12
1
БАСТАУЫШТАҒЫ
ПӘНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Пәнаралық байланысқа педагогика ғылымында қалыптасқан
теориялық көзқарастар
Біздің қарастырып отырған «пәнаралық байланыс» мәселесіне бару үшін
оның өмірмен байланысы неде және әлемді танудағы ғылымилығына яғни,
философиялық мазмұнына жалпы негізде мән беріп қарайық. Адам – сананың
ең жоғарғы деңгейіне ие болған тіршілік иесі. Адам өзін қоршаған әлемді тануы
мен меңгеруде, түрлі ой операцияларын өз бойынан өткізе отырып, сол кезең
мен жағдайға байланысты өзінің білім мен тәжірибесі және түсінік, танымы
деңгейінен баға береді немесе іс-әрекетін жасайды. Бұндай танымдық жүйенің
орын алуының бір қыры, ол – өзін қоршаған орта мен әлемнің өзара
байланыстығын тану мен олардың өздеріне тән ерекшелік заңдылықтарының
болуын ескере отырып, оларды біртұтастық жүйені құрайтынын және олардың
бөлігі немесе бөлшегі ретінде қызмет атқаратынын ұғына білуде туындайды.
Яғни, әр құбылысты танып білуге бағытталған және оның қыр-сыры мен
заңдылықтарын түсіндіретін ғылымдардың пайда болуы заңдылық болса,
адамның өмірді, қоршаған ортаны игеріп, білудегі танымдық жолында ғылыми
білімдерді өзара байланыстыра меңгеруі де танымдық үдерістердің тұтастық
жүйесіне негізделу болып табылады. Ғылыми білімдерді беруде білім
алушының немесе игерушінің жас ерекшеліктері мен танымдық болмысының
деңгейіне қарай лайықты және олардың білім алу деңгейлеріне үйлесімді түрде
берілуін пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асатын танымдық үдеріс деп
түсінуіміз керек. Қазіргі уақытта ғылымда, жеке пәндерді оқытуда қамтылған
оқу материалдарының жүйесінде пәнаралық байланыс негізінде білім беру мен
тәрбиенің түрлі салаларын /түрлерін/ жүзеге асыруда ұйымдастырылатын
педагогикалық үдерістер кешенділік сипатқа ие болуының қажеттілігі орын
алып отыр.
Мәселен, Ж.Аймауытұлы ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, кешенді оқыту
мәселесіне мән беріп, төмендегідей ой-тұжырымдарын мұғалімдер қауымына
ұсынған болатын: «Пәлен күнге бір тақырып алынсын, одан артық та, кем
болмасын» ....
1. Материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін.
2. Жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе
қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін.
3. Жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі, перне қоры,
мағлұматы салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен
басталсын» – деп негіздеп берген [25].
Ғалым, педагог-психологтың пайымдауынша, пәнаралық байланыс
белгілі бір жүйемен кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет екендігі негізделеді.
Оқу пәндері мен ондағы материалдардың мазмұндық, құрылымдық жүйесін
13
өзара байланыстыру мен қабыстыру және олардың өзара айырмашылықтары
мен ерекшеліктерін ескере отырып жақын немесе ортақ тақырыптар жүйесімен
бағытталған білімдерді ұйымдастыру, беру қажеттілігін айта келе, пәндерді
оқытудың әдістемелік жағын басшылыққа алынып, өмірлік тәжірибемен
байланысты болуын ескертеді.
Жеке пәндерді оқытуға негізделген әдістеме атаулының бәрі білімдерді
толығырақ, тереңірек меңгертуге септігін тигізетін амалдардың жиынтығы
болып табылса, осы амал-тәсілдер оқу материалдарының мазмұндық
құрылымын өмірлік тәжірибемен және басқа да білімдер жиынтығымен
ұштастыруға негізделген қызметтерді атқаруы да тиіс және соған бағытталуы
керек. Бұл өз кезегінде оқушыға әлемді және қоршаған ортаның бейнесін
біртұтастықта ойлай білуге, логикалық ой жүгіртуге, алғы шарттардан белгілі
бір қорытындылар жасай білуге бағыттайды және үйретеді. Яғни, пәндер
арасындағы байланыстылық белгілі бір алғы шарттарды тірек етеді. Сондықтан
пәнаралық
байланыс
педагогика
ғылымында
білім
философиясы,
психологиялық, дидактикалық және жеке пәндерді оқытудың әдістемесі
тұрғысынан қарастырылатын күрделі мәселе.
Психология ғылымы тұрғысынан пәнаралық байланыстың мазмұндық
сипатын ашуға классикалық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі
И.Ф.Гербарт
ұмтылыс
жасаған
болатын.
И.Ф.Гербарт
еңбектерінде
тәрбиелеудегі ауқымдылықты және білім беруде пәндердің өзара және
пәнішілік күрделі байланыстар бар екендігін айта келе, оларды біртұтастықта
қарау қажеттілігін айтқан. Сондай-ақ, оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей
үлгіде көрсетеді:
- көрсету;
- байланыстыру;
- үйрету;
- философиялық негіздеу;
Сезімге әсер етуі жағынан мына үлгіде болуын айтады:
- көрнекілік;
- байланыстылық;
- көтеріңкілік;
- қызығушылығын арттыру [26].
Классикалық педагогика көрнекті өкілдерінің бірі – И.Г.Песталоцци білім
беру мен оқытуды жүзеге асыруда пәнаралық байланыстың өзіндік орны бар
екендігіне мән берген және оның тәжірибелік жақтарына басымдық беріп,
«өмірлік жағдайда жүзеге асыру маңызды, себебі оқушы алған білімін
күнделікті іс-әрекетінде пайдалана білуге тиіс» деген ойларын білім беру мен
оқытудағы дидактикалық заңдылықтардың бірі ретінде түсінгеніміз жөн.
Себебі, ол «Өз санаңызға пәндердің арасындағы шын мәніндегі табиғи
байланысты көрсетіңіз», – деп түйіндеуі оқу пәндерінің мазмұндық және
құрылымдық жүйелерінде өзара байланыстардың болуын, әрі олар өмірлік
тәжірибеде іске асыруға боларлықтай оқушының жас және жеке танымдық
болмысына үйлесімді болуын басшылыққа алып отыруды негіздейді. Мәселен,
14
бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигураларды таныстырып, білім
беру барысында тіл пәнімен байланысты орнату қажет, себебі, оқушы таныған
және білген геометриялық фигуралардың бейнеленуі мен суреттелуін, олардың
өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып бере отырып, сөз
байлығының қоры артады, түрлі фигураларды сыза отырып, өлшем бірліктердің
аталуын өз сөзімен түсіндіріп жазып отыруы арқылы бастауышта оқылатын
пәндердің өзара байланыстарының қарапайым үлгісін көрсеткен болатын [27].
Ал, Джон Локтің пікірінше, «оқушының алған білімдері құрғақ
жаттандылық тұрғысында болмауы керек. Алған білімін өмірде пайдалана
білуге үйретіп, дағдыландыру оқытудың басты бағыты мен мақсаты болу
қажет», – деген ой-пікірін айта келе, ол үшін бір пәннің мазмұнындағы оқу
материалдарында кездесетін деректер және оның негіздемелік үлгілері келесі
бір пәнді оқытуда толықтырушы құрамалық бөліктер ретінде пайдалануы қажет
екендігін алға тартқан болатын.
Джон
Локтің
пәнаралық
байланыстар
негіздегі
ой-пікірлері
И.Г.Песталоццидің пікірлерімен астасып, ұштасып жатыр. Мәселен, оқушы
өзінің ана тілінен басқа шет тілін меңгеруде ауызекі сөйлеу мен тілдік қарым-
қатынасты дамыту үшін, оқылатын басқа пәндердің мысалы, география және
тарих пәндерінің оқу материалы бойынша оқушымен сөйлесу, пікір алысу,
әңгіме өткізу қажет екендігін айтады. Д.Локк өзіндік ой-түйіндеуін
төмендегідей: «Шындықты табатын ақыл ғана – барлық бөліктерді жеке-жеке
анық, ажырата біліп және қажеттіздерге мән бермей, бар мәліметтерге сүйене
отырып, өзіндік қорытынды жасап, қайткенде де оған ықпал жасайды», – деп
негіздеген болатын [28].
Неміс педагогі Адольф Дистерверг пәндердің оқу материалдарын өзара
араластырып оқытуға келіспеді. Оның көзқарасында әрбір жеке пән өзіндік
ерекше тәрбиелігімен, өз мазмұнында беретін оқу материалдарының жекелігін
сақтай отырып, оқытылуы керек. Бірақ, А.Дистерверг пәнаралық байланысты
мүлдем жоққа шығармайды, тегі бір, ұқсас пәндерді, мазмұны жақын пәндерді
оқыту барысында аталған құбылысты толық қолдануға болатындығын айтады:
мәселен, «Оқу материалдары жақын немесе туыстығы басым пәндерді
байланыстыру керек...» – деп /аударған С.Ж./ дидактикалық талап қояды [29].
XIX ғасырдың соңында Отто Вильманның «Дидактика как теория
образования в ее отношениях к социологии и истории образования» еңбегі
жарық көрді. Автор еңбегінде ұлы дидактик ғалымдардың пәнаралық байланыс
туралы айтқан құнды пікірлерін қолдай келе, арнайы «оқыту пәндері»
арасындағы байланыс деген параграфта пәнаралық байланысқа ерекше
тоқталады. О.Вильман философия оқу пәндерін бір-бірімен тығыз
байланыстыра алатын ғылым екендігін көрсетеді. Философияны оқыту
барысында оны тарихпен, астрономия, географиямен байланыстырып
оқытудың өте тиімді екендігін айтады [30].
Я.А.Коменский өз еңбектерінде оқушыларда тиянақты білімнің
қалыптасуының кейбір себептерін ашып, көрсетеді. Мәселен, ол оқушылардың
мазмұндас пәндерден алған білімдеріне сүйенбейтініне, оқушы әр пәннен алып
15
отырған білімдерінің бір-бірімен байланысты екендігіне назар аудармайтынына
арнайы тоқтала келіп, жалпы дидактикалық мынадай ереже шығарады: «Всегда
и везде брать то, что связано одно с другим».
Мұнан әрі Я.А.Коменский оқушыларға берілетін білім міндетті түрде
оларға бұрыннан таныс, түсінікті материалдармен ұштастырыла жүргізілу
қажеттігін, бұл талап тек бастауыштағы білімге ғана емес, жоғары сыныптағы
оқушылардың алатын біліміне де қойылатындығын айта келе, грамматика мен
философия, философия мен әдебиет бір-бірімен байланысты оқытылуы тиіс
екендігін айтады. Сондай-ақ оқытудағы кейбір схоластикалық әдістердің ізімен
қажетті, қажетсіз көптеген фактілерді, олардың арасындағы байланыстылықты
түсінбей, бір жерге жинақтай берудің кері нәтиже беретіндігін ескертеді [31].
К.Д Ушинский әр мұғалімнің өз оқушыларының алған білімі түсінікті,
жан-жақты толық болуы үшін сыртқы қоршаған ортамен, өмірмен оқытылып
отырған пәндер арасындағы тығыз байланыс болуы керектігін айтады.
Смольный институтының оқу жоспарында пәнаралық байланыс ерекше орынға
қойылған. Әр оқу пәні бір-бірімен байланысына қарай белгілі бір жүйеде
жүргізіліп отырған. Мәселен, география, жаратылыстану, тарих пәндері бір-
бірімен байланыстырылған. Жоспар бойынша, география, тарих пәндерінен
бұрын өтіліп отырған, себебі география сабағында алынған түсініктер тарих
сабағында әңгімеленетін тарихи фактілер оның уақытын, белгілі бір орнын дәл
көрсету үшін қажет болады.
К.Д.Ушинский қандай да ғылым болмасын, беретін білімдер мен идеялар
әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқын, мүмкіндігіне қарай кең
құлашты көзқарасты дәріптеуі керек деп есептеді [32]. Кейінгі кездегі кеңес
педагогтары М.А.Данилов [33], В.В.Давыдов [34], Н.А.Лошкарева [35,36]
еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер
айтылды.
1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз
өзгеріс болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыта оқыту міндеті
де қойылды. Осы тұста да пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан
да соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту
жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа ден қойып, бұл саланы көбірек
зерттеуге кірісті.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық,
психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да
көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған
И.Д.Зверев [37] Р.Г. Лемберг [38], В.Н. Максимова [39], т.б. ғалымдар болды.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізі бойынша дүниеде барлық
заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы
тұжырымдалған білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз
болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімінің ең
маңызды мақсаты болып табылады. Адамды биологиялық және әлеуметтік
құбылыстарының бірлігі ретінде қарастыру, оны тұлға деп түсіну философия
ұғымына жатады. Тұлға – нақты тарихи ұғым. Тарих барысында адам мен
16
қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Осыған
байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға – белгілі бір
қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның төмендегідей негізгі үш
жағының бірігу нәтижесі:
Биогенетикалық нышандар;
Әлеуметтік қатынастар;
Психоәлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуі.
Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі тұжырымдамалық көзқарас бар:
Тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;
Тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы;
Қазіргі заманның ілгері үдемелі даму барысында ғылымдардың
интеграциялануы – ғылыми танымдағы немесе олардың заңдылықтарын
негіздейтін құбылыстарды қамту ой аумағының кеңеюі, жаратылыстану-
математикалық, қоғамдық-гyмaнитapлық, эстетикалық тәрбие мен білім беретін
және инженерлік-техникaлық бoлып тoптacтыpылy мәнінің ашылуы және осы
негізінде олардың дифференциялануы /сандық салалануы/ мен даралығының
белең алуы, oлapдың зеpттейтiн oбъектiлеpiнiң opтaқтылығы пәндiк
қaтынacтapдың өзара байланыстық бipлiгiне алып келетін ғылыми құбылыс
ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің
негіздемелерінде түсіндіріледі [40,41].
Ғылымдардың дамуы мен олардың интеграциялану барыстары
Қазақстандағы білім беру жүйесіне тікелей ықпал жасай отырып, оқу
бағдарламаларын жаңартуға және осы негізде пәнаралық байланысқа
педагогика мен психология, жеке пәндердің теориясы және оларды оқыту
әдістемесі ғылымдары тұрғысынан жаңаша келуді талап етіп отыр. Білім беру
жүйесіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыруда теориялық білімдер
жиынтығының өмірлік тәжірибемен өзара үйлесімділік негізде дәлелденіп,
жүзеге асырылуы – бүгінгі күндегі білім беру мен оқыту және тәрбие
жұмыстарын
ұйымдастыру
арқылы
оқушылардың
ғылыми-танымдық
дүниесінің жүйелі, әрі бірізділік пен сабақтастықта дамуына ықпал жасайтын
тиімді педагогикалық үдеріс болып саналуда.
Қазақстандық білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі –
еуропалық және әлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасу жағдайына енуі.
Бүгінгі әлемдік дамудың қарқындылығы – ғылым мен техниканың жедел
дамуына және өзгермелі дүниенің сұраныстарын қанағаттандырудағы ілгері
ғылыми зерттеулер мен озық білімдер жүйесінің өмірлік тәжірибеде орын
алуына себепкер болуда. Ғылымдардың өзара іштей сараланып, дамуы – түрлі
ғылыми ілімдер саласының мазмұндық жағынан жаңа негіздегі білімдердің
шығуы мен теориялық тұрғыдан дамуы және олардың іштей кіріктірілуі мен
сұрыпталып өзара байланысуы арқылы пәнаралық байланыс орын алады.
Бұндай құбылыс ғылымның іштей дамуына және ізденістерінің аумағын
кеңейте отырып, орындайтын міндеттерінің нақтылануын жүйелеуге, әрі
ғылымда белгілі болған деңгейлік көрсеткіштердің нақтылануына мүмкіндік
береді. Бұл өз кезегінде – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
17
математикалық, техникалық ғылымдардың және эстетикалық білім мен тәрбие
беру саласындағы білімдердің өзара байланыста болып дамуына негіз
болатыны анық.
Қазіргі қоғамымыздағы орын алып отырған әлеуметтік-саяси,
экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-рухани саладағы үдемелі даму –
мектепте берілетін білім мазмұнын түбегейлі өзгерте отырып, оның мазмұндық
және құрылымдық жүйесінің жаңа сипатқа ие болуына алып келді. Ғылыми
ілімдердің үдемелі дамуына байланысты білім беруде оқытылатын әр сала
пәндерінің оқу материалдарын өзара байланыстыра жүзеге асыру басшылыққа
алынуда. Бұл жеке пәндердің ерекшелігін ескере отырып, оған талдаулар
жасауға және басқа пәнмен өзара іштей байланыстыру мәселесін анықтап,
заңдылықтарын негіздеуге мүмкіндік береді. Бастауыштағы оқылатын
пәндердің ортақ тақырыптық жүйемен берілуі – оқушыға берілетін білімдердің
өзара байланысы негізінде дүниені танып-білу құбылыстарының өзара
байланысын, оның заңдылықтарын ашуға негізделген. Пәнаралық байланыс
ғылыми білімдердің ықпалдасу үдерісінің нығаюына, беки түсуіне алып келеді
және дүниені танудағы ақиқат пен шындықтың өзегіне айналады.
Интеграциялық жүйенің орын алуы – барлық пәндердің мазмұндық
құрылымындағы білімдер жүйесін топтастыру, жинақтау, біріктіру мен
кіріктіру үдерісі бір ғана пән немесе оқулық түрінде орын алуы емес, берілетін
білімдердің мазмұндық ортақтығы және олардың оқушы тұлғасын дамытуға
қажетті және тиімді құрал ретінде қазіргі сұранысты қанағаттандыруы. Бұндай
құбылыстың орын алуын философиялық тұрғыдан қарағанда, ғылыми
ілімдердің негізделген бірлігін көрсете отырып, олардың дамуындағы тарихи
қалыптасқан дербес бөліктерінің жойылып кетуін жоққа шығарады, яғни, ең
алдымен жекелеген ғылымдардың сан ғасырлық бытыраңқылығын толық
жоюға мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеулерді үйлестіріп, олардың бірлігін
ғылыми жағынан негіздейтін әдіснамалық ортақтығын дәлелдейді. Яғни, қазіргі
уақыттағы ғылыми танымның алдында тұрған келелі көкейкесті мәселелерді
шешуге кешенді тұрғыдан келу – жалпы біртұтас ғылыми дүниенің бейнесін
жасаумен сипатталады.
Қазіргі уақыттағы ғылымдарды интеграциялау барысында оларды
жинақтау мен құрудың негізінде нысандық бағыттағы дүниетанымдық
болмыстарының ұқсастығы ғана емес, олардың кейбір қасиеттері мен
заңдылықтарының ортақ үйлесімділіктерінің бар болуы, ішкі және сыртқы
құрылымдық жүйелерінің туыстық немесе жақындық мәселелері жатыр.
Б.М.Кедров «Жекелеген табиғи ғылымдар бұрынғы натурфилософиядан
бөліне бастағаннан-ақ, осы бөлінуден оларды қандай да бір жүйеде ұстауға
деген ұмтылыс туа бастайды» деп ғылыми тұрғыдан негізделген ой түйіндерін
айтқан еді [42].
Ә.Мұханбетжанова
өз
зерттеулерінде
«ғылымдардың
қазіргі
интеграциялану үдерістері кейбір құбылыстар бойынша барынша жоғары
(пәнаралық байланыстар) дәрежеде өтуде, оларды дерексіздендірудің жалпы
заңдылықтарын анықтау ретінде түсіндіруге болады», – деп негіздейді [43].
18
Ғалымның ғылыми пайымдауы бойынша ғылыми білімдердің
интеграцияға түсуі – философиялық танымдағы дүниенің бірлігі туралы
заңдылықтар мен қағидаларының өзара байланысты сақтауы және ғылыми
білімдердің дүниені танудағы кешендік әрі, нақты жолы ретінде анықталуы.
Қазіргі
ғылымдардың
үдемелі
даму
үдерісі
–
мемлекеттік
құрылымдардың
өсіп-өркендеуіне
өз
ықпалын
тигізуде.
Ғылымды
интеграциялау негізінде олардың дифференциялануы /сандық салалануы/ мен
даралығының белең алуы, ғылыми танымдағы немесе олардың заңдылықтарын
негіздейтін құбылыстарды қамту ой аумағының кеңеюі, ғылыми-техникалық
саланың жаңашылдығына байланысты өмірлік тәжірибедегі көкейкесті
мәселелер
мен
жаңаша
міндеттердің
туындауы,
күрделілігі
және
көптүрлілігінің
заманауи
сипат
алуына
байланысты
ғылымдарды
интеграциялауды қажет етуде. Яғни, туындайтын көкейкесті мәселелерді
қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдермен зерттеп, қарастыру оң нәтижелерін бере
алмайды, түрлі қиындықтарға соқтыруда. Бұл өз кезегінде ғылымдарды
интеграциялаудың жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Бұндағы мән беретін өзекті мәселелердің бірі – дифференциялануға
/сандық салалануға/ көңіл бөлу. Себебі, зерттеу жүргізу барысында
интеграциялық заңдылыққа аса мән берілмей, тек дифференциялануды /сандық
салалануды/ басты бағытқа алу кері әсерлерін тигізгендігі анық. Мәселен,
Б.П.Эрдниевтің «2000-жылдары барлық пәндер интеграциялануы тиіс» [44], –
деуі, берілетін білімдердің сапалық деңгейінің төмендеуіне және кейбір
туындаған көкейкесті мәселелердің шемімін табуда зерттеу жұмыстарында
қолданылатын әдістердің мүмкіндіктерінің аумағының тарылуын көрсетеді.
В.А.Энгельгардт болса «интеграция – бұл мақсат емес, ол таңдалған
жол», – деп негіздейді. Ғылымды интеграциялаудағы үйлесімді сәйкестік –
білім мазмұндарының өзара сабақтастығында танымдық дүниені біртұтастық
негізде түрлі заңдылықтар негізінде меңгертуге мән беру болып табылады. Бұл
өз кезегінде дифференциялану /сандық салалану/ мен интерациялауды
мақсатты бағыттау болып табылады, өмірдің заңдылықтары мен құбылыстарын
тану бағытындағы ғылыми ізденістердің кешенді, әрі тура жолы ретінде
қарастырылады. Дифференциялану /сандық салалану/ мен интеграциялау –
зерттеу мен ойлаудың қарама-қарсы бағыттарын ішкі диалектикалық бірлікте
үйлестіру арқылы қоршаған өмір шындығы мен дүниені танудың ақиқаттық
жолы екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзатқа тән таным
дүниесінің екі бағыты немесе ағымы көрініс табады. Бірінші бағыты, қоршаған
өмір дүниесінің бүтіндігі мен бірлігі және біртұтастығы болса, екіншіден, бүтін
дүниенің /материалдық/ қозғалыстық заңдылықтары мен сан түрлі қасиеттері,
көптүрлілігі бейнесіндегі жекелік сипаттағы құрылымдары мен нысандарын,
жекелік заңдылықтарын танып білу. Бірінші бағыттық ағым – сұрыптау үдерісі,
интеграциялық жүйедегі таным болса, екінші бағыттық ағым –
дифференциялану /сандық салалану/ үдерісі мен мамандануды негіздейді.
Дегенмен, ғылым мен ғылыми танымдағы дифференциялану /сандық салалану/
19
және интеграциялану үдерістері өзара бірліктің заңдылықтарына тәртіптік
тұрғыдан бағынады [45].
Аталып отырған екі жағдайға мән берсек, онда алғашқы бағыттағы
сұрыптау – ғылым дамуының бастапқы кезеңінде жетекшілік қызметке ие
болу жағдайында орын алатын нәрсе. Интеграциялық үдеріс – бұл ғылым
дифференциялануының /сандық салалануының/ ең жоғары деңгейіндегі жүзеге
асатын құбылыс. Бұндай құбылыстың пайда болуы жаңа ғылыми пәндердің
өмір тәжірибесінің енуіне алып келеді. Жаңа пәндердің пайда болуы ғылымды
танудағы жүйесіздік пен шашыраңқылыққа алып келмейді және оны
сипаттамайды, керісінше ғылымның жүйелі және жаңа деңгейден көріне
отырып, талдануына әрі зерттелуіне себепші болатын құбылыс болып
табылады. Пайда болған жаңа пәндер жүйесі интеграциялық үдерісте болып,
түрлі ғылымдардың зерттелу нысандарын айқындап беруге негіз болады.
Бұндағы ескерілетін жағдай - дифференциялану /сандық салалану/ үдерісі
көпшілік жағдайда стихиялық көріністе болады. Қоршаған дүниенің
заңдылықтары мен құбылыстарының қасиеттік қырларын бейнелейтін
болмыстағы ақиқаттық пен шындықты танудағы зерттеулер нысандары сәйкес
келетін, теориялық қағидалар мен әдіснамалық құралдар жүйесін анықтау
барысында да стихиялық сипатта көрініс табатынын ескерген жөн. Яғни,
интеграциялану арқылы жүргізілетін ғылыми таным өте күрделі құбылыс.
Танымды жүзеге асыруда бағытты зерттеуді жүзеге асыратын әдіс түрлері мен
олардың жүйесін сұрыптауды іске асыру мақсатында жеке ерекшеліктеріне
сәйкес, түрліше ой-тұжырымдамаларды, көзқарастық ұстанымдар мен таным
әдістерін, сондай-ақ, пәнаралық байланысқа жан-жақты, түрлі қырынан келуге
ықпал жасайды. Танымдағы үдерісте болатын абстрациялық түсініктер
негізінде теориялар мен келелі мәселелердің түйіндерін, шешімдерін табудағы
мақсаттылық әрекеттерде теориялық және әдіснамалық құралдар жасауға негіз
болады. Бұл түрлі ғылыми пәндердің мазмұндық құрылымындағы білімдердің
жүйелік және сапалық жағынан өзара ықпалдасу мен кіріктірілу үдерісі ретінде
басшылыққа алынатын философиялық көкейкесті мәселе болып табылады.
Білім беру бағытында жаңа пәндердің пайда болу жағдайы
дифференциялану /сандық салалану/ үдерісіне ғана емес түрлі ғылым
салаларының интеграциялануына алып келетінін көре аламыз. Ғылымның
дифференциялануы /сандық салалануы/ қай кезде болмасын интеграциялану
үдерісін жүзеге асырушы негізгі тетік ретінде, межеленген нәтижеге жеткізетін
құрал қызметін атқарады.
Рудольф Урбанектің айтуынша, «ғылыми танымдағы интеграция үдерісі –
дифференциялану /сандық салалану/ нәтижесінде ғылыми пәндердің өзара
әсерлесу барысында жүзеге асырылатын сұрыптауды қамтамасыз ететін
күрделі, түрлі зерттеу әдістердің жүргізілу заңдылықтарына сүйенетін, жаңаша
тәсілдер мен амалдары, технологиялар кешені» [46].
Білім беру философиясы тұрғысынан келгенде, ғалымдардың алдында
ғылыми білімдер сұрыпталуының теориялық және әдіснамалық құралдарын
жасау міндеттері, әр ғылым жекелігінде пайдаланылуға енгізілген яғни,
20
жасанды жолмен түзілген зерттеу әдістерінің мәнін ашу, атқаратын қызметі мен
қажеттілігін түсіндіру мәселелерінің орын алуының негізі – ғылыми
білімдердің теориялық сұрыпталуы мәселесі тұр. Бұл ғылымдардың
интеграциялануы мен дифференциялану /сандық салалану/ бағытындағы
мәселемен тікелей байланысты. Бұнда түрлі ғылымдардың өзара ықпалдастық
байланысы мен пәнаралық қатынастар ғана орын алмайды, сонымен бірге
/эмпирикалық/ тәжірибелік материалдарды теориялық жағынан байланыстыру
бағытындағы пәнішілік, оқу материалдарының мазмұндық жағынан кіріктірілуі
тұрғысындағы ауқымды үдерістер жүзеге асырылады. Интеграциялануға
қатысты атаулық ұғымдар, ғылыми негізделген теориялық қағидалар
тәжірибелерде көрініс тапқан түрлі пәндердің өзара байланысу үдерісінің
заман талабына сай іске асырылуын сипаттайды.
Адамзат өміріндегі ғылымның және оның білімдер жүйесінің пайда
болуының негізі танымдық дүниені дамытудағы интеграциялық үдерістермен
біртұтас байланыста болады, басқаша айтқанда, ғылымның өзін –
интеграцияланудың табысы деп түсінуге болады. Ілгерілеу мен дамудың орын
алуы және интеграциялық үдерістің себепшісі – қоғамдық құрылымдық
жүйедегі
өзгерістердің
пайда
болуы
және
оларды
ғылымдардың
интеграциялануы күйіне түсіретін себеп-салдар мен ықпал жасаушы жағдаяттар
ретінде қарастыруымызға негіз болады.
«Интеграция – қандай да бір жекелеген элементердің біртұтас болып
бірігуі, қандай да бір бірліктің қайта құрылуы» [47].
С.К.Сейітқалиев: «Қазақстандағы білім беру интеграциясының пайда
болуы келесі факторларға байланысты: заңнамалық база жеткіліксіз және
қарама-қайшылықтар болғанда, экономикадағы дағдарыстарда
жүзеге
асырылады, бірақ ол балалардың құқығын шектемейді» [48].
Ғылымдардың интеграциялану мәселесінің теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан шешу жолдарымен бірқатар отандық ғалымдар да айналысқан
болатын. Мәселен, А.А.Бейсенбаева, А.Д.Болтаев, Н.А.Оразахынова –
пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелерін,
А.Р.Бектеньярова, Р.К.Аббасова, Н.Жапанбаева, О.К.Шайхеслямова – жалпы
білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі интеграция мәселесінің
педагогикалық негізін қарастырса, М.А.Абсатованың еңбектерінде интеграция
идеясының қалыптасуы мен даму тарихы баяндалады, ал Ғ.К.Шолпанқұлова,
Г.А.Меңдіғалиева жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе
интеграциясының педагогикалық негізін, Ә.Мұханбетжанова бастауыш білім
мазмұнын интеграциялау мәселесін зерттеу нысанына алған. Бұл еңбектер
республикадағы қазіргі білім берудегі және педагогика ғылымындағы
интеграция құбылысын ғылыми тәжірибелік тұрғыдан айқындауға бағытталған
зерттеу жұмыстары болып табылады [49].
Зеpттеyшiлеpде ғылымдардың интеграциялануы және ондағы орын
алатын пәнapaлық бaйлaныc жөнiндегi мәселелерге, жaңa қызметтік қыpлapын
көpcететiн aнықтaмaлapғa бacқa тұpғыдaн келy бaйқaлaды. Ғалымдар
21
интеграциялану үдерісін пәнapaлық, ғылымapaлық ұғымдapдың дидaктикaлық
бaлaмacы ретінде түciндipедi.
Бүгінгі біздің қоғамның еуропалық білім беру үдерісімен ықпалдасу
жағдайы мен ғылыми білімдердің, технологиялардың озық үлгілерін терең
игеру үдерісінде мектептегі білім беру бағдарламаларының жаңа сипатқа ие
болуы – білім беруде түрлі ғылым салаларының өзара байланысын
интеграцияланудың жаңа дәрежесі ретінде көрініс табуын талап етіп отыр.
Осыған орай, ғылымдардың интеграциялануының негізінде пәнаралық
байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы ғылымдық және арнайы
дидактикалық негіздері арнайы қарастырылуда. Пәнаралық байланыстың
философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бір-бірімен
өзара байланысы туралы тұжырымдалған әлем, қоршаған орта т.б. білімдердің
де өзара байланысты болатыны заңдылық болып табылады және ықпалдасу
арқылы адамның біртұстастық таным дүниесінің дамуына ықпал жасайды.
Яғни, объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан,
оны танып білуде де ғылымдар арасындағы интеграциялық үдеріс қажет.
Жалпы білім беретін оқу пәндері әр ғылымның логикасына
сүйенетіндіктен болар, бір-бірінен өз алдына дербестеніп немесе алшақтанып
кетпейді. Сондықтан ғылымның міндеті – өзара байланыстылықты танып-
білу. Бұл оқyшылapдың дүниетaнымын қaлыптacтыpyғa негiз бoлaтын
тaбиғaттың, қoғaмның, aдaм oйының дaмy зaңдылығын диaлектикaлық және
тapихи дүниетаным негiзiнде қaбылдaп, теopиялық тaнымдық бiлiммен
қapyлaндыратын құрал және адамның танымдық дамуына өзек болатын қүрделі
құбылысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру жолы болып табылады.
П.Ф.Федосов интеграцияны ғылыми танымның әдіснамалық негізінің
жалпылығы және оның әрдайым, үздіксіз даму үстіндегі органикалық
сұрыпталуы деп дәлелдейді [50].
М.Г.Чепиков интеграцияны – ғылым мен ғылыми білімдердің өзара
қарқынды, әсерлі байланысы, жалпы идеялардың, әдістер мен тәсілдердің және
құрылымдық мазмұндарының кеңінен қолданылуы арасындағы олардың өзара
ықпалды әсер етулері, қоршаған дүние шындығын танудағы ақиқаттыққа жету
барысындағы зерттеу: белгілі бір қалыптасқан, үнемі жетіліп отыратын таным
нысандарын және оны айқындау негізінде білімді баянды ету деген [51].
«Интеграциялану» атаулық ұғымына Б.М.Кедровтың берген теориялық
анықтамасы: «интегративтілік – қазіргі ғылымның маңызды белгісі: бұл оның
жаңаша ұйымдасуын ғана көрсетпейді, сонымен бірге, ішкі мазмұнын, жаңа
зерттеу пәнін және оның барлық қырларын, өзара іштей байланыстары
негізінде бір уақытта біртұтас беріктікті көрсететін басты шарттың бірі болып
табылады» – деп түсіндіреді [52].
Интеграция ұғымының мазмұнын «бір объектіні зерттеуге қолданылатын
әдістердің, қағидалар мен идеялардың мүлдем басқа объектілерді зерттеу үшін
қажетті және тиімді болатын әртүрлі ғылымдармен байланысы», – деп И.Г.
Герасимов түсіндіреді [53].
22
«Түрлі білімдер жүйесіндегі біртектілік негізіндегі зерттеушілік
міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырудағы бірыңғай әдістер жүйесін
таңдауды көздейтін ғылымдардың өзара ықпалдасу әсерінің нысанын
қарастыруды интеграциялық үдеріс деп түсінуіміз керек», – дейді Рудольф
Урбанек /чех философы/.
В.А.Энгельгардт интеграция ұғымдық атауын ашуды үш құрам
тұрғысынан түсіндіреді.
Біріншіден, бұл түрлі ғылымдардың дүниені тану бейнесіндегі ұқсастық
немесе жақындық бөліктерінің арасындағы өзара ықпалды байланыстың орын
алуы.
Екіншіден, танымды танудағы біртұтастық бейне құрамына енуде кейбір
бөліктердің өзіне тән қасиеттерінен айырылуы.
Үшіншіден, ғылымды интеграциялау негізіндегі пәнаралық байланыстар
арқылы дүниені танудағы білімдер топтамасы арқылы біртұтастық жүйеде
пайда болған жаңаша құрама бөліктер мен оның қасиеттерін тәртіпке келтіру,
кеңістік пен танымдық әрекеттер жағдайында өзара байланыстығын ашу деп
пайымдайды.
Интеграция белгілі бір жүйенің қозғалыс және даму үдерісі болып
табылады. Онда құрамдық бөліктердің өзара ықпалдасу жағдайы орын алады,
олардың өзара байланысы артады, бір-бірімен салыстырмалы жүретін жеке
ерекшеліктеріне тән қасиеттер жойылады. Бұндай құбылыстың орын алуы -
өзара әсерлесу мен ықпалдасудың жаңа деңгейіне көтеріліп, бұл жүйеде бұрын
болмаған жаңа нысандардың пайда болуына алып келеді. Жаңаша әсерлесу мен
ықпалдасудың негізінде заңдылық деп аталатын маңыздылық пен мәндікті
көрсететін қажетті байланыс жатады. Интеграциялану үдерісінің дамуы өзге
немесе басқа бөліктер мен қасиеттердің және құрамалық бөліктер мен
бөлшектердің біртұтастыққа бірігу қызметін де атқарады.
А.А.Бейсенбаева өзінің ғылыми диссертациялық жұмысында: «ғылымдар
интеграциясы дегеніміз – бұл екі ғылыми элементтерінің жай қосылуы емес, ол
табиғат заңдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеде олардың
жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі», – деген анықтамасын береді [54].
Яғни, интеграциялық үдерістің жеке даралығы ғана емес, олардың
топтасу, тоғысу, өзара ықпалдасулары мен байланыстарын зерттеу оң нәтиже
береді деп тұжырымдауға негіз болады. Біз зерттеуімізде адамға берілетін
жаңаша білімдердің мазмұндық нысандары мен әдістерінің жаңа құбылыстық
үдерістерге тән бейімделуі мен сипат алуын интеграциялану құбылысының
мәнді және маңызды белгілері деп атай аламыз. Ю.С.Тюнниковтың ғылыми
көзқарасында интеграциялану үдерістерінің бес белгісі аталады:
1. Интеграция бұрын әртүрлі элементтердің өзара әсерлесу негізінде
құрылады.
2. Интеграция өзара әсерлесуші элементтердің сапалық және сандық
өзгерістерімен байланысты болады.
3. Интегративтік үдерістің өзіндік логикалық-мазмұндық негізінің болуы.
4. Интегративтік үдерістің өзіндік құрылымының жасалуы.
23
5. Интегративтік
үдерістің
педагогикалық
бағыттылығы
және
салыстырмалы даралығы» [55].
К.П.Королева интеграциялық үдерістер шарттарын үш бөлікке бөліп
қарастырған болатын:
1. Әр ғылымның өзіне тән тәуелсіз құрылымдары арасында өзара
байланысқа ие болуы негізінде біртұтастық жүйенің пайда болуы.
2. Түрлі құрылымдар арасында жаңа тұрғыдағы байланыстардың орын
алуы.
3.Бұрыннан
бар
болған
құрылымдық
құрамалар
арасындағы
байланыстардың күшеюі, яғни, жаңа деңгейге ие болуы [56].
Ғылымдардың өзара байланысуы арқылы интегративтілік үдерісі орын
алады да, оның заңдылықтарын тануда құрылымдық, байланыстылық және
олардың мән-мағынасын ашуға бағытталған атаулық ұғымдар (терминдер)
қолданылады. Бұлар интегративтілік үдерістің жүйелік сипаттарын негіздей
отырып, оған тән белгілі бір қырлары мен заңдылықтарын және логикалық
тәртіптілігін анықтап көрсетуі керек. Яғни, ғылымдардың интеграциялану
үдерісінің орын алуы деген түсінікті оның математикалануы деп қабылдауымыз
қажет. Себебі, бастауыш білім беру кезеңінде оқушылардың қоршаған ортаны
тану үдерістері математикалық қарапайым тәсілде орын алады. Мәселен,
бастауыш сынып оқушысының әлемді ғылыми тұрғыдан тану жолдары
салыстырмалы түрде болып, математикалық логика жүйесіне бағынады және
жүреді. Яғни, қарапайым танымнан ғылыми танымға өту жолы орын алады.
Қазіргі білім беру жүйесінде әлемнің біртұтастығын тануда кешенді
білімдердің маңызды орынға ие болуы – пәнаралық байланыстың болуын талап
етеді.
Болгар педагогы И.Марев - Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегіне
талдаулар жасай келе, «Білім беру мен оқыту /дидактика/ саласында
интеграцияның ғылыми көрініс табуы педагогика ғылымының өсіп-өркендеуі
мен дамуының негізі болды және білім берудің тарихында алғаш рет
интеграциялық үдерістің пайда болуы мен оған тән классикалық дидактикада
ұғымдық түсінік беріле отырып, оның мәні жағынан теориялық қағидалардың
орын алуына себеп болды», – деп, түйіндейді [57].
Бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерістерін ұйымдастыруда
оларға қажетті білімді беру арқылы оқушылардың қоршаған орта мен әлемді
ғылыми тұрғыдан тану негізіндегі дүниетанымдарын дамыту – дидактикалық
зерттеулердің өзекті және мақсатты бағытталған нысаны ретінде мәнге ие.
Дидактика – педагогика ғылымының білім беру мен оқытудың жалпы
теориялық саласы ретінде оқылатын пәндердің мазмұнына енетін оқу
материалдарының білімділік деңгейі /сыныптар бойынша және оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескеру заңдылықтарына сүйене отырып/ мен оны
ұйымдастыру формалары, заңдылықтары мен принциптері, оқыту түрлері,
білім мазмұнын оқыту әдістерін анықтап алғаннан кейін оқушы тұлғасының
дамуына ықпал жасай алады.
24
Қазақтың
ғалым-психологы
Ж.Аймауытов
бастауыш
сынып
оқушыларына білім беру мен оқытудың жолдарын қарастыру барысында
педагогика ғылымының негізгі бөліктерінің бірі – дидактика мәселесіне ерекше
көңіл бөліп, қарастырған болатын. Мәселен, «Баланы оқытудың ережелерін,
заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін таңдап, білімді тез меңгеру
жолдарын көрсететін педагогиканың саласы – дидактика», – деп, қазақ тілінде
алғашқы болып анықтама берген ғалым болды. Ж.Аймауытов білім беру мен
оқытуда пәнаралық байланысты басшылыққа алу қажет екендігін айтады. Бірақ,
жеке пәндердің оқу материалдарындағы білім мазмұндарын қалай болса, солай
араластыра беру болмайтындығына да мән беру керектігін ескертеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда ортақ тақырыптардың болуын және
осы негізде іске асыру мен білім беру тиімді нәтиже беретіндігіне баса назар
аударған. Ғалым-психолгтың негіздеуі бойынша, пәнаралық байланыстағы
білім берудің негізгі пәні ретінде ана тілі басшылыққа алынады, себебі
оқушының ғылыми дүниетанымын дамытуға ұсынылатын немесе оқылатын
оқу материалдары бала-оқушының өмір табиғатына жақын болуы маңызды
болатынын түсіндіре келе, «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл дүниеге,
өзгенің және өзінің өміріне саналы көзімен қарай білсе, міне, білім берудің
көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетіліп,
толысуына берік негіз салуы керек. Адамның тәрбие әлемінде тілдің орны
ерекше: адам ойы тіл арқылы бейнеленеді, демек, тілді үйрену, терең меңгеру
арқылы кемелдендіреді, әр халықтың дүние тануы тілінен көрінеді. Жат
жұрттың тілін үйренумен бірге адам сол жұрттың рухани дүниесімен таныс
болады. Бөгде жұрттың дүниеге көзқарасын, өзге сыр-сипаттарын білу ақылды
байытады. Жат пікірді білу – жат пікір, жат сезім, жат ым дариясына жүзумен
тең... . Оқылатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып орап алатын
пән – ана тілі екендігі даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай өзге пәндерді
түсіну мүмкін емес...» – деуі, ана тілі арқылы меңгерген білімдері арқылы
оқушы жеке ғылымдарда кездесетін ұғымдардың мәнін түсінеді, сырын ашады,
түрлі ғылымнан білім беретін оқу пәндерінің материалдарына терең бойлай
отырып ойланады, дамиды, өздігінен логикалық құрылым жасай алады, оларды
толық меңгеруде ана тілі пәнінің өзек болатындығын дәлелдейді [58].
Уақыт өте келе, педагогика ғылымының бағытында пәнаралық
байланысқа ерекше мән беріліп, көптеген зерттеуші ғалымдар интеграцияны
дидактиканың принциптерінің бірі ретінде қарастырып, түсіндіруді де
басшылыққа алған болатын. Ондағы ғылыми негіздегі ой-тұжырымдамалар:
«Пәнаралық байланыс оқу үдерісінің нақты шындықтың байланысын көрсете
отырып, объективті дүние заңдылығын көрсету және өзінің философиялық
мазмұны, әдісі мен нысанын анықтайды... Сондықтан да пәнаралық
байланысты кеңестік педагогика (дидактиканың) принциптерінің бірі деп
есептеуге толық негіз бар» [59].
Пәнаралық байланыстың өзіне тән сипат алуына дидактикалық принцип
ретінде қаралуы ықпал жасады. Дидактикалық принциптерге тән ортақ
ерекшеліктері: білім беру үдерісіне жалпылық тұрғыдан әсер етуді басшылыққа
25
алса, онда жеке пәндік және пәнаралық өзара байланыстың мазмұндық мәні
түрленеді, қалыптасқан пәнаралық байланыстарда пәндердің топтастырылуы
мен шоғырлануында жеке пәндік оқу материалдарының ерекшеліктеріне сай
білім беруді жүзеге асыруда тек жанама ықпал жасаушы сипатта болады.
Дидактикалық принцип ретінде қаралуы – педагогикалық барыстарда оқу
үдерісінің біртұтастығын құруға пәнаралық жүйенің ықпалы – пәндердің
топтасуы мен шоғырлануын жоққа шығару емес, осы арқылы оқу
материалдарын үйлесімдігін және сапалық деңгейін көтерудегі – ұласымдылық
пен сабақтастық тұрғысындағы ғылыми түсініктердің орын алатындығы.
Жоғарыда баяндалғандай, ғылымдардың интеграциялану негізіндегі
құбылыстар – түрлі ғылым негіздерінен білім беретін пәндердің оқу
материалдарының өзара байланысын іске асыру жолдарына алып келеді, яғни,
пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Қазақстандық білім берудің
жаңартылған бағдарламасындағы әсіресе, бастауыш сыныптардағы оқыту және
оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтардың бірі – ол пәнаралық
байланысты «ортақ тақырыптар» негізінде жүзеге асыру болып табылады.
Бастауыш сыныптарда «ортақ тақырыптар» негізінде түрлі пәндерді
байланыстырудың басты мақсат-міндеттері – оқушылардың қоршаған орта
жөніндегі дүниетанымын ғылыми тұрғыдан дамытуда берілетін білімдер
жүйесін жеке-жеке, шашыраңқылықта емес, жүйелеп береді, яғни,
оқушылардың танымдық дамуына кешендік білімдер жүйесі арқылы ықпал
жасау болып табылады.
В.В.Богословский «Тaбиғaтқa деген көзқapaстың жиынтығы, жеке
aдaмның дүниетaнымдық-қоғaмдық өмipдiң әp түpлi қыpлapынa және жеке
тұлғаға деген қapым-қaтынaсы, қоғaмдық тұpмыс оның дүниетaнымының
қaлыптaсуынa көп әсеp етедi. Бұл, әсеp aдaмдapдың шынaйы қapым-
қaтынaсындa, олapдың қоpшaғaн оpтaдaғы iс-әpекетiнде aйқын көpiнедi», – дей
келе, «ғылымилық, жүйелiлiк және тұтaстық, логикaлық, бipiздiлiк және
дәйектiлiк, жaлпылық, нaқтылық iс-әpекет сaқтaну еpежелеpiн оpындaу apқылы
қоpшaғaн оpтaдaғы тaбиғaт құбылыстapымен бaйлaнысы aйқындaлaды», – деп
білім берудегі пәнаралық байланыстың психологиялық негізін ашты [60].
Бұл тұрғыда тұжыpым жaсaуы – жеке дамуға қоршаған орта
ықпалдастық заңы негізінде өзара байланыста және біртұтастық жүйеде әсер
ететінін негіздейді. Бұл өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымын дамытуда білім беруді пәнаралық байланыстар жүйесімен іске
асыру қажеттігін дәлелдей түседі. Бастауыш білім беру кезеңінде пәнаралық
байланыстар негізінде білім беру мен оқытуды іске асыру - оқушының
танымдық іс-әрекетін мұғалімдер тарапынан жүйелі ұйымдастыру болып
табылады, яғни, педагогикалық үдерісті ғылыми және шығармашылық негізде
басқару деп тануға болады. Ал, оқушының танымдық ой-өрісінің қалыпты
дамуын бақылау мен бағалау, яғни, игерген білім нәтижелерінің қорытындысы
оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастар арқылы көрініс
табатыны анық. Оқушы тұлғасының дамуында қоршаған орта заңдылықтарын
ақиқаттық шындық тұрғысынан танып, білуіндегі білімдер жүйесі математика,
26
жаратылыстану, т.б. пәндер негізінде берілсе, эстетикалық тәрбиемен
қаруландыруды білім беру – бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, музыка, көркем
еңбек т.б. пәндер жүйесі атқарса, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, т.б.
пәндер топтамасы оқушылардың игерген ғылыми білімдерінің теориялық,
тәжірибелік және олардың тарихи даму жолындағы жүйелілік дүниесін аша
отырып, оқушылардың тұлғалық болмысының дамуына кешенді тұрғыдан
ықпал жасап, өз қызметтерін атқарады. Бастауыш сыныптардағы «ортақ
тақырыптар» жүйесімен білімдердің берілуі – оқушылардың ғылыми танымдық
жүйесіне кешендік ықпал жасауды жүзеге асыра отырып, дамудың логикалық
бірізділік пен сабақтастық тұрғыдағы ұласымдылықты жүзеге асыру.
Қaзaқ педaгoгы М.Жұмaбaев өзiнiң «Педaгoгикa» деген еңбегiнде
бaлaлapдa cұлyлық cезiмдеpiн қaлыптacтыpy жөнiнде былaй жaзaды: «Бaлaның
мaңaйындa cөйленетiн cөздеp әдептi, cұлy бoлyғa тиicтi. Бaлaны cұлy
иcкyccтвoмен теpең тaныcтыpy кеpек. Бaлa неше түpлi cұлy үндеpдi еcтiciн,
неше түpлi cұлy түpлеpдi, түcтеpдi көpciн, cұлy cөздеp, cұлy өлеңдеp жaттacын.
Түpлi мyзыкa құpaлдapының үндеpiн тыңдacын, cypет caлып үйpенciн. Ән
caлып, мyзыкa құpaлдapындa oйнaп үйpенciн. Мiне, ocылapды icтеcе, бaлaның
cұлyлық cезiмдеpi өpкендейдi» – деп,пәнаралық байланыстың бастауыш сынып
оқушылары үшін қаншалықты керек екендігін негіздеп берген [61].
Бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі – ғылымның,
мәдениеттің, дүниені ақиқаттық пен шындық тұрғысынан танудағы ғылыми
танымдық үдерісінің жаңа сапалық деңгейімен қатар, ғылыми техниканың
қарқынды даму деңгейіне сәйкес келуін талап ететіні. Білім беру мазмұнының
бағыты ғылымдардың өзара байланысқан жүйесін басшылыққа ала отырып,
қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік сана дамуының жаңаруына тікелей ықпал
жасайды, ал бұндай құбылыстың бастау өзегі болатын саты – бастауыш білім
беру жүйесі. Осы негізде қоғамдағы мәдени және әлеуметтік сана мен
экономикалық дамудың негізінде білім беру жүйесінің жаңару сипатының орын
алуы бастауыш білім беру кезеңіндегі оқыту үдерістерінде пәнаралық
байланыстың ерекше педагогикалық сипат пен мәнге ие болуына алып келді.
Пәнаралық байланыс – түрлі пәндердің оқу материалдары арасындағы
өзара байланыстылығында, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес берілетін
білім мазмұнының жүйесін анықтау шарты және білім беру мен оқыту әрі оқу
іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың талабы болып табылады.
Педагогикалық үдерісте бұндай құбылыстың орын алуы – оқушы үшін
қоршаған ортаның немесе әлемнің біртұтастық бейнесі мен бірлігін
бейнелейтін
ғылыми
білімдер
арқылы
дүниетанымдық
жүйесінің
қалыптасуының шарттары мен міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Оқу
пәндерінің құрылымдық жүйесіне енетін оқу материалдарының топтамалық
жүйесі табиғат, қоғам және адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас жөніндегі
білімдер мазмұнының біртұтастығы. Яғни, пәнаралық байланыс оқушылардың
танымдық үдерісінде әлемге, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарастық
қызметінің қалыптасу мен дамуында маңызды және шешуші орынға ие болады.
27
Дүниетану – объективтік әлемге және ондағы орнына, жалпыланған
көзқарасқа, адамдардың қоршаған шындыққа және өз-өзіне қатынасына,
сонымен қатар осы көзқарастар негізінде және шартты анықталған олардың
сенімдері, мұраттары, іс-әрекеттері мен таным принциптерінің жүйесі.
Дүниетану негіздерінде әлемді түсіну жатады, яғни әлем жайлы анықталған
білімдердің жиынтығы.
Дүниеге көзқарас – адамдар, жеке адам іс-әрекетіне терең әсер ететін
әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары
мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниеге
көзқарастың негізі, тұтастай алғанда, қоғамның көп қырлы материалдық өмірі,
қоғамдық болмыс болып табылады. Дүниеге көзқарас – тұлға, әлеуметтік топ,
қоғам мүдделері мен құндылықтары жүйесінде көрінетін табиғат, қоғам, адам,
жөнінде білімдер жиынтығы [62].
В.С.Мухинa «Оқушының қоpшaғaн дүниеге көзқapaсы, оның қaсиеттеpi
мен өзге aдaмдap apaсындa aлaтын оpнымен, үлкендеp тapaпынaн болaтын үмiт
және әсеp ету жүйесiмен aнықтaлaды. Оқушының жеке бaсының дaмуының екi
жaғы бap – оның бipiншi жaғы оқушының қоpшaғaн дүниенi бipтiндеп бiлiп,
өзiнiң одaн aлaтын оpнын түсiне бaстaуы, осыдaн мiнез-құлық мотивтеpiнiң
жaңa типтеpi пaйдa болaды, соның әсеpiнен оқушы белгiлi бip қылық көpсетедi.
Екiншi жaғы – сезiм мен еpiктiң дaмуы. Олap осы мотивтеpдiң ықпaлдылығын,
мiнез-құлықтың тұpaқтылығын және оның сыpтқы жaғдaйлapдың өзгеpiстеpiне
тәуелдiлiгiн қaмтaмaсыз етедi» – деген ой атады [63].
Психологтардың негіздеуінше, баланың және кейін оқушының – әлемдi
түсiнуі жaс кезiнен бaстaлып бүкiл өмip бойы жaлғaсaды. Оқушығa көмек
көpсету отбaсы мен мектептің мiндетi. Олapдың тaбиғaт құбылыстapын түсiну
деңгейi, теpеңдiгi, дүниетaнымдық ұстанымын, оқушылapдың iзденгiш ойын
үлкендеpдiң қaлaй және қaйдa бaғыттaйтынынa бaйлaнысты болaды.
Психологтардың бұндай ғылыми негіздегі пiкipлері бүгiнгi тaңдaғы бала
дамуының заңдылықтарына баса мән бере отырып, қоpшaғaн дүниемен
тaныстыpуды бaстaуыш білім беру кезеңінен бaстaп жүpгiзу кеpек және де
үлкендеpдiң дұpыс ұйымдaстыpғaн жұмыстapынa бaйлaнысты деп негіздейміз.
Ғылымдарды интеграциялау негізінде берілетін білімдерді пәнapaлық
бaйлaныcтар негізінде жүзеге асыруда танымға қатысушының /оқушының,
шәкірттің, білімгердің немесе өзін-өзі жетілдіруге күш салатын жеке адамның/
физиoлoгиялық, пcихoлoгиялық негiзiнiң нәтижеci ретінде бiлiмдеp жүйеciнiң
санада орналасуы aдaмның үнемi aлғa ұмтылyшылығынa жaғдaй тyғызaды дa,
oның шығapмaшылық ic-әpекетiне дaйын бoлa aлaтындығын дәлелдейдi.
Пәнapaлық бaйлaныcтың педагогикалық үдерістегі негiзi – ғылыми
әдебиеттеpде пәнapaлық бaйлaныcтың дидaктикaлық негiзiне oқy пәндеpi
aлынғaн.
Ғылымдapдың
жаратылыстану-математикалық,
қоғамдық-
гyмaнитapлық, эстетикалық тәрбие мен білім беретін және инженерлік-
техникaлық бoлып тoптacтыpылyы, oлapдың зеpттейтiн oбъектiлеpiнiң
opтaқтылығындa, пәндiк қaтынacтapдың бipлiгiне негiзделген. Oлap қoғaм,
тaбиғaт, еңбек caлaлapы бoйыншa бipiктipiледi де, әp пән iшiнде бiлiм
28
icкеpлiктеpіне apнaлғaн мaтеpиaл және oқyшылapдың жaлпы тaным oбъектiлеpi
бip жүйеге келтipiледі.
М.Жұмабаев «Бала тұрмыспен көзбе-көз таныссын оның есінде, жанында
көп білім болсын, жан-жануардың тұрмысын бақыласын, жаратылыстың
тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм бала болмақ»,
– деп, ой топшылауында оқушы дүниетанымының дамуына негізделген
білімдер жүйесі әр пәннен байланыса отырып, кешенді түрде жүзеге асырылу
қажеттілігін айтқан болатын [61].
Қазіргі кезеңдегі интеграцияланудың мазмұны мемлекеттер мен
қоғамдық құрылымдар және ғылымдар аралық, т.б. біздің өмірімізде кеңінен
орын алып отырғандығы анық. Әсіресе, жалпы ғылыми танымдық үдерісті
жүзеге асыруда ғылымдардың ықпалдастығы немесе ғылым негіздерін беретін
пәндердің мазмұндық құрылымын өзара байланыстыру яғни, пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары кең орын алуда. Бұл бізді қоршаған ортаны
тұстастық тұрғыдан тануға және жеке адамдардың танымдық болмысын
жүйелеуге көмектесетіні анық. Оқу үдерісінің барысында бастауыш сынып
оқушылары танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен
шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс
іскерлігі қалыптасады. А.А.Бейсенбаева пәнаралық іскерліктің ұғымын былай
тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген
білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана,
қолдана білу қабілетін анықтайды» [64].
Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы
сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни,
пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады. Мәселен,
философтар,
қоғамдық-гуманитарлық,
жаратылыстану-математикалық,
эстетикалық білім мен тәрбие беру бағыты саласымен айналысатын ғалымдар
мен педагог-психологтар және жеке пән әдіскерлері бірлесе отырып ғылыми
еңбектер жазып, қарастырған және замануи талаптарға негізделген білім беру
мазмұнындағы ерекшеліктерге негізделген жаңаша көзқарастағы озық ойлы
пікірлерін айтуда. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың өзіндік
ерекшеліктері мен заңдылықтары мәселесінде психологиялық, педагогикалық
пәндерді топтастырудың құрылымдық жүйесіндегі әдіснамалық қызметінде
қарастырған. Пәндерге ортақ мәліметтерге, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен
дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай-ақ пәнаралық байланыстар
кең танымдыққа бағыттайтын жан-жақтылық сипатта болады. Өйткені,
олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ, оқушылардың
танымдық болмысын тұтастық ғылыми тұрғыдан дамыту болып келеді.
Бізге дейінгі зерттеушілердің ғылыми ой-тұжырымдамаларына сүйене
отырып, өз тарапымыздан төмендегідей қорытынды жасаймыз: «Ғылымдарды
интеграциялау дегеніміз – заман және қоғам дамуындағы өзгерістерді адам
танымының дүниесінде екі немесе одан да көп ғылымдар топтамасының
бөлімдері, құрылымдары мен қасиеттері және заңдылықтарының өзара
29
ықпалдаса отырып, жаңаша бейнеленуінің пәнаралық байланыс арқылы жүзеге
асыра отырып, адам капиталын дамытатын құралдардың бірі және өзегі болып
табылатын, жаңаша ғылыми айналымға түсетін құбылыс» деп түсіндіреміз
/Саурықова Ж.М./ [65].
Қорытындылай келе, бастауыш білім беру кезеңінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыруды қарастырып өттік. Біріншіден, ғылымдардың
интеграциялануы негізінде пәнаралық байланыстың туындауы ғылыми
заңдылық. Екіншіден, педагогикалық үдерісте пәнаралық байланыстар
негізінде білім беруді жүзеге асыру барысында оқушылардың танымдық
болмысының дамуына кешенді түрде ықпал ету арқылы дүниені тұтастай
тануды қарастыратындығы және олардың өзара ішкі байланыстағы
заңдылықтарын сақтай отырып, тізбектеліп берілуі, үшіншіден, оқушының
танымдық болмысының дамуындағы сана, ақыл-ой жүйесінің қызметтерін
психология ғылымының заңдылықтарына бағынатын күрделі үдеріс ретінде
қарастыра келіп, оның мәнін ашу, төртіншіден, пәнаралық байланыстар
негізінде оқушының тұлғалық болмысының даму деңгейінің көрсеткіштерінің
бірі ретінде тілдік қарым-қатынастың орын алуы – мұғалім мен оқушы
арасындағы байланыстың білімдердің берік бекуінің негізі екендігіне мән беру.
Бұл негіздемелеріміздің барлығы бастауыш білім беру кезеңінің өзіндік
ерекшеліктері мен ондағы пәнаралық байланысты жүзеге асырудағы
дидактикалық заңдылықтарды басшылыққа алу қажеттігін негіздейді. Бұдан
пәнаралық байланыстың негізгі міндеттерінің бірі диактикалық мәселенің білім
беру мен оқыту және оқу үдерісінің дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты аша қарастыруға мән беру керектігіне бағыттайды.
Оқушылардың жеке тұлғалық болмысын тәрбиелеуде – әлемді немесе
қоршаған ортаның бейнесін тұтастықта қабылдауы, олардың білімін жүйелеу,
пәнаралық байланыстар тұрғысынан білім беру арқылы ең маңыздысы – ой
бағытын сатылық құрылымда байланыстыру заңдылық. Бастауыш сынып
оқушыларына дүниенің біртұтастық ғылыми ұғымын бейнелік тұрғыдан
қалыптастыра отырып, жүзеге асыру қажет. Себебі, оқушылардың әлемге,
қоршаған ортаға деген дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру мен
дамытуда орын алатын қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды оңтайлы
шешуге мүмкіндік береді.
Осы негізден пәнapaлық бaйлaныcтың мaңызынa мынaлap жaтaды:
1. Oқy пәндеpі apacындaғы өзapa бaйлaныcтың бoлyы – ғылымдap негiзiн
меңгеpyдiң және бiлiм жүйеciнiң дaмyының қaжеттi шapты.
2. Дүниені ақиқаттық және шындық тұрғысынан танудағы танымдық
көзқapacтың қaлыптacyы бiлiм мaзмұнының бapлық құpaмды бөлiктеpiнiң
бaйлaныcын тaлaп етедi.
3. Пәнapaлық бaйлaныc жaн-жaқты тәpбие беpy жүйеciнiң бapлық
caлaлapын кешенді жүзеге acыpyғa ықпaл жacaйды.
4. Пәнapaлық бaйлaныc педaгoгикaлық еңбектiң ғылыми негiзiнде тиiмдi
ұйымдacтыpылyынa көмектеcедi.
30
5. Педaгoгикaлық ұжымның бapлық ic-әpекетiнiң бip-бipiмен келiciмдi
және демoкpaтиялық негiздегі қарым-қатынасына әcеp етедi.
Пәнapaлық бaйлaныcты жүзеге acыpyда білім алушыға танымдық үдерісті
ұйымдастыруға кешенді келуді және нaқтылы мiндеттi oқy-тәpбие барыстары
apқылы өзіндік заңдылықтары мен қағидаларына сүйене отырып, жүзеге
acыpуды қажет етеді. Пәнapaлық бaйлaныc oқытyдың мaзмұны, әдicтеpi,
oқытyдың ұйымдacтыpy түpлеpiмен ғaнa шектелмейдi. Oл oқyшы мен
мұғaлiмнiң oқy-тaнымдық ic-әpекетiнiң бip бөлiгi бoлып caнaлaды [66].
Бастауыш сыныптардағы білім беру мен оқыту, оқу іс-әрекетін
ұйымдастырудағы оқушылардың тәрбиелік және ғылыми танымдық
түсініктерін дамыту мен дүниетанымдық көқарастарын қалыптастырудағы
теориялық және өмірлік тәжірибелік әрекеттерді үйлестіруде пәнаралық
байланыстың басым бағыттарын көрсетсек:
– оқушылардың педагогикалық үдерістегі орын алатын пәнаралық
байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, ғылыми дүниетанымдық
жұмыстарында белсенділіктерін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін
ұйымдастыру мен жүргізу;
– әртүрлі оқу пәндерін оқыту барысында ұйымдастырылатын
педагогикалық
үдерістің
нәтижесінде
оқушылардың
жеке
ғылыми
дүниетанымдық
болмысын
тәрбиелеу
мен
өзіндік
көзқарастарын
қалыптастыруға ықпал жасау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында пәндердің
оқу материалдарының мазмұндық жүйесінің өзара байланысын орнату, жүзеге
асыру жұмыстарында жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұнына талдау
жасау және мектеп мұғалімдерінің пәнаралық байланыстың тәжірибелік
қызметін басшылыққа алып, пайдалану;
– пәнаралық байланыстар негізінде берілетін ғылыми білімдердің берік
болуының тағы бір қыры ол – мектептен және сыныптан тыс жұмыстарында да
жүзеге асырылуы тиіс. Өйткені, жаңашыл әдістер мен озық тәжірибелерді
жинақтау мен теориялық білімдерді өмірлік тәжірибемен ұштастыра
пайдалануға алып келеді;
– оқушыларға пәнаралық негізінде берілетін білімдер жүйесі мен олардың
ғылыми дүниетанымын тәрбиелеуді жүзеге асыратын жұмыстарға яғни,
педагогикалық үдерістерді ұйымдастыруға мұғалімдердің дайындық деңгейін
білу.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық дамуы жалпы
жағдайларға икемделіп, білім беру кеңістігіне бейімделуі керек. Осы бейімдеу
үдерісінде оқушының танымдық дүниесінің қалыптасуы мен дамуы – бұл
пәнаралық байланыстағы білім берудің міндеті. Екінші жағынан, білім берудің
әдістемелік, материалдық, ақпараттық аспектілерін құраушылардың барлық
заңдылықтарды ескеруі және оқушылардың кешенді тұрғыда берілетін
білімдерді игеруге икемделуі тиіс, яғни, бұл бастауыш сынып мұғалімінің
педагогикалық үдерісті ғылыми негізде ұйымдастыра білу шеберлігіне тәуелді
болмақ.
31
Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқытуда оқушылардың білім, білік,
дағдыларын дамыту жұмыстарының бағытында пәнаралық байланыстар
маңызды мәнге ие болатындығын төмендегідей көріністер дәйектейді:
– пәнаралық байланыс әр түрлі оқу пәндерінің бір-бірімен өзара ішкі
заңдылықта әсерлесулері негізінде дамуына ықпал жасайды және оқушылардың
ғылыми дүниетанымдық болмысының ауқымын кеңейтеді, олардың танымдық
жолдағы белсенді іс-әрекеттеріне өзек болады;
– оқу материалдарындағы берілетін білім мазмұнындағы барлық
құрамалық бөліктердің өзара байланыста болуы – бастауыш сынып
оқушыларының жеке тұлғалық дамуына, ғылыми-танымдық дүниесінің
қалыптасуына оң ықпалын тигізеді;
– пәнаралық байланыс бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық
үдерістерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми негізде
ұйымдастыруға және өткізуге ұйтқы болады;
– пәнаралық байланыстар бастауыш сыныптарда оқытылатын оқу
пәндерінің аясындағы атаулық-ұғымдар мен жетекші идеялық қағидалар,
деректер, т.б. ортақ тақырыптар жүйесімен беріле отырып, ғылыми таным әдіс-
тәсілдерінің өзара байланысын орнатады және дидактикалық талаптар
тұрғысынан оқушылардың дамуына, өзіндік көзқарастарының қалыптасуына
негіз болады.
Бастауыш сынып оқушыларының әлем мен қоршаған ортаны ғылыми
таным тұрғысынан тануда пәнаралық байланыс арқылы қалыптасатын негізгі
құрылымдық-құрамаларының түрлері:
– берілетін білімдердің жүйелілік және кешенділік тұрғыдағы сипатта
болуы;
– оқушының жеке өмірлік тәжірбиесін теориялық біліммен байланыстыру,
әлем мен қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан зерделеудегі таным жолдары
және тұлғалық болмысының дамуын негіздеу, берілетін білімдердегі ғылыми
атаулық-ұғымдардың мазмұны, көлемі, олардың өзара байланысы оқушы
дүниетанымындағы жеке көзқарастың пайда болуына ықпал жасай отырып,
өзіндік шығармашылық әрекеті арқылы өмірді ақиқаттық, шындық тұрғысынан
зерделеудің субъектісіне айналдыруы;
– бастауыш білім беру кезеңдеріндегі пәнаралық байланыс арқылы
оқушылардың әлемді және қоршаған ортаны тануда жалпы-логикалық,
теориялық, тәжірибелік, иерархиялық, дүниетану сипатындағы таным
әрекеттерінде шығармашылық бейнелеу тәсілдерін, әлем және қоршаған ортаға,
адамдарға қатысты сезімдік-құндылық қатынастарды орнату тәсілдері.
Бастауыш сынып оқушыларының білімді терең игеруі, әлемді және
қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан танудағы дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыруда жаңашылдық әдіс-тәсілдердің /технологиялардың/ негізі
болып табылатын дидактика саласының заңды бірлігі ретінде білім беру мен
оқу міндеттерін пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асыру, сол арқылы
меңгерту болып табылады. Ғылымдардың интеграциялану негізінде пайда
болған атаулық-ұғымдардың мазмұндық мәнін түсіну мен оқу міндеттерін
32
шешу жолындағы пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жаңашылдық
әдіс-тәсілдерінің /технологиялары/ ілгерлік сатылау жолдары:
– бастауыш сыныптарда сатылық деңгейге орай берілетін білім
мазмұнының қарапайымнан күрделіге қарай өсуі және оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес оқу міндеттерінің қойылуы мен оны меңгеруі, әлем,
қоршаған орта жайындағы ғылыми ұғымдарды түсіну мен игерудегі жеке
танымдық талпыныстарының пайда болуы;
– берілген атаулық-ұғымдар негізінде әлем, қоршаған орта заңдылықтары
мен құбылыстарын ақиқат пен шындық тұрғысынан зерделеп, танытудағы жеке
іс-әрекеттері мен жүргізетін жұмыстарының бағыты;
– қолданылатын құралдар мен әдіс-тәсілдерді таңдауы;
– оқушының жеке өзіндік танымы және іс-әрекетінің жиынтығы;
– игерген білімдері негізінде әлемнің, қоршаған ортаның бейнеленуін
жүйелеу барысында логикалық тізбектілік нұсқасын жасай білуі;
– әлем және қоршаған ортаның заңдылық құбылыстарын ғылыми
білімдерге сүйене отырып, ақиқаттық және шындық тұрғысынан тануда
олардың өзара байланысын бақылау, байқау, анықтау, салыстыру, сипаттау
және нәтижелерін түсіндіру, оқу міндеттері негізінде жеке басының дамуын
бақылау, өзін-өзі бағалау [67, 68].
Ғылымдардың интеграциялауы негізінде орын алатын немесе көрініс
табатын пәнаралық байланыстар және олардың мақсат, міндеттері –
оқушылардың дүниетанымдық болмысын олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
дамытуда тәрбиелеудің әдістері мен құралдарының қолданылуы, жеке
пәндердің ғылыми-танымдық, идеялық жүйесін ашу арқылы қоғамдық
құрылыстың дамуы мен мәдениет, әлеуметтік сананың өмірмен байланысын
және табиғат пен адамның өзара біртұтастық үйлесімділік бейнесін тануына
ықпал ету. Пәндердің өзара байланыстар арқылы берілетін білім мен оқыту
және педагогикалық үдерістегі орын алатын оқу әрекеттерінің басты бағыты –
оқушының жеке тұлғалық болмысындағы танымдық дүниесін тәрбиелеу [69].
Пәнаралық байланыс – оқытудың қазіргі кездегі принциптерінің өзара
байланыстырылатын пәндер арасындағы заңдылықтарды реттеп, оқушылардың
алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйелі келтіреді. Пәнаралық
байланыс меңгерген білімді кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.
Мектептегі пәндік жүйе бір-бірінен бөлек жатқан дүниелер емес, сондықтан
пәндер арасындағы байланысты жүйелі сабақ үдерістерінде іске асырып отыру
арқылы олар бірін-бірі толықтырып отырады.
Пәнаралық байланыстың сыртқы және ішкі жағы бар. Пәнаралық
байланыстың сыртқы түріне механикалық, шаблонды, жаттанды оқу жүйесін
(репродуктивтік ойлауды) жатқызуға болады. Мұны былай көрсетуге болады: а/
оқушы айтқанды тек үстірт жаттап алу, жаттап алғанды өзгеріссіз баяндау; б/
жаттанды білімді бағалау, баға қою. Оқытып, білім берудің бұл көрсетілген
жүйесінде оқушының еске сақтауы іске қосылады да, ақыл-ой, зейін мен білімді
қабылдауы, ондағы тілдің қызметі ескеріледі. Пәнаралық байланыстың мәні
оның ішкі құрылысында жатқандығында, одан оқыту мен тәрбиені дұрыс,
33
жүйелі ұйымдастырудың көп қырларының бірі екендігін танытады. Пәнаралық
байланыстың іске асырылуында әдіснамалық шешуші қызмет атқаратын
мынадай негіздер басшылыққа алынады:
Біріншіден, пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі
барлық заттың, құбылыстың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы
тұжырымдалған дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір-бірімен
байланысты болады, сондықтан оны танып-білетін ғылымдар да өзара
байланысты. Екіншіден, пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуы, оның
психологиялық негізі үлкен қызмет атқарады. Педагогика ғылымын зерттеуші
ғалымдар пәнаралық байланыстың психология ғылымының зерттеудегі
нәтижелі негіздерін, тығыз байланысын ескере отырып, қарастырады.
Онда, ақыл-ой, сана қызметінің аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп,
оның үздіксіз дамуда орын алатын өзгерістерді білім беру мен оқытудағы
танымдық болмыстың жетілуіне өзек болатындығын басшылыққа алады.
Сондай-ақ, ойлау және жүйке үдерістерінің күрделі динамикалық жүйесі
болғандықтан, ол – мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бір жүйеге
әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес
келеді. Үшіншіден, жоғарыда аталған, пәнаралық байланыстың философиялық,
психологиялық негіздерімен тығыз байланыста келетін оның дидактикалық
негізі басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |