Самозащита без оружия



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі21.59 Kb.
#452531
  1   2
Түсіндірмелік хат.


Түсіндірмелік хат.


Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузинтатарәзербайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі.

Қазақстанда Самбо күресінің кең танымалдығы осы спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.



Самбо күрестің, жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін дәлелдеунде.

Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы Самбо күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың Самбо күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.

Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға даярлау мен денсаулығын нығайтудың пәрменді құралы ретінде жалпы Самбо күресі тиімділігінің, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру және аз қозғалудың орнын қозғалыс белсенділігімен өтеу негіздемелері келтірілген.

Зерттеулер дәлелдегендей, Самбо күресінің қимылы мен әдістік іс-әрекетттерін мектеп оқушалары мен студентердің дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім щеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады.

Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.

Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады. Мысалы, күрес түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: күрестің барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен палуандар акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, күрестің тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет