Ж уалы аудандық орталықтандырылған кітаханалар жүйесі
Сәбира Майқанова – 110 жыл
Ақпараттық парақша
Ақпараттық – библиографиялық бөлім
Б.Момышұлы – 2024 жыл
Сәбира Майқанова – 110 жыл
Өнер адамы әрқашан да жаны нәзік, жүрегі таза, сезімтал болып келеді. Ерекше жаратылыстың да өзіндік себептері жетерлік. Қоршаған орта, әсіресе әке мен шешенің бойындағы әншілік, бишілік, күйшілік өнер немесе қарасөздің шешені деген сияқты дара қасиеттердің барлығы да сәби келешегіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Оның ішінде актерлік өнер қиын һәм күрделі. Сахнаға шығып сөйлегеннің бәрі талант емес. Тіпті табиғатыңнан тума талант болсаңдағы тәрбие, тәлім сабақтары қажет-ақ. Ананың сүтімен дарыған мүндай қасиет бірте-бірте дамып, сол баяғы аз-мұз талант шыңдала келе суреткерлік мінезге айналмақ.
Сондай табиғаты дара суреткер, Сыр өңірінің перзенті — Сәбира Майқанқызы Майқанова. Ол Қызылорда облысы, Сырдария ауданында 1914 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Әкесі Майқан мейірімді, байсалды, көп сөйлемейтін, орта шаруалы адам болыпты. Шешесі Дәмегүл — өр мінезді, келісті-кескінді өз заманының сүлуы атанған Қыпшақ қызы. Әкеден бір жасқа толмай, шешеден жеті жасында айырылған ол кішкентай сіңілісі Зағипа екеуі Қызылорда қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Бұл Сәбираның сәби кезі. Ата-анасы туралы естігендері болмаса толық есінде жоқ. Тек анасының ақырет алдындағы ақырғы сөзі есінде мәңгі сақталған. Оның «Жалғызым, мен енді сенің жаныңда болмаймын, ешкімнің ала жібін аттама, өсек-өтіріктен аулақ жүр. Анда-мұнда орынсыз көп жүрме» деген сөздерін ешқашан үмытпай жадында мәңгі сақтады.
Ендігі Сәбираның бар арманы театр өнері болды. Өнерге деген қүштарлығы болашаққа жетелей берді. Ақыры тәуекелге бел буып, 1932 жылдың 23 ақпанында театр директоры Орынбек Бековтың қабылдауында болып, сол күні Серәлі Қожамқүловқа жүрексіне өнерін көрсетіп, әтюд жасап, «Қараторғай» әнін шырқап берген. Сол күні мерейі үстем болып, труппа қатарына қабылданды.
О йнаған рөлдері
Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады.
1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт», 1995), Торғын («Біз осында тұрамыз», 1957), Дәметкен («Құйма», 1961), Камка («Қыз жібек», 1969) т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983).
Театрлық рөлдері
Роза (Д.Рахменқұлов "Документ")
Зотова (В.М.Киршон "Астық")
Рая (М.Əуезов "Алма бақ")
Гүлжəмила (М.Əуезов, Ə.Тəжібаев "Ақ қайың")
Любовь Яровая (К.А.Тренев "Любовь Яровая")
Ұлжан (М.Əуезов "Абай" романы бойынша)
Зейнеп (С.Мұқанов "Шоқан Уалиханов")
Мақпал (Ғ.Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу")
Толғанай (Ш.Айтматов "Ана-Жер-ана")
Ф ильмографиясы
1954 - Дала қызы - эпизод
1954 - Махаббат туралы аңыз - Мақпал
1955 - Қыз-жігіт - Гүлбарша
1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Ажар
1956 - Біз осында тұрамыз - Торғын
1958 - Теңіз дауылында - балықшы әйел
1958 - Бұл біздің ұлымыз - медбике
1961 - Қорытпа - Дәметкен
1966 - Менің арманым - Шолпан
1969 - Қызыл тас заставасында - әже
1969-1970 - Қыз-Жібек - Қамқа
1977 - Бір жолы және мәңгілікке - эпизод
1981 - Мерекелік үш күн - қарт әйел
1984 - Адамды қабылдаң! – эпизод
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
1967 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығын алды.
Дайындаған: Темиржанова Ботакоз
Достарыңызбен бөлісу: |