Xviii ғасырдың соңғы ширегімен XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ патшаға бодандығын мойындап қана қоймай, оған отар болуға душар болған, тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңін бастан кешкен дәуір болған еді



Дата13.03.2023
өлшемі15.63 Kb.
#470690
қабдиса


XVIII ғасырдың соңғы ширегімен XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ патшаға бодандығын мойындап қана қоймай, оған отар болуға душар болған, тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңін бастан кешкен дәуір болған еді.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресей патшалығы бұрынғы маймөңкіні қойып, қазақ жерін түгел өз меншігі деп жариялады да оны түгел игеру, меншіктеу шараларын іске асырады. Шекара бекіністері, ондағы орыс казачи жауынгерлеріне бұл істі тапсырып, құнарлы қазақ жерлерін өзіне қаратып, оған келімсектерді толтырды. Әскери қару-жарақтың күшін аямай жұмсап, жергілікті халықтың қарсылықтарына аяусыз соққы берілді. Қазақтың жерлерін меңгеріп болғасын, сол өлкені баса көктеп берісі Бұхар, Хиуа, әрісі Үндістанға қарай жорықтың жоспарларын жасады. Патшаның аталмыш әрекетінің құрбаны қазақ халқы еді.
Қазақ халқы, оның ел үшін еңіреп туған ерлері патша қысымына бой ұрып, құлшылық етіп, оған теп-тегін бас ие берген жоқ. Олар өздерінің шама шарқынша қарсылық көрсетіп, отаршыл басқыншыларға тойтарыс әр жасап жатты.
Осы кезең кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Заман сыры жан- жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Патшалық, аға сұлтандық өктемдіктерге жергілікті үстемдер озбырлығы қосылып, қалын ел, еңбекші бұқаранын қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінін реалистік сипатын табады. Шыдамы таусылып, басқа амалы қалмаған шаруалардын қолына қару алып, патшаға, аға сұлтан тобына қарсы аттанғаны үлкен оптимистікпен жырланады. Қазақ поэзиясы бұрынғы бірыңғай сарыннан арыла бастайды, батыл істерді жақтайды. Бұрынғы кейбір жыраулар Алланың рақымын тілеп «жақсы патша», мейірімді хан-сұлтандарды ақылға шақырып, кем-кетік, жоқ-жітікке аяушылық жасап, мейірімді іс қылуға үндеп, әділет жолын меңзеп, адамгершілік ақылдар айтып, ағайыншылыққа баулу немесе алыстан тоят тілеп, баска бір қияли өмірді, жайлы өңірді, жағасы жаз, суы бал «жер ұйық», күні нұрлы жанға рақат, малға жайлы «Жиделі - байсын сияқты мекенді армандаумен қанағаттанып келді. Бұл сарыннан жана дәуір поэзиясы түгел арылып кетпесе де, оның алдыңғы қатарлы өкілдері заманы ұсынған жаңа талаптарға сай, зұлымдыққа, әділетсіздікке карсы, батыл күрес идеяла- рын қолдап атой салып, «Ереуіл атқа ер салуға» үндеді. Осылайша қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болды. Кетеріліске аттанған халықтардың қаһарлы күші мен айбынды алып бейнелерін танытар жана пафосты ерлік идеядағы күресшіл поэзия бой көрсетті. Сайып келгенде, өзіне дейінгі батырлар жыры дәстүрінің жаңарған тың түрі. Идеялық жағынан өскен поэзияның табысы еді. Қазақ елін билеп-төстеп отырған тере-шора, би-болыс, дін иелері, бай-шонжарлар кейбір ақындарша бұрынғыдай, «кызыр қонған» құдайдың сүйген құлдары болып, «тақсырлап» сөйлеп, мадақ жырларының кейіпкерлері бола бермейді. Енді олардың шындық беттері ашылып, халық алдында әшкере болады. Олардың аттарына лайық сын-сықақ жыр толғанып, поэзияның шыншылдық беті айқындалады. Осылайша қазақ поэзиясының халықтық беті ашылып, бұкарашыл идеялары нығаяды. Еңбекші халықтың талап-тілектері, мұң-мұқтаждары бірінші қатарға шығарылып, азаттық, ерлік күрес, ел тәуелсіздігі жокталады. Халқының қамын ойлап, ел үшін еңіреп туған ерлер істері дәріптеліп, әділеттік, адамгершілік пікірлер ұсынылады.
Әскери қару-жарақтың күшін аямай жұмсап, жергілікті халықтың қарсылықтарына аяусыз соққы берілді. Қазақтың жерін меңгеріп болғасын, сол өлкені баса кектеп берісі Бұхар, Хиуа, әрісі Үндістанға қарай жорықтың жоспарларын жасады. Патшанын атылмыш әрекеттерінің

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет