«толығырақ » 20 сәуірде аудандық кітапхана қызметкерлері «Кітапханаға келіп, оқырманы бол»



Дата17.07.2016
өлшемі17.1 Kb.
#205597


20.04.2012.

2012 жылдың сәуір айларында Зеленов аудандық ОКЖ-де «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне орай «Кітапханаға келіп, оқырманы бол», «Кітап. Кітапхана. Жастар» атты акциялар өткізілді.

«толығырақ......»

20 сәуірде аудандық кітапхана қызметкерлері «Кітапханаға келіп, оқырманы бол» акциясын ұйымдастырып, ауданның мекеме, көшелерінде, дүкен, дәріхана, шаштараз, халыққа қызмет көрсету орталығында болып, тұрғындарға кітапхана қызметін жарнамалап, бетбелгілер үлестіріп, оқырман болуға шақырды. Барлығы 200-дей тұрғындарға хабарлама жасалды.





23 сәуір күні орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап. Кітапхана. Жастар» атты акция жүзеге асты. Акцияның мақсаты ауданның жастарының назарын кітапханаға, кітапқа аудару, зиянды әдеттермен айналысудың орнына кітап оқып, өмірге құлшынысын арттырып, дүниетанымдарын кеңейтуге болатынын түсіндіру, кітаптың маңызын насихаттау болды.



Акция барысында «Кітап әлеміне шақырамыз», «Артық білім кітапта, ерінбей оқып білуге» атты кітап керуені ұйымдастырылып, жастар мен жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар қойылды. Тұрғындар өздерінің жастарға арналған тілектерін жазу үшін, «Кітапхана және жастар» стендісі және өздері оқыған кітаптарының ішінде жастарға ұсынатын кітаптарын жазу үшін «Оқуға кеңес береміз» деген жәшік қойылды.

Тұрғындар назарына «Кітапханаға жазылып, ұтылмас лотореяның қатысушысы бол» акциясы жарияланып, 23 адам оқырман болып тіркеліп, лоторея жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, таңдауларына қарай «Таңда. Ал. Оқы.» деген тақырыпта журналдар ұсынылды. Акцияға барлығы 120 адамдай қатысты.

Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі «Мен және кітап» атты оқырмандар бенефисін өткізді. Шараға үздік оқырмандар: Д.Т.Мартыненко, Г.Ғ.Қасиетова, Т.М.Исанов шақырылып, барлығы 18 оқырман қатысты. Бұл шараның мақсаты: Оқырмандарға кітаптың адам өмірінде алатын орны жайлы мәлімет бере отырып, үздік оқырман мен кітап арасындағы қарым-қатынасты барша оқырманға үлгі тұту болды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет