«Математикалық тапсырмалар орындай отырып, жылдам есептеуде оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамыту» атты авторлық бағдарламасына
САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
№57 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мүғалімі Ж.Уразбекованың«Математикалық тапсырмалар орындай отырып,жылдам есептеуде оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамыту» тақырыбындағы авторлық бағдарламасында математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытуға,математикаға деген қызығушылығын арттыруға, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға негізделген түрлі әдіс-тәсілдерді факультатив сабақтарда қолдану тиімділігімен қамтылды.
Қарапайым логикалық,әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттырады. Факультативтік сабақ бағдарламасын оқыту маңызды болып табылады,себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы,тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қажетті тапсырмалардың тиімді тәсілдерімен орындауға бағыт беру мақсатында құрылған және Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.Әрбір тапсырма қолжетімді болып, кез келген жағдайда қолдануға тиімді,сараланған жұмыстар қамтылған ,ескертулер жоқ.
Жаңашыл педагогикалық тәжірибе сараптамасы жұмысты практикада қолдануға тиімді деп оң шешім беріп, аудан көлемінде таратуға ұсынды.
Сараптамалық кеңестің төрағасы
Келес ауданының білім бөлімінің әдіскері
Педагогика ғылымының магистрі: Б. А.Нұрмат
Достарыңызбен бөлісу: |