Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет3/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

қарама-қайшылықтар туындап отыр. Сол себепті, осындай қайшылықтардың 
шешімін табудағы біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі – 
жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты 
жүзеге асыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын 
қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық шарттарын анықтаудың ғылыми-
теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады. 
Жаңартылған білім жүйесі – бастауыш сынып оқушыларына білім, білік 
дағдыны қалыптастыру мен дамыту арқылы құзыреттілікке және сапаға 
бағытталған бағдарлама. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық 
және әдістемелік тұрғыда арнайы зерттеулер арқылы қарастырылмауын ескере 
отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жаңартылған 
бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге 
асырудың педагогикалық шарттары» деп алдық. 
Зерттеудің мақсаты: Бастауыштың жаңартылған білім мазмұны аясында 
пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттарын, теориялық және 
әдістемелік негізін анықтау және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш
сыныптарының оқу-тәрбие үдерісі. 
Зерттеудің 
пәні: 
Жаңартылған 
білім 
мазмұны 
жүйесіндегі 
ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістегі пәнаралық байланыс сабақтары. 
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, 
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер, ғылыми-
әдістемелік ізденістер, білім беру саласындағы мемлекеттік құжаттарды 
жинақтау, талдау, сұрыптау, сауалнама, сұрақ-жауап жүргізу, диагностикалау, 
педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелері мен қорытындыларын 
сұрыптау, оларға математикалық, статистикалық өңдеу жүргізу. 
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер бастауыш сыныптарда 
жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты 
жүзеге асырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздегі педагогикалық 
шарттары анықталса; бастауыш білім беру кезеңдерінің сыныптық сатысына 
сәйкес оқушыларының даму ерекшеліктеріне үйлесімді оқу бағдарламасының 
бөлімдері мен оқулықтардағы білім мазмұнын беретін оқу материалдарына 



арналған ортақ тақырыптарды оқытуда жаңаша тәсілдерді пайдаланудың 
педагогикалық аспектілері анықталып, әдістемесі дайындалып, қолданылса
өзара байланысқан, кіріктірілген сабақтарда жаңа білімдерді оқушыларға 
меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, амалдар қолданылып жүзеге асырылса; 
қазіргі педагогикалық тәжірибедегі оқу-тәрбие үдерісіне ендірілу барыстары 
тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, нәтижесі шығарылса, онда бастауыш 
сынып оқушыларының жеке тұлғалық болмысының дамуындағы әрекеттер 
арқылы олардың әлемді, қоршаған ортаның біртұтастығын ғылыми-танымдық 
тұрғыдан меңгеруін жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет