Сарман ауыл кітапханасы



Дата09.06.2016
өлшемі9.73 Kb.
#124048
Сарман ауыл кітапханасы
Сарман ауылдық кітапханасы

Мектеп ғимаратының жанына

21 кв.м көлеміне орналасқан

Сарытоғай ауылдық округінің № 2 бөлімшесі болған Сарман ауылында кітапхана алғаш рет 1958 жылы шағын оқу үйінде «Қызыл бұрыш» деп аталып жұмысын бастады. Ол кезде қызыл бұрыш Ілбішін аудандық білім беру бөлімінің қарауында болды. Кітапханашы қызметінде Оразғалиева Күляш азырақ уақыт жұмыс істеді, содан кейін Шолаева Нағима кітапханашы жұмысын жалғастырды.

1988 жылы кітапхана жанынан ұлттық тәжірибе, салт-сананы қалыптастыру бағытында «Салтанат» қыз-келіншектер клубы құрылды. 1983 жылы кітапханашы Еңбек ардагері Шолаева Нағима Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірнеше рет аудандық советке депутат болып сайланды.

1993-1999 жылы совхоздар тарап, қайта құру саясаты басталған шақта клуб үйі жабылып, кітапхананың орны жекеге берілді. Кітапхана, дәрігерлік пункт мектеп жанындағы қосымша бөлмеге орналасты. Сол уақытта кітапханада жұмыс істегендер Э.Самалихова, М.Төреханова, О.Оразғалиева.

2000 жылдан бері кітапханашы болып С.Қазиева жұмыс істеуде.

2004 жылы ауданда өткен «Үздік кітапханашы» байқауына қатысып дипломмен марапатталды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет