СасықКӨлдегі көксерке популяциясының Қазіргі жағдайы с. Е. Шарахметов, аға лаборант Е. К. Данько, аға ғылыми қызметкер жшс «Қазақ балық шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты»



Дата15.06.2016
өлшемі103.88 Kb.
#137208
УДК 597
САСЫҚКӨЛДЕГІ КӨКСЕРКЕ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
С.Е.Шарахметов, аға лаборант

Е.К.Данько, аға ғылыми қызметкер

( ЖШС «Қазақ балық шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты»)
Сасықкөл - Алакөл көлдер жүйесінің батысында орналасқан. Үлкендігі бойынша Алакөл көлінен кейінгі екінші орында тұр. Көл ауданы 736 км2 , ұзындығы 49,6 км, ені 19,8 км , ең терең жері 4,7 м. Су көлемінің ауданы 2434 млн м3, минерилизациясы 200-500 мг/л , Тентек өзені (200 мг/л) және Қаракөл (500 мг/л жуық) өзендерінің минерилизациясына жақын. Иондық құрамы бойынша Сасықкөл гидрокарбонаттар класына жатады.

Сасықкөл ағымды, батыстан шығысқа созылып жатыр. Тереңдігі жағалаудан біртіндеп ұлғаяды, ең жоғарғысы – шығыс бөлігінде. Түбі біртегіс, батыстан шығысқа еңістеу. Екі терең сулы шығанақтар – Бөрген мен Жартастан құралған жартылай арал Аралтөбе оның оңтүстік-шығысына кіреді.

Сасықкөлге үш ағыс құйылады: оңтүстік-шығыста Тентек өзені, солтүстікте – Қарақол, батыста – Ай өзені. Соңғы екі жылда Қарақол өзенінің суы көлге толық келіп жетпейді. Көктем айларында, негізінен сәуірдің соңы мен мамырдың басында өзен суының қатты тасуы, фитофилді балықтардың уылдырық шашуына кең аудан түзеп, Сасықкөлдегі негізгі өрістеу орны болады.

Сасықкөл балық шаруашылығына байланысты негізгі үш кәсіптік учаскеге бөлінеді, олар көлдің морфологиясына байланысты: Оңтүстік-шығыс, Батыс және Солтүстік-шығыс.

Бұл мақаланың негізінде қарастырылып отырған суқоймадағы 2008 жылы көксеркенің биологиясы бойынша жүргізілген зерттеулер алынды. Зертеу кезінде 631 дана көксерке балығына анализ жасалынды.

Ихтиофаунаның түрлік құрамын зерттеуге, ихтиологиялық материалдарын жинау мен өңдеуді жалпы қабылданған әдіспен жүргізілді [1]. Балыққа анализ бірден ауланған бойда, фиксацияланбаған күйінде жасалынды. Балықтың құйрық жүзбе қанатынсыз ұзындығы, үлкен және кіші салмағы алынды. Жасы лабораторияда МБС-10 бинокуляр көмегімен қабыршағы арқылы анықталды. Салмағы мен аулаудағы санынан алынған мәліметтерді толықтыруға БШҒӨО жылдағы жүргізілген есептеулерді қолданылды.

Балық қорларын бағалау 2008 ж. мамыр-қыркүйек вегетациялық жинау кезеңдеріндегі мәліметтерімен бақылап, зертеу ауларын құру мен кәсіптік аулардағы ауланған балықтардың тікелей санын есептеу әдісімен жүргізілді. Ғылыми – зерттеулік аулауға тор көзі 20 мм-ден 80 мм дейінгі, ұзындығы 25 м, тәулігіне 16 ау қолданды. Ау құру уақыты бір тәулікте 12 сағат.

Балықтардың кәсіптік саны мен биомассасын бағалау пассивті аулау құралдары (аулар) үшін Кушнаренко А.И және Лугарева Е.С әдісімен жүргізілді. Балық шабақтарының кеңістіктегі уақытша таралуын зерттеу үшін, әр су алабтарындағы жағалау мен шығанақта белгіленген станциялардан біркелкі активті аулау құралымен (ұсақ тор көзді сүзгі аумен) ауланылды. Ауланған балық шабақтарын 4% формалинмен бекітіліп, зертханада оптиканың көмегімен түрлік анықтауды А.Ф. Коблицкая анықтауышы қолданылды [2].

Көксерке (Stizostedion lucioperca Linné)- Алакөл көлдер жүйесіндегі негізгі кәсіптік балықтардың бір түрі. Алакөлге 1963 ж. Жайық өзенінен әкелінсе, Сасықкөлге келіп құятын Тентек өзеніне 1968 ж. Билікөл көлінен әкелініп жерсіндірілген.

Соңғы жылдары көксерке ең бағалы кәсіптік балықтардың бірі болғандықтан оның қорларын дұрыс басқару қажеттілігі туып отыр. Кейде көксерке популяциясының саны түсініксіз өзгерістерге ұшырайды, сондықтан оның санының артуы судағы қоректік базаларының азаюына және түрлі ауруларға шалдығуына алып келеді. Осы балыққа деген сұранысқа байланысты, оның популяциясының санын ерекше бақылау мен тұрақты аулау қажет.

Көксеркенің сыртқы көрінісі әдетте денесі ұзарған және екі бүйірінен қысылған. Арқа жүзбе қанаттары шектескен, немесе өзара жекеленген болып келеді. Құрсақ жүзбе қанаттары алабұғаға қарағанда әлсіз тікендері алшақ орналасқан. Бүйір сызығы құйрық жүзбе қанатына дейін созылып жатады. Көпшілік түрлерінің аузында азу тісшелері болады. Алдыңғы желбезек қақпағының төменгі жағы алға қарай бағытталған тікенектермен кетілген. Жабынды сүйектің соңында әлсіз жалпақ тікені болады [1, 3].

Сасықкөлде 2008 жылы ғылыми аулауда көксерке балығының 1+ ден 12+ дейінгі жастағылары белгіленсе, аулаудың басым бөлігін 3-тен 5 жасқа дейінгі балықтар құрады.

2008 ж. көлдегі көксерке популяциясы жастық құрылымының анализі көрсеткендей, Сасықкөлде кәсіптік аулауда негізінде алғашқы жыныстық жетілген дарақтары ауланады (кесте 1).

Кесте 1 – Сасықкөлдегі көксеркенің 2006-2008 жж. жастық құрамының динамикасы

Жылдар

Жастық қатары

Орт.

жас


 

N

 


1+

2+

3+

4+

5+

6+

7+

8+

9+

10+

11+

12+

2006

7,5

4,8

4,1

15,1

22,6

21,2

17,8

3,4

2,7

0,7

-

-

5

146

2007

0,7

4,6

40,5

34

13,8

3,3

2

0,6

0,1

0,1

-

0,1

4

985

2008

0,2

0,3

14,6

41,4

26,8

8,9

4,6

1,4

1

0,8

-

0,2

4,6

631

Сасықкөлдегі көксеркенің жағдайы айтарлықтай қиын, сонымен қатар олар көлде торлы аулармен және активті аулау құралдарымен жақсы ауланады. Осыған байланысты 2002 ж. бастап, кәсіптік аулаудың негізгі бөлігін 30 см және одан да төменгі ұзындықтағы балықтар құра бастады (сурет 1). Осы жылы көлде аулау кезінде аз мөлшерде үлкен жастағы дарақтардың пайда болуы, ауқымды қосалқы жүйенің шашырауымен түсіндіріледі.



Сурет 1- Сасықкөлдегі көксеркенің 2002-2008 жж. аралығындағы ұзындық құрамы


2006-2008 жж. үш айлық (наурыздан-мамыр айына дейін) көктемгі балық аулауға тыйым салуды енгізу, көксеркенің уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасады. Соңғы жылдың есебі бойынша ғылыми аулауда, кіші жастағы дарақтардың маңызды үлестері белгіленді. Көктемгі тыйым салуды басқару көксеркенің биологиясына негізделген, яғни осы балық уылдырық шашуға мұз ерігеннен кейін шығады. Үйірдің жастық құрылымы, балықтың орташа жасының және ұзындығының қысқаруына сәйкес келеді, соған байланысты үйір кіші жастағы дарақтармен толып отырды (кесте 1).

Алакөлде көксерке сәуір айының ортасы мен аяғында су температурасы 9-11 0С уылдырығын шаша бастайды. Жаппай уылдырық шашуы мамыр айының бірінші декадасында аяқталады. IV жәнеVI даму сатысындағы жыныстық жетілген аналықтарының жеке данасы 25 мамырға дейін ұсталды. IV даму сатысындағы жыныстық жетілген аталықтары маусымның айының басына дейін тіркелді. Көксерке балығы уылдырық салатын орынды участоктағы 2-3 м тереңдікте, жоғары сатыдағы су өсімдіктерінің қалдықтарына , өте әлсіз ағысты жерге салады. Аталықтары ұя жасап, жетіліп келе жатқан уылдырықтарын қорғайды [4].

Көксерке балығының жыныстық жетілуі бірнеше жылға созылады. Бірінші рет уылдырық шашатын өндірушілердің мөлшері жасына емес, өсу жылдамдығына байланысты және 17-тен 47 см-ге дейінгі шамада өседі. Сасықкөлде көксеркенің жыныстық жасқа жетілуі 3-4 жасында келеді. Көктемгі уақытта аталық пен аналықтың ара қатынасы көлдің түрлі участоктарында әртүрлі болуы мүмкін, яғни уылдырық шашқаннан кейін аталықтары ұядағы уылдырықтарына күтім жасауға қалса, ал аналықтары ұясын (уылдырық шашқан орнын) тастап кетеді. Мысалы, 2001 ж. ( сәуір-мамыр) көктемгі уақытта (Сасықкөл) Тентек өзені құйылысында 1,0:1,8 бастап 1,0:3,3 дейінгі қатынаста аталықтарының басымдылығымен анықталған. Уылдырық шашып болғаннан кейінгі аулауда (1,0:1,0 бастап 2,0:1,0 дейінгі қатынаста) аналықтары көбейе бастады [5].

Сонымен 2008 ж бақылау аулауда Сасықкөлдегі көксеркенің ♀мен ♂ ара қатынасы 3,4:1,0 қатынасында аналықтарының үлесінде болды.

Сасықкөлдегі көксерке аналықтарының тұқымдылығы зерттелінді. Анализдің мәліметтері кесте 2 көрсетілген.
Кесте 2 – 2008 ж. Сасықкөлдегі көксеркенің тұқымдылығы

Жас

Стадия

АИТ, орташа

мың уылд.



Салыстырмалы тұқымдылық, орт. мың уылд.

Уылдырық диаметрі

Балық үлесі,

%


N

уылдырық/г

уылдырық/см

5+

IV

144,9

0,16

3,37

0,7-0,9

3,8

1

6+

IV

90,5

0,13

2,34

0,7-0,95

7,7

2

7+

IV

164,6

0,02

3,78

0,73-0,98

23,1

6

8+

IV

252

0,17

5,28

0,70-0,83

26,9

7

9+

IV

521,6

0,23

9,68

0,64-0,94

15,4

4

10+

IV

348,8

0,18

6,79

0,74-0,98

19,2

5

12+

IV

1065,6

0,02

16,02

0,60-0,90

3,8

1

Барлығы




100

26

Кестеде көрсетілгендей, көксеркенің тұқымдылығы аналықтарының ұзындығына сонымен қатар ұзындық-салмақтық көрсеткіштеріне тікелей байланысты болды. Жүйедегі көлдер бойынша Сасықкөлдегі көксеркенің орташа салыстырмалы тұқымдылығында айырмашылықтар байқалмады.

Көксеркенің қоңдылығы өте динамикалық сапа, яғни қорекпен қамтамасыз етілуіне тура пропорционал және оның өзгерісін тез сезеді. Жалпы алғанда қорек жағдайының орташа болуы Фультон бойынша қоңдылық коэффициенті 1,1-1,25 дәлелдейді.

Аталық пен аналықтың қоңдылығы бір-біріне жақын келеді. Жасы бойынша бұл көрсеткіш үлкейеді, бірақ барлық жерде біркелкі емес. 1981-1985 жж. Алакөл көлдер жүйесінде көксеркенің Фультон бойынша орташа қоңдылығы 1,24-1,33 құрады [1].

2008 ж. Фультон бойынша орташа қоңдылық коэффициенті Алакөл көлдер жүйесінде қалыпты көрсеткішті көрсетеді. Сасықкөлде Фультон бойынша орташа қоңдылық коэффициенті 1,05-1,74 құрады.

2006 ж. өрістеу кезінде балық аулауға көктемгі тыйым салудың жалғасуы, өзінің жағымды нәтижелерін көрсетті. 2007 ж. маусымында Сасықкөл бойынша шабақ концентрациясы 0,01-0,1 дана/м2 дейінгі шамада, орташа 0,05 дана/м2 болды. 2008 ж. Сасықкөлде көксерке шабақтарының концентрациясы 0,06 дана/м2 дейін жоғарлады.

Көлдердегі жылдар бойынша көксерке шабақтарының концентрациясының өзгеруін талдауда, біз көксерке популяциясының өрістеуі кезінде бірінші кезекте уылдырықтарын қорғайтын аталықтарына, қарқынды кәсіптің әсер етуін байқаймыз.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рыбы Казахстана: В 5 томах. - Алма-Ата: Наука, 1988. - Т. 4. - 312 с.

2. КушнаренкоА.И., Лугарев Е.С. Оценка численности рыб по уловам пассивными орудиями лова // Вопросы ихтиологии.- 1983.-Т.23.- Вып.6.-С.921-926

3. Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. – М.: Пищевая промышленность,1966. – 306 с.

4. Оценить состояние рыбных ресурсов главных рыбопромысловых водоемов Казахстана, разработать эффективные природоохранные мероприятия и рекомендации по рациональному использованию их биоресурсов. Раздел: Алакольская система озер: Отчет о НИР / КазНИИРХ. - Алматы, 2003. - 64 с.



5. Экологический мониторинг, разработка путей сохранения биоразнообразия и устойчивого использования ресурсов рыбопромысловых водоемов трансграничных бассейнов: Отчет о НИР (промежуточный)/КазНИИРХ. – Алматы, 2002. – 51 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет