Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества


Байтин М.И. Сущность права (Современное нормативное правопонимание на грани двух веков). Изд. 2-е. - М: ООО ИД «Право и государство». 2005. С. 80



бет2/32
Дата21.06.2016
өлшемі3.14 Mb.
#151264
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1. Байтин М.И. Сущность права (Современное нормативное правопонимание на грани двух веков). Изд. 2-е. - М: ООО ИД «Право и государство». 2005. С. 80.
2. Шебанов А.Ф. О понятиях источника и формы права. // Правоведение. 1965. № 4. С. 23.
3. Schonke A. Einfuhrung in die Rechtswissenschaft. Karlsruhe. 1949. S.1.
4. Марченко М.Н. Источники права. М.,2006. С.45.
5. Кечекьян С.Ф. О понятии источника права. Уч. Записки МГУ вып. 116. Труды юридического факультета, кн. 2 М.,1946. С.6.
6. Алексеев С. С. Восхождение к праву. Поиски и решения. - М.: Изд. НОРМА. 2001. С. 29.
7. Зивс С.Л. Источники права. М., 1981. С. 22.
8. Мурашко Л.О. Начальные виды социальной нормативности / Журнал российского права. - М., 2002. № 1. С. 83.
9. Марченко М.Н. Судебное правотворчество и судейское право. М, 2008. С. 101.
10. Белякова С.В. Правовой статус органов судебной власти в механизме российского государства. Автореф. диссер.. канд. юрид. наук. Саратов, 2004. С.25.
11. Сулейменов М.К. Нормативные постановления Верховного Суда в системе источников права.// Юрист. 2009. №7. С. 16.

12. Абдрасулов Е. Судебная власть и ее роль в праворазъяснительной деятельности. Зангер, № 2, 2004. С.22 - 24.


Баймұрат С.М., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Ғылыми жетекшіcі: Сейдеш Б.Б., аға оқытушы



ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖОҒАРЫ ЗАҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
В этой статье юридическое образование Республики Казахстан, ее место в обществе и сегодняшние проблемы указаны как основные препятсвия для формирования правового государства, а также предложены пути решения этих проблем. Понимая общественную значимость юристов и их уровня профессионализма для государства в целом, предложены пути формирования гражданского общества.
Ключевые слова: юридическое образование, правовое государство
In this article legal education of Republic of Kazakhstan, its place in a society and the today's problems are shown as the basic obstacles for formation of a the law-bound state, and also the ways of the decision of these problems are offered. Understanding the public importance of the lawyers and their level of professionalism for the state as a whole, the ways of formation of a civil society are specified.
Keynotes: legal education, law-bound state
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,...» [1] деп көрсеткен. Тәуелсіздігін алғаннан бері азаматтық қоғам қалыптастыру барысында, мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы демократиялық мемлекет құруда бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайында шын мәнінде демократиялық, құқықтық, әділ мемлекет және өркениетті, азаматтық қоғам қалыптастыру заңгерлік білімі жоғары мамандардың қатыспауынсыз мүмкін емес. Ал азаматтық қоғамның саяси фундаменті болып құқықтық мемлекет және демократия болып табылады [2]. Ресейлік заңгер, білім саласында еңбек сіңірген академик О.Е.Кутафин айтқандай: «заңгерлерсіз құқықтық мемлекет құру, құрылысшыларсыз үй салумен бірдей» [3]. Сондықтан Қазақстан Республикасы шын мәнінде құқықтық мемлекет болып даму үшін ең алдымен заң білімі дұрыс жолға қойылуы тиіс.

Біздің қоғамымызда заңгер мамандығы қызметін қамтитын салалары кең. Бұған мемлекетіміздің заң шығару, атқару және сот билігінен бастап, басқару органдарының барлық сатыларындағы қызметті, кәсіпорындардың қызметін, құқық қорғау органдарының қызметін жүргізу, адвокаттық, нотариалдық қызметті және әртүрлі саладағы заңгерлер қызметі мен оқытушылық қызметті қоса қамтитын әлеуеті зор ауқымды мамандық. Сондықтан құқықтық білім беру кезінде ондағы болашақ мамандарға ерекше назар аударған жөн.

Жалпы әлсіз құқықтық мәдениет жағдайында жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасау үшін қолайлы орта сақталады, сондықтан қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру алға қойылуы тиіс [4]. Жоғары құқықтық мәдениет қалыптастыру саласындағы қызмет екі бағытта жүруі тиіс: біріншісі - кәсіби заңгерлерді дайындау сапасын көтеру, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса алғандағы мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне құқықтық білім беру; екіншісі - ел халқын құқықтық тұрғыдан ағарту. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша ҚР-да қазіргі таңда 45 заң ЖОО-ы мен факультеттер бар және олар жылына 90 мың маманды дайындап шығарады. Заңгерлік білім беру бойынша зор жетістіктерге жеткен Америка Құрама Штаттарында құқықтық мектептер саны Қазақстандағы көрсеткіштен 4 есе көп болса, халқының саны 19 есе көп. Бұл көрсеткіштерді салыстырмай-ақ біздің еліміздегі заңгерлер саны, ал олардың білімінің сапасының төмендігі біздің қоғамымызда ең өзекті мәселенің бірі болып отырғандығы айқын.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында былай делінген: «Ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы іс-шаралармен тығыз байланысты мәселелердің бірі заңгерлік білім мәселесі болып табылады. Қоғамға және мемлекетке адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағдар ұстанған және патриоттық бағыттағы жаңа сипаттағы заңгерлік кадрлар керек. Нақ осындай тәсіл заңгерлік білім жүйесінің негізі болуға тиіс» [5].

Мемлекеттік және қоғамдық мәселелерді шешудегі заңгерлердің рөлі бірнеше халықаралық құжаттарда да айтылған. Солардың бірі 1990 жылы БҰҰ-ның Сегізінші Конгрессінде «заңгерлердің роліне қатысты негізгі қағидалары» және сол жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өткен заңгерлердің халықаралық Ассоциациясында «заңгер мамандығының тәуелсіздік стандарттары» қабылданған болатын. Бұл құжатта құқықтық мемлекет құру және оның қалыпты жұмыс жасау үшін юстиция жүйесінің әділ болуы шарт, сондай-ақ заңгер мамандығының өкілдеріне және мемлекеттік органдарға халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру міндеті жүктеледі [6]. Нәтижесінде көрші мемлекеттердің мысалы арқылы заңгер мамандығының қоғамдағы ролінің ерекшелігін бақылауымызға болады. 2001 жылдың 13 ақпанында Ресей Федерациясы Білім Министрлігі Коллегиясының «РФ заңгерлік білімді дамыту» туралы ведомствоаралық бағдарламасы бойынша мынадай анықтама берілген: «Заңгерлік білім – Ресейдегі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолында өте маңызды фактор. Осындай қоғамдық маңызы бар білім саласын жетілдіру және дамыту маңызды қажеттілік болып табылады» [3].

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның құқықтық саладағы бірқатар мәселелері көп жағдайда маңызды практикалық міндеттерді шешуге арналған заңгерлерді мақсатты түрде дайындаудың жоғымен түсіндірілуі де мүмкін. Расында да ЖОО-ын заңгер мамандығымен бітіріп шыққан мамандардың жұмыссыз жүруі, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау барысында еңбек стажы бар мамандарды талап етуіне байланысты, ал ЖОО-нда студенттер тек қана теорялық білім алып шығатыны белгілі. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында кәсіби заңгерлерді дайындауға қайта бейіндеу үрдісін ынталандыру қажет сияқты. Әрі қарай құқық қорғау органдарына жұмысқа орналастыруға бағдар ұстаумен қатар арнайы адвокатура органдарына, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың заңгерлік қызметіне, банктерге және т.б. арналған заңгерлер дайындауға көңіл бөлінуге тиіс. Жоғары оқу орындарындағы адагершілігі жоғары рухани тұлғаны қалыптастыру жөніндегі тәрбие жұмыстарының барынша маңызды бағыттарының бірі студент жастардың құқықтық санасын көтеруге, әлеуметтік қатынастар мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады [4]. Ал егер осы оқу орындарынан білікті мамандар дайындалып шықпайтын болса және ондай қызметкердің халыққа қызмет көрсетуі, тіпті ондай адамның құқық қорғау органдарында жұмыс жасауы мемлекетіміз үшін аса зор пайда тигізбейтіні де ақиқат.

Құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында біз осы кедергілерді жоймайтын болсақ, алдағы даму туралы айтылатын пікірлердің ешқандай маңызы болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының халқының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру мемлекеттің тұтастай дамуына үлес қосатынын ескере отырып, халықаралық тәжірибелердің тиімді әрі дұрыс бағыттарын қолдана отырып келесідей мәселелер шешілуі тиіс:


  1. Заңгерлік білім сапасын дамыту және жетілдіру;

  2. Болашақ заңгер маманын дайындау барысында заң білімін алып жатқан студенттердің практикалық қабілетін қалыптастыру;

  3. Заңгерлік білім беруде сапасы төмен ЖОО-ның санын қысқарту.

  4. Мемлекетте азаматтық қоғам қалыптастыру үшін мемлекеттік тілдің ролін ескере отырып, жалпы заң саласындағы мемлекеттік тілдің беделін көтеру.

Елімізде заң саласында қалыптасқан мәселелері, сондай-ақ халықтың құқықтық ағарту үрдісін жеделдету, дамыту әрі жетілдіру жолында заңгерлік білім беру жүйесінің маңызын ескере отырып бірнеше ұсыныстар енгізуге болады.

I. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда мамандық таңдау әр адамның өзінің құқығы, әрбір азамат өзінің білім деңгейі, қабілетіне қарай мамандық таңдайды. Сол тұрғыдан алсақ, ҚР-да заңгер мамандығын таңдағандар да аз емес, бірақ әрбір адам өзінің құқығын біліп жатса, біздің қоғам соғұрлым демократиялық мемлекетке бір табан жақын болатыны сөзсіз. Бірақ та ол, заңгер мамандардың санымен емес, біліктілік, сапа дәрежесімен өлшенетіні тағы да белгілі. Бұл мәселені шешу үшін жоғары заң білімін алып жатқан студенттердің білім алуынан бастауымыз қажет. Қазіргі заманға сай заңгерлік білім беру саласы теорияның жаттандығымен шектелмеуі тиіс, оның мақсаты өзінің білімін практикада қолдана білетін және күнделікті жаңартылып отыратын ақпаратқа қол жеткізетін білікті мамандарды дайындау болуы шарт [7].

II. Қазіргі таңда заңгер мамандығын алып шыққан көптеген мамандар жұмыс таба алмай жүргендігі ақиқат. Бұның себебі жұмыс беруші әрдайым жұмыс тәжірибесі бар маманды іздейді. Ал ЖОО бітірген жас маманның ешқандай тәжірибесі және еңбек өтілі болмағандықтан елімізде мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмауы да өзекті мәселенің бірі болып қалып отыр. Сондықтан заң білімін берудегі негізгі мәселелер оқып шыққан мамандарды практикалық міндеттерді атқара білуге үйрету, сот процесінде қаралған азаматтық және қылмыстық істерді сабақ кезінде практикалық тұрғыда талқылауға салу, іс-қағаздарды дайындау және құру ретін үйретуге негізделген сабақтар жүргізу (себебі заңгер пайымдауынша оқып шыққан кейбір азаматтар тіпті қарапайым өтініштің қалай жазылатынын білмей жатады), мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыстарына қатысуға мүмкіндік жасау және қызметкелерімен жүйелі түрде кездесулер өткізе отырып т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізу.

III. Заңгер мамандардың сауаттылығы мен кәсіби білімін арттыру. Бұл мәселе шешілмейтін болса ел халқынын құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетіне жұмсалған іс-әрекеттеріміздің нәтижесі болмауы мүмкін. Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзінің берген сұхбатында ЖОО-ын оптимизациялау үрдісі 2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың маусымға дейін созылады деген және сол үрдістің негізгі себебін де айтып кеткен болатын. Ондағы негізгі бағыт, сапасы төмен ЖОО-на қысқарту жүргізіледі [8]. Бұл жүргізіліп отырған реформаларға ҚР-дағы білім сапасын жақсартады деген сенім мол және осы іс-әрекетерді жүзеге асыру барысында заң университеттері мен факультеттері мұқият бақылаудан өткізіліп, әлемдік өлшемдерге сәйкес келмейтіндерін қысқарту. .

IV. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы ролі ҚР үшін әрқашан ахуалды болмақ. Кез келген мамандық иелеріне мемлекеттік тілді меңгеру міндет болуы тиіс. Мемлекетті шын мәнінде құқықтық, демократиялық бағытта қалыптастыру үшін ҚР-ның негізін құраушы халықтың құқықтық санасын көтеру алға қойылуы тиіс. Ресми іс-қағаздар, сот процестері, тіпті кез келген заң көмегін алу кезінде мемлекеттік тіл сирек қолданады және бұл көптеген азаматтарды түсініксіздік пен тығырыққа тіреп, өзінің құқықтарын толықтай аңғармауына алып келеді. Ауылдық жердегі мекен-жайында тұратын азаматтар Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7 млн-нан астам адам немесе елдегі жалпы халық санының 47% құрайды [9]. Құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті төмендеу, өз құқықтары мен бостандықтарын біле бермейтін адамдар саны ауылдық жерде мекендейтін адамдардың үлесіне тиесілі екендігі де жасырын емес. Олардың негізгі үлесі қазақ халқы болғандықтан оларға сәйкесінше заңды көмек те, ресми іс-қағаздар да, сот процестері де қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Сол кезде ҚР-ын құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру үрдісінде жаңа, тиімді іс-қимылдар жасалады.

ҚР әлемдегі өте жас мемлекет, алайда осындай қысқа уақыт ішінде әлемде ешбір мемлекет жасамаған қадамдарға қол жеткізсе де, әлі де өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолында аянбай еңбек етуі қажет. Егер де мемлекеттің әр азаматы жасаған еңбегі мен жетістігін мемлекет үлесіне тигізетін пайдасы екенін түсіне білсе, егер әр адам Отанына қызмет ететін болса, сол жасаған аздаған қызметтер мемлекет үшін дамудың үлкен қадамын берер еді. Тек қана тұтастай халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру арқылы мемлекеттің әр азаматы бұл қабілетін түсіне алады. Азаматтық қоғам қалыптастыру негізі құқықтық ағарту болып табылады және бұл ағарту жұмысы жоғарғы білікті заңгер мамандарды қажет етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз.

  2. Указ Президента Республики Казахстан О Концепции развития гражданского общества в Республике Казахстан на 2006-2011 годы от 25 июля 2006 года № 154

  3. Актуальные проблемы юридического образования и правового воспитания в современной России и других странах СНГ- Статья опубликована в Евразийском юридическом журнале № 11 (30) 2010.

  4. «Адам құқықтарының ахуалы туралы базалық баяндама»/ Халықты құқықтық ағарту, жаңа құқықтық сананы қалыптастыру/ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі коммисия/ http://hrc.nabrk.kz/

  5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы 2009 жылғы 28 тамыздағы ҚР Президентінің N 858 Жарлығымен бекітілген.

  6. Стандарты независимости юридической профессии Международной Ассоциации Юристов. Приняты на конференции МАЮ (Нью-Йорк, сентябрь 1990 года). Источник: Газета «Адвокат». 1996. №4. С. 7-9

  7. Система образования казахстана: проблемы, резервы развития, задачи на завтра. М.С. Нарикбаев, С.Ф. Ударцев

  8. «Казахстанская Правда»/общенациональная ежедневная газета/№ 100-101 (26521-26522) 19.03.2011 / Сания Кучаева.

  9. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі/ http://www.kaz.stat.kz/digital/naselsenie_kz/Pages/default.aspx


Төлегенов А., Абылханов Н. Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік

университетінің1 курс студенттері



МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАМАНАУИ СИПАТЫ
Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басыда бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінді:



Жабайы адам дәуірі- 40-12 мыңжылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын : тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасқан қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын падалана отырып, экономикалық жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда – дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде ашаршылық , қиыншылық жиі болып отырды.

Экономиканың қолдан жасау дәуірі - 12-4 мыңжылдықтар арасы. Бұл кезде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезімі, білімі жоғарлады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық – егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырыды. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысын кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объектівтік заңдары:


  • қосымша өнім пайда болуы ;

  • жеке меншіктің қалыптасуы ;

  • қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Құқықтың дамуы – адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар) қоғамның даму процесіне бірте-бірте құқық нормаларға айналуы. Сондықтан құқықтық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуын бері қарай құқықтық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдік-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, Мұсылман елдерінде Құран: екіншісі - жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп – басқару.

Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық- үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы – үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүдесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп- басқарып отырды.

Құқықтық таптың мәні, қоғамдағы ролі , мазмұны мен нысыны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлуметтіе сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс «Гот программасына сын» еңбегінде: «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмайды» деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени және т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдасы әсер мол болмақ.

Сонымен құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттік дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болу нәтеже сінде алғшқы қауымдық құрлыс тапқа бөолінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтежесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі саларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатын сүйенетін басқару жүйесі .

Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдері ) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырауы кезінде күрделі құрлыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүиелер қалыптаптыру, құрғақшылықпен күрес Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: ченовниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлееттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында – абсолюттік манарх болды, одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік – чиновниктерде болды. Осы биліктер – бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар, жеке меншік те дамыды.

Европалық елдерде мемлекеттің жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртәп орналды.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:


  1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.

  2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде мақсатын орындау үшін қалыптасты.

  3. Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.

Мемлекеттің пайда болуы, даму себептерінің ерекшеліктеріне;

    • Қоғамды бсқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

    • Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

    • Қоғамдағы, экономиканың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппараттың нығайту керек болды;

    • Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтті. Тарихи ауқымын алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттің дамудың сапалы жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.

Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж.) мемлекетіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.

Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық кешені қалыптасты. Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық рынокқа жан жақты араласуда.

Қазақстан егемендігі алынды, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі болып келеді. Еліміз БҰҰ ның мүшесі болды. Қазіргі кезде ҚР әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105 мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800 ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.

Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды ретттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттілік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.

Алдағы уақытта саяси реформаны іске асыратын бес басым бағаттары анықталды:



  • Мемлекеттік басқару жүйесін жаңалап жетілдіру. Мұндағы басым міндеттер – мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттіліктің ара жігін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру.

  • Сайлау жүйесін одан әрі жетілдіре беру, оның жүргізу процесі бұрынғыдан да айқын әрі ашық болуы тиіс. Сайлаудың нәтижесін анықтау процесіне автоматты ақпараттық жүйені енгізу.

  • Саяси жүйені демократияландыру үшін азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайта беру. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау. Бұл туралы жаңа заң қабылдануға тиіс.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын көрсету Үкімет БАҚ рыногындағы бәсекелестік барысын айқын қадағалап отыруға, оның монополияға айналуына жол бермей, тежелеп отыруға тиіс.

  • Құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру мемлекеттік органдардың басты мәселелерінң бірі болуға тиіс. Алқа билер институтын кезеңдерде де, сондай ақ сот сатыларында да оңайтылған және жеделдетілген рәсімдерін енгізу көрсетілген.

Қорыта айтқанда мемлекет пен құқық мыңдаған жылдар бойы бір біріне біршама ұқсас заңдылықтармен дамыды деп айтуға болады. Сонымен қатар, құқық – қоғамның экономикалық үстіндегі қондырма. Яғни, құқық мемлекет пен қоғамның көптеген салаларында реттеуші механизм функциясына ие болады. Құқық нормалардың бүкіл қоғаммен орындалуын қамтамасыз ететін мемлекет болып табылады. Құқық мемлекеттік аппарат күшімен өз функцияларын атқарады.

Мемлекет алғашқы қауымда әлеуметтік шиеленістерді шешіп, қоғамды бір ретке келтіру үшін пайда болды. Мемлекет – қоғамды басқару органдар жүйесі арқылы көрініс тауып, ежелгі заманнан дами берді. Әдетте мемлекеттің дамуы құқықтың дамуымен сәйкес болады, өйткені халықтың өмірін реттегенде, тәртпті орнатқанда құқық маңызды рөл атқарады. Осылай мемлекет пен құқықтың дамуы бір бірімен ұштасып, қазіргі заманға дейін жетті.

Мемлекет пен құқықтың маңызы зор. Қоғамның тұрақтылығы осы екі құбылыстың арқасында сақталып тұр. Адамдардың арасында келеңсіз жағдайлар мемлекет пен құқықтың араласуымен шешуге болады. Сондықтан, мемлекет пен құқық қоғамдағы көптеген мәселелерді шешіп, адамдарды біріктіру үшін пайда болды деп айтуға болады. Сәтті сауатты да, салауатты пайдалану – зиялылардың төл парызы мен борышы мемлекеттілікті дамыту екені хақ. Адамдардың рухани қажеттілікері, қоғамдағы тура қатынастар мен шиеленістер, белгілі қауымдық ережелерді уақыт өте құқықтық нормаларға айналдырды. Қоғамдағы сан қырлы тұлғалардың әрекетін реттеуде маңызды орынға ие болып, құқық нормалары әлі де мінсіз емес. Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста, онымен бірге дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез құлқына, іс әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан жақты әсер етеді, мақсаттар мен мүдделердің іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды.

Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығы халқымыздың тарихи жаңаша, жан жақты қарауға ұйтқы, бүгінгі шебі мен шегін өркениет өлшемімен бағалауға дәнекер мен болашақ мұратына деген бағдарды халықаралық деңгеймен салыстырып, жетілдіруге себепкер. Олай болса, қазақтану тағдыры мен болашағы бір ұрпақтың дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық тәжірибесі ретінде үйлестіретін ізденістер мен шараларды ойланыстарын да, ойларды іске асыратын сәт келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет