Сатаева Карылгаш Казеновна Ақтөбе қаласы



Дата24.02.2016
өлшемі42.41 Kb.
#17031
Сатаева Карылгаш Казеновна
Ақтөбе қаласы,

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжінің

тарих пәнінің мұғалімі
Қазақстанның Ресейге қосылуы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының Ресей империясы құрамына қосылуына өз көзқарастарын білдіру, өз пікірлерін дәлелдемелерге сүйене отырып, қорғап шығу.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс таңдау, деректер мен зерттеулерді өзбетінше оқып, қажетіне сай пайдалана білу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушының бойында адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік, достық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, тірі желі (живая линия).

Сабақтың әдісі: Пікірталас-дебат.

Сабақтың

көрнекілігі: ХVІII-ХІХ ғасыр Қазақстан картасы. Слайд. Интерактивтік тақта. Баспасөз материалдары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сабақтың мақсаты және шартымен таныстыру:

Оқушы өздерінің көзқарастары бойынша желінің екі жағына орналасады. «Ия», «Жоқ». Ортада күмәнданушылар тобы.



Негізгі бөлім:

Жақтаушы топ қарары. «Қазақстанның Ресейге қосылуы қажет»

Кілт сөздер: Паналау – тірек ету, сағалау, зорлық-зомбылық – қиянат жасау.

Аргументі: «Досы көпті – жау алмайды»

ХVІII ғасыр Қазақ хандығының жағдайы аса ауыр болды. Хандықты өзінен күші басым, экономикасы, мәдениеті жоғарылау бес мемлекет қоршап тұрды.

Батысы қалмақтар мен башқұрттар, оңтүстігі Қоқан мен Хиуа хандығы, шығыстан ең қауіптісі Жоңғар хандығы еді. Жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің қауіпсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерін өзіне қарату еді. Осындай қиын кезеңде хандар мен сұлтандар жоңғарларға қарсы күресті ойдағыдай ұйымдастыра алмады. Шыңғыс тұқымдары бір-бірімен қырқысып халықтың жағдайын қиындатып жіберді.



  1. Сөйтіп ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен құтылуды кешеуілдетті, халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін жеткізілмеді. Жоңғар қаупінің жойылмауы ел билеушілерін Қазақстанды сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

  2. Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі Әбілхайыр ханның Ресей империясына үміт артуына себепші болды. Ол көрші мемлекетпен байланыс жасай отырып, қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ елін мазалауын тоқтатуға тырысты. Әбілхайыр ханның 1731 жылы 10 қазандағы Ресей билігін мойындауы жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойды.

Даттаушы топ. «Жоқ».

Қарары: «Қазақстанның Ресейге қосылуы қажет емес.»

Кілт сөздер: бодан – тәуелді болу, әскери бекініс – әскери қамал.

Аргументі: «Бірлік бар жерде тірлік бар».



  1. ХVІI ғасыр аяғы мен ХVІIІ ғасыр басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынаста белді орын алды. 1738 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін Кіші жүз билеушісі Әбілхайыр хан 1723 жылы жетекші хан болып тағайындалды. Бас билеуші ретінде қолбасшылық, дипломатиялық қабілетін барынша көресете білді. Қарақұм маңында қазақ жерлерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады. Кеңестің шешіміне сай бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. 1643 жылы Жалаңтөс батыр мен Жәңгір хан аз сарбаздарымен жоңғардың елу мың әскеріне қарсы тұрып, жеңіске жеткені белгілі.

Күшті біріктіру нәтижесінде 1711 жылы қазақ жасақтары жоңғарларға соққы беріп, 1712 жылы Жоңғарияға басып кірді. Есімдері аңызға айналған Есет, Баян, Жәнібек, Райымбек батырлар күресті тоқтатпай, 1726 жылы «Қалмаққырылған», 1729 жылдың көктемінде «Аңырақай» шайқасында қалмақтарға күйрете соққы берді.

  1. Питербург билеушілері қазақ жерінің Азияға кіретін «кілт пен қақпа» екенін ескере отырып қандай жолмен болса да өз ықпалын нығайтуға кірісті. Қазақтардың жоңғарлармен алысып жатқанын пайдаланып жергілікті көшпелі халықтың иелігіне бекіністер салу арқылы қазақ жерін біртіндеп жаулап алуды ойлады. Қазақтарды башқұрттарға, башқұрттарды қазақтарға айдап салу арқылы өзінің отаршылдық саясатын жүргізуге тырысқан орыс үкіметіне Әбілқайыр елшілігі күтпеген олжа болды.

Болат хан өлгеннен кейін Әбілхайыр мен Сәмеке «аға хандыққа» таласып, жеңіп тұрған шайқаста өз әскерлерін майдан даласынан алып кетіп, қазақ жасағының үлкен жеңілісіне әкеліп соқтырды.

  1. Қазақтан артық ержүрек халық жоқ. Ол тарих беттерінен сонау «сақ» кезеңінен бері белгілі. Кіші жүз Ресейге қосылмай үш жүзден Төле, Қазыбек, Әйтеке би сияқты билер шығып елді бірлікке ынтымаққа шақырып, қазақ жасағын құру қажет еді. Жоңғарларға тойтарыс беріп, елдің дербестігін сақт ауы қажет еді.

Әрбір топ өз қарарын, көзқарасын жақтап дәлелдейді. Ортадағы күмәнданушылар тобы екі жаққа да ауыса алады бірақ олар ауысу себебін айтып өз ойларын түсіндіруі қажет.

Қорытынды. Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін М.О.Әуезов айқын көрсеткен. «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп.Бір жағынан, қалмақтар ,екіншіден орта Азия хандықтарының қысымшылдығы ,үшіншіден орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы ,қазақтың өз хандарының алалығы».

Н.Ә.Назарбаев: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді.Отарлық кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай ғып, оларды жермен суға байырғы иелік құқығынан біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат болды.»

Әбілхайыр мен Абылайдың сол кезеңдегі әрекетін заңды құбылыс леп санаймыз.Себебі халық қаһарманы заман талабымен,халық қалауымен дүниеге келеді. Қандайда болсын халықтың қоғамның басына қиын күн туғанда сол заманда ғұмыр кешкен ұрпақ өмірі де күрделі болмақ.

ХҮІІІ ғ 30жылдары басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы ХІХғ 6 жылдары аяқталып, 1,5 ғасырға созылған болатын.

Тарихты жаңарту ,саралау –бүгінгі ұрпақ сіздердің міндеттеріңіз.



Бағалау.

Үй тапсырмасы. Қазақстанның Ресейге қосылуы,тарихшы ғалымдар пікірлерін саралау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет