Ф.ПК-УМУ.УП.04.14
|
1 переиздание документации СМК КарГУ 01.02.2011 г.
|
Страница из
|
БИОЛОГИЯ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ БОЙЫНША ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГЫ
№
|
Пән атаулары
|
Аннотация (курстың қысқаша мазмұны)
|
Пререквизиттер (оқылатың пәнді меңгеруге қажетті білімдер мен дағды жиынтығы)
|
Постреквизиттер (оқылатын пәндердің білімін қолдану үшін пәндер тізімі)
|
1
|
Тарихи география
|
Тарихи география –география ғылым жүйесіндегі маңызын көрсету, географиялық идеялардың дамуын қарастыру және география туралы ұғымның қалыптасуын, соның ішінде жаратылыстану мен қоғамдық пәндердің бір жүйеде өзара бірігіп жатқанын, географиялық ашылулардың тарихын зерттеу, қазіргі методологиялық негіздер және география ғылымының теориялық проблемаларын көрсету болып табылады. Пәнді оқытудың негізгі міндеті және маңызы: географиялық идеялардың дамуын қарастыру; географияның жаратылыстану және қоғамдық пәндермен өзара бір жүйеде қалыптасып дамитынын көрсету; географияның ашылу тарихын қарастыру; география ғылымының дамуын кеңінен қарау; жаңадан ашылған географиялық жаңалықтарды бұрынғы мәліметтермен салыстырған географиялық ойлардың сабақтастығын дамыту.
|
Бұл пәнді игеру үшін мектеп бағдарламасы бойынша тарих, биология, география пәндерінен алған білімдері көмек болады және жоғары оқу орнының географ мамандары тарихи географиямен қатар оқитын жалпы жер тану пәнінен алған жалпы жер туралы, географиялық қабық туралы білімдерімен байланыстырады.
|
Тарихи география курсын тәмәмдағаннан кейін студенттер «Гидрология», «Топография және картография негіздері», «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы», «ТМД-ң физикалық географиясы», «Шетелдік Орталық Азияның физикалық географиясы» сияқты физикалық география бағытындағы пәндерді және сонымен қатар, экономикалық география бағытындағы мамандану курстарын байланыстырып оқи алады. Осы курста алған білім, білік – дағдылары мен зерттеу жұмыстары 1 курс студенттерінің жоғарғы курстарда география ғылымының тарихи дамуын терең білуіне көмек жасайды.
|
2
|
География ғылымының тарихы және әдістемесі
|
«География ғылымының тарихы және әдістемесі» курсы бойынша студенттер география ғылымының қалыптасу тарихы мен алғашқы географиялық ұғымдармен танысады. Географиялық ортада қалыптасқан тайпалар, қоғамдар, олардың мәдениеті мен шаруашылығы туралы түсінік алады.
|
Таңдауы бойынша пәнді игеру үшін «Ландшафттану», «Жалпы жертану», "Метеорология", "Гидрология", «Тарихи география» "Геология" сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
|
Тарихи география, картография, тұрғындар географиясы, географиялық мәдениет - игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет.
|
3
|
Метеорология және климатология
|
Пән мақсаты - атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Курс екі бөлімнен тұрады: метеорология және климатология. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені метеорология атмосфераның физикалық сипаттары мен процестерін зерттесе, климатология – сол метеорологиялық сипаттардың географиялық заңдылықтарын зерттейді. Климатология - географиялық ілім, себебі жер климаттары белгілі бір географиялық орындарда дамып, қалыптасады. Ал атмосфералық қүбылыстардың даму принциптері метеорологияға сүйенеді. Пәннің мақсаты: уақыт және кеңістік бойынша дамитын негізгі атмосфералық процестер мен құбылыстар, олардың өзгеру заңдылықтары жайлы білім жұйесін қалыптастыру. Сондықтан осы пән географ маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.
|
Бұл пәнді игеру үшін физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.); математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); Жер тану (Атмосфера) – сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
|
Пәнді игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазахстанның физикалық географиясы және т.б. Студент нәтижесінде мыналарды білген жөн: атмосфераның негізгі физикалық процестерін, географиялық қабықтағы алатын орыны мен ауа райы, климат қалыптасу заңдылықтарын; қарапайым климаттық сипаттама мен ауа-райы болжауын жасауды үйрену, негізгі метеорологиялық аспаптармен жұмыс істеп үйрену; көпжылдық климаттық статистикалық мәліметтерді өңдеу, ауа-райы атластарымен, климаттық анықтамаларымен жұмысжасай білу; атмосфераның қазіргі жағдайын талдау, жер климатының глобальды өзгерістерін анықтау.
|
4
|
Атмосфера физикасы
|
Пән мақсаты - уақыт және кеңістік бойынша дамитын негізгі атмосфералық процестер мен құбылыстар, олардың өзгеру заңдылықтары жайлы білім жұйесін қалыптастыру. Курс атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды түсіндіреді, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды.. Атмосфералық процестердің даму заңдылықтарын климатология зерттейді. Сондықтан осы пән географ маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.
|
Бұл пәнді игеру үшін физика (тығыздық, газ қысымы, газ жағдайының теңдеуі, адиабаттық процестер, оптикалық құбылыстар, сәуле дифракциясы, дыбыс, атмосфера электрлігі т.б.); математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы); Жер тану (Атмосфера) – сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
|
Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет: гидрология, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Қазахстанның физикалық географиясы және т.б. Студент нәтижесінде мыналарды білген жөн: атмосфераның негізгі физикалық процестерін, географиялық қабықтағы алатын орыны мен ауа райы, климат қалыптасу заңдылықтарын; қарапайым климаттық сипаттама мен ауа-райы болжауын жасауды үйрену, негізгі метеорологиялық аспаптармен жұмыс істеп үйрену; көпжылдық климаттық статистикалық мәліметтерді өңдеу, ауа-райы атластарымен, климаттық анықтамаларымен жұмысжасай білу; атмосфераның қазіргі жағдайын талдау, жер климатының глобальды өзгерістерін анықтау.
|
5
|
Геоинформатика
|
Географиялық ақпараттық жүйе – бұл, кеңістіктік – үйлестірілген мәліметтер мен құбылыстарды, олармен байланысты мәліметтер базасы мен ілеспелі ақпараттарды электронды карталар негізінде жинайтын, өңдейтін, бейнелейтін және таратуды қамтамасыз ететін аппаратты – бағдарламалық кешен. Жалпы жағдайда ГАЖ міндеттердің үш класын шешуге мүмкіндік береді: 1. ақпаратты – анықтамалық; 2. желілік анализ,3. кеңістіктік анализ және модельдеу. Бірыңғай ақпараттық ортада интегралданған электронды кеңістіктік – үйлестірілген бейнелер (карталар, сызбалар, пландар және т.б.) мен мәліметтер базасы (МБ). МБ ретінде кестелер, паспорттар, иллюстрациялар, т.б. қолданыла алады. Мұндай интеграция жүйенің мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді және координаталы – байласқан ақпаратпен аналитикалық жұмыстарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
|
Қарастырып отырған пәнді игеру үшін Электронды картография, Топография геодезия негіздерімен, Картография, Географиялық зерттеулердің аэроғарыштық әдістері, Проектілеу, Карталарды жасау және безендіру жөнінде білім қажет.
|
Осы пән бойынша алынған білімді Физикалық география, Экономикалық география пәндерін оқығанда қолдануға болады
|
6
|
Геоақпараттық жүйе
|
Жер туралы ғылымдарда, әсіресе географияда кеңістіктік мәліметтерменжұмыс істейтін, ақпараттың тапшылығы ақпаратттың көптігіне өтетін жағдай қалыптасты. Қазіргі зерттеушілерге жиналған мәліметтер мен құжаттарды алу қиынға түсуде, оған себеп көптеген ведмствалық, финанстық, арақашықтық жеке адамдардың және т.б. кедергілердің болуы.
Сондықтан ұлттық ақпараттық торларды тиімді және ұтымды пайдалану үшін жүйе қажет, ол жүйеде географиялық мәліметтерді жинап, жиналған деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта – қайта қолдану, тұжырым жасау және ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қазіргі кезде осындай ғылымды жүйе ретінде ғылымды, техниканы, өндірісті қамтитын геоинформатика ғылымы танылды. Бұл жүйеде геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құрылып және таратылады. Қазіргі уақытта ГАЖ-лер табиғи және әлеуметтік – экономикалық үдерістер және құбылыстарды үлгілейтін, оладың байланыстарын, қарым – қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі құрал болып табылады.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Информатика. Аэрокосмостық және географиялық зерттеу әдістері. Картография топография негіздерімен. Математика. Геоинформатика. Географияны зерттеу әдістері.
|
Географиялық карталарды құру және жобалау. Электрондық картография. Экологиялық картография.
|
7
|
Гидрология
|
«Жалпы гидрология» пәні гидросфера және оның компоненттерінде, сонымен қатар су нысандарында болып жатқан негізгі үрдістер туралы алғашқы түсініктер беретін пән болып табылады. Келешекте «құрлықтар гидрологиясы» пәнінде өзендер мен көлдердің гидрологиясы және жер асты сулары төңірегіндегі білімдердің тереңдету қарастырылған.
Су ресурстары және су шаруашылық мәселелері. Гидрология және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сулардың кейбір химиялық және физикалық қасиеттері. Табиғаттағы су айналымы, кіші және үлкен су айналымының теңдестігі және схемасы. Құрлық ішілік ылғал айналым және оған адамның әрекеті. Өзендердің пайда болуы, өзендер жүйесі. Өзендер аңғарлары, өзендер желісінің қоюлығы, айналмалығы және оларды анықтау әдістері. Өзен алқаптары, олардың морфометриялық сипаттамалары. Өзен аңғарлары, олардың қалыптасу типтері. Аңғар мен өзен арасындағы су айналымы. Өзендердің қоректену типтері. Батпақтардың пайда болуы және типтері. Дүние жүзілік мұхит. Теңіздер, олардың классификациясы.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Жалпы жертану. Ландшафттану. Топырақ географиясы және топырақтану негіздерімен. Математика. Метеорология және климотология негіздерімен
|
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы. Қазақстанның физикалық географиясы. Мұхиттану.
|
8
|
Құрылық гидрологиясы
|
Географиялық қабықтың маңызды бөліктерінің бірі – гидросфера болып келеді. "Құрлық гидрологиясы" курсы мақсаты - Жер шары құрлықтарының су нысандарымен, су объектілерінің негізгі заңдылықтарын, географиялық қабықтың басқа да бөліктерімен байланысын зерттейді. Сонымен қоса, су объектілірінің құрлықтғы түрлерін, морфологиялық және морфометриялық сипаттамаларын, режимін, ондағы өтіп жатқан алуан түрлі поцестерді, олардың кәзіргі экологиялық ахуалын анықтайды. Сондықтан осы пән географ - маманын қалыптастыруда, оның кәсіптік құзырлығын арттыруда орын алады.
|
Пәнді игеру үшін орта мектеп көлеміндегі физика, математика, химия, "Жалпы жертану", "Метеорология", "Геология", "Жалпы экология" пәндері бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
|
Пән игерген кейін, студент келесі фундаменталды пәндерді "Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы", "ҚР физикалық географиясы", "Өлкетану", "Туризм географиясы", "ҚР экономикалық және әлеуметтік географиясы", "Дүниежүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы " т.б. игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет. Қазахстанның геоэкологиялық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау және т.б. жүйелі мәселелермен танысады.
|
9
|
Дүниежүзі шаруашылығы географиясы
|
«Дүние жүзі шаруашылығы географиясы» пәні арқылы дүние жүзінде болып кеткен экономикалық және әлеуметтік үрдістер жөнінде дүние жүзілік шаруашылықтың даму теориялары мен концепциялары, дүние жүзілік шаруашылықтың жалпы географиялық және дүние жүзілік шаруашылықтың салалар географиясын мыс: дүние жүзі отын энергетикалық өнеркәсіп, дүние жүзі машина жасау өнеркәсібі, дүние жүзілік агро өнеркәсіптік кешен, табиғат жағдайлары табиғи қорларға баға беру.
|
Пәнді зерттеп оқу үшін курс бағдарламасында ұсынылған негізгі және қосымша оқулықтармен жұмыс істей білуге, ғылыми деректемелік, мерзімдік басылымдармен статистикалық басылымдармен жұмыс істей білуге үйрету. Өзіндік тапсырмалар мен номенклатуралар тапсыру.
|
Қазіргі дүние жүзі экономикалық географиясы. Дүние жүзі экономикалық және әлеуметтік географиясы. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе. Халықтар географиясы.
|
10
|
Орталық Қазақстанның орта және шағын бизнес географиясы
|
«Орталық Қазақстанның орта және шағын бизнес географиясы» пәні «050609 – «География» мамандығы бойынша биология – география факультеті студенттерімен 4 курста оқытылады және таңдау компонентінің пәні болып табылады.
Пән мақсаты –шағын және орта бизнестің даму және орналасу географиясын көрсету. Орталық Қазақстан қазіргі кезеңде. Шағын және орта бизнестің экономикадағы даму ролі халықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда әсіресе нарықтық жағдайдағы шаруашылық әдістері жоғары
Пәннің негізгі оқыту міндеттеріне мыналар жатады: экономика дамуындағы шағын және орта бизнестің ролі және мән-мағынасын зерттеу; түрлері және шағын бизнестің қазіргі ұйымдар формасы; кәсіпкерлік қабілеттілікті дамыту үшін табиғи және әлеуметтік – экономикалық нышандар; шағын кәсіпкерліктің бәсекелестігі, оның инновациялық қабілеті, мәдениет сұрақтары және орта және шағын бизнестің этикасы; орта және шағын бизнестің әлеуметтік және экономикалық кәсіпорындардың жұмыс көрсеткіштері; шағын және орта бизнесті қолдаудағы мемлекеттік сұрақтар; мәселелері және даму перспективасы.
|
Пәнді оқу алдында студент жалпы білім беретін мектептердің талаптарына сай география және тарих бойынша базалық білім алуы керек және де картографиялық материалдар мен жұмыс істей білуі қажет.
Берілген оқу курсы студенттердің мынандай курстар бойынша алған базалық білімдерімен негізделеді: «Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе», «ҚР –ның экономикалық әлеуметтік географиясы», «ТМД-ның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Экономикалық теория», «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы», «Дүние жүзі шаруашылық географиясы», «Саяси география геосаясат негіздерімен», «Экономика-географилық табиғатпайдалану негіздері», «Экономика-географиялық зерттеулер әдістері».
|
Берілген пән келешек географтарға дүние жүзінде және Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік, саяси және эономикалық қиын үрдістерде дұрыс бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге, курс үлкен саяси – тәрбиелік білім болып табылады, және де келешек білікті мамандарды география оқытушыларын дайындап бөлуде маңызды роль атқарады. Бұған қоса бұл пән студенттердің өндірістік тәжірибеден өтулеріне және мамандық бойынша дипломдық, курстық жұмыстар жазуларына үлкен тәжірибелік мәні зор. Курсты жақсы меңгеру студенттердің болашақ кәсіпкерлік қызметтермен айналысуына көмек болады.
|
11
|
Экономикалық-географиялық мәселелер
|
Пәнді оқыту мақсаты – бұл студенттерге осы пәні арқылы дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері, мемлекет, мемлекеттік құрылым, басқару формасы, экономикалық әлеуметтік даму жағдайларына байланысты дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы, жіктелуі, дүние жүзілік шаруашылық географиясы және оның жекелеген салаларының қазіргі даму географиясы ҒТП, халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық интеграция, ЖІӨ, ЖҰӨ және дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық даму деңгеіне байланысты әр түрлі қоғамдық даму деңгейіндегі мемлекеттердің шаруашылық салаларының өзіне тән мамандану мәселелерін біздің елімізде болып жатқан саяси әлеуметтік, экономикалық процестерді студенттерге салыстыра отырып түсіндіру. Дүние жүзі елдерінің экономикалық даму деңгейімен мемлекеттердің аймақтық топтасып орналасуына байланысты жекелеген аймақ елдерімен, жекелеген мемлекеттердің даму географиясына жан-жақты экономикалық географиялық сипаттама беру.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Математика, физика, жер тану, геология, гидрология, метеорология, картография, ландшафттану, топырақтану.
|
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Физикалық–географиялық зерттеулер әдістері, Шетелдік Азия физикалық географиясы, Қазақстан Республикасының физикалық геогафиясы.
|
12
|
Географиялық болжау
|
Пәнді оқыту мақсаты – бұл студенттерге осы пәні арқылы дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері, мемлекет, мемлекеттік құрылым, басқару формасы, экономикалық әлеуметтік даму жағдайларына байланысты дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы, жіктелуі, дүние жүзілік шаруашылық географиясы және оның жекелеген салаларының қазіргі даму географиясы ҒТП, халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық интеграция, ЖІӨ, ЖҰӨ және дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық даму деңгеіне байланысты әр түрлі қоғамдық даму деңгейіндегі мемлекеттердің шаруашылық салаларының өзіне тән мамандану мәселелерін біздің елімізде болып жатқан саяси әлеуметтік, экономикалық процестерді студенттерге салыстыра отырып түсіндіру. Дүние жүзі елдерінің экономикалық даму деңгейімен мемлекеттердің аймақтық топтасып орналасуына байланысты жекелеген аймақ елдерімен, жекелеген мемлекеттердің даму географиясына жан-жақты экономикалық географиялық сипаттама беру. Пәнді зерттеу міндеттеріне студенттер дүние жүзі экономикалық география курсын зерттей отыра курс бағдарламасында ұсынылған негізгі және қосымша оқулықтармен жұмыс істей білу, деректемелік материалдармен мерзімдік басылымдар, статистикалық есептеу мәліметтерімен жұмыс істей білуге үйрету және болашақ мамандығына қарай өздерінің жеке кітапхана қорын ұйымдастыра білуге үйрету, географиялық карта, атластармен еркін түрде жұмыс істей білуге ынталандырады. Дүние жүзі мемлекеттерінің даму деңгейіне қарай, жекелеген елдердің табиғат жағдайлары мен табиғи қорларына шаруашылық тұрғыдан баға беруге тырысу, елдердің экономикалық даму деңгейінің өзіндік ерекшеліктерінің мән-мағнасын барынша ашып көрсету.
|
Экономикалық және әлеуметтік Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Математика, физика, жер тану, геология, гидрология, метеорология, картография, ландшафттану, топырақтану.
|
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Физикалық–географиялық зерттеулер әдістері, Шетелдік Азия физикалық географиясы, Қазақстан Республикасының физикалық геогафиясы.
|
13
|
Саяси география геосаясат негіздерімен
|
«Саяси география және геосаясат негіздері» пәні арқылы дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері, мемлекет, мемлекеттік құрылым, басқару формалары, экономикалық әлеуметтік даму жағдайларына байланысты дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы, жіктелуі, дүние жүзі шаруашылық географиясы, халықаралық ұйымдар. Олардың құрылу және қалыптасу тарихы, Халықаралық саяси, әскери қорғаныс ұйымдары мен аймақтық экономикалық интеграциялану және Қазақстанның дүние жүзілік геосаясаттағы орны мен салыстыру мәселелері қарастырылады.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география.
|
Дүние жүзі саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүние жүзі шаруашылық географиясы.
Қазіргі дүние жүзі географиясы
|
14
|
Қазіргі дүние жүзіндегі Қазақстан геосаясаты
|
Оқу пәнінің сипаттау, бақылау түрлері, дәріс тезистері, семинар сабақтарының жоспары, семинар жұмыстарына оқу-әдістемелік нұсқау, мұғалім басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысының сабақ жоспарлары, курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары, өзіндік бақылау бойынша тестілік сұрақтар, емтихан сұрақтары көрсетіледі.
|
Бұл курсты оқуға дейін студент физикалық географиядан,экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе, математикадан, информатикадан және т.б. пәндерден жалпы оқу талабы бойынша базалық білімі болу қажет, сондай ақ контур картамен жұмыс, картографиялық және статистикалық материалдармен жұмыс істеу керек.
|
«Қазіргі дүние жүзіндегі Қазақстан геосаясаты» пәнін оқу географиялық білімді теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан жақсы білуге студенттерге салалық пәндерді жақсы меңгеруге көмектеседі. Мәселен «ТМД экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы», « Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе», « Экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеу әдістері», «Дүние жүзі шаруашылық географиясы», «Табиғатты пайдаланудың экономикалық-географиялық негіздері», «Орталық Қазақстан орта және шағын бизнес географиясы» және т.б. пәндерге негіз болады.
|
15
|
Антропогендік ландшафттану
|
Антропогенді факторлардың, яғни адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен түзілген және қалыптасқан табиғи-антропогенді құрылуларды зерттейді. Антропогенді ландшафттану адамның табиғатқа деген әрекеттерінің оңтайлану ғылыми негіздерін, мәдени ландшафттар құрудың принциптерін және әдістерін өңдеумен белсене шұғылданады.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Ландшафттану. Табиғи-антропогенді кешендер туралы ілімдерді білу. Табиғи-антропогенді ландшафттар қалыптасуының негізгі факторлары. Ландшафттардың антропогенді түрленуінің негігі типтері және категориялары.
|
Адамзаттың ғаламдық мәселелері нің жіктелінуі. Әлеуметтік-экономикалық географияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. География ғылымындағы дифференсация және интеграция мәселесі. Ландшафтану Қоғамдық-география концепциясының қалыптасу мәселесі. Экономикалық және әлеуметтік географияны аудандау мәселесі. Дүние жүзілік шаруашылықтың дамуы.
|
18
|
Қарағанды облысының география және экологиясы
|
Пәнді оқытуда – облыстың халқы мен шаруашылығы және табиғатының аймақтық және локальдық ерекшеліктерін ашу. Қазақстан Республикасында өнеркәсібі неғұрлым көбірек дамыған, әр түрлі табиғи жағдайлары бар Қарағанды облысының толық кешенді географиялық сипаттамасын беру.
Пәнді оқыту міндеттері – студенттерді өзінің өлкесіне кешенді географиялық баға беруге, облыстың физика – географиялық және экономикалық жағдайының ерекшеліктерін анықтауға, табиғи байлықтарды дұрыс бағалауға және оларды қорғауға үйрету.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Жалпы жертану. Гидрология. Геоморфология. Метеорология және климотология негіздерімен. Қазақстан Республикасының физикалық географиясы.
|
Мектептегі өлкетану курсында табиғатты танып – білуде шаруашылықтың дамуының экономикалық тұрғыдан білу.
|
17
|
Табиғатты пайдаланудың экономикалық-географиялық негіздері
|
Аталмыш курстың оқу материалдарында табиғи ресурстарды бағалаудың теориялық және практикалық мәселелері, оладың жіктелуі, осы ресурстарды (жер, орман, су минералдық т.б.) тиімді пайдаланудың экономикалық мәселелері қаралды.
Қазіргі нарықтық даму кезеңінде ел экономикасын, оның табиғи – ресурстық потенциалын, нарыққа маманданған салаларды дамыту мен орналастыру мәселелерін етене білудің ерекше маңызы бар.
Қазақстан жағдайында үлкен аумақты, бай минералды шикізат базасы бар ел ресурстарын экономикалық тұрғыдан тиімді бағалаудың қажеттілігі ерекше сезіледі. Осы жағдайлардың өзі аталған мәселелері және оған арнаулы курсты оқу бағдарламаларына енгізуді күн талабына шығарып отыр.
|
Физикалық география. Геология.Жертану. Географиялық қабық туралы ілім. Экологиялық ғылымдар. Экономикалық және әлеуметтік география ғылымдары.
|
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
|
18
|
Табиғатты тиімді пайдалану мәселелері
|
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табиғи ортаның қазіргі кездегі жағдайын және табиғатты рационалды қолданудың негізгі принципін оқу табылады.
Курстың негізгі міндеттері: пәннің мақсаты мен міндеттерін анықтау; табиғи жағдайлардың және ресурстардың қоғамдық өндірістегі ролі мен маңызын көрсету; табиғи жағдайлардың және әлемдік реасурстардың географиясын оқыту; табиғатты рационалды қолданудың мағынасы туралы көзқарастар қалыптастыру; табиғатты рационалды қолданудың жалпы теориялық мәселелерін біліп алу; табиғатты қорғауға арналған шараларды экономикалық реттеудің сұрақтарын, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін, географиялық ортаның жеке компоненттерін экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалауды қарастыру; жеке табиғи ресурстар мысалында экономикалық бағалаудың ерекшеліктерін көрсету; табиғатты қорғау іс-шараларын басқарудың принциптерін көрсету, адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелерді ашып көрсету; тұрақты дамудың экологиялық аспектілерін қарастыру, адамның қоршаған табиғи ортамен әрекеттесу мәселелерін заерттеу және басқа сұрақтар қатары.
|
Физикалық география. Геология. Жертану.
Географиялық қабық туралы ілім. Экологиялық ғылымдар. Экономикалық және әлеуметтік география ғылымдары.
|
Пәнді игеру алынған сәйкес білімдер мен дағдылардың тәжірибелік қолдануына және «Әлемнің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «ТМЫ экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Әлемдік шаруашылық географиясы» сияқты экономикалық-географиялық пәндерді игеруге жақсы негіз береді.
|
19
|
Қазақстан Республикасының жер ресурстары және жер кадастры
|
Жер ресурстары және жер кадастыры пәні жоғарғы оқу орындарының география, топрақтану, жерге орналастыру және агрономия мамандықтары арнайы сабақ ретінде өткізіледі. Арнайы курста Қазақстан Республикасының жер қоры, оның аумақтық және қолдануына қарай жіктелінуі қарастырылады. Жер кадастры пәнінің міндеттері мен қалыптасу тарихы, бұл бағыттағы ТМД елдері мен Қазақстанда қолға алынып жатқан зерттеулерге тоқталады. Сонымен қатар жер ресуртарының геоэкололгиялық мәселелері мен шешу жолдарына тоқталған. Арнайы курста әлемнің, ТМД елдерінің жер қорлары және қолдану ерекшеліктеріне табиғи-географиялық сипаттама берілген.
|
Қазақстан топырақ жамылығысының таралу ерекшеліктері. Қазақстан топырақ жамылғысын табиғи-географиялық, экономикалық-географиялық және геоэкологиялық бағалау әдістері.
|
Курста Қазақстан Республикасының жер қоры, оның аумақтық және қолдануына қарай жіктелінуі қарастырылады. Жер кадастры пәнінің міндеттері мен қалыптасу тарихы, бұл бағыттағы ТМД елдері мен Қазақстанда қолға алынып жатқан зерттеулерге тоқталады. Сондықтан келесі пәдермен тығыз байланыста: Топырақтану, жалпы жертану, физикалық географиялық зерттеу әдістері, экономикалық-географиялық зерттеу әдістері т.б.
|
70
|
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешен географиясы
|
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бүкіл халық шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігін одан әрі өсіру, экономиканы дамудың интенсивті жолына көшіру қарқынын жеделдету, республиканың өндірістік күш-қуатынбарынша тиімді пайдалану, еңбекшілердің әлеуметтік және еңбекке деген белсенділігін арттыру, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін жағдайлар туғызуды қарастырады.
Табиғат жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен, ауылшаруашылық өндірісінің деңгейі мен мамандануы табиғат факторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік, экономикалық факторларға (қалалардың, өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, халықтың тығыздығына, тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерге және т.б.) байланысты болып келеді. Сондықтан әрбір жергілікті жер үшін өндірістің мамандану бағытын таңдап алу және оның салаларын реттеп үйлестіру республиканың ауыл шаруашылығының жекелеген азық-түлік түрлеріне деген қажетін және оларды түрлі географиялық зоналарда өндірудің экономикалық тиімділігін есепке ала отырып ғылыми жағынан негіздеуді талап етеді.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Қазақстан Республикасының географиясы, табиғи-география, экономикалық-география және геоэкологиялық бағалау әдістері.
|
Курста Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, оның аумақтық және мамандануына қарай жіктелінуі қарастырылады. Сондықтан келесі пәдермен тығыз байланыста: Жер кадастры және жер ресурстары, топырақтану, жалпы жертану, физикалық географиялық зерттеу әдістері, экономикалық-географиялық зерттеу әдістері т.б.
|
21
|
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының физикалық географиясы
|
Пәнді оқудың негізгі мақсаты бұл – ТМД-нің табиғи жағдайын және ресурсын, құрылымы, табиғат компоненттерінің даму заңдылығы, ландшафттың зоналары, ТМД территориясының кеңістік дифференциясының таралу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Пәнді жақсы меңгеру нәтижесінде болашақ кәсіптік мұғалімдер және әртүрлі маман иелері дайындалып жаксы білім алып шығады.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география. Осы пәнді игеру үшін түрлі оқулықтармен, ғылыми әдебиет-журналдармен, ТМД территориясына табиғи сипаттама беруді үйрену, әрбір аймақтарға салыстырмалы түрде сипаттау, номенклатураны жатқа білу, өз бетімен талдама жасай білуді үйрену қажет.
|
Пәнді оқу барысында мынандай пәндерді жақсы түсініп, меңгеруге мүмкіншілік туады; Қазақстанның физикалық географиясы, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, геоэкология және табиғат қорғау, географияны оқыту әдістемесі, дүние жүзінің саяси географиясы, ТМД-нің экономикалық географиясы, қазіргі әлемдік географиясы.
|
22
|
Шетелдік Орталық Азияның физикалық географиясы
|
Пәнді оқудың негізгі мақсаты – болашақ гоеграф маман ретінде қоршаған ортаны тану Еврвзия материгінде орналасқан Шетелдік Орталық Азияның орналасу ерекшілігінен басталады. Табиғат компонентерін зерттеулер кезінде табиғаттың жекелеген компоненттерімен және геожүйенің бөліктерін ажырата білу. Географиялық зерттеулер барысында табиғаттағы құбылыстарды оқып білу және осыған байланысты түрлі тәсілдерді, дағдыларды, сызбаларды, инструменнтермен жұмыс жасай білу.
Пәнді оқу географиялық кругозорды кеңейтеді, жалпы және географиялық білімді игеруге қалыптастырады, региондық географиялық ойларды дамытады, статистикалық және кестелік- картографиялық материалдарды ықшамдап, өңдеп, жинақтауға дағдыландырып бейімдейді. Пәннен алынған білім әр түрлі облыстарда, әсіресе болашақ ғалымдар мен мұғалімдерді кәсіби түрде жұмыс жасауына көп көмектеседі.
|
Курсты оқу барысында студент мына пәндер бойынша өз білімдерін жетік білу тиіс: жалпы жер тану, геология, геоморфология, картография топография негіздерімен, топырақ географиясы, метеорология және климатология, жер және география. Осы пәнді игеру үшін түрлі оқулықтармен, ғылыми әдебиет-журналдармен, Евразия территориясына табиғи сипаттама беруді үйрену, әрбір аймақтарға салыстырмалы түрде сипаттау, номенклатураны жатқа білу, өз бетімен талдама жасай білуді үйрену қажет.
|
Пәнді оқу барысында мынандай пәндерді жақсы түсініп, меңгеруге мүмкіншілік туады;
Қазақстанның физикалық географиясы, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, геоэкология және табиғат қорғау, географияны оқыту әдістемесі, дүние жүзінің саяси географиясы, ТМД-нің экономикалық географиясы, қазіргі әлемдік географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы, топырақтану географиясы.
|
23
|
Қазақстан Республикасы халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде
|
Курс оқу пәнін сипаттау, бақылау түрлері, дәріс тезистер, семинар сабақтарының жоспары, семинар жұмыстарына оқу-әдістемелік нұсқау, мұғалім басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысының сабақ жоспарлары, курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары, өзіндік бақылау бойынша тестілік сұрақтар, емтихан сұрақтары көрсетіледі.
|
«ҚР халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде» пәнін оқуға дейін студент Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясынан, саяси географиядан, саясаттанудан, аймақтанудан және т.б. пәндерден жалпы мектептік оқу талабы бойынша, базалық білімі болу қажет, сондай ақ контур картамен жұмыс картографиялық және статистикалық материалдармен жұмыс істеу керек.
|
«ҚР халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде» пәнін оқу географиялық білімді теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан жақсы білуге студенттерге салалық пәндерді жақсы меңгеруге көмектеседі. Мәселен, «Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы», « Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе», « Экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеу әдістері», «Дүние жүзі шаруашылық географиясы», «Табиғатты пайдаланудың экономикалық-географиялық негіздері», «Орталық Қазақстан орта және шағын бизнес географиясы» және т.б. пәндерге негіз болады.
|
24
|
Географиялық мәдениет
|
«Географиялық мәдениет» пәні студенттердің таңдаудан алатын пәедердін біріне жатады. Жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде географиялық мәдениет география ғылым және білім арқылы беріледі. Ол 1) әлемнің географиялық картинасы, 2) географиялық ойлау, 3) географиялық әдістер, 4) географиялық тілден тұрады.
|
Бұл курсты оқуға дейін студент географиядан, «Өлкетану», «Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы», «Дүние жүзі экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы» пәндерін білу қажет.
|
«Географиялық мәдениет» пәнін оқу географиялық білімді іс-тәжірибелік тұрғыдан жақсы білуге студенттерге салалық пәндерді жақсы меңгеруге мәселен: «Дүниежүзінің шаруашылық географиясы», «Қазіргі заман географиясы» және т.б пәндерге негіз болады.
|
25
|
Қазақстан Республикасының табиғат ресурстарының геоэкологиясы
|
«Қазақстанның Республикасының табиғат ресурстарының геоэкологиясы» курсы қазіргі кездегі адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі - қоршаған ортаның экологиялық деградациясын түсінудегі пәнаралық синтезделген ғылым болып табылады. Қоршаған ортаның дестабилизациясы Арал, балқаш және Каспий маңын, Кенді Алтайды, Ертіс маңын және басқа да көптеген Қазақстан Республикасының табиғи өңірлерін қамтиды. Әсіресе, маңызды мәселелерге Жер климатының өзгеруін, тұщы судың жетіспеуін, ормандардың құрытылуын, құрғақшылықты, атмосфералық ауаның ластануын, су ресурстарының ластануын, топырақтың ластануын және биосферадағы биологиялық әртүрліліктің азаюы мен жойылуын т.б. жатқызуға болады.
Табиғат пен қоғамның арақатынасын жоғарыда аталған өзекті мәселелерін гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған ортаның қорғау саласындағы интеллектуалдық деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезеңнің экологиялық мәселелерін оңтайлы шешіп, оны болдырмауға бағытталады.
|
Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Қазақстан экологиясы, қоршаған орта туралы ілім, қолданбалы экология, Қазақстан геоэкологиясы, Қазақстанның экологиялық құқығы.
|
Табиғи ортаның мониторингісі, әлемдік экология, табиғатты қорғау, экология және табиғатты тиімді пайдалану, энвайронментология, экология және халық денсаулығы, әлеуметтік экология, адам экологиясы.
|
26
|
Қорғауға алынған табиғи аймақтар географиясы
|
Қорғауға алынатын табиғи нысандардың түрлерімен, олардың қорғау міндеттерімен, географиялық таралуымен таныстыру. «Қорғауға алынған табиғи аймақтар географиясы» курсы студенттерге жалпы экологиялық факторлардың геожүйеге әсер ету туралы білім бере тұра, қорғалатын нысандар жайлы жалпы мәлімет береді. Аталаған пән экологиялық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жерде болып жатқан антропогенді өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасайды. Геоэкологиялық әдістемелерді пайдалана отырып, Қазақстан көлеміндегі қорғауға алынған табиғи аймақтардың географиялық таралуын, құрылымын, өзара ерекшеліктері мен міндеттерін ажыратады. Табиғат қорғау ұшін ең негізгілері – геожүйелердің тұрақтылығы мен биологиялық өнімділігін сақтау, табиғи-антропогендік ландшафттар аясындағы қоршаған ортаның жағдайының нашарлауын тоқтату.
|
Таңдауы бойынша пәнді игеру үшін физика, математика: тригонометриялық және алгебралық теңдеулер; химия (Озон. Атмосфераның химиялық құрамы), «Ландшафттану», «Жалпы жертану», "Метеорология", "Гидрология", "Геология" сияқты пәндер бойынша базалық білімі болуы қажет. Сонымен қоса, студент статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау, графиктер мен карта-сызбаларды құра білу керек.
|
Пән игерген кейін, студентмамандық бойынша фундаменталды пәндерді "Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы", "ҚР физикалық географиясы", "Өлкетану", "Туризм географиясы" т.б. - игеруге - білім жүйесі мен білім игеру ептілігі қалыптасуы қажет. Қазахстанның геоэкологиялық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау және т.б. жүйелі мәселелермен танысады.
|
27
|
Геоурбанистика
|
Геоурбанистика – қала эволюциясын географиялық және пәндік талдауын қоса оқып зерттейтін интегральды (қосылған) пән. Қала жүйелерінің және қала географиясының қалыптасуын, урбандалу үрдістерінің проблемаларын, заңдылықтарын, негізгі ұғымдарын қарастырады. Студенттерге нақты географиялық объектілер мен әртүрлі типтегі елдердің үдістерінде урбандалу жағдайларын қабылдауға көмектеседі. Пәнді оқу барысында, студенттер тек әлемдік қала жүйелерін, урбандалу эволюциясының проблемаларын қарай қоймай, олардың өз қалаларының жағдайын оқуға дағды қалыптастырады.
|
Пәнді толық меңгеру үшін студенттерге материктер мен мұхиттардың, ТМД, Қазақстанның физикалық географиясы пәндеі бойынша базалық білімдер – дағдылар қажет. Картография мен математика бойынша: карта құрастыру, пайыздық және математикалық іс-қимылдарды есептеу, шығару. Студент статистикалық деректерді, материалдарды өңдеу және олар бойынша график, карта – сызбалар құрастыруға дағдыланады.
|
Осы пәнді меңгеру барысында студент келесі фундаменттік пәндер бойынша білім жүйелерін және дағдыларын білуі қажет: экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе, елтану, халықтар географиясы, ТМД және Қазақстан, дүнние жүзінің экономикалық географиясы.
|
28
|
Қалалар географиясы
|
«Қалалар географиясы |
Достарыңызбен бөлісу: |