Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.
Өз балаңыздың тілін қалай табуға болады?
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сіздерге өсіп келе жатқан баланың өміріндегі дағдарыс жасы және осы кезеңдегі мәселелерді шешудің кілтін қалай табуға болатындығы туралы айтқым келеді.
Ақпараттық блок - Ата-аналарды жасөспірімдер дағдарысының көріністерімен таныстыру
- Жасөспірімдер дағдарысы – психикалық даму кезеңі, бастауыш мектеп жасынан жасөспірімге көшу кезеңі. Ол өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі тануға деген ұмтылыстарында көрініс табады.
- Бұл кезде әдеттен тыс мінез-құлықтың әртүрлі формаларымен қатар, тәуелсіздігін көрсету, оқу іс-әрекетіне деген мотивацияның төмендеуі, ата-анасы және мұғалімдермен қақтығыстар туындайды. Жасөспірімдер дағдарысы өзін-өзі танудың жаңа деңгейінің қалыптасуымен, рефлексия арқылы жеке тұлғасын танып білу қабілетінің пайда болуымен аяқталады.
"Баланың негізгі жас дағдарыстары" Бала есейген сайын, бірнеше дағдарысты басынан өткереді. Оның негізгілері: - 1. 1 жастағы дағдарыс (бала жүре бастайды, сөйлей бастайды және анасынан алыстайды)
- 2. 3 жастағы дағдарыс - өзін ата-анасынан бөлек адам ретінде тануы, тәуелсіздікке ұмтылуы.
- 3. 7 жастағы дағдарыс – балалар әлемінен ересектер әлеміне көшуі, жетекші қызмет түрінің ойыннан оқуға ауысуы. Өзінің құқықтық шекарасын кеңейтуі.
- 4. 12 жастағы дағдарыс – өтпелі жас – ағзадағы гормондық өзгерістер, жедел өсуі мен физикалық дамуы, өзінің қай жынысқа жататының сезінуі, өзін іздеуі.
Дәстүр бойынша, қазақтар мәдениетіндегі адамның өмір сүру уақыты жылдармен емес, мүшелдермен (12 жылдық цикл) өлшенеді - Қазақтардың мүшел жасы мен ғылыми түсініктегі жасөспірімдер дағдарысының ортақ тұстары көп.
- Мүшел бір күйден екінші күйге өтпелі кезең болып саналады. Осы уақытта абай болу керек, балаға көбірек көңіл бөліп, оны қорғау керек. Бұрын мүшел жасқа келген жасөспірімді жағымсыз әсерлерден қорғау үшін құрбандық шалған.
- Неліктен қазақтар мүшелді адам өміріндегі маңызды кезең деп санайды?
Жасөспірімнің оқиғасы - 12 жастағы жасөспірім отбасының барлық мүшелерімен қақтығысады.Баламен қарым-қатынас жасаудың жалғыз кілті де, жасөспірімге қолдау көрсететін де оның әжесі болып қалады.
- Оның проблемалық мінез-құлқына қарамастан, онымен сөйлесуді жалғастырған жалғыз отбасы мүшесі.
- Туыстарымен қақтығыс шарықтау шегіне жеткенде, әжесі жасөспірім мен бүкіл әлем арасын байланыстырушы елші болды. Жасөспірімдер дағдарысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші жартысында жасөспірім өзінің бұрынғы бейнесін өзгертіп, бүкіл әлеммен қақтығысқа түседі. Екінші кезеңде жасөспірім өзінің жаңа жағдайын, физиологиясын, гормоналды өзгерістерін сезініп, әлеммен байланысын қайта қалпына келтіреді.
- Екінші кезеңде, бала туыстарымен байланыс орнатуға дайын болған кезде, оның қарым-қатынасын қалпына келтіруге әжесі көмектеседі. Елші ретінде әжесі жасөспірімге жақын адамдарын кешірудің, қолдау және бағалай білудің маңыздылығын түсіндірді.
"Жасөспіріммен ортақ мүдделерді қалай табуға болады" - -Бірге уақыт өткізуге және біртіндеп жүзеге асырылуға арналған 10 қызықты идея құрастыру.
- - Сізге сеніп тапсырылған құпияларды сақтаңыз және бала отырған жерде оны өзгелермен талқыламаңыз.
- - Интернетте жарияламас бұрын немесе суреттерін біреуге көрсетпес бұрын одан рұқсат сұраңыз.
- - Сыртқы келбетін, киімін, жаңа шаш үлгісін сынамаңыз (сіз басқа пікірде екеніңізді талқылап, айта аласыз, бірақ ренжітпейтін сөздерді ғана таңдай аласыз).
- - Өзіңіз жасай алатын нәрсені үйретіңіз. Балаңыздан сіз білмейтін нәрсені үйретуін сұраңыз. Жолға шығар алдында қалтаңызға шоколад, кәмпит, кептірілген жемістер, жаңғақтар немесе аздап тамақ алыңыз.
- - Өзіңіздің сүйікті әндеріңіздің тізімін жасаңыз және балаңыздың да солай жасауын сұраңыз (содан кейін сіз бұл музыканы бірлескен сабақтар кезінде тыңдай аласыздар).
- - Сүйікті тағамды бірге дайындауды ұсыныңыз.
- - Басқаларға жақсылық жасау: иттің үйшігін жасауға көмектесу, құстарға үй жасау, әжеңізге азық-түлік сатып алу – бұл сіздерді байланыстыратын кез келген іс болуы мүмкін
Қорытынды: - Жасөспірімнің қауіпсіздігін және дағдарыстан ыңғайлы шығуын қамтамасыз ету үшін жас өзгерістерінің барлық кезеңдерінде онымен байланыста болу өте маңызды. Әженің мінез-құлық үлгісі – жанжалды жағдайдың шешімі іспетті. Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |