Сәлеметсіз бе?! Қазіргі уақытта баламның денсаулығына байланысты емханада едім. Сондықтан видео түсіруге мүмкіндік болмай ертегі желісін жіберіп отырмын. Кураторым хабарлап айтты деп ойлаймын түсіністікпен қарайсыз деген сенімдемін.
Түлкі мен тырна (көлеңкелі театр)
Мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлеңкелі театр, үстел үсті театрының атрибуттары, жүрек, тәттілер.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, салыстыру, мадақтау.
Әрекет кезеңдері
Жылулық шеңбері: – Балалар сендердің бір – біріңе қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен де сендерге өз жылуымды беріп «Қайырлы таң» деймін. Сендер де бір – біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер.
Осы мезгілде залға түлкі кіреді.
Түлкі: – Мәссаған, мен қайда келдім. Өзімше үйіме бара жатыр едім.
Тәрбиеші: – Балалар қараңдаршы бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар.
– Түлкі сәлеметсіз бе? Сен балабақшаға келдің. Сен қайдан келесің және қолыңда не бар?
Түлкі: – Мен орманнан келемін. Бір ақымақты алдап, қулығыммен сандығын алып алдым.
Тәрбиеші: – Бұл сандықтың ішінде не бар екен ?
Түлкі: – Өзім де білмеймін, өзі сондай әдемі сандық.
Тәрбиеші: – Қане, ішін ашып көрейікші.
Түлкі: – Жо-ға ішіндегіні алып қояйын дейсіңдер ғой ?
Тәрбиеші: – Жоқ түлкі алмаймыз.
Түлкі: – Жарайды, бірге ашайық, ішіндегі менікі.
Тәрбиеші: – Жарайды.
– Сандықты ашып, ішінде ертегі
кейіпкерлері екен.
– Балалар қараңдаршы бұл не?
Дұрыс айтасыңдар балалар бұлардың бәрі ертегі кейіпкерлері. Бұл ертегілерді білеміз бе?
– Мына кейіпкер қай ертегінікі?
– Ал мынау ше?
Дұрыс айтасыңдар ал енді мына кейіпкерлерге қараңдар бұл не?
Дұрыс, бұл құстың аты Тырна.
– Балалар «Тырна мен түлкі» деген ертегі бар, сендерге қазір осы ертегіні айтып беремін. Ал сен түлкі балалармен бірге отырып ертегі қара. Балалар бұл ертегіні көлеңкелі театр арқылы айтып беремін.
– Ертегіні көлеңке театр арқылы балаларға көрсетеді
Түлкі мен тырна дос болыпты.Бірде түлкі тырнаны үйіне қонаққа шақырыпты.
– Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын.
Тырна түлкінің үйіне қонаққа келеді. Түлкі ботқа пісіріп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды.
-Тамақ ал! Өзім пісіріп едім.
Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып ештеңе жей алмайды.Түлкі болса, табақтағы ботқаны тілімен жалап-ақ тауысады.
Бәрін жеп болған түлкі:
– Айып етпе, бұдан өзге берер еш тамағым жоқ,- дейді.
– Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел.
Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келеді. Тырна сорпа дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қойыпты. Түлкі келгенде:
– Іш қымбаттым. Қысылма,- дейді.
Түлкі құмыраны ары айналып, бері айналып, сорпаны іше алмайды. Құмыраға тұмсығы кірмей қояды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді.Сөйтіп бірін де ішіп қояды да, түлкіге қарап:
Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге берер тамағым жоқ,- деді.
– Бір аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты…..
– Балалар қандай ертегімен таныстық?
– Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
– Түлкі мен тырна не істепті?
– Балалар түлкі досын алдаған екен, сөйтіп істеуге бола ма?
Ал енді түлкі сен достарыңды алдап, қулық жасайсың ба?
Түлкі: – Жоқ, мен енді қулық жасамаймын, ешкімді алдамаймын.
Тәрбиеші: – Жарайды қане балалар мына жүректі алып түлкіге арнап жүректен жүрекке, жақсы тілек айтайық.
Түлкі: – Рахмет, балалар. Енді мен жақсы, әдепті боламын. Сендер маған әдемі, таза жүректер сыйладыңдар, ал енді мен сендерге аздаған тәтті сыйлық беремін, қабыл алыңдар.
Тәрбиеші: – Түлкі саған рахмет.
Түлкі: – Ал енді мен кетейін, сау болыңдар.
Тәрбиеші: – Сау бол түлкі. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |