қарсы құқық бұзушылықтар; 3. бюджеттердің кіріс бӛліктерінің орындалуына (атқарылуына) қарсы құқық бұзушылықтар; 4. мемлекеттің салық қызметі органдарының ӛздеріне жүктелген міндеттері мен іс-қимылдарын жүзеге асыруға (салық органдарының бақылау функцияларына) кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар; 5. бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және салықтық есептемелерді (отчет) әзірлеу және тапсыру (табыстау) тәртібіне қарсы құқық бұзушылықтар; 6. салықтарды тӛлеу жӛніндегі міндеттерге қарсы құқық бұзушылықтар. Бірінші аталған топқа, яғни салықтар жүйесіне қарсы құқық бұзушылықтар - мемлекеттің материалдық мүддесіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтар болып есептеліп, оларға мыналарды жатқызуға болады: 1. Салық тӛлеуден ешбір негізсіз, заңсыз босату; 2. Салықтарды тӛлемеу, толығымен тӛлемеу, не болмаса уақтылы тӛлемеу; 3. Банк мекемелерінің салық тӛлеушілердің тапсырысы немесе тиісті атқару құжаттары бойынша бюджетке аударылуға тиісті салық сомаларын аудармаулары немесе уақтылы аудармаулары; 4. Салықтарды тӛлем кӛзінде ұстап қалмау, не болмаса тӛлем кӛзінде ұсталған салық сомасын тиісті бюджетке аудармау. Екінші топ - салық тӛлеушілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтар құрамы мына келесідей болып келеді: 1. салық құпиясының жариялануы; 2. салық тӛлеушінің шаруашылық қызметтеріне заңсыз кедергі жасау; 3. салықтарды заңсыз белгілеу; 4. салықтарды заңсыз алу не болмаса оны түсім кӛзінде заңсыз ұстап алу; 5. артығымен тӛленген салық сомасын салық тӛлеушіге қайтарып беруден заңсыз бас тарту. 93 Үшінші топ - бюджеттердің кіріс бӛліктерінің орындалуына (атқарылуына) қарсы құқық бұзушылықтар. Бюджетке қаражаттардың түсуі тек салық тӛлеушінің ӛз міндеттерін орындауымен шектелмейді. Салықтар мен алымдарды бюджетке аудару процесіне қатысатын басқа да тұлғалар бар. Оларға салық жинайтын инспекторлар мен бюджеттің табыс бӛлігінің кассалық орындалуын жүзеге асыратын тұлғалар. Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, салықтық қатынастардың барлық қатысушылары заң талаптарын ұстанбайды. Олармен жіберілетін қателіктер жауапкершілікке шақыратын арнайы шараларды талап етеді. Бюджеттің табыс бӛлігінің орындалуына байланысты құқық бұзушылыққа жататындар: - Салық тӛлеу бойынша түскен қаражаттарды банкпен уақтылы аудармауы немесе оны заңсыз ӛз мүддесіне қолдануы. Бұған салық жинауға жауапты басқа да тұлғалар жатады. - Салықтар мен айыппұлдар бойынша берешекті ӛндіріп алу талаптарын сақтамау, яғни банктің салық органы немесе сот шешімі негізінде талап етілген сомаларды салық тӛлеуші есебінен аудармауы немесе мерзімінен кешіктіріп аударуы. Төртінші топқа - салық қызметі органдарының ӛздеріне жүктелген қызмет-міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар құрамы мына келесідей болып келеді: 1. салық қызметі органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбау; 2. салық қызметі органының лауазымды тұлғасын жәбірлеу; 3. салық органдарының қызметтеріне араласып кедергі жасау немесе заңсыз ықпал ету; 4. салық қызметі органына салықтарды есептеуге қажетті ақпаратты табыс етуден жалтару; 5. салық қызметі органдарының кӛрініс тапқан салық туралы заңдарды бұзушылықты жою жӛніндегі талаптарын орындамау; 6. салық тӛлеушіге банкілік шот ашылғаны жӛнінде банк мекемесінің салық қызметі органдарына хабарламауы. Бесінші топта - бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және салықтық есептемелерді (отчет) әзірлеу және тапсыру (табыстау) тәртібіне қарсы құқық бұзушылықтарды қарастырамыз. Бухгалтерлік есеп декларация, есептеулер және басқа да құжаттарды құрастыруға қажет кӛрсеткіштері мен мәліметтері бар салық есептілігінің негізі болып табылады. Бұл құқық бузушылықтың құрамы келесідей: 1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібін сақтамау, яғни салық тӛлеушілердің жүргізген шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында кӛрініс таппауы; 2. Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін сақтамау; 94 3. Бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақтылығын (шынайылығын) қамтамасыз ете алмау; 4. Салық және бухгалтерлік есептілікті жасау тәртібін бұзу, яғни бекітілген формаға сәйкессіздігі; 5. Бухгалтерлік және салықтық есептілікті ұсыну тәртібін сақтамау; 6. Бухгалтерлік және салық есептілігін ұсынудан жалтару. Алтыншы топ – салықтарды тӛлеу жӛніндегі міндеттерге қарсы құқық бұзушылықтар. Салық тӛлеуден жалтару әдістері әр трлі. Ол әдістер әрбір салыққа қатысты әр түрлі болып келеді. Жалпы алғанда ортақ әдістер келесідей: - салық бойынша жеңілдіктерді заңсыз пайдалану, яғни салық органдарына салық кӛлемін азайту үшін негіз беретін құжаттар ұсыну; - салықты мерзімінен кешіктіріп тӛлеу немесе мүлдем тӛлемеу. Нақты қорытып айтар болсақ, салықтық құқық бұзушылық деп салық тӛлеушіні жауапкершілікке тартатын заңға қайшы түрде мемлекеттік бюджет алдындағы ӛз міндеттерін орындамауы немесе толыққанды орындамауын айтамыз. Яғни, салықтық құқық бұзушылық – салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген міндеттерін ойдағыдай орындамауларына байланысты заңи жауапкершілік кӛзделген құқыққа қайшы, кінәлі әрекет не болмаса әрекетсіздік болып табылады. Құқық бузушылықтың себептерін қарастыра келіп, бұл тұлғаның ӛз қызығушылықтары мен мүдделерін заңға қарсы әрекетпен қанағаттандыруға ұмтылуы. Бұл себеп – мәңгілік, ол барлық уақытта, барлық елдер мен ұлттарға, мемлекеттерге тән. Салық жинау меншік иесінің ӛз бетінше меншігінен айырылу дегенді білдірмейді. Ол кез келген адамның конститутциялық, қоғамдық – құқықтық міндеті болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда азаматтардың барлығы салық тӛлеу арқылы ӛз міндетін орындауға асықпайды. Осыған орай, неге жекелеген азаматтар мемлекет алдындағы салықтық міндетін орындауға құлықсыз деген сұрақ туады. Салықтық құқық бұзушылық әкелетін себептер мен жағдайларды зерттеу салықтық құқық бұзушылықты анықтау мен оның ӛршуін болдырмау үшін ӛте маңызды болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Н.Мухитдинов. Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. - М 92 Избранные труды в 9 томах. – Алматы, 2012.

2. Алауханов Е. О.,Ахмедин К. Т. Налоговые преступления. Учебное пособие. – Алматы, 2008.



3. Ю. Чумаченко. Ответственность за налоговые правонарушения. http://www.yandex.ru/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет