Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері



бет1/5
Дата30.06.2016
өлшемі477.5 Kb.
#168061
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Орта-Азиялық университеті

Гуманитарлық факультеті

ӘГП кафедрасы



ТАҚЫРЫБЫ:

Тұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері

Орындаған: --------------------

------------------------------------

Ғылыми жетекшісі:

------------------------------------

Алматы 2008


М А З М Ұ Н Ы


Кіріспе
1 Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері


    1. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері




    1. Көркем шығарманы пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің сипаттамасы




  1. Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері




    1. Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары




    1. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстары



Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» [1] - делінген.

Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек» [2].

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу [3] деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді» [4]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [5] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды [6].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында [7] білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті [8].

Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын.

Патриотизм – туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.

Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.

Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет.

Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және көркем шығарма жанрлары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық ебектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.

Патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әрқырынан зерттеп, негіздегені айқындалды.

Көркем шығарманың тәрбиелік мәнін, білімдік маңызын орта ғасыр ойшылдары: Қорқыт [9], әл-Фараби [10], алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш.Уәлиханов [11], А.Құнанбаев [12], Ы.Алтынсарин [13] жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.

А.Құнанбаев шығармалары өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттыққа баулып, ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік сияқты адам бойындағы қасиеттерді қалыптастырады [14].

Белгілі қазақ ойшылдары А.Байтұрсынов [15], М.Дулатов [16], Ж.аймауытов [17], М.Жұмабаев [18], Ш,Құдайбердиев [19] т.б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, көркем шағармалар негізінде патриоттық тәрбие беру туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.

Көркем шығарма М.Әуезов [20], М.Ғабдуллин [21], А.Қоңыратбаев [22], С.Қасқабасов [23] сияқты әдебиетшілердің арнайы зерттеу нысанасы болды.

Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар: Қ.Жарықбаев [24], С.Қалиев [25], С.Ұзақбаева [26], Ж.Наурызбай [27], К.Қожахметова [28] т.б. ерекше үлес қосты.

Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеген В.Г.Афанасьев [29], Л.П.Буева [30], В.В.Журавлев [31], В.А.Медведев [32], Г.Л.Смирнов [33], А.Г.Спиркин [34], Г.Н.Федосеев [35] т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде патриоттық тәрбиеге құнды пікірлер айтылған.

Сонымен бірге, қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Ж.Алтаев [36], Ж.Әбділдин [37], Ә.Нысанбаев [38], Қ.Шүленбаев [39], А.Қасабеков [40], Д.Кішібеков [41] және т.б. еңбектерінде халық мәдениеті мен өсіп келе жатқан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде көркем шығармаларының рөлі, маңызы ерекше сипатталады.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А.А.Давыдов [42], Н.В.Занков [43], А.Н.Леонтьев [44], В.С.Мухина [45], С.Рубиенштейн [46], А.Люблинская [47] т.б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т.Тәжібаев [48], М.Мұқанов [49], Қ.Жарықбаев [50], Ә.Алдамұратов [51], Х.Шерьязданова [52] т.б. қарастырған.

Зерттеліп отырған мәселенің теориялық және практикалық тұрғдан зерттеген қазақстандық педагог-ғалымдарымыз: Т.Сабыров [53], Қ.Бержанов [54], С.Мусин [55], А.Сембаев [56], Ж.Б.Қоянбаев [57], Р.М.Қоянбаев [57], Е.Сағындықов [58], М.Жанпейісова [59] т.б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары: В.F.Сухомлинский [60], И.С.Марьенко [61], Е.И.Моносзон [62], Ю.К.Бабанский [63], И.Ф.Харламов [64], И.П.Подласый [65], П.И.Пидкасистый [66], Б.Лихачев [67], Сластенин [68], Столеренко [69], Т.А.Ильина [70], Н.В.Савин [71] т.б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі Ж.Г.Кондзе (Ресей) , Н.А.Асипова және А.Э.Измайлов (Қырғызстан), А.Ф.Фаткуллина (Башқұртстан , Л.Я.Градулис (Латвия) және т.б. ғалымдардың зерттеу пәні болған. Олардың ішінде Ж.Г.Кондзе мен И.И.Насыров еңбектерінде халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары реінде қарастырады.

Қазасқтан Республикасы көлемінде К.Құнантаева, К.Н.Меңлібаев, В.Г.Храпченков, Қ.К.Жампеисова, А.Р.Жұмаханов, А.Муким, С.Ешімханов], С.Т.Иманбаева, С.Б.Омарова, Н.И.Қойшыбаева, Ж.А.Макатова, Д.С.Құсайынова, А.К.Кеңесбаева, А.К.Қалимолдаева т.б. патриоттық тәрбиеге байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.

Патриоттық тәрбие мәселесі саласында жарық көрген еңбектерде де көптеген құнды пікірлер айтылған. Мысалы, С.Иманбаеваның «Ерлік тағылымы» [72] оқу құралында ұлттық жауынгерлік дәстүрдің тәлімдік мүмкіндіктері мен оларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында пацдалану мәселесі көзделеді.

Сондай-ақ жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеудегі ақын-жыраулар шығармасының тәлімдік маңызын: «Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған асыл мұралары – шешендік өнері, мәдениеті, имандылық тұжырымдары халықтық педагогика негізінде жастарды тәрбиелеуде қайталанбас қазына болып табылады» - деп көрсетеді.

Егеменді елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, елжанылыққа тәрбиелеуге жаңаша тұрғыда қарауға қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы жетік білуі, оларға патриоттық тәрбие беретіні сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді көркем шығармалар арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Солай бола тұра көркем шығармалардың педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі қоғам салабына сай көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесі көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.



Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» деп таңдапуымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Көркем шығарманы оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер

  • көркем шығарма материалдары бастауыш сыныптардың әрбір пән мазмұнына енгізіліп, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталса;

  • бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарманы меңгерту тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылса;

  • көркем шығармаларды оқу үрдісінде пайдалану оқу-әдістемелік кешендермен оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені жоғары деңгейде беруге негіз болар еді.

Зерттеудің міндеттері:

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін анықтау;

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттарын айқындау;

  • бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде көркем шығарманы пайдаланудың әдістемесін құру, оның тиімділігін тәжірибеде айқындау, әдістемелік нұсқау беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде көркем шығарманы жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды; тақырып бойынша көркем әдебиет туралы материалдар жинақталды; бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жағдайы анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды.

Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жұмысы жалғастырылды; бастауыш сынп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесінің қазіргі жағдайы анықталды; тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді; көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесі құрылды.

Үшінші кезеңде жүргізілген тәжірибе жұмысының қорытындылары шғарылып, нәтижелері анықталды, ғылыми-әдістемелік қорытынды жасалды. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, нақты тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін айқындалды;

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықталды;

  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттарын айқындалды;

  • бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде көркем шығарманы пайдаланудың әдістемесі құрылды, оның тиімділігі тәжірибеде дәлелденіп, әдістемелік нұсқау берілді.

Зерттеудің базасы: Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының М.Әуезов атындағы N2 орта мектебі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған N 15 лицей, N 6 қазақ орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттеррі, жетекші идеясы айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зертеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, сынақтан өткізілуі, тәжірибеге енгізілуі мен диссертация құрылымы қамтылған.

«Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде көркем шығарманың мазмұны, мәні қаратырылды. Көркемшығармаларға теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.

«Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудіңпедагогикалық шарттары» атты екінші бөлімінде көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриотық тәрбие беру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.

Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты түрде көрсетілді.

1 Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері


    1. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері

«Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленді», - делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [73]. Міне, осынай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: (1999) «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек» [2]. Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізгілік, имандылық тұрғыда өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете алатын, бәсекелеске бейім, өмірге икемділігін, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтастықта меңгере алатын және өзін-өзі дамыта алтын, патриоттық сезімі қалыптасқан жаңа азаматы тәрбиелеудің қажеттілігі туындауда.

Патриотизм ұғымы ҚСЭ-ның тоғызыншы томында: «Патриотизм (грек сөзі Patriotes – отандас, Patris – отан, туған жер) – Отанға деген сүйіспешілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдіңғ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды», [74] - деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.

Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші.

«Қазақстандық патриотизм» - ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің сат-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлай, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеіне үлес қосу, Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.

Патриотизмді адамгершілік қағидаларынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені, Отан абстрактылы ұғым емес. «Отан – тірісі бар, өлісі бар, тіпті тумағандары бар – бүкіл рулар мен ұрпақтардың рухани байланысы», - дейді Д.Меренковский [75].

В.А.Макаров: «Патриотизм - кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтардың ғасырлар бойғы тұтастығын қамтитын құбылыс», - деп тұжырымдайды [76]. Ал Н.И.Губанов былай деп ой түйеді: «Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болса да өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына құрмет қарау болмақ. Ал мұндай қасиет іс-әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті» [77].

Осы айтылғандардың барлығы патриотзм қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.

Отан – бұл халық. Халық – бұл адам. Адам сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық. Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» [78], - деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Патриотизм идеясының дамуы Аристотиль, Цицирон, Платон [79] есімдерімен тығыз байланысты. Патриотизм идеясының дамуына француз материалисттерінің де (ХVIII ғ.), неміс философтарының да, орыс революционер-демократтарының да В.М.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, т.б. қосқан үлесі мол.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби [80], Ж. Баласағұн [81], М.Қашқари [82]; жыршы-жыраулары да: Асан Қайғы [83], Доспамбет Шалкиіз [84], Бұқар жырау [85], Махамбет [86], т.б. айтқан болатын.

Батырдың рухын көтеру, олары жігерлендіру халыққа кеңінен танымал болған ақын-жырауларымыздың дәстүі болған. Солардың бірі – Ақтамберді жырау. Бабамыздың жыр толғаулары елді бірлікке топтасуға үндейді. Оның Отансүйгіштікке бағытталған жыр жолдарын естіген қай жауынгер болмасын алдаспанын жауға сілтемей қалмасы анық еді. Сондай жырлардың бірінде Ақтамберді жырау:

Жауға шықтым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан,

Жалынды жүрек қан қайнап

Ел-жұртыңды қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап, [87] - деген

жыр жолдарында халықты батылдық пен батырлыққа шақырады.

Халқымыздың ежелденсөз өнерін құндай білген. Рухани күш беретін жыр мен намысты оятатын өлеңнің қуаты бүтіндей бір елді әулетті іс-әрекетке бастай білген. Оған дәлел ретінде Махамбеттің мына өлеңін мысалға келтіруге болады:

Бекініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Белтеліге дөп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жаурын оқ салмай,

Атқан оғы жоғалмай

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағын қанға боямай

Қасарысқан жауына

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Мұндай әлеуметтік саяси мазмұны терең осы өлең жолдарындағы ерлік, батырлық қуаты кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Ал мұндай жыр жолдары еоім деп еңіреген, қолына қару алып, қамал алар жігіттерді жорыққа бастайтын әрбір азамат деген шексіз сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын құралға айналған.

XVII ғасырдағы нидерланд философы Б.Спиноза: «Адамдар да азамат болып тумайды, өсе келе тәрбиеленеді»,- деген екен. Әр ұрпаққа дайын азамат болып тумайды, өмір тәжірибесі мен тәрбие арқылы азамат болып жетіледі [88].

Қазақстандық патриотизм – біздің мемлекетіміз сияқты жаңа әлеуметтік, психологиялық және саяси құбылыс. Қазақстандық патриотизмнің тарихи тамыры терең, ол ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақстан халықтары арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке және дәстүрлік пен өзгелерді жатырқамайтын қазақ ұлтының менталитентіне негізделген.

« Татулық, достықтың киелі белгісі – Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!» - деп еліміздің Әнұранында айтылғандай, Қазақстандық патриотизм тарихи ұлы мұра – халықтар достығына сүйенеді.

Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімінің басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн. Мәселен, академик М.Қозыбаевтың [89] дерегі бойынша қазақ жеріндегі ХVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азттық көтерілістер өрбіді. Мұндай көтерілістер қазақтың ұлан-байтақ жеріне, сарқылмас қазынасына көз аоартушыларға қарсылық ретінде туып отырды. Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халықтық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері – Төле би, Қазыбек би, әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбектер шықты.

Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр «Найзаның ұшымен, білектің күшімен», «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет деп түсінеміз.

Қазақстандық париотизм халықтық болмыстан бойға дарып, ой сананы жетілдіретін құбылыс. Елжандылық, Отансүйгіштік қасиетті сақтай білу, қазақ мемлекеттігін нығайту жолындағы үрдіс пен оны үйлестіруге үлес қосу әрбір алаш азаматының, әрбір Қазақстан азаматының парызына айналуы тиіс.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге патриотизм ұғымына байланысты жаңа ұғымдар мен жаңа түсініктер ене бастады. Бұл туралы ғалым Р.Әбсаттаров: «Қазақстан халқының этносаяси қауымдастық ретінде қалыптасуы мен орайлас отандық мақтаныш.. деген ұғымдар тілдік қорымызға еніп, ол жаңа мазмұнмен, мәнмен толыға түсуде», [90] - деп көрсетті.

Зерттеуші ғалым Ә.Қалмырзаев: «Патриотизм отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-әлеуметтік құбылыс» [91].

Қазақстандық птриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние .

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев; Алаш Орда қайраткерлері: М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және тағы басқалардың нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.

Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым шоқан Уәлиханов отансүйгіштік сезімініңқалыптасуы туралы: «Менің патриоттық сезімім ірбітсандығындай(бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртмды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен.

Ыбырай Алтынсарин алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгершілік тәрбиесіне мән бере отырып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында [92] «Қобыланды батыр»жырынан «Қобыланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді енгізген. Осыдан келіп қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі, астына мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттегенін білеміз.

Қазақтың классик ақыны Абай тікелей жауынгерлік және ерлік тәрбиесіне арнап еңбек жазбағанымен де, өзінің поэмаларында, қара сөздерінде отансүйгіштікті қалыптастыратын ұлттық сана, намыс, парыз секілді қасиеттерді жан-жақты қамтыды. Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» пайымдаулары халқымыздың тарихын ғылыми негізге келтірген алғашқы қадамдардың бірі. Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихынзерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды. [93].

Данышпан ғалым өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде: «Рас бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең - әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса,билік соларда болады екен. Екінісі – намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырлған жерге ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысыды екен. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстық, табандылықтан келеді» [94], - деп жазды. Абайдың бұл қара сөзінде – арлылық, намыстық, табандылық –тәрбиенің жемісі дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқының өзіндік қасиет бітімін көреміз.

Абай шығармаларын зерделеп қарайтын болсақ, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ерлік рухта, отансүйгіштікке баулып, ар-намысын, ождан, адамгершілік қасиет үшін күресуге, оны бірте-біртежастар бойына сіңірудегі халықтық педагогиканың негізгі қағидаларымен кездесеміз.

Абай ұлы ақын ойшыл ретінде қазақтар үшін идеал болды және бола да береді. Ол халқының шын ұлы, абай барлық уақытта қазақтардың кешегісі мен бүгінгісн, болашағы мен олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрі мен мәдениетін, оқу-білімін жас ұрпаққа тәрбие тұрғысынан ойлай білді. Абай халықтың патриот ұлы ретінде өзінің өлеңдерінде дүниетанымның мәнән шындықты нақ суреттей отырып, иабиғат, адам, қоғамды үйлестіре білді. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ол шығармалары арқылы жағымсыз мінез-құлықтан сақтандырып, жағымды мінез-құлықты шеберлікті, іскерлікті, халқымыздың салт-дәстүрінің озығын дәріптеп, балаларды өнер-білімге, ғылымға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға, адамгершілікке шақырады. Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға толық мүмкіндік бар деп тұжырымдаймыз. Себебі: ақын өлеңдері мен қар сөздерінің туған жер, оның табиғаты, онда мекендейтін адамдардың және жан-жануарлардың іс-әрекеттерін суреттеп сипаттау арқылы табиғат пен адамның, қоғамның өзара байланысын көрсете келіп, еліне, жеріне сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Абай Құнанбаев шығармаларының негізгі түйіні адам бойындағы негізгі қасиеттер: ерік-жігер, қайрат, ақыл, жүректіліктің бір-біріне қатынасы, байланысы арқылы «толық адамды» қалыптастыру.

Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде [95] бала тәрбиесін зерделей келе: «Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін,асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білеті, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару», [95, 154-155 б.]- деп тұжырым жасайды. Бұдан шығатын қорытынды балаға берілетін тәлім-тәрбиенің бір саласы – патриоттық тәрбие десек, бастауыш сынптарда көркем шығарма арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын, мақтанышын, ерлік, батырлық сезімдерін қалыпастыруға болады деп санаймыз.

ХХ ғасырдың басында озық ойлы қоғам қайраткерлерінің бірі М.Дулатов сол кездің өзінде қазақстарды өз алдына ел ету үшін, халықтың санасын ояту мақсатында өз шығармаларын ұсынды. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» [96] шығармашылығында:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты!

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, үтір енді жату жарамасты, - деп ұран тастаған жалынды сөздермен басталады.

Поэманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш байқа, айналаңды жайлап, кеулеп барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен айрыласың деп, халық санасына ащы шындық сәулесің ұялатты. Сондай-ақ, «Қазақ жеріне»деген өлеңінде қазақ жерінің байлығын, кеңдігін суреттей келіп, Ресей патшалығының отарлық саясатын әшкерелейді. Халқымыздың бір туар азаматының жоғарыда аталған еңбектерінің қазақ халқының санасын оятуға, патриоттық рухын көтеруге арналғанын елін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелеу керектігін армандаған тілегінен туғанын көреміз [106 б.].

Жазушы, публицист, ғалым Ж.Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде [97] со заманның талабына байланысты мектеп бағдарламасын қайта жасау туралы құнды пікір айтқан. Автор онда: «Табиғаттану пәні бойынша мектеп бағдарламасын балалардың ұғымына лайықтап төңіректегі өмірді, табиғатты бала өз бетімен қолма қол айырып, танырлық түрде жасау керек. Оқуды күнделікті тұшырайтын балалардың өмірге жақын нәрселерден, құбылыстардан бастау керек. Адамның өмірі белгілі заттардың танымал нәрселердің арасында өтеді. Мектептің міндеті: алдымен төңіректегі нәрселерге қызықтырып, аланың махаббатын арттыру. Ондай оқу алдымен жергілікті өмірмен жақындастырады, айқастырады. Балаға ең алдымен қымбат, ел жақын нәрсе – туған жері: туған жерінің құбылыстарын білу, балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге табиғатқа, терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, бала махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысында, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйренеді, жолығатын мәселелерді оңай шешетін болады, білгенін өмір жүзіне пайдаланатын болады.Неғұрлым Отантану туралы баланың есінде терең, айқын суреттер көп болса, қиыр өмірімен, қиыр табиғатпен таныстыруда сондай жеңіл. Бастауыш мектептің бағдарламасын өзгертуге жергілікті шарттарғ, дүниетану, Отантану пәндерін алға қою идеясын басшылыққа алуды ұсынады. Мұның сол заманның өзінде балаларды елін, жерін танып білуге, оны сүюге, оған қамқорлық жасауға, қорғай білуге баулудың негізін бастауыш мектептен бастау керек» - деген құнды ой-пікір жатқанында деп тұжырымдаймыз. Олай дейтініміз автордың идеясының өміршеңдігі бүгінгі ХХІ ғасырдағы ұлттық мектеп моделінің де алға қойып отырған міндеттерімен үндестігінде.

Халық мұңын жоқтаған, халық үшін жанын берген Абай [98], Бұхар жырау [99], М.Ғабдуллин [100], С.Сейфуллин [101], т.б. азаматтар өз шығармаларына Қорқыт [102], Абылай [103], Қабанбай [103, 32], Бөгенбай [103, 45], Наурызбай [103, 55], Жәнібек [103,74], Еспенбет (Адақ) [103, 79], Баян [103, 85], Кенесары [103, 95], Сыдық [103, 100] сынды әділ хандар мен күйшілерді арқау етуі де отансүйгіштік сезімімен туындаған. М.Ғабдуллин кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік тәрбиеден туындйды деп қараған, тар окопта, қар төсеніп, мұз жастанып жатқан қазақ жауынгерлеріне Еділге, Ер қОсай, Ер Сайын, Қобыланды, Ер тарғын жырларын жатқа айтып беріп, оларды ерлікке рухтандыру да Отансүйгіштік сезімінің айқын көрінісі еді.

Қан майданда ерлігі мен жазушылығы қатар жүрген Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына» атты еңбегінде: «Ер қорғауға ел намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс Ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қздарының «Елім-ай» деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ оның айып-шамы жоқ.

Елін үйген ер жігіт қазіргі заманда «Елім-ай» десе ол – Ант! Ол – Серт!» - дей отырып, қазақ халқының келешегі мен болашағын сақтау үшін ата-баба салып кеткен игі дәстүрлерін пайдалана отырып, ұлттық ерлік мектебінің дамуына өз үлестерін қосты [104].

Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған Т.Тоқтаров, Б.Бұлқышев, Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы және батыр қыздар Әлия мен Мәншүктің кескілескен жаумен айқастағы ерен ерліктері мен батырлықтары да ұлттық әстүрлердің, ерлік тәрбиесінің жемісі.

Халық қаһарманы Б.Момышұлы: «Барлық кезе патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, көбінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу керек. Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті - өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынанда, шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» - деген болатын. Сонымен қатар, Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға, (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-емлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекеттік нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын йтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» [105] - деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын [105, Б.52].

Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде патриотизм мен патриотизмге тәрбиелеу туралы құнды ой-тұжырымдар айтылған.

Б.Момышұлы патриотизм ұғымының этимологиясына тоқтала отырып, ұлттық мақтаныш дегеніміз «белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі... өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол барып тұрған арамза, Отансыз қаңғыбас»... ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, адамдар ғана Отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді.

Б.Момышұлының патриотизм ұғымына берген анықтамаларын философиялық тұрғыдан қарастырып, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарының мән-мазмұнын кеңірек ашуға тырысқан.

Б.Момышұлының ұлттық патриотизм ұғымына берген анықтамаларға сүйенее отырып, ұлттық патриотизм ұғымының компоненттерін анықтадық. Олар: адамның ұлттық ерекшеліктерін сақтауға беімділігі, өз халқына сүйіспеншілігі, тарихи дәстүрі, мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, ана тілі, тұрып жатқан территориясы, шыққан тегін сезіну, өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну.

Бауыржан Момышұлы. «Жауда да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемегенбесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әжесінің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» [106] - деп өсиет қалдырған еді.

Халқымыздың батыр перзенті Бауыржан Момышұлының ой-толғаныстарын философиялық тұрғыдан қарастырсақ, ұлттық рх туралы мәселені ұлттық патриотизммен байланыстыруында үлкен саяси мән жатыр. Онда әрбір адамның өз халқына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі өзінің шыққан тегін сезіну мен өз халқына қан жағынан байланысын жүрегімен сезіну тұрғысынан түсіну қажет деп санаған деген қорытынды жасауымызға негіз болды.

Патриотизмнің маңызды өлшемдерінің бірі – тіл. Қазақ зиялылары тілдің жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлін жақсы көрсеткен. А.Байтұрсынов бұл жөнінде: «тіл адамның, ұлттың ерекше белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданатын ұтымды қаруының бірі», - деген. Бұдан қазақ демократтары мен зиялыларының тіл саясатын дұрыс құру үшін күрескенін көреміз.

Зерттеуші ғалым Ғ.Меңлібаев: «Адам бойында сіңген әлеуметтік және рухани құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың, ізгіліктің бастауы бола отырып, Отан алдындағы борыш пен міндетті орындауда кездескен қиындықтары батыл жеңуге құлшындырады. Ол үшн қоғам мүддесі, ұлттық мүдделер әркімнің жеке басының мүддесі дәрежесінде қабылдануы керек», [107] - деген болатын. Автор бұл жерде патриотизм мен ұлтаралық қатынас мәдениетін саралап келіп, әрбір жеке адамның қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасалмағына өзінің пікірін білдірген.

Философ Д.Раев: «Патриотизм ұғымын бүкіл әлемдік ғылыми мәдениеттегі терең өзгерістер тұрғысынан алатын болсақ, патриоттық концепция «Батыстық» және «Шығыстық» дәстүрдегі адамдардың қақтығысы жғдайында өмір үруде Батыс демократиясының негізгі белгісі және ең беделді ұстанымы – плюрализ. Плюрализм индивидтердің өзін-өзі көрсетуінің қоғамдық формаларының көп жақтылығын, әртүрлі мүдделердің, қиындықтар мен бағалардың, көзқарастардың қатар өмір сүру құқы бар дейтін нанымды білдіреді.

Қазіргі әлеуметтік әрекет кеңістігінде плюрализм әр адам үшін негізгі әлеуметтік бағдарға өір сүру стилінің эталонына айналды. Сондықтан кешегі рухани өмірдегі аномальді құбылыстар, бүгін жоғары мәртебеге ие болуда. Сайып келгенде, плюрализм қоғамдағы патриоттық сезімдер мен гуманистік қатынастарға өзінің елеулі ықыласын тигізуде. Осының салдарынан халықтағы ерекшебұқаралық көңіл-күйдің әдеттегіден де көтеріңкі болуын, осыдан туындайтын тобырлық сананың басымдығына патриоттық сезімнің орнына космополитизм «пендешілік» пиғылдардың үстем болуын байқауға болады.

Патриозмді өшіретін келеңсізбір ғана себепті айта келіп Д.Раев бұдан құтылудың этномәдени тәрбие жүйесін қалыптастырудан іздестіреді [108]. Автор бұл жерде этномәдени тәрбие ұлттың өзіндік салт-санасы мен әдет-ғұрпынан, дәстүр-рәсімдерінен бастау алары сөзсіз.

Зерттеуші саясаттанушы Ж.О.Кенжалин патриотизм ұғымының Қазақтанның саяси тархынан алар орны жөніндегі проблемаларды түйіндей келе соңғы жылдық тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынған [109].

Қазақстандық патриотизмнің ел Тәуелсіздігі жылдарындағы арихының алғашқы кезеңі: 1991-1994 жылдар аралығы. Бұл жылдар ел көлеміне Тәуелсіздік идесын ұлығылау жылдары деп аталмақ. Ол ұлттық рухтың ояну, өрлеу үрдісімен сипаттамақ. Екінші кезең: 1995-1998 жылдар аралығы. Бұл кезең мемлекеттің нарықты экономика заңдылықтарына өту кезеңімен, кей тұстары халықтың жекелеген әлеметтік топтарын торығушылыққа, дағдарушылыққа алып келген әттерімен сипатталады.

Үшінші кезең: 1999-2001 жылдар аралығы. Бұл кезең қазақстандық патриотизм ұғымы шын мәнінде ел ішіндегі бірліктің, қоғамдық келісімнің, тұрақты саяси хуалдың кепілдігіне айналғандығымен сипатталады.

Автордың бұлай кезеңдерг бөліп қарастыруында қазақстандық патриотизм республикасынағы қоғамдық келісімді жүзеге асыратын фактор деген тұжырым жасауында деп түсінеміз. Сонымен қазақстандық патриотизм – республиканы мекендейтін халықтардың рухани құндылықтарын ортақ игілікке айналдырудың құралы болып табылады еп анаймыз.

Зерттеуші ғалым Ә.Қалмырзаев халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп-жетілуі керек дей келе, оларды атап көрсетеді.

«Қазақстан халықтарының ұлтына, жынысына, тегіне, дініне қарамастан Заң алдындағы теңдігі, бірдей құқықтығы қоғмдағы саяси тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етудің шарты ғана емес, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бірі іргелі алғышарты болып табылады.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың екінші арнасы – экономикалық негіз жұмыссыздық пен кедейлік – елдің бірінші жауы. Сыртан жау алмайды. Негізгі ішкі жау – жұмысыздықпен кедейлік, күйсіздік. Бұл екеуі тұрғанда ешқандай патриотизмге жол жоқ. Отаншылдық сезімді қалыптастырудың тағы бір алғышарты – халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту».

Осы алғышарттардың әрқайсысын талдай отырып, автор мұның бәрі ұлттық қауіпсіздікке әкелетінін еске алады. Өз ойын түйіндей келе автор ел басының жыл сайын халыққа жолдайтын жолдауымен байланыстырады. Ұлттық қауіпсіздікті отаншылдық идеясымен, абстрактылы идеализммен, адамның психологиялық көңіл күйімен байланысты қарастырады. Өйткені ұлттық қауіпсіздікті тек найзаның ұшымен қару-жарақтың күшімен ғана сақтап қалуға болмайды. Суық қару күшті болғанымен, ұлттың рухы төмен болса, әскердің қай түрі болса да әлсіздік көрсетеді. Патриоттық сезім ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Сол себептен де Елбасы өзінің халыққа жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды» - деп ой қорытады.

1991 жылдан бастап, Қазақстанның тәелсіздік алуына орай ұлттық патриотизмнің, қазақстандық патриотизмнің жаңа жылнамасы басталып кетті. Бұған мемлекеттік дәрежеде айрықша мән берілді. Қазақстандық патриотизм әлеуметтік саяси қатынастардың адамгершілік қасиеттер мен түрлі көзқарастардың діни наным-сенімдердің арасалмағына болға беретін ұғым оның өлшемі дейтін болсақ, онда ең алдымен ұлттар мен ұлыстардың мурат-үддесінің бірлігі айқын болуі тиіс. Осы өлшем биігінен көрінген сәтте ғана Қазақстандық патриотизмге толық қол жеткізуге болатындығы анық. Сонда ғана қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қайнар көзі саналатын ұлттық мақтаныш сезімі туралы сөз қозғауға болады. Ұлттық мақтаныш сезімі жөнінде айтқанда оны жалпы ұлттық мақтаныш сезімімен байланыстырған жөн. Себебі олар бірін-бірі толықтырып, қазақстандық патриотизмнің мазмұнын құрайды. Мұның түпкі бстауында қазақстанда мекен ететін барлық ұлт өкілдерінің мақсат-мұрат бірлігі, достығы мен ынтымақтастығы жатыр.

Л.Ахметова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында кеңес дәуіріндегі «патриотизмнің» эволюциясына сипаттама бере отырып, бұл мәселенің мәнін айқындаған.

Профессор А.Құсайынов: «Қазақ елін шексіз сүю – деп түсінемін», - дей келе, «Отан сүю сезімі – халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен қабысып жатқан сезім Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуде. Мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім» [110], - дейді.

М.Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлы патриоттық сезім адамға генетика арқылы беріледі, бірақ оған күтім мен қамқорлық, тәрбие қажет деп атайды. Бақытжан Момышұлы ұлтына деген құрметті патриотизмен тығыз байланысты қарастырады: «нағыз патриоттар өзінен бұрын Отанының қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ жұртының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар» екенін жазады.

Білгілі халық жазушысы Ә.Нұршайықов «Қазақстандық патриотизмді» қалыптастырудың бірден-бір факторы – тәрбие екенін ерекше айтады [111].

Жоғарыда берілген «патриотизм» және «Қазасқтандық патриотизм» анықтамалары талдау н,егізінде «Қазақстандық патриотизмнің» белгілері айқындалды: өз Отанына сүйіспеншілік, өз ұлтына сенімі, саяси көзқарастары, еліне, жеріне құрмет, мемлекет рәміздерін құрметтеу.

Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі де әртүрлі. Өз еліне басқ елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де басқа» [112] - деп жазғаны белгілі.

Сондай-ақ белгілі педагогтар А.С.Макаренко [113] мен В.А.Сухомлинский [114] ерлік пен оны туғызатын факторлар туралы мәселелрді зерделеп, бұл олардың педагогикалық еңбектерінің негізі болғаны белгілі. Мәселен, А.С.Макаренко: «Адамды ерлік көрсетуге, мейлі, неде болсын – ұстамдылықта, ашық, тік сөз айта алуда, кейбір мұқтаждықтарда, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайға қоймайынша ержүрек етіп тәрбиелеу мүмкін емес», - деп тұжырымдайды. В.А.Сухомлинский патриоттық сезімдер мен моральдық ерік-күш қасиеттері толғаныстар арқылы тәрбиеленеді деп: «Отан идеясын ұғына жүріп, сүйіспеншілік, ризашылық, шаттық, қауіп, оның бүгіні мен ертеңі үшін қамқорлық сезімін, оның жауларымен ымырасыздық және адам жасөспірім шағында-ақ өзін таниды, өз жетістіктерін нығайтады» - деп жазды [115].

Ендеше жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастырудаолардың туған жер мен еліне сүйіспеншілігін оятудың маңызы зор. Ұрпағын өз халқының патриты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болса да, тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.

Кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Өйткені, Отан біреу-ақ, ол – туған жер топырағы, ата-баба сүйегі жатқан жер.

«Отанды сүю отбасынан басталады» деп ұққан ата-бабалаымыз отансүйгіштік қасиетті ата-ана, ауыл-аймақтың, елінің намысын қорғауды өз ұрпақтарына бірінші парыз ретінде ұқтырып өсірді. Қазақи тәрбие барынша елін, туған жерін сүюге бағытталған. «Туған елмен болмаса тумай-ақ қойсын күн мен ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Туған жерге ту тігу – елім деген азаматтың борышы», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» [116], - деп жас кезінен еліңе деген іңкәрлік сезімін бойына сіңіруге тырысқан.

«Ер намысы – ел намысы», «Ер нмыстың құлы», «Арың үшін алысу азаматтық», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген елжандылық ұрандар халқымыздың мәңгілік тәрбие қағидасына айналды. Баланы туа салысымен ерлік рухта тәрбиелеу, еңбекке елін, жерін, ана тілін сүюге баулу бесік жырынан бастап бүкіл ауыз әдебиетінің өнегелі өсиеті болып өзекті орын алады. Еңбек пен ерлікті, ел мен жерді пір тұтқан бабаларымыз ғасырлар бойы ерліктің ерен үлгісін көрсетіп бақты. Оған айқан мысал, Күлтегін, Тоныкөк ерлік дәстүрінен бастап, XVIII ғасырдағы Бөгенбай, қабанбай, наурызбай, Райымбек т.б. батырлардың тәрбиесіне назар аударсақ айқын байқаймыз. Мысалы, З.Сәннік, Б.Садықанның «Қаракерей Қабанбай» атты еңбегінде [117] Ерасылдың балалық шағынан бастап батырдың жеке тұлғасын қалыптастыруда ата-ананың, ағайын-тумалардың, әлеуметтік ортаның игі ықпал еткенін көреміз.

Осыдан келіп, біз ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы, Отанының, өскен ортаның әсерінің орасан зор екенін байқаймыз. Ер елдің бір жағынан панасы, бір жағынан қорғаны деп бағалаған ата-бабамыз «Ерлік тәрбиеден туады» деп ұққан. Батыр, ер ұғымдары үнемі қатар қолданып келген.

«Батыр, - дегеніміз (араб және иран тілдерінде баһадүр) жаугершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ. Ал батырлық жеке адамдарға тән патриоттық қасиет» - деп берілген анықтамаларды негізге ала отырып, батырлық, батыр, ер, ерлік және ұлттық жауынгерлік дәстүр, оның ерекшеліктеріне, ерлік тәрбиесіне педагогикалық тұрғыда түсініктеме берілді.

Академик М.К.Қозыбаев халқымыздың ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне тоқтала келе, «ер дегенде ең алдымен біге Отан қорғаған сәтте жау шебін бұзып, қамал алған қайрат – жігер иесінің бейнесі оралады» [118], - деп атап көрсетті.

Яғни, ер – ар-намыс, азаматтық қасиетті үнемі жоғары ұстап, қажетті жерде қауіп-қатерге өз басын тігіп батыл іс-әрекетке бара алатын адам. Ердің іс-әрекеті бейбіт кезде де, соғыс кезінде де ел, жер мүддесі үшін қауіп-қатерлі істерге, ерекше қимылдарға бару іс-әрекеті.

Зерттеуші-ғалым Қ.Қабдыразақұлы жас ұрпақты дәстүрлер негізінде тәрбиеле мәселесін педагогикалық тұрғыда зерделей отырып, дәстүрлерді шартты түрде беске бөледі. Солардың ішінде негізгі дәстүрлердің бірі деп ұлттық жауынгерлік дәстүрді қарастырады. «Жауынгерлік дәстүр Отан, туған жер және халқы үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі, салтанатты болашағы үшін шексіз жүректілік, шамадан тыс қуаттылық және өлшеусіз ерлік жасаудың үлгісін көрсеткен жауынгерлік күресті бейнелеген ұғым» [119], - деп атап көрсетеді.

Патриоттық тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, елін, жерін, Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдердің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың анасына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты, патриоттық сезімді сіңіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр.

Көне түркілер, көшпенділер тарихына, халқымыздың ер және жауынгелік дәстүрлеріне шолу жасағанда ерлік қасиеті әрбір жауынгерге тән болғанын көреміз. Мұның өзі бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпақтан батылдық, табандылық қасиеттерді талап ететінін байқатады.

Талай ғасырды өткеріп, бізгі жеткен батырлар жыры бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда басты орын алады. Батырлар жырының мазмұны туған елін, жерін, жаудан қорғаумен қатар ананың балаға махаббаты, сүйсіпеншілігі, адамгершілік қасиеттерге негізделген. Ата-бабаларымыз батырлардың қайсар қаһармандығын, ерлігін суреттей отырып, ұрпақ тәрбиесіне өшпес мұра қалдырып отырды.

Зерттеуші Ә.Айтақов қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін негізге ала отырып оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қарастырады [120]. Халық ауыз әдебиетіндегі ерлік тағылымдарын (батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, бата-тілектер және т.б.) Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік дәстүрімен сабақтастырады. Ал, С.Ешімханов Ұлы отан соғысы жылдарындағы сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарды оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі халқымыздың ерлігінің олардың шңдалуына, есеюіне үлкен әсер еткендігін ашып көрсетеді. Соғыс жылдарындағы майдандағы және елдегі халқымыздың қаһармандық қасиеттері арқылы ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қояды [121].

Бұл ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшелігі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы азаматтарымыздың ерен ерліктерінің тәлімдік мәнімен қоса көп ұлтты Қазақстан халқы үшін ұлттық бірлікті, ынтымақты нығайтуға игі әсер еткендігінде деп түсінеміз.

Зерттеліп отырған мәселе бойынша қарастырылған ғылыми еңбектерде ерлік пен елжандылықт қалыптастыруға себебін тигізетін қасиетті белгілерге ұлттық сана сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық парыз, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, намыс жататыны көрсетіледі. Бұл ұғымдарға дәлірек тоқталатын болсақ:

«Ұлттық сезім - ұлттық ой-санадан ерекшелеу – бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді өзіндік тұрғыдан түсіну. Ұлт бар жерде ұлттық сезім де бар және оны құрметтеу заңды» [122], - деген анықтаманы профессор Т.Сәрсенбаев берген.

Ұлттық мақтаныш пен ұлттық парыз туралы Б.Момышұлы төмендегідей анықтама берген:

«Ұлттық мақтаныш - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын, әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады».

«Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне сезімталдықпен қарау. Парыз - өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары интеллектуалды құбылыс» [123].

Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрып ұғымдарына Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: «Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарих қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасынд ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы» [124], - деген анықтама берілген.

«Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы» [125] - делінген.

Намыс ұғымына педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Намыс – арлы адамның өзіне, айналасына, ұлтына кір келтірмеу үшін күресте бойына қайрат беретін сезімі. Қазақ халқы ұлттық намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-тәрбие жүргізеді» [126] - деген анықтама беріледі.

Белгілі ғалым А.Айталы: «Ұлттану» атты еңбегінде: «Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу дегеніміз – елімізді барлық ұлттардың шынайы Отанына, мақсанышына айналдырып, ешкімді де өгейсітпейді» [127], - деп анықтама берген. Бұдан көп ұлтты қазасқтанда тұратын барлық ұлттар бір-бірімен тату-тәтті араласып өмір сүріп, ңбек ету, бір-бірінен жақсысын үйрену, ортақ мақсат, мұраттар жолында бірігіп, ұлттқ сананы адамгершілік деңгейге көтеру қажеттігі туындайды – деген тұжырым жасайды.

Патриотизм – мемлкеттің күш-қуатын, өмірщеңдігін, тұтастығын қорғайтын ұлы рухани тіректің бірі. Қазасқтан патриотизмді де еңбек сүйгіштіктің, бауырмалдықтың, парасаттылықтың қайнар көзіне айналады.

Психолог Т.Тәжібаев: «мектеп жасындағы балалардың эмоциялары, сан-саналы болып келеді. Енді бала өзінің эмоциясын меңгеріп, басқарып отырады. Бұларда достық, жолдастық сезімдері қалыптаса бастайды. Оларда Отанды сүю, ар-ұят т.б. секілді моральдық сезімдері пайда болады», - деген. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты – оқушыларда жағымды, ұнамды эмоцияларды қалыптастыру болып табылады.

Психолог М.Мұқанов «Педагогикалық психология» атты еңбегінде: кіші мектеп жасындағы оқушылар мінезіне: қиыншылыққа төзімділігі, берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келеуі, бір нәрсеге әуесқойлық т.б. жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы: қиыншылыққа төзімді келіп, одан басқа тартпау, табандылық т.б. ұлдарға көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі қыздарда басымырақ келеді. Бұдан қыздара тиісті қасиеттер ұлдарда кездеспейді деген ой тұмау керек. Бұл тек әрбір баланың түрлі мінездерге ие болуға мүмкіндігінің бар екенін көрсетеді. Осындай мүмкіндікті ескеріп, 1 сыныптан бастап, ана тілі пәндерінде берілген мазмұны патриоттық тәрбиеге арналған көркем шығармаларды оуда өзінің елін, туған жерін сүйетін, оны қорғауға деген намысын оятатын, «Мен – Қазақстан азаматымын» т.б. мақтаныш сезімін оятуға болады деп есептейміз.

Ғалым, психолог А.Темірбеков «Оқушылардың кеңестік патриотизм сезімін тәрбиелеудің кейбір мәселелері» атты еңбегінде: бірінші сыныптардан бастап-ақ, оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеп тереңдету жолдары көп [128]. Мысалы үшін екінші сыныпқа арналған «Ана тілі» оқу кітабындағы талай материалдарға байланысты балалардың бұл сезімін оятып, дамыта беру қажет. Бұл кітапта басылған «Отан – біздің анамыз» деген мақаладағы идеялық жағынан өте құнды пікірлерге сүйене отырып, мұғалім айналадағы өмірден алынған балаларға таныс фактілер арқылы олардың санасында, бір жағынан жаңа елестер мен ұғымдар тудырса, екінші жағынан сонымен бірге, оқушылардың көңіл күйін тербете, олардың патриоттық сезімін де тәрбиелейді», - деп көрсетеді.

Белгілі ғалым, психолог Қ.Жарықбаев: «Ұлттық мінезге сипаттама бере отырып, қазақстардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігі, мал шаруашылығы мен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандылығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады» [129], - деп көрсеткен. Осы ұлттық қасиеттерді кіші мектеп жасындағы оқушыларға көркем шығармаларды ерлік, елжандылық, халық қаһармандары Ұла Отан соғысының батырлары, халық батырларының мінез-құлқындағы елін-жерінқорғағандағы жағымды, ұнамды қасиеттерді үлгі ете отырып, қалыптастыруға болады деп ойлаймыз.

Көркем шығарманың құндылығы оның өмірге жақындығында, өмірдің толғандырар мәселелерін бүкпестен, ашығын атйып, шыншылдықпен беруінде болмақ. Көркем шығармада көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады. Сонымен қатар ол жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, типтерді, құбылыстарды бейнелейді, жаманнан жиренеді, жақсыға ынталандырады. Көркем бейне өмір құбылыстарын айлану арқылы, кейіпкердің ішкі дүниесіне үңілу арқылы сомдалып жасалады. Көркем шығарманың негізі қайратты азаматты баулу, халықтың мұң-мұқтажын сол азаматтың жоқтауы, өз жұртының өркендеп өсіп, көркеюі жолында жанқиярлықпен қайрат жұмсауына саяды.

Қорыта келгенде, зерттеу тақырыбыз бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық талдау нәтижелері төмендегіей қысқаша тұжырым жасауға мүмкіндік береді.



  1. Патриоттық тәрбие мен оның негізгі компоненттері туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы ғалымдардың көзқарастары мен ой-пікірлерінің бірін-бірі толықтыртындығы анықталды.

  2. Көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру үрдісінің танымдық мәнін ескерсек, онда әрбір оқушының патриоттық сана мен патриоттық сезімді қалыптастырудың негізгі көрсеткіші оқушының саналы іс-әрекеті болып табылады.

  3. Психологтардың теориясын қорытындылайтын болсақ, сана мен сезімі бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын бір тұтас дүние тұрғысынан қрастырады, себебі сана психика дамуының ең жоғары дәрежедегі сатысы, солай болғандықтан адам көңіл-күйінің көрінісі сезім мен эмоцияны сана билейді. Сезім орта және тәрбие ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады.

  4. Патриоттық сана мен патриоттық сезімнің негізгі көрсеткіші – оқушының іс-әрекеті. Олай болса, іс-әрекет тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін фактор – оқушы іс-әрекет барысында қоршаған орта құндылықтарын арттыруға өзіндік үлесін қосады, яғни патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамиды, жеке басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастыратын болады.

  5. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде көркем шығарманың мүмкіндігі зор. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жер табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, тарихи ата-баба ерлігі көркем шығарма арқылы беріліп, әрбір оқушының бойына намыс пен сүйіспеншілік сезімдерін оятады.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақ туған тілін біліп, ата-бабасынан қалған мақал-мәселі қазақша оқып өскендіктен оның бойына ұлтжандық дариды. Өйткені көркем әдебиетіміздегі шешендік өнер, қанатты сөздер, мақал-мәтел, ғибраттардың Отан, туған ел, халық, ұлт тақырыбын айналып өткені жоқ. Мысалы: «Опасызда отан жоқ», «Ел іші – алтын бесік», «Отан оттан да ыстық» т.б. Ертегілер мен батырлар жыры – тұнған тарих, ерлік пен елдік, рух биіктігі мен намыс, табиғатқа, туған өлкеге деген махаббатты оятатын алтын қазына болып табылады.

Жұмысымызда талднған ғылыми-теориялық құнды ой-тұжырымдар, зерттеуіміздің келесі тармақшасында негізге алынды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет