Сәлем-сөздің атасы. Фонетика. Әліпби. Сабақтың мақсаты
Қазақ халқының үлкенді сыйлау, құрметтеу қасиеттерін меңгеру, амандасудың түрлерін білу.
Сәлемдесуге байланысты лексикалық минимумды толықтыру.
Қазақ тіл білімінің зерттейтін салаларымен ( фонетика, лексика, грамматика) танысу .
Қазіргі қазақ тілінің әліпбиімен танысу. Фонетикалық терминдермен (дауысты және дауыссыз дыбыстар,буын, тасымал, екпін.) танысу.
Сөздікпен жұмыс Сөздікпен жұмыс Сөздікпен жұмыс СӘЙКЕСТЕНДІР МӘтінді мәнерлеп оқы - -Сәлем! Менің атым-Андрей. Сенің атым кім?Сен нешінші сыныпта оқисың?
- -Сәлем! Менің атым-Әлібек. Мен екінші сыныпта оқимын.
- -Сәлем! Менің атым –Айгүл. Мен үшінші сыныпта оқимын. Сен ше?
- -Сәлем! Менің атым-Рая. Мен бірінші сыныпта оқимын.
ТЫҢДА. ҚАЙТАЛА. ОҚЫ. - Менің атым-Әлібек. Мен студентпін. Мынау-менің университетім. Менің университетім үлкен, жарық, әдемі. Мен ағылшын тілі мұғалімі мамандығында оқимын. Болашақта мұғалім боламын. Маған университетте оқыған ұнайды.
- Қазақ тілінде 42 әріп, 37 дыбыс бар (я,ё,ю,ь,ъ). Оның 12 дауысты, 25 дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э.
- Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ, (у).
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Түрі
|
Саны
|
Жұп дыбыстар
| | | | | | | |
Ұяң
| |
б
|
в
|
г
|
ғ
|
д
|
ж
|
з
| |
Қатаң
| |
п
|
ф
|
к
|
қ
|
т
|
ш
|
с
|
х,һ,ц,ч,щ
|
Үнді
| | | | | | | | |
й,л,м,н,ң,р,у
| ТАСымал (перенос) - Тасымал - сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп. ЕСКЕРТУ! Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
- Тек бір дауысты дыбыстан тұратын сөздерді: а – та, арми - я т.б.
- Бір буыннан тұратын сөздер: бұлт, үй, қант т.б.
- Қысқарған сөздер: АГУ, ТМД, ҚР т.б.
- Адам атының қысқарған түрі: М.Әуезов, А.Құнанбаев, С.Н.Идрисов т.б.
- Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды: 15 кг,
20 кг, 100га т.б. ЕКПІН (ударение) - Екпін сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді
- ЕСКЕРТУ! Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі.
- Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:
- Жіктік жалғауына: оқушымын, барамыз т.б.
- Болымсыз етістіктің жұрнағына: айтпа, барма, келме т.б.
- Көмекші сөздерге: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.
РЕФЛЕКСИЯ - Қазақ тілінде неше әріп бар?
- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
- Дыбыстар қалай бөлінеді?
- Буынның неше түрі бар?
- «Балапан» сөзін тасымалдаңыз;
- Екпінді дұрыстап қойыңыз: көгершін, оқушы, мектеп, мұғаліммін, аю, ойнадым, бесеу, бармаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |