Сапа менеджментінің жүйесі



Дата13.03.2024
өлшемі123 Kb.
#495415
Лекция стоматиттер





Сапа менеджментінің жүйесі
Оқу-әдістемелік кешен




Дәріс
Ауыз қуысының аурулары (стоматиттер) - ауыздың ойылуы, ауыздың уылуы.


Гельминтоздар.Гастриттер,холециститтер (түсінігі)

Дәрістің жоспары:



  1. Анықтамасы.

  2. Бейімделу факторлары және себептері.

  3. Клиникалық белгілері, стоматиттің түрлері.

  4. Емдеу және күтімі.

  5. Ауыздың уылуы (молочница):анықтамасы,себептері, клиникалық белгілері, емдеуі.

  6. Ауыздың шырышты қабығының ауруларының алдын алуы.

  7. Гельминтоздар:анықтамасы, гельминттер түрлері, гельминттердің даму циклі, клиникалық белгілері.

  8. Гельминтоздардың диагностикасы, емдеуі, алдын алуы.

  9. Гастриттер, холециститтер (түсінігі)




  1. Анықтамасы.Ауыздың шырышты қабығының қабынуын - стоматит жиі дейді.

  2. Бейімделу факторлары және себептері.

Ауыздың шырышты (сілекейлі) қабығының қабынуы көбіне организмі әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтіміндегі гигиеналық тәртіптер сақталмаған кездерде жиі кездеседі..
Себептері - әртүрлі микробтар (стрептококк, стафилококк) мен вирустар.
Бұл микроорганизмдер ауызға таза емес ыдыстармен, ойншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

  1. Клиникалық белгілері, стоматиттің түрлері.

Ауыздың шырышты қабығының зақымдануы дәрежесіне байланысты: катаралды, герпесті және жаралы стоматит деп бөлінеді.
Катаралды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтарын қан кернеп, ісінеді, баланың ауызынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді.Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда кездеседі.
Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан, ауыздың ойылуының себебі-вирус.
Стоматиттің бұл түрі 6 ай -3 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың ауызынан сілекейі шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді айналасында қызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер (афты) пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иегіне, кейде таңдайына да шығады. Афтылардың саны 6-7 ден 20-25 -ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 370-400С градусқа дейін көтеріледі, бала мазасызданып тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы кемиді, терісі бозарып кейде ауызының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.
Жаралы стоматит (язвенный) – жасы үлкен кариесті тістері бар балаларда кездеседі – қан кернеген, ісінген,шырышты қабықта жаралар пайда болады, ауызынан сүйкімсіз иіс шығады.

4. Емдеу және күтімі.



  • Стоматиттің белгілері бар балаларда дені сау балалардан оқшаулау керек.

  • Балаларға бөлек ыдыс,ойыншық шығару.

  • Баланың тамағы құнарлы,барлық қоректі заттар мен витаминдері мол болуы керек.Тамақ жылы жұмсақ болуы керек.Тамақтан кейін аузын шайқату немесе таза су ішкізіп жіберу керек.Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.

  • Тамақ ішкізердің алдында ауыруын азайту үшін шырышты қабығына ауруын басатын дәрілер жағу.

  • Ауыздың ішін фурациллин,сутек асқын тотығы ерітінділерімен, 0,25% оксолин, 5% метилурацил, интерферон майларымен майлау керек, камистад гель жағу керек.

  • Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған анаферон беріледі.

  • Симптоматикалық емдеу (қызуға қарсы,теріге шыққан күлдіріктерді емдеу және т.б.)




  1. Ауыздың уылуы (молочница): анықтамасы, себептері,клиникалық белгілері, емдеуі.

Ауыздың уылуы ашытқы тәріздес грибоктармен шақырылады.Ауыздың уылуына баланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.
Клиникалық белгілері.Ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйыған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайға кейде, тіпті өңешке де шығады, емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.
Емдеуі:

  • 2%ас содасының, 1% метилен көк, 20% борлы қышқыл натрийдің глицериндегі ерітіндісімен баланың аузын тазалау керек.

  • Балаға грибоктарға қарсы антибиотиктер –линекс,флюканазол беру.




  1. Ауыздың шырышты қабығының ауруларының алдын алуы.

  • Ауыздың шырышты қабығын сүртпеу.

  • Аналар мен медицина қызметкерлерінің жеке гигиенасын мұқият сақтау.

  • Шөлмек,емізіктер,ойыншықтарды таза сақтау.

  • Стоматит болған балаларды анықтау,тез оқшаулау, группада эпидемияға қарсы әрекеттер өткізу (ыдыс-аяқ,ойыншықтарды қайнату,бөлменің ішін 1-2 % хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету).

  • Балалардың организмнің төзімділігін көтеру, шынықтыру.

  • Антибиотиктерді бақылап беру.




  1. Гельминтоздар: анықтамасы, гельминттер түрлері, гельминттердің даму циклі.

Гельминттер дегеніміз - адам мен жануар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Бұл құрттардың шақырған ауруын гельминтоздар дейді. Гельминттер өздерінен улы заттар бөлу арқылы адамды әртүрлі аурулы жағдайларға ұшаратады, ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін (непроходимость).
Балаларда гельминтоздардың арасынан аскаридоз және энтеробиоз жиі кездеседі.
Аскаридоз - жұмыр, ұзындықтары 25-40 см болатын ақ құрттармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шығады да, баланың аузына лас қол, су, жеміс-жидектер, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге жетіп альвеолаларға түседі, альвеолалардан ауызға келіп жұтылып асқазан – ішекке түсіп өсіп жетіледі.
Клиникалық белгілері –личинкалар қанда болған кезде бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.Аскаридалар ішекте болған кезінде баланың жалпы жағдайы бұзылып,жүрегі айнып,іші ауырып,тәбеті төмендеп,шаршағыш болады,салмағы кемиді.
Энтеробиоз – кішкене жұмыр ұзындығы 4-12 см ішек құрты - острицалармен шақырылады, острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, самкалар түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да қолын жумай тамақ ішкен кезде бала өзіне –өзі қайтадан жұқтырады –аутоинвазия дейді.
Клиникалық белгілері. Баланың іші ауырады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, құйрығы қышиды.

  1. Гельминтоздардың диагностикасы, емдеуі, алдын алуы.

  • Үлкен дәретті гельминттердің жұмыртқасын анықтау үшін жинау.

  • Анустың айналасындағы қатпарлардан қырынды алу.

Емдеуі және күтімі:

  • Баланың тырнақтарын қысқа етіп тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып үтіктеп тұру керек.

  • Ауырған баланың жанұясының барлық мүшелерін тексеріп,анализдерінде гельминт жұмыртқалары табылған кісілерді емдеу керек.

  • Гельминттерді өлтіретін дәрілерді беру: пиперазин, пирантел, декарис, вермокс, гельминтокс, баланың жасына сәйкес дозаларда.

Алдын алуы:

  • Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

  • Жеміс –жидек, көкөністерді қабылдаудың алдында тазалап жуу, қайнаған сумен шаю.

  • Тұрақты мезгілінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, бала бақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері, жұмысшыларын гельминтоздарға тексеріп тұру.

  • Балаларды коллективке жібергенде және жылына 2 мезгіл гельминтоздарға тексеру, ауру балалар табылған кезде емдеу.

  • Жылына 2 рет (әр 6 сайын ) гельминттерге қарсы дәрілер беру, алдын –алу мақсатымен (БАБЖ бағдарламасы бойынша ұсыныс).




  1. Гастриттер, холециститтер (түсінігі).

Гастритасқазанның шырышты қабығының қабынуы.
Себептері:микробтармен ластанған тамақ.
Сепсис, тұмау, қызылша, бүйрек аурулары, тұқым қуалаушылық, тамақты көп мөлшерде және зиянды әдеттер.
Гастриттер жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Клиникалық белгілері.Бала мазасызданады, лоқсу, құсу, ауызында жағымсыз дәм, басы ауырады, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендейді.
Созылмалы гастрит кезінде баланың асқазаны ауырады, тамақты қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан кейін, қыжыл байқалады, іші өтеді немесе қатады (запоры).
Емдеуі:себебін жою, тамақтану тәртібін реттеу, диетотерапия, дәрілік препараттар, иммундық терапия, психикалық стресстер жою.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет