Зерттеу түсінігі Орындаған: Исмагулова Аружан шт-03



Дата01.04.2023
өлшемі459.58 Kb.
#471554
Зерттеу түсінігі АружанИ

Зерттеу түсінігі

Орындаған: Исмагулова Аружан ШТ-03

Ғылыми зерттеу - бұл жаңа ғылыми білімді әзірлеу процесі, объектіні, процесті немесе құбылысты, олардың құрылымы мен байланыстарын жан-жақты зерттеуге, сондай-ақ адам үшін пайдалы нәтижелерді алуға және практикаға енгізуге бағытталған танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі. Ғылыми зерттеу дегеніміз шындықты мақсатты түрде тану. Оның нәтижелері түсініктер мен заңдар және теориялар жүйесі ретінде көрініс табады.

Педагогика саласындағы зерттеу - бұл білім беру заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері және даму технологиялары туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет процесі мен нәтижесі.

Зерттеудің ғылыми аппаратын көрсететін зерттеу компоненттерінің жиынтығы педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамаларын құрайды: 

Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі - қоғамның белгілі бір даму кезеңінде білімге, дидактиканы ғылым ретінде дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық мәніне, маңыздылығына қоятын талаптардың қысқаша көрінісі, проблеманың ғылыми әдебиеттеөңделгендігі және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін жүргізілетін зерттеудің уақыттылылығы (неге тап осы мәселені қазіргі уақытта зерделеу қажет?);

Зерттеу мәселесі - практиканың қажеттіліктері мен сұрақтың ғылымда өңделу деңгейі арасындағы тұжырымдалған қарама-қайшылық, сондай-ақ осы қарамақайшылықты шешудің жолдары мен шарттарын іздеу (бұрын ғылымда зерттелмегеннің ішінен нені зерттеу қажет?)

Зерттеу тақырыбы – дидактикалық зерттеу тақырыбының негізгі мазмұны; нақты жағдайға қатысты мәселені жүзеге асыру (мұны қалай атауға болады?); 

Зерттеу нысаны - ғылыми әдістерді қолдана отырып, ғылыми таным, зерделеу, түсіндіру немесе қайта құру процесі бағытталған педагогикалық ақиқаттың бір бөлігі (не қарастырылады?); Зерттеу нысаны шеңберінде зерттеудің түрлі тақырыбы туралы айтуға болады. Дидактикалық зерттеу нысаны ретінде, мысалы, оқу-тәрбие процесі немесе қандай да бір нақты пәнге оқыту таңдалуы мүмкін;

Зерттеу пәні – зерттеу нысанының нақты бөлігі немесе онда болып жатқан процесс, немесе зерттелетін мәселенің аспектісі (нысан қалай қаралады? зерттеуші зерделеу үшін оған тән қандай қатынастар, аспектілер мен функцияларды бөліп алады?); 

Мақсаты – педагогикалық құбылыстарда себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды анықтау және олардың негізінде теориялар мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу болжанып отыр? қол жеткізгенге дейін бұл нәтиженің жалпы сипатты қандай болмақ?); 

Болжам - белгілі бір құбылыстың болуы туралы болжам; нысан тіршілігіне, оның пайда болу себептеріне, оның қасиеттері мен байланыстарына, өткеніне және болашағына және т.б. қатысты болуы мүмкін (нысанда не айқын емес? зерттеуші онда басқалардың назарынан тыс қалған нені байқады?). Дидактикалық зерттеулердегі болжамды тұжырымдау, әдетте, қандай да бір педагогикалық процестер мен құбылыстардың өту жағдайларын анықтауға бағытталған. Жалпы болжамның құрылымы мынадай үлгі түрінде ұсынылуы мүмкін: «егер мынадай және басқаша жаңа мазмұн қолданса немесе қолданылатын мазмұнды немесе формалар мен әдістерді былайша немесе басқаша өзгертсе, онда білім мен іскерлік саналы әрі берік меңгерілетін болады, оқушылардың қызметі осындай бағытты қабылдайды, оқушылардың дамуында мынандай өзгерістерге қол жеткізіледі».

Міндеттер – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?); 

Жетекші идея (бастапқы тұжырымдама) – теориялық жүйе негізінде жатқан айқындаушы ұғым

Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі критерийлері: − өзектілігі; − жаңалығы; − теориялық және практикалық маңыздылығы.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет