Саясаттану



Pdf көрінісі
Дата07.02.2024
өлшемі362.19 Kb.
#491083
Саясаттану



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ 
Экономика және бизнес жоғары мектеб
факультет
СӨЖ 1
Тақырыбы: Саясат туралы нег зг парадигмаларды салыстыр-
малы талдау.
Оқытушы: Инкарбаев Е.Т.
Студент: Елеус з Береке
Мамандығы: Логистика
Алматы, 2024 ж.


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
Саясаттану
1.Саясаттану парадигмалары
2.Халықаралық басым бағыттар. Саяси шиеленістерде Қазақстанның
орны
3.ТМД-дағы шиеленістер
4.Молдова мен Приднестровье


Саясаттану
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos -
сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г.
50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде
қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның
халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу
объектілері:
саяси теория;
саяси институтгар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; 
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні
ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси
ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен
үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті
зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша
нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен
болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар
мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық
жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып
көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж.
бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарында Саясаттану міндетті пән
ретінде оқытылады.
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір
қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық
қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе,
олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік
береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға,
іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық
мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол


Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] -
саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді
ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын
теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты
азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі -
қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси
өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс,
бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды
тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым
саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды
қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және
атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-
басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда
немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар
саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың
жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу
керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді,
әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін
көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси
зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен
ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық
саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен
аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Саясаттану парадигмалары


зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап,
талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік,
әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады. Теологиялық парадигма
саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның
алғашқы дами
бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-
саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және
дамиды делінген.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен,
атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық
және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз
ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье
(1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын,
мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық
құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер,
австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен
физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның
психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін
қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар
арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық
қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде
әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде
саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен
идеялар пайда болып, дамиды.


ЕҚЫҰ саммиті бұған дейін Түркияның Стамбул қаласында өткеннен
бері 11 жыл өтіпті. Сарапшылар, саммиттің ұзақ уақыт бойы өткізілмей
келгенін ЕҚЫҰ құрылымының дағдарысымен байланыстырады. Әлемдік
саясаткерлер Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ұйымға жаңа серпіліс
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз
ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны
жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар -
К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал,
шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға
Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты
саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне
апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік
тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп,
дамуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер,
Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа
шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.
Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени
құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын
қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен
ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге
күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл
бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде
таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт
артады.
Халықаралық басым бағыттар.
Саяси шиеленістерде Қазақстанның орны


бергенін және түрлі деңгейде саяси дағдарысты басынан кеше
бастаған Еуропадағы ең беделді құрылымның жұмысының
жанданғанын айтады. 
Елбасының биылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауының «Сыртқы
саясат» атты бөлімінде «Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің
елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға
төраға болуға мүмкіндік берді. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Бұл – ЕҚЫҰ-ға
адамзаттың жаңа тарихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің аса
жоғары жауапкершілігі. ЕҚЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық
құрамымен – ал бұл үш құрлықта орналасқан 56 мемлекет, мемлекеттердің
өзара ықпалдасуының бай тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен
ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табылады. Қауіпсіздік
жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай ұранмен
өтетін болады: “Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік”. ЕҚЫҰ-ға мүше
көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар,
үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы менің
ұсынысыма қолдау білдірді. Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі
аймағында қауіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын, Ауғанстандағы
жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым» деген еді.
Демек, Елбасы Жолдауындағы сыртқы саясаттағы басым бағыт – ЕҚЫҰ-ға
төрағалық және ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу секілді жаһандық маңызы
бар мәселенің ойдағыдай өтуі – еліміздің халықаралық беделін тағы да бір
асқақтату болып табылады. Ендеше осы маңызды саяси оқиғадан
халықаралық қауымдастық не күтеді? Осыған жауап іздеп көрсек.


Таулы-Карабах:
ТМД-ДАҒЫ ШИЕЛЕНІСТЕР
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, 1988 жылдан бері жалғасып келе
жатқан Әзірбайжан мен Армения арасындағы жер дауына бұл саммитте
нүкте қойылуы мүмкін емес. 1988 жылдың ақпан айында жергілікті
тұрғындарының басым көпшілігі армяндар болып келетін Таулы-Карабах
автономия облысы Әзірбайжан құрамынан шығатынын мәлімдейді. 1991
жылы осы облыстың орталығы болып саналатын Степанакертеде Таулы-
Карабах Республикасы құрылғаны туралы жарияланады. Ресми Баку бұл
актіні заңсыз деп танып, кеңес жылдары өмір сүріп келген Карабах
автономиясын жояды. Бұның соңы қарулы қақтығысқа ұласып, ол 1994
Өзгені былай қойғанда, Саммит күн тәртібінде алға шыққан ТМД
кеңістігіндегі даулы мәселелердің өзі біршама. Қырғызстандағы ұлтаралық
араздық: елдің оңтүстігіндегі өзбектер мен қырғыздардың проблемасы;
Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Карабах шатқалы, Молдовадағы
Приднестровье, Грузия мен Ресей арасындағы геосаяси ойынның құрбанына
айналып отырған Оңтүстік Осетия мен Абхазия мәселесі. Бұған Орта
Азиядағы ең тұрақсыз мемлекет Ауғанстанда саяси тұрақтылық орнату,
халқын сауаттандыру, қарулануды азайту, есірткі саудасын тоқтату және
терактілердің алдын-алу секілді толып жатқан жаһандық проблемалар
қосылады. Демек, саммиттің көтерер жүгі ауыр. 


жылдың 12-мамырына дейін жалғасқан болатын. Дәл осы күні татуласу
жайлы келісім күшіне енген еді. Оның нәтижесінде Әзірбайжан Таулы
Карабахты мүлдем қолынан шығарып, оған жапсарлас 7 ауданды да
бақылау мүмкіндігінен айрылады. 1992 жылдан ЕҚЫҰ-ның Минск тобы
аясында шиеленісті реттеу мақсатында келіссөздер жүргізіліп келеді.
Бұл топтың тең төрағалары АҚШ, Ресей және Франция. Әзірбайжан
аумақтық тұтастығын сақтауды көздесе, Армения мойындалмаған
республиканың мүддесін қорғайды.
Арменияның NEWS.am сайтында осы мәселеге орай үш жақты кездесудің
өткені және Әзірбайжан тарапынан Кавказда тұрақтылық пен бейбітшілік
орнату мақсатында шиеленісті реттеу жөніндегі «жол картасы» ұсынылғаны
жазылады. Өңірдегі шиеленісті шешудің бірден-бір жолы осы дейді бұл
мәселеде ара ағайындық жасап жүрген Ресей тарапы. Бірақ, Армения бұл
ұсынысты қабыл алуға даяр емес. Армения билігінің тізгінін ұстап отырған
Республикалық партиясы жетекшісінің орынбасары Галуст
Саакян Ереванның өз ұстанымынан бас тартпайтынын, Карабахтың
мәртебесін қайтарып алмайынша ешқандай «Жол картасына» қол
қойылмайтынын мәлімдеді. «Жол картасы» – дегеніміз желеу ғана, біз үшін
ең маңыздысы Карабахтың мәртебесін қайтару» деген еді ол.
Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультеті деканының
орынбасары, саясаттанушы Алексей Власов бүгінгі саммиттің Таулы Карабах
мәселесін реттеуде нәтижелі боларына күмән келтіреді. Әзірбайжандық
AZE.Az интернет сайтына берген сұхбатында ол: «ЕҚЫҰ-ның қазіргі
төрағасы Қанат Саудабаев Кавказдағы шиеленістерді реттеудің жол
картасын
бірнеше рет ұсынғанымен, нәтиже бермеді. Сондықтан. Бұл саммитте Таулы
Карабах шиеленісі оң шешім табады деу қисынға келмес» деген екен. ЕҚЫҰ-
ның шиеленістерді болдырмау орталығының директоры Херберт Зальбер
бұған мүлдем қарама-қайшы пікір ұстанады. Оның ойынша, Астана саммиті
Карабах шиеленісін біржақты етуге оң қадамдар жасауы мүмкін. Қалай
дегенмен де, қос мемлекет басшылары бұл Саммитте бір үстелде отырып, өз


талаптарын ашық түрде мәлімдей алады. Бұл да Саммиттің ірі жетістіктерінің
бірі деп қабылдау керек. 
Молдова бұл Саммитте Приднестровье мәселесін шешеміз деп
үміттенеді. Оның үстіне биыл Приднестровье мәселесінде біршама алға
жылжушылық байқалады. Оның бастысы Приднестровьеден Ресей
әскерилерін шығару. Молдованың республикалық декларациясы 1999 жылғы
Түркияда өткен ЕҚЫҰ саммитінде қабылданып, 2002 жылы Португалияда
өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа декларация қабылдауға үнемі Ресей
әскерилерінің Приднестровье аумағынан шығарылмағандығы бөгет боп
келген. Бұл жолы жаңа декларацияның қабылданатындығына сенімді.
Молдованың Сыртқы саясат қауымдастығының баспасөз клубының
атқарушы директоры Виктор Кирилэ «ЕҚЫҰ саммитінде Приднестровье
шиеленісін реттеу мазмұнындағы жетістіктер Молдова Республикасы
жөніндегі декларацияда көрініс табады деп үміттенеміз» деген мәлімдеме
жасаған.
Молдова мен Приднестровье


Пайдаланған әдебиет
1.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2.
 http://www.minber.kz/?p=2947 
3.
 http://kk.wikipedia.org/wiki/Саясаттану 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет