Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет20/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

2. 
БАСТАУЫШТЫҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҮДЕРІСІНДЕ
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
2.1. Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс 
негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Түрлі ғылымдар саласы бойынша білімдердің ықпалдасуы негізіндегі 
пәнаралық 
байланыс 
«тігінен» 
/вертикальді/ 
және 
«көлденеңінен» 
/горизонтальды/ жүзеге асуы басшылыққа алынады. Себебі, мұндай жүйемен 
анықталуы олардың арасындағы өзіндік оқу материалындағы білімнің
логикалық ілгерілік тізбектестігі мен уақыттар арасындағы өзара қатынастық 
үйлесімдігінің сәйкес келе бермеуімен анықталып, ерекшеленсе, ал «тігінен» 
/вертикальді/ түрі бойынша оқу материалындағы білім мазмұнының логикалық 
тізбектестігі және уақыттар арасындағы арақатынастары бір көрсеткіштік 
деңгейде сәйкесіп, әрі бір-біріне үйлесімділікпен кірістірілумен сипатталады. 
Білімдердің 
ықпалдасуы 
сипатындағы 
пәнаралық 
байланысты 
«қарапайым, қысқа-үзінділік, жиі құрастырылған» деген түрлерге бөліп 
қарастырамыз. Бұл түрлі пәндердің арасындағы байланыс пен білімдердің 
ықпалдасу қатынасын анықтап, олардың өзара сіңісу мағынасының жаңа 
сапалық деңгейдегі көрсеткішін білдіреді. Пәнаралық байланыстағы 
білімдердің ықпалдасуы ерекше орын алып, жаңа білімнің берілуі барысында 
терең, көлемді сипат алуымен қатар, оқытылатын түрліше оқу 
материалдарының топтасудағы қосынды бейнесін береді.  
Түрлі ғылым саласы бойынша оқылатын пәндердің байланысы жеке пән 
ішіндегі оқу материалына енген бөлімдік білімдердің ықпалдасуымен тығыз 
байланысты болып, тізбектілік пен үйлесімділік әрі бірізділік пен бірыңғай 
тереңдетілген ғылыми алаңды құрайды. 
Білімдердің ықпалдасуы мамандықтардың оқу жоспарындағы ғылыми 
пәндердің орналасу тәртібіне, материалдардың блоктарға нығыздалуына және 
оқуды ұйымдастырудағы ортақ тақырыптардың құрылуына тәуелді болып, 
блоктардың оқу апталықтары мен оқу барысын ұйымдастырудағы өзіндік 
ерекшелігін сипаттайды. Бұл бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушыларға 
түрлі ғылыми саласындағы пәндердің және жеке пәндердің ішкі білімдік 
бөліктерібілімдердің ықпалдастығы көп деңгейлікке бағыттайды. 
Бүгінгі күндегі ғылымның дамуы мен оның салалануы оқылатын 
пәндердің өзара әрекеттесіп бір-біріне жақындаса түсуімен бірге, білімдердің де 
ықпалдасуына ұйытқы жасап отырғандықтан оқуды ұйымдастыру формалары 
мен пәндерді оқыту тізбегінде де өзіндік ерекшеліктерімен жаңа сипатқа ие 
болуда. Сондықтан да бастауыш сыныптарда білім берудің жүзеге асырылуы 
және ондағы пәнаралық байланыстағы білімдердің ықпалдасуын қазіргі 
жаңартылған білім беру бағдарламасы қажет етеді, әрі талап етеді: 
– Пәнаралық байланыс негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға 
берілетін білімдер жиынтығы пәннің артықшылығы негізінде құрылған; 


76 
– Білімді ықпалдастыру арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруда 
әр түрлі білім беретін пәндердің бір-бірімен тең дәрежеде жүруі және оқу 
материалдарының мазмұны жағынан қамту мәселесі қамтылмаған; 
– Берілетін білім жағынан бір-біріне жақын туыс келетін пәндерді қамту 
қарастырылған және олардың біреуі өзіндік ерекшелігін жөнінен жетекші 
орынға ие болып ол екіншісі оған көмекші ретінде кірістіріп оқыту орын алған; 
– Пәндердің оқу материалдарының мазмұнында бір-бірінен алшақ 
білімдерді ықпалдастыруда яғни, пәнаралық байланыстық жүзеге асыру 
мақсатын көздеген анық білінеді; 
– Бастауыштағы білім берудің пәнаралық тәртібін олардың мазмұндық
ерекшелігіне сай жүргізу көзделген; 
– Пәнаралық байланыс негізінде білімдерді ықпалдастыру бағытымен 
танымдық тапсырмаларды орындау, шешімін табу басшылыққа алынған. 
Бастауышқа арналған жаңартылған оқу бағдарламаларында білім берудегі 
тек пәнаралық байланысқа қатысты мәселені біржақты қарау емес, сонымен 
бірге, бастауыш сыныптардағы оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мен 
өткізуде оқушылардың жеке тұлғалық болмысын дамытудың жолдары мен 
мүмкіндігі көрініс табуда. Мәселен: 
 Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі; 
 Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
 бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру 
мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі; 
 оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді 
жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 
 оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани 
қасиеттерін қалыптастыру; 
 білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты 
ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат 
қою; 
 бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына 
сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 
 оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне 
белсенді қатысу).
Жоғарыдағы жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық 
құрылымының бағытына сүйенсек, онда бүгінгі өмір талабына сай қажеттілікті 
өтеудегі мұғалім мамандарын даярлау ісіндегі жаңа бағыттылықты ескеру 
қажеттілігі туындайды. Яғни, болашақ бастауыш сыныптың мұғалімі түрлі 
ғылым негіздерінен ауқымды әрі топтастырылған білім беруде ұйымдастыруға 
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан білімі, білігі толық және өз мамандығының 
ерекшелігін терең түсінетін, педагогикалық үдерістерде түрлі оқу пәндерінің 
өзара байланысын айқындау шарт және ол өзінің білімін кәсіби маман ретінде 
ұдайы жетілдіре отырып, білім беру жүйесінің даму қарқынының талаптарын 
қанағаттандыра алатын тұлға болуы тиіс екендігін негіздейді. 


77 
Ал, пәнаралық байланыс мәселесінің күн тәртібінен орын алуы дүниенің 
бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру 
міндеттерінің шартынан туындайды. Мұндай қағиданы басшылыққа алу 
себептерінің бірі ретінде жеке пәндерден берілетін білімдерді біртұтастық 
жүйеге келтіру болып саналады. Сондай-ақ пәнаралық байланыс негізінде оқу 
пәніне ортақ тақырыптар, ортақ қағидалар, ұғымдар, деректер жиынтығы 
түзіліп, оқу материалдарының қайталанбауын тиімді орналасуын басшылыққа 
алып, білімдерді тәртіпке, жүйеге келтіріп жан-жақты ғылыми танымды 
қалыптастыруға қызмет жасауы және оны іске асыратын әдістер арасында өзара 
байланыстар орнатуға берік негіз болады. 
Бүгінгі күндегі білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім 
берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Сондықтан мұғалім 
мамандарын даярлаудың жаңа бейнесі мен бағыттылығын айқындап алумен 
қатар, осы тұрғыда жұмыс жасау міндеттері туындайды. Міне, осыдан келіп, 
жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырушы болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін дайындау алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып отыр. 
Сондықтан жоғары оқу орындарында мұғалім мамандықтарын даярлау - 
мұғалім профессиограммасын жаңа тұрғыдан жетілдіру мәселесі бірінші 
орында тұр. Мұғалім даярлау ісіндегі түрлі ғылымдармен педагогика, 
психология жеке пәндерді оқыту әдістемесі пәндерінің өзара байланыста болу 
басты шарт. Өйткені, педагогика, психология, жеке пәндерді оқыту әдістемесі 
пәндерден берілетін білімдер болашақ мұғалімнің жаңа тұрпатының нақты 
көрінісін беретін әрі, бейнесін көрсететін нақты білімдер саласы болып 
табылады. Екіншіден, білім беру үдерісінің өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес 
әлеуметтік 
сұранысты 
қанағаттандыру 
және 
озық 
тәжірибелерді 
тасымалдаушылық орны. Үшіншіден, жеке тұлғанының болмысын дамытудағы 
жасалатын танымдық әрекеттердегі үдерістерде теория мен тәжірибенің 
бірлігін сақтау – пәнаралық байланыстың негізінде жүзеге асырылуы басты 
міндеттердің бірі болуы керек дейміз. 
Пәнаралық байланысты өзекті мәселе ретінде қарастыру педагогика 
ғылымы үшін жаңа нәрсе емес екенін және оны әрқашан әлеуметтік дамудың 
белгілі бір кезеңінде ғылыми білімді дифференциациялау мен интеграциялау 
үдерістері бойынша философиялық көзқарастармен ақтайтындығын ғылыми 
зерттеу жұмысымыздың бірінші бөлімінде қарастырып өттік. Бүгінгі күнде 
педагогикалық әдебиеттеерде «пәнаралық байланыстар» санатының 30-дан 
астам анықтамасын кездестіруге болады, олардың негіздемесі мен жіктелуі 
әртүрлі тәсілдегі көзқарастар тұрғысынан беріледі. Бұл мәселенің дамуы білім 
беру үдерісінің мазмұнын, формалары мен әдістерін көрсететін, олардың 
біртұтастық бірігуіндегі оқыту мен тәрбиелеу және түрлі педагогикалық 
үдерістерді жүзеге асыратын барыстар арасындағы сұрыпталу, талдау – 
жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, өзара ықпалдастық пен байланысты 
жүйедегі қатынастар негізінде әлем мен қоршаған өмірдің шындық 
құбылыстары мен ілгерлі дамуын педагогика ғылым тұрғысынан түсіндіру 
болып табылады. 


78 
Пәнаралық байланыс негізінде білім беру мен оқыту - бұл оқушының 
жеке тұлғаның дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған әлемнің тұтас 
көзқарасын қалыптастыру мақсатында белгілі бір білім беру жүйесіндегі 
мазмұнның құрылымдық құрамалар арасында байланыс орнату үдерісі. 
Мәселен, пәнаралық байланыс – ортақ тақырып, кіріктірілген оқу 
материалдары, құрылымдық және мазмұндық жасалу жағынан жақын 
пәндердің ықпалдасуы – мұнды берілетін білімдерді ұйымдастыруда жетекші 
бір пән мазмұнына бағындары немесе берілетін білімді өзген пәндерде 
оқылатын білімдермен байланыстыру, салыстыра, бір-біріне тірек ете отырып 
жүзеге 
асыру. 
Әртүрлі 
пәндерден 
берілетін 
біліми 
мәліметтерді, 
тұжырымдамаларын, ұстанымдық қағидаларын сұрыптауда оларды өзара 
байланыстыру 
арқылы 
оқушылардың 
шығармашылдық 
әрекеттерінде 
танымдық зерттеу нысандарына сәйкес келуді. Бұл жеткілікті жақын болу мен 
кіріктіліген немесе өзара байланыстырылған пәндерге ортақ келетін зерттеу 
әдіс-тәсілдерді қолдануды басшылыққа алады және олар жалпы заңдарға және 
теориялық тұжырымдамаларға негізделді.
Бір сабақта түрлі пәндердің оқу материалдарын дағдылы әрі машықты 
түрде қолдану түрі біріктірілген сабақ болады. Бұнда басты ұстанымдық озық 
ой қажет, оны іске асыру ажырамас байланысты ұстау және өтілетін сабақтың 
тұтастығын қамтамасыз ету. Пәнаралық байланыстың даму барысында 
басшылыққа алынатын мәселелер: тереңдетіп оқыту; пәнаралық байланыста 
тілдік қарым-қатынастың ауқымды орын алуы; оқу материалдарының 
кіріктірілуі мен өзара ықпалдастықта сақтау заңдылықтары; жеке пәндердің оқу 
материалдарының мазмұнындағы білімдерді кешенді тұрғыда тасымалдау, 
ұсыну, беру кезеңдері және ауқымдылық аймағы. Бұнда - оқушыларға әртүрлі 
құбылыстардың біртұтастығын жеке-дара тұрғысынан қарауға және оларды өз 
алдына зерттеу әрекетіне көшуіне мүмкіндік береді; жеке пәндер бойынша 
білім деңгейін арттырады, зияткерлік қызметтің деңгейін жетілдіреді; әлемді 
өзінің алуан түрлілігімен таныстыруға, ғылыми білімдерді – қоғамдық-
ізгілендіру, жаратылыстану-математикалық, эстетикалық білім мен тәрбие беру 
топтамасын құрайтын пәндердің жиынтықтарын қамти отырып, оларды өмірлік 
тәжірибеде пайдалана білу, яғни, технологиялық мүмкіндіктерін ашу; 
оқушылардың жеке бас болмысындағы көңіл-күй сарайының көтеріңкі семізге 
ие болуындағы шаттану мен дамуына ықпал жасайды. 
Пәнаралық байланыс түсінігінің бір қыры – мектеп оқушыларына әлемнің 
тұтас көзқарасын қалыптастыру – мұнда пәнаралық байланысты білім беру мен 
оқыту және тәрбиелеудің мақсаты ретінде қарастырса, екінші қыры – әртүрлі 
пән білімдерін топтастыру, жақындастыру яғни, ортақ жүйеге келтіру – 
педагогикалық үдерістің құралы болып түсіндіріледі. Мәселен, оқу үдерісінің 
білім деңгейін жоғарылатудың тиімді жолдарын іздестіру мұғалімдердің, 
ғалымдардың және тәжірибешілердің назарын пәнаралық байланыстар 
мәселесіне көбірек тартады. Танымал ғалымдарға И.Д.Зверев [117,118],
Б.И.Коротяев [119], М.С.Скаткин [120] және т.б. зерттеулерде пәнаралық 


79 
байланыстар оқытудың және білім берудің бірлігі мен білім беру пәніне 
кешенді көзқарас құралы ретінде әрекет етеді. 
Пәнаралық байланыс өзіне тән педагогикалық қызметтерді орындайды: 
 
Әдістемелік қызметі - оқылатын пәндердің қазіргі озық ойлы 
тұжырымдамалық пікірлерін негіздеу; 
 
Оқу қызметі - жүйелілік, бірізділік пен сабақтастықтағы жеке 
бөліктердің заңдылықты түзілуі, білімінің ауқымдылығы, білік пен дағдыны 
қалыптастырып, жетілдіру, таным туралы білімдер жиынтығын беру
 
Даму қызметі – қарапайым танымнан ғылыми танымға өту, 
танымдықтағы қызығушылық пен белсенділік әрекеттерін қалыптастыру мен 
дамыту, ойлаудың тежелу қарама-қайшылығын жеңу, танымдық болмыстың 
көкжиегін кеңейту; 
 
Тәрбиелік 
қызметі 
– 
ақыл-ой, 
саналық-рухани 
және 
политехникалық бағытты қамтиды; 
 
Құрастырушылық қызметі – түрлі оқу материалдарының мазмұнын 
өзара байланыстыру мен кіріктіру, оқытуды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін және 
нысандарын жетілдіру. 
Оқу – бастауыш сынып оқушыларының тұтас білім жүйесін 
қалыптастыруға бағытталған. Оқытудағы жүзеге асырылатын пәнаралық білім 
беруді кешенді пайдалану бойынша мектепте білім беру мазмұнын жетілдіруге 
деген жеке пәндердің бағдарламаларында оқу материалын іріктеу мен өзара 
жақындастыру негізінде ортақ тақырыптар жүйесіне келтіру болып табылады. 
Оқудың білім деңгейін пәнаралық байланыстар арқылы оқыту оның тәрбиелеу 
қызметтерін 
күшейтеді. 
Ғалымдардың 
осы 
бағыттағы 
зерттеушілік 
еңбектеріндегі психологиялық тұжырымдамалық негіздері − пәнаралық 
байланыстардың білім беру және тәрбиелік қызметтерінің өзара әрекеттесуін 
анықтайды, сананың табиғи бірлігі, адамның ақыл-ой іс-әрекетіндегі сезімдері 
мен әрекеттерін береді деп түсіндіреді. Оқудағы мұндай біртұтастықты 
қарастыру – өзара байланыс пен ықпалдастықтағы кіріктілу жағдайында жеке 
білім беру Н.А. Менчинская [121], Ю.С. Тюнникова [122] дүниетанымдық 
көзқарасты қалыптастыруға бағытталған кешенді тәсілді педагогикалық 
шарттарының бірі. 
Даму – тәуелсіздіктің дамуына, танымдық белсенділігіне және 
оқушылардың мүдделеріне әсер етеді: В.Н.Максимова [123,124], М.Г.Чепиков 
[125]. Пәнаралық қарым-қатынас білім берудегі сапалы жаңа субъектілердің 
қалыптасуына әкеп соқтыратын дамудың білім беру тәсілдерінің бірі болып 
саналатындар – пәнаралық тұжырымдамалар мен пәнаралық дағдылар В.Ф. 
Паламарчук [126], Н.А.Сорокин [127].
Оқу барыстарындағы пәнаралық байланыстардың қызметінің алуан 
түрлілігі осы тұжырымдаманың мәнін айқындауға негіз бола алмайды. Себебі, 
пәнаралық байланыстар көп қырлы және түрлі өлшемді құбылыс болып 
қарастырылады. Яғни, оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру 
формаларын шектемейтіні анық. Пәнаралық байланыс бастауыш сынып 


80 
оқушыларының 
оқу-танымдық 
белсенділігіне 
және 
мұғалімдердің 
педагогикалық үдерістегі қызметтік іс-әрекеттеріне қатысты болады. 
Оқушылардың жеке тұлғасының дамуына бағыттылығы – олардың 
танымдық болмысындағы диалектикалық ойлауды дамыту, ғылыми 
көзқарастарды, наным-сенімдерді қалыптастырады, оқушылардың қабілеттерін 
жетілдіре отырып, жеке сұраныс қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге 
бағыталады және жүзеге асырады. Жоғарыда айтылғандай, пәнаралық 
байланыстар тұжырымдамасының түрлі түсіндірмелері бар. Сондықтан 
зерттеушілер бұл тұжырымдаманы бірнеше мағынада жиі түсіндіреді: 
дидактикалық жағдай, жүйелілік принципі және құралдар, жүйе және т.б.
Дидактикалық жағдай ретінде пәнаралық байланыстарды кеңінен танып 
білуге болады, ол оқушылардың білім жүйесін ғана емес, олардың танымдық 
қабілетін, белсенділігін, мүдделерін және ақыл-ой қызметін дамытуды 
қамтамасыз етеді: Н.А.Сорокин [127], В.Н.Федорова [128, 129] және т.б. Оқу 
принципі өмірдің бар-жоқтығын, тәжірибенің табиғи байланыстары мен 
заңдылық құбылыстарының талаптық жүйесін көрсетеді. Бұл бағыттағы 
теориялық және тәжірибелік зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, пәнаралық 
байланыстың басты құндылық идеясы мен оқытудың қағидалық-ұстанымдары 
арасындағы өзара қатынастың екі бағытын негіздеуге мүмкіндік береді: 
1.Дидактикалық қағидалық-ұстанымдарды педагогикалық үдерісте 
жүзеге асырудың бір жолы – пәнаралық байланыстың негізделуі; 
2.Дидактиканың заңдылық жүйелерін құруда жеке пәндік білім берудің 
жүйелік сипатын ұстанатын қағиданы көрсету – пәнаралық байланыстық 
қарым-қатынастар негізінде нақты көрініс табады. Пәнаралық байланыста 
ұйымдастырушылық қызмет басымдық орынға ие болып, түрлі әдіс-тәсілдердің 
жиынтық құрамалы негізінде және олардың ішкі заңдылықтарына сүйенеді: ол 
бағдарламалардың жүйелік құрамына, оқу материалдарының мазмұндық 
құрылымына, 
оқулықтардағы 
білім 
мазмұнының 
педагогикалық-
психологиялық талаптарға сәйкес болуы мен дидактикалық заңдылықтың 
орындалуына, білім беру мен оқыту және тәрбиелеудің әдістерін және т.б. 
таңдауға ықпалын тигізеді. 
Оқу міндеттерінде оқушылардың басқа пәндерді оқып үйрену барысында 
алған білімдері мен дағдыларын пайдалану, дамыту, шоғырландыру және 
қорыту қажет. Оқу материалының мазмұнында бұрын зерделеніп, алынған 
білімдерге және кейінгі кезектегі пәндерді оқытуда дамытуға негізделген 
сұрақтарды анықтап, айшықтап алған маңызды. 
Пәнаралық байланыстар бағытындағы педагогикалық құбылысқа әртүрлі 
пәндерден алынған білім мен дағдыларды қолдану мен сұрыптау мәселелері, 
бағыттаушы мен дамытушы сұрақтарды, оқушыларға арналған тапсырмаларды 
құрастыру жатады. Пәнаралық байланыстар жүйелі түрде дидактикалық 
талаптық заңдылықтар негізінде жүзеге асырылса, ол сонда ғана өзіндік орны 
бар педагогикалық құбылыстың бірі болып табылады және мәнге ие болады.
Пәнаралық байланысты оқу материалдарының мазмұны мен жеке 
пәндердің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, «тік» (тігінен) 


81 
/вертикальді/ және «көлденеңінен» /гаризантальды/ етіп бөлу маңызды. 
Көлденең бағыттағы байланыс берілген сыныптардың пәндерін біріктіруді 
қарастырады. Тік бағыттағы байланыстар әртүрлі жылдардағы оқу 
бағдарламасы бойынша біртекті материалды қамтиды. 
Барлық мектеп пәндері – өзара байланыстық әлеуетке ие. Бастауыш білім 
беру кезеңінде мұғалімдер оқушылардың дұрыс жұмыс істеуіне, ауызша 
жауаптарды дұрыс қалыптастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау 
дағдыларына тәрбиелеу және т.б. үшін маңызды деп санайтын нәрселерді 
алдын-ала анықтап алуы тиіс. Сондай-ақ, өзара байланысқан сипатқа ие 
сабақтардың құрылымы әртүрлі: түсінікті, ықшамдылық, қысқаша, сабақтың 
әрбір сатысында оқу материалының логикалық өзара байланысы, материалдың 
үлкен ақпараттылығы. 
Пәнаралық байланыстарды ғалымдар қауымы ғылым және пән 
бағыттарына қарай түрліше жіктеулері орын алады. Мәселен, солардың бірі – 
уақытша критерийлерге негізделген, онда оқу материалдарының байланысын 
алдыңғы және кейінгі, сонымен бірге болашақтағы байланыстыруға мүмкін 
болжамдардың бағытын анықтап, сипаттауға бағытталу жөнінде өзіндік 
көзқарастары мен жеке ұстанымдарын ұстанған ғалымдар: Г.И. Вергелес [130], 
[131] Н.М. Верзилин, В.М. Корсунская және т.б. Мұндай қатынастар негізінде 
берілетін білімді өмірлік тәжірибемен ұштастыру, бұл оқытуды жүйелендіруге 
өз 
септігін 
тигізеді, 
пәнаралық 
байланыс 
негізіндегі 
оқушының 
шығармашылдық әрекеті негізінде игеретін білімнің зерттелу болашағын 
анықтау бағытында жеке пәндер бойынша алдыңғы зерттелген материалдарға 
сүйенуге мәселесін қарастырады. 
Білім философиясы тұрғысынан пәндердің өзара байланысын түсіндіру 
мәселесіне арналған С.В. Меньшенинаның [132] өзіндік ой-пікірі мен 
қорытынды тұжырымдамасында пәнаралық байланыстағы қатынастарда – 
құрам, әдіс, бағыт құрамдарын бөле қарастырып және оларды жүзеге асырудың 
үш басты белгілеріне – деректік мәліметтер, нысандар, тұжырымдық 
қорытынды, теориялар, әдістер топтамасы немесе түрлері бойынша 
педагогикалық үдерістегі оқыту, білім беру және тәрбие жұмыстарының 
ұйымдастырылуындағы логикалық тізбектің болуы, әдістемелік жүйе, жаңашыл 
әдіс-тәсілдердің түрлері және олардың ықпалымен түрлі ақпараттық жүйенің 
мазмұндарымен /мәтін, дыбыстық ақпараттар, газет, жорнал, кітап, мақалалар 
жинағы т.б./ байланысты жүзеге асыру; бағдарлау бойынша – іскерлік, 
машықтану, игеру-меңгеру және жалпы дағдыларды қалыптастыру. 
Педагогикалық үдерістің ішкі мазмұнында пәнаралық байланыс екі 
тұрғыда сипатталады. Олардың бірі – оқытылатын материалдардың 
мазмұнына, қалыптасқан дағдыларға және оқу әдістеріне байланысты пәндер 
арасындағы байланыстар деп қарастырылса, екіншісіне ақиқатты әлем 
құбылыстарының өзара байланысындағы шынайылылықты бейнелеудегі 
адамның жеке көзқарастарындағы түсінік тұтастық пен бірлікте болуы керек 
дегенді басшылыққа алса, ал жеке пәндерден білім беру мен оқытуды жүзеге 
асыру барысында табиғат, қоғам және осы бағытта жеке адамның ойлау 


82 
санасының өзара тәуелділігін негіздейтін пәнаралық байланыстарды 
қамтамасыз ету қажеттілігін іске асыру. Бұл бастауыш білім беру кезеңіндегі 
оқытылатын жеке пәндердің оқу материалдары мазмұнының негізінде 
оқушылардың өзіндік жеке көзқарастар мен нанымдардың қалыптасуына және 
тұлғалық болмысының дамуына өзек болатын күш болып табылады. 
Пәнаралық байланысты мектепте ұйымдастырудың қажеттілігі анық, 
себебі бұл, қоршағын орта, яғни, әлем туралы, жаратылыс жайындағы әрі 
әлеуметтік және ғылым мен техника жөніндегі білімдердің өзара ықпалдасуы, 
кіріктірілуі қазіргі заман сұранысынан туындаған мәселе. Алдыңғы қатарлы 
ғылыми білімдердің /интеграциялануы/ өзара байланыстағы ықпалдасуының 
артуы қазіргі болашақ мамандарды дайындауға жаңа талап-тілектер қоятыны 
анық. Теориялық ғылыми білімдер мен тәжірибелік іскерлік пен білік, дағдылар 
өзара логикалық тізбектестіктегі байланыстылыққа ие болғанда – жеке 
тұлғаның игерген білімінің мәні артып, әртүрлі көкейтесті мәселелерді шешуде 
оларды кеңіне пайдалану орын алады және нәтижесі көңіл қонарлық болады. 
Өмірлік тәжірибеде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың өзіндік 
қиындары орын алады. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының жас және 
жеке танымдық белсенділігін қалай ұйымдастыруға болады, олар түрлі 
бағыттағы ғылымдардың жүйесінен білім беретін пәндер арасындағы 
байланыстарды орнатуға, білім философиясы негізінде адам тәрбиесімен 
айналысатын ғылымдарда жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын қалай 
қалыптастыруға және дамытуға болатыны; педагогикалық үдерісте білім 
берумен оқытуды сапалы ұйымдастыруда бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби 
даярлығын қалай арттыру және жетілдіру. 
Бұрынғы қолданыста болған білім беретін оқу бағдарламаларының 
жүйесімен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда мұғалімдер пәнаралық 
байланысты жүйелі түрде емес, кейбір кезеңдерде ғана және жеке сабақтың 
белгілі бір кезеңінде немесе бөлігінде ал, кейбір уақыттарда арнайы 
бағытталған пәнарлық байланысқа қатысты екі немесе үш сабақтарды оқу 
тоқсанында өткізетін. Ал, қазіргі біздің қолданысымызға еніп отырған білім 
берудің жаңартылған бағдарламасында пәнаралық байланыс үздіксіз және 
жүйелі түрде орындалатын педагогикалық үдеріс болып табылады. Бұл қазіргі 
ғылым мен техниканың даму барысындағы ғылыми білімдердің озық үлгілерін 
түрлі пән мазмұнының жүйесі арқылы өзара байланыстырып, бүгінгі оқушы 
тұлғасын дамытудың тиімді құралы ретінде баға берілуде. Оқушыға берілетін 
оқу материалдарының өзара кіріктіре байланыстыру – оқушының жеке бітім 
болмыс бейнесіндегі ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, ойлауының белсенді 
болуына, танымдық көкжиек кеңістіктінің дамуына, оның өз ойын сапалы және 
саналы түрде жеткізе алуындағы тілдік қарым-қатынас жасау және жеке бас 
көңіл-күй сарайының көрінісін дамытуда ерекше мәнге ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет