Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж



бет25/25
Дата24.04.2016
өлшемі1.57 Mb.
#78178
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ӨМІРДІҢ МӘНІН ӨРНЕКТЕП
Былтырғы жылдың аяғында Астанадағы "Фолиант" баспасынан "Қостанай таңы" газеті редакциясының бұрынғы қызметкері, есімі бүкіл республика жұртшылығына жақсы таныс қаламгер Қайсар Әлімнің "Махаббат жыршысы" атты кітабы жарыққа шықты. Қайсар әріптесіміз қара шаңырақ – "Қостанай таңында" журналистік жолын бастап, жиырма жылдан астам облыс өңірінің шежіресін жазып, қаламын осында ұштап еді. Мұны айтып отырғанымыздың да өзіндік сыры бар. Оқырманға ұсынған осынау кітабының алғашқы жолдары бұрын біздің көз алдымызда жазылып еді.

Бәлкім, болашақ жазушы осы еңбегінің тосын жанрын да сол кезде таңдаған шығар. Тосын деп отырғанымызда да мән бар. Кітап – екі адамның бір-бірімен хаттасуы түрінде, яғни қазақ әдебиетіндегі тың жанр – эпистолярлық үлгіде жазылған. Қайсардың жап-жас жігіт, қаламгерлік жолын жаңа бастаған сәтте хат жазып, ақыл-кеңес сұраған адамы – тамаша журналист, аса көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықов ағасы. Әз-ағаңның да бұрын көріп, білмеген алыстағы қалам ұстаған інісіне ерінбей-жалықпай, оның жазған хатындағы әр мәселеге ерекше көңіл бөліп, жауап жазуының өзі бір ғанибет, ерекше өнеге.

Қайсар да қызық. Әз-ағаңа 1975 жылы 2 мамырда жазған хатында былай депті:

"Құрметті Әзілхан аға!

...Рудныйлық экскаваторшы Сәлімжан Досов туралы "Серпін" атты очерк жазып, өз газетіме (облыстық "Қостанай таңы") ұсынып едім, басшылар жағы "бұл очерк дәрежесіне толық көтерілмеген" деп, жанрын қоймай жарияламақ болды. Бұған мен келіспедім. Оны қайтарып алып Сізге жіберіп отырмын. Оқып көріп, жанрын анықтауға көмектеспес пе екенсіз? Өзім очерк дәрежесіне көтерілген секілді деп ойлаймын.

Құрметті Әзілхан аға! Мына "Жүрек жылуы" деген очеркімді де қосып салып отырмын. Газетке жарияланған болатын. Бұны да сараптан өткізіп берсеңіз.

Өзіңізге ұқсап, "очеркист" болғым келгендіктен осындай тосын ұйғарым жасадым. Сіз бұл өтінішімді ескерусіз қалдырмайды деп сенемін.

Өзіңізге деген іңкәрлікпен

Қайсар Әлімов,

Қостанай облыстық "Коммунизм таңы" газетінің бөлім меңгерушісі".

Жастыққа тән максимализм дегенің де осы. "Очерк" деген айдарын сызып тастаған бастық ағасына деген "өкпесі қара қазандай" Қайсар белгілі очеркист, қазақтың Овечкині атанған Әзілхан ағасына жүгінеді. Ал Әз-ағаң болса, "бала, бастығыңды тыңдасайшы..." деп, меселін қайтарып, тауын шақпай, журналистика факультетінің студентіне дәріс оқығандай очерк жанрының ерекшеліктерін тәптештейді, оған қойылатын талаптарды еске салады. Әз-ағаңның хатына үңілейікші (қысқартылып алынды).

"Қадірлі Қайсар!

...Сіздің маған жіберген екі очеркіңді де оқыдым. Екеуі де газет очеркі екен. Газет үшін ешқандай кемшілігі жоқ дүниелер. Сондықтан да ол екеуін де қай газетке болса да ұялмай ұсынуға, қымсынбай басуға болады.

...Әрине, Сіз жазғанымның газет очеркі екенін өзім де білемін, бірақ соны қалай көркем очерк етуге болады, маған Сіз осыны айт депсіз. Бұл жайында білетінімді бір хатпен айтып жеткізіп түсіндіріп беру маған да мүмкін емес.

Ең алдымен бұған бірсыпыра өмір тәжірибесі керек болар, Сіз газет очеркін жазуды меңгеріпсіз. Енді ары қарай талаптана беру шарт.

...Сіздің жай журналист емес, журналист-жазушы болуыңызға шын жүректен тілектеспін.

Құрметпен Әзілхан.

24.06.1975ж. Алматы".

Міне, бұдан отыз бір жыл бұрын осынау хаттармен басталған аға мен іні арасындағы сырласулар күні бүгінге дейін жарасымды жалғасын тауып келеді екен. "Махаббат жыршысында" сондай сан хаттар жүйеленіп жарияланған. Одан оқырмандар ең алдымен Әзілхан Нұршайықов сияқты тамаша қаламгердің жазушылық, журналистік лабораториясына бойласа, екінші жағынан азамат, қайраткер ретіндегі тұлғасын таниды.

Хаттарды оқи отырып, замана рухын дөп басасың. Бір ұрпақтың бастан өткерген қуанышы мен мұңын көресің. Мөп-мөлдір махаббат пен өмірге деген іңкәрлікке бас иесің.

Қайсардың бұл қомақты еңбегінде Әз-ағаңның азаматтық бейнесі мен шығармашылық жанкештілігі, соғыс және бейбіт өмірдің тәлімді үлгі- болмысындай жарқыраған патриоттық тұлғасы алуан қырынан әңгімеленіп, салиқалы сомдалған.

Бес жүз беттік қалың кітаптың "Халима: махаббат маздағы", "Тән шәрбәті", "Мұңды мұңлық", "Жалғыз жолаушы", "Рухани ерлік" және "Қыздар – ұлт анасы" тарауларының аттарының өзі де көп жайтты аңғартқандай. Кітаптағы кейіпкер мен автор өміріне қатысты берілген суреттер де ерекше жарасымды қиюластырылған, хаттардағы терең сырды көз алдыңа елестетердей.

"Махаббат жыршысы" – өмірдің терең мәнін, оның нәзік қылын дөп басып, оқырмандарын ойға бөлеп, сезімге әсер етіп, серпілтер тамаша туынды болып шыққан.

Бұл еңбек бір жағынан "Махаббат, қызық мол жылдар", "Аңыз бен Ақиқат" сияқты өлмес туындылар берген Әз-ағаңның бейнесін өзі жазған хаттар арқылы көз алдыңа әкелсе, екіншіден, ағасын пір тұтқан Қайсар қаламының қарымын да танытады.




ӘДЕМІ ӘЛЕМ

Асқарбек Бектемісовтың кітабы туралы бірер сөз


Астанада тұратын құрылысшы ініміз Асқарбек Бектемісовтың атын естігенім болмаса, жүздеспеген жандармыз. Бірақ жазған шығармаларымен таныса отырып, оны көптен білетін, ерекше жақын жандай сезіндім. Асқарбек өзінің атасы, өмірден көргені мен түйгені мол Бектеміс марқұмның өмір жолын қағазға түсіріп, маған жолдаған еді. Тәжірибелі қаламгер, газет редакциясында істейтін журналист ретінде ақыл-кеңес сұрапты. Қомақты қолжазбаны бір демде оқып шықтым, тіпті түскі үзіліске де шықпай бейтаныс жігіттің атасы туралы толғанысының соңына жеткенше асықтым. Бектеміс қарияның көрген қиыншылықтары қабырғамды қайыстырды, бірақ сағы сынбаған, рухы мықты ақсақалдың әзіл-оспағы жан жадыратты. Сол эсседе Торғай төңірегіне белгілі талай адамдардың аттары аталады екен. Олардың бәрі іс-қимыл үстінде көрсетіледі, таза да адал, жөн білетін, сөз қадірін ұғатын жандар. Автордың сөз саптауы да, ой иірімі де көңілге қонымды, бірден өзіне тарта жөнеледі екен.

Асқарбек Бектемісов кім? деп Торғай төңірегіндегі туыстардан сұрағанымда бар. Сөйтсек, Асекең Арқаның арқалы ақыны Назарбек Бектемісовтың ұлы екен. Назекеңнің шығармаларына жастай қанықпыз. Тамаша талант, айтулы азамат, кезінде өзім қызмет істеп жүрген Қостанай облыстық “Қостанай таңы” газетінде жұмыс істегені де бар. Тегіне тартқан ұл екен деп ойладым Асқарбекті. Әйтпесе Астана сияқты алып құрылыстар күн санап қанат жайып жатқан қаладағы белді құрылыс ұйымдары басшыларының бірі зейнетінен бейнеті көп сөз өнеріне ат басын бұра ма? Оның үстіне жазғандарына қаламақы төлейтін күн де келмеске кеткендей...

Асқарбектің қолжазбасын ерекше ризашылықпен оқып шығып, алғысөз жазып, газетіміздің төрт-бес санына жариялайық. Оқырман да жақсы дүниені дөп басады ғой, телефон шалып, хат жазып үн қосқан жандар аз болған жоқ. Бәрінен бетер Асқарбектің өзі сол атасы тіріліп келгендей қуанса керек, оны Астанаға барып-келіп жатқан туыс-достары маған да айтып келетін. Ақындар Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, сазгер-әнші Қалибек Деріпсалдин, отставкадағы пол­ковник Рамазан Зияутдинов, мемлекеттік қызметкер Серікбай Шаймағамбетов және басқалары Асқарбектің сәлемін жеткізіп жатты.

Сөйтіп, өзіме қаламдас іні таптым, Асқарбек менің өтінішім бойынша жазған дүниелерін облыстық “Қостанай таңы” газетіне жолдайтын болды. Өйткені оның да өзіндік реті бар, Асқарбек – қасиетті топырақ Торғай тумасы, оның кейіпкерлері де сол өңірдің өрендері, әңгіме ететіні де – туған жер, өскен орта, ауылының адамдары, оның үлкені мен кішісі, бұрынғысы мен бүгінгісі, құрбы-құрдас, достары, әкесімен үзеңгілес жүрген ағалары...

Асқарбектің сол деректі әңгімелерін оқи отырып, сол ортаға терең бойлап, өзің де сол ортаның адамы болып кетесің. Автор адам тағдырына терең бойлайды, сезімге әсер етер, селт еткізер жайттарды жіті байқайды және ұғынықты да әсерлі жеткізеді. Кәдімгі кәнігі, төселген қаламгердей кең көсіледі.

Жазған әрбір дүниелерінің өн бойынан автордың дүниетанымын, оның бүгінгі болмысқа көзқарасын, білім-біліктілігін айқын аңғарғандай боласың. Әсіресе, Асқарбектің қазақтың марқасқа ақыны Мұқағали шығармашылығын жақсы білетіндігі бірден көзге түседі. Кейде ақын өлеңдерін сәтті кіріктіре отырып, ой өрбітеді.

Басқа саланың адамдары ішінде әдеби өмірді жіті қадағалап, әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды, жаңа есімдерді көзден таса қылмайтын жандардың бірі де осы Асқарбек. Онысы, бәлкім, бала күнінен ақын-жазушыларды көріп, сөзін тыңдап өскендіктен болар. Онысы, бәлкім, әкесі Назарбек ақыннан қалған өнеге болар. Онысы, бәлкім, Серікбай, Серік, Кеңшілік сияқты ақын ағаларына еліктеп өскені, Сыр ағаң мен Ғафекеңдердің көзін көріп, өлеңдерін жаттап, өзімсініп еркелегенінен болар.

Серік Тұрғынбеков ағасы 60 жасқа толғанда “Сұлу жырдың сұңқары” атты әдемі эссе жариялағаны бар. Мұнда ол нағыз әдебиет сыншысы сияқты ақжал ақынның арынды өлеңдерін білгірлікпен талдайды.

Жалпы Асқарбек Бектемісовтың “Өзге емес, өзім айтам өз жырымды” атты бұл кітабы оқырманын ерекше бір таза, пәк, әлди-әлемге бойлатады. Туған жер, өскен елді сүюге үндейді, ағайын-туған, жолдас-жора, құрбы-құрдастар арасындағы жарасымды қарым-қатынастарды қастерлейді, ізгілік пен инабаттылыққа, имандылыққа бастайды.

Айтары бар адам ғана қолына қалам алу керек десек, Асқарбектің айтары аз емес екен. Оны осынау кітаптың алғашқы оқырманы және алғашқы редакторы ретінде анық аңғардым. Асқарбек бауырыма әдебиет деген айдында жүзер кемесінің желкені жығылмасын деген тілек білдіремін. Өзге емес, өзі айтқан жырының ғұмыры ұзақ болғай.

Сөз соңында Асқарбектің жазған бір хатын толық келтіргім келіп отыр. Оны оқыған адам автордың бүгінгі күнгі толқынысы мен тілек-мақсатын айқын сезеді деп ойлаймын. Ол хат мынау:

“Адам баласы басындағы басты байлығы денсаулығы екенін біле тұра, басына түспей түсіне бермейді екен.

Мен де денсаулықтың қадірін жеті ай бойы аяқ-қолдан жан кетіп, сартөсекте көзім жаудырап жатқанымда білдім.

Бұл мені, ешқашан ауырмайтындай сезініп жүрген алдамшы сезімімді, жасаған иеміздің сабама түсіргені болар деп ойлаймын. Қазір шүкір, Құдайға тәубә деймін, жақында басымды көтеріп, таяққа сүйеніп, аяғымды сүйрете басуға мұршам келді. Қазір біршама ілініп келе жатқан сияқтымын.

Басымда болып жатқан жаңалығым, Баян деген қызымды құтты орнына қондырдым. Жат-жұрттыққа жаратылған бала ғой, маған алаңдап жүріпті. Елдің ақсақалдарының басын қосып, құдайы беріп, баталарын алдым. Шама-шарқымша тойымды өткіздім.

Той дегенің көпшіліктің көмегімен, ағайынның араласуымен өтетін дүние ғой, шаруашылыққа бұрынғыдай емін-еркін араласып кетпегеніммен, жақындарым, достарым қол ұштарын берді. Жаның жабырқап жүргенде, күмәнданған көңіліңді жадыратар асыл жандардың жаныңнан табылуы – адам баласы үшін баға жетпес бақыт екен.

Өткендегі Өзбек аға жөніндегі жазбаларымды жариялағандарыңызға көп-көп рахмет, Марғайша апайдан бастап, танымақ түгілі бұрын түрлерін көрмеген адамдар да алғыстарын айтып жатыр.

Сәке, мына жіберіп отырған жазбаларым Ғалибек досым мен Әбдіхалық әкем жайлы, оқып шығып, ретіне қарай көрерсіз. Досым да, мен сияқты адам баласының жауына тілемейтін ауруымен (инсульт) ауырып қалыпты. Менікі оған деген көңілімнің баяғы бала күнімдегідей екенін және өзгермейтінін жеткізіп, оны өмірге жігерлендіріп жіберейін деген ой ғой.

Қазіргі заманда жақындарына жылы сөздерін де көпсінетін жандардың да кездесіп қалатынын несіне жасырамыз.

Сәке, өткенде Сізбен телефонмен сөйлескеннен кейін ойланып-ойланып әкем жайлы естеліктерді ұжымдарыңыздың атына жолдау хатпен жіберуді жөн көрдім, бас редакторларыңыз, әріптестеріңіз көрсін.

Қаламымның қалыптасуына жасаған қамқорлығыңыз үшін мың да бір рахмет! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз. Хош, сау болыңыз, көріскенше күн жақсы болсын!

Сәлеммен Асқарбек ініңіз”.

Алғашқы кітабыңа жазған осы шын жүрегімнен шыққан ой-пікірім жазған хатыңа жауап, өзіңе, отбасыңа тілектес көңілімнің белгісі, шығармашылық жолыңның даңғыл болуына берген ақ батам болсын, Асқарбек!

БИ-АҒАҢА ҚАРЫЗДАРМЫН
Бала жастан журналист болуды армандап, ес білгелі қолыма қалам алып, газет-журналдарға хабар-ошар жазатын әдетім бар-ды. Бесінші сыныпта оқып жүрген кезімде "Қазақстан пионері" газетінде ең алғашқы мақалам жарық көріп, төбем көкке жеткендей еді. Кейін Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-интернатта оқып жүргенде де бөтен мамандық туралы тіпті ойлаған да жоқпын. Орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстазым Панна Александровна Рыбалова да, сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін Бөпіш Алматова апайым да менің қалауыма үнемі қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып жүрді. Бірақ ол кезде журналист кадрларын тек Алматыдағы қазақтың маңдайына біткен жалғыз университеті С.М.Киров атындағы оқу ордасы даярлайтын. Және заң факультеті мен журналистика факультетіне екі жыл өндірісте жұмыс істеп, ысылған, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жастарды қабылдайтын. Журналистика факультетіне түсушілер үшін алдын ала шығармашылық конкурс өтетін, оған газет-журналдарда шыққан мақалалардың қиындыларын тапсыру керек-ті. Бұл жағынан менің қысылатын ештеңем жоқ, Рудныйда, жөндеу-механика заводында, токарь болып екі жыл жұмыс істегенде жазып, жариялаған материалдарымның өзі қалың бір папка еді. Ал токарьлық мамандықты мектепте оқып жүргенде алған едім, апта сайын бір күн кәсіби даярлық сабағын Қостанай жөндеу-механика заводының бір цехында өткізіп жүрдік. Соңында емтихан тапсырып, 3 разрядты токарь мамандығын алып, екі жылдық еңбек өтілі үшін сол мамандығым бойынша еңбек еттім.

Ақыры арман арқалап, Алматыға аттанар күн де келді. Тамыз айының аптап ыстық күндерінің бірінде Қостанай-Алматы поезының жалпы вагонына отырып, жолға шықтым. Вагон іші ығы-жығы халық. Қасымда отырған қараторы қаршадай қыз бір кітапты оқиды да өзімен-өзі мырс етіп күледі. Кітап бетін аударады да езуіне қайта күлкі үйіріледі.

– Қарындасым, қызық кітап па? – деймін үнсіз отыруды жөн көрмей.

– Өте қызық, – дейді қыз. Ақыры сол кітапты сұрап алып, түнде тамбурға шығып бір демде оқып шығайын. Расында да, тамаша туынды екен. Бейімбет Майлиннің "Азамат Азаматович" романы.

Міне, Би-ағаңның осы кітабы менің қолыма тегіннен-тегін түспеген екен. Университетте қабылдау емтиханында билеттегі бірінші сұрақ та Бейімбет Майлиннің "Азамат Азаматович" романы еді. Емтихан қабылдап отырған Бақытжан Кәрімов және Қабижан Құсайынов ағаларым:

– Бала, "Азамат Азаматовичті" оқыдың ба өзің? – деп сұрады.

– Иә.

– Онда айта қойшы, сол Азамат Азаматовичтің шын аты кім еді?



– Қожалақ Күркілдеков...

– Міне, білетін баланыкі осы, – деп қағазыма "отлично" деп жазып, басқа ештеңе сұрамастан "Жол болсын!" деді.

Мен де Би-ағаңның аруағына сыйынып, бөлмеден жадырап шықтым.

Сол "отличноның" басқа да емтихандарға әсері болып, қара шаңырақтың студенті атанып шыға келдім.

Шынын айтайын, біз мектепте Би-ағаң шығармашылығын оқыған жоқпыз, оның мұндай романының бар-жоғынан да хабарсызбыз. Поездағы сол кездейсоқ кездесу болмаса, салым суға кетіп, Қостанайға қайта оралуым ғажап емес еді...

Ал қызметке сол Би-ағаң негізін қалап, шығарған кешегі "Ауыл", бүгінгі "Қостанай таңы" газеті редакциясына келіп, қырық жылдан астам уақыт тер төгіп жатсам оны да тағдырдың бұйрығы деп білемін. Осынша уақыттың тең жартсында сол Бейімбет Майлин атқарған шаруаны жалғастырып келе жатқанымды ерекше мақтан етемін. Жұмыс бөлмемде Би-ағаңның суреті ілулі тұрғанына да талай жылдың жүзі болды. Редакция ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінген. Жылда ретін тауып, Би-ағаңа қатысты ең болмаса бір-екі мақала жазатыным бар. "Пірім менің – Би-аға!", "Би-ағаңнан ұялып жүрміз", "Би-ағаң алдындағы бір парызымыз", "Ақтөбе – көп төбенің бірі емес", "Қайран, Би-аға!" және басқа мақала-очерктер сол ұлы жазушы, ұлы журналист Майлинге арналған еді.

"Қостанай таңының" 90 жылдығы тұсында аруағы риза болсын деп Би-ағаңды тағы да бір еске алып, тағзым етіп, осы мақаланы жариялаған едім...

АВТОР ТУРАЛЫ
Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібай 1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылында туған. 1963 жылы орта мектепті бітірген соң Рудный қаласында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында токарь болып еңбек жолын бастаған 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1969 жылы ойдағыдай тәмамдайды. Сол жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, екі жыл бойы Забайкал әскери округінде лейтенант шенінде взвод командирі қызметін атқарады. Әскерден оралған 1971 жылы Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясына қызметке орналасып, күні бүгінге дейін бастауында Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин сияқты ұлтымыздың біртуар тұлғалары тұрған қара шаңырақта еңбек етіп келеді. 1999 жылдан бастап газет бас редакторының бірінші орынбасары. 1979 жылы Алматы жоғары партия мектебін ойдағыдай тәмамдаған Сәлім Меңдібай Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі (2008ж.), Қазақстанның мәдениет қайраткері (2009ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005 ж.), Қостанай облысы әкімі сыйлығының, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының, «Қазақ тілі» қоғамы аймақтық ұйымы «Ұлтжанды азамат» сыйлығының иегері.

С.Т.Меңдібай «Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл» медальдарымен және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Елбасының Алғыс хатына ие болған.

«Жүрек лүпілі» (әңгіме, новелла, очерктер. Алматы 1998ж. «Алатау»), «Еменнің айыр бұтағы». (Көркем-публицистикалық шығармалар жинағы. Қостанай Баспа үйі. 2001ж.) «Мөп-мөлдір дүние» (Хикаят. Алматы. «Алатау» 2003ж.), Ілияс Омаров (Естеліктер. Құрастырған және алғысөзін жазған С.Меңдібаев, Алматы. «Санат» 2003ж.), «Еркімбайдың Сұлтаны» (Деректі хикаят. Қостанай Баспа үйі. 2009ж.), «Терең тамыр» (Тарихи-этнографиялық хикаят. Қайсар Әліммен бірлесіп жазған. Астана. «Фолиант». 2009ж.), «Тұмарымыз – Түркістан» (2013 ж. «Центрум»), Біздің елдің жігіттері» (2013ж. «Центрум) кітаптарының авторы. «Армысың, алтын таң!» – автордың сегізінші кітабы.

МАЗМҰНЫ


Армысың, алтын таң! (Оқырманға арнау сөз)
І ТАРАУ. БІЗДІҢ ЕЛДІҢ АРУЛАРЫ
1.Өшпейтін із (Зұлқия Тойшыбайқызы)..................................................................

2.«Туған жердің армансыз тердім гүлін» (Кәмшат Дөненбаева)..........................

3.Әсияның әсем әлемі (Әсия Беркенова).................................................................

4.Төңірегіне нұр шашқан (Айткүл Атымтаева)......................................................

5.Азаматын ардақтаған (Бикеш Меңтаева).............................................................

6.Жар.Ана.Ұстаз. (Қазыкен Әбдірахманова)..........................................................

7.Ана әлдиі (Зейнелғарап Ақмейілқызы)................................................................

8.Анамыздай қамқор еді (Панна Александровна Рыбалова).................................

9.Әйел тағдыры (Күләш Жетпісбаева)....................................................................

10.Жарты ғасыр жарасқан (Жәлел мен Бағытай Сұлтанғазиндер).......................

11.Кітап патшалығының патшайымы (Гүлжамерия Қазина)................................

12.Меруерт десе Меруерт (Меруерт Қалаусызова)................................................

13.Өмірдің мәнін ұққан (Ерен Дүйсекова)..............................................................

14.Қазақтың келіндері-ай... (Гүлжауһар Ерментаева)............................................

15.Мөп-мөлдір дүние (Қыздарға жазған хаттардан)..............................................

16.Гагарин, «Қаракөз» және әдемі қыз....................................................................


ІІ ТАРАУ. ОЛ КҮНДЕРДІҢ ӨШПЕС ДАҢҚЫ
17.Орны оның ерекше (Серәлі Жәкетов)................................................................

18.Жауынгер Жетпісбаевтар көшесі........................................................................

19.Арманда кеткен бір арыс (Сұлтан Еркімбаев)...................................................

20.Жарқайыңның саясы (Оразбек Жанақаев).........................................................

21.Құрыштан құйған құдірет (Тасмен Имашев).....................................................

22.Елін сүйген есіл ер (Қабду Сүлейменұлы).........................................................

23.Екі аяқтан бірдей айырылып... (Едірес Ағыбаев)..............................................

24.Анаға хат (Хамит Нұрқанұлы)............................................................................

25.Елін қорғаған есіл ер (Нүркен Жалмұхамедов).................................................

26.Шәкірт жүрегіне жол тапқан (Кәмеш Жаманқұлов).........................................

27.Арманда кеткен есіл ер (Ғазымбек Шортанбаев)..............................................

28.Ұлы ерлік шежіресі..............................................................................................


ІІІ ТАРАУ. ТАҒЫЛЫМ
29.Аспантай абыз-әулие............................................................................................

30.Қос арыс (академик Сұлтанғазин мен академик Алдамжар)...........................

31.Төтенше және өкілетті елші (Мәлік Фазылов)..................................................

32.Ақиығы Ақсудың (Аманғали Сегізбаев)............................................................

33.Алты інінің ағасы (Ақтас Дәнекенов)................................................................

34.Тар жол, тайғақ кешу (Заеке Мұхамедиев)........................................................

35.Ұлы Ахаңның бір ұрпағы (Қазымбек Жақыпбекұлы).....................................

36.Өмірдің мәнін ұққан (Ғалихан Мәулетов).........................................................

37.Қатарының алды болған (Әбдікәрім Бәйекенов)...............................................

38.«Кім мөлдір болса, соның жолдасымын» (Айтжан Қосжанов).......................

39.Қаламгер бақыты (Дәуренбек Ахметбеков).......................................................

40.Әке.Бала.Немере.Шөбере. (Нұрғалиевтер әулеті).............................................

41.Қараобаның құрметтісі (Сейту Қоржынов).......................................................

42.Жайылымда туған жақсы аға (Хамит Жансарин).............................................

43.Ұлылардың үндесуі (Баукең мен Ілекең)...........................................................

44.Әке өнегесі (Қабаш Қозыбаев және оның ұрпағы)...........................................

45.Армандастар қайда, абзал достар қайда?...........................................................

46.Атадан ұл туса игі (Қайролла Меңтаев).............................................................

47.Бес күндік мына жалғанда...................................................................................
ІV ТАРАУ. СЫР-СҰХБАТ
48.Тәуелсіздік тұғыры нық (Тоқтарбай Қадамбаев)..............................................

49.Сырым менің – жырымда (Тоқтарбай Қадамбаев)............................................

50.Елімізде туған әрбір сәби... (Тоқтарбай Қадамбаев).........................................

51.Жеріме көңілге алған барып қалсам (Қайсар Әлім).........................................

52.Бүгінгінің басты ұраны – «Ойлан, қазақ!» (Жанділдә Мақанов).....................

53.Дәрігер болу оңай ма? (Есентемір Әбдікәрімов)...............................................

54.Әлемдегі тұрақтылық үлгісі – Қазақстан (Валерий Вишниченко)..................

55.Мемлекеттік тіл – халық бірлігінің негізгі факторы

(Кеуілімжан Нұрмұхаметов)....................................................................................

56.Жер-ана жанашырлық күтеді (Марат Мағажанов)...........................................

57.Нарыққа үрке қарайтын кез келмеске кетті (Айтқали Нұрсейт).....................

58.Өз тағдырың – өз қолыңда (Сапар Шопағұлов)................................................

59.Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік (Сайым Шопағұлов)..............................

60.Ақынның ақиқатпен жүрегі бір (Серікбай Оспанұлы).....................................

61.Журналистика тек қана мамандық емес... (Серік Шайман).............................
V ТАРАУ. РЕЦЕНЗИЯЛАР
62. «Қайран атам қойылған, Ахмет Әулие қасына...»............................................

63.Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі – мемлекеттіктің шыңы................................

64.Тұлғалар тіршілігі – уақыт келбеті.....................................................................

65.Мәншүк жаққан мәңгілік от................................................................................

66.Сұңғыла сырлар, жампоз жырлар.......................................................................

67.Өмірдің мәнін өрнектеп.......................................................................................

68.Әдемі әлем.............................................................................................................

69.Соңғы сөз орнына. Би-ағаңа қарыздармын........................................................

70.Автор туралы........................................................................................................

«Қостанай таңының» кітапханасы


Сәлім МЕҢДІБАЕВ


АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ТАҢ!

(Журналист жазбалары)


Редакторы: Жайберген БОЛАТОВ,

Қазақстанның мәдениет қайраткері,

Қазақстанның құрметті журналисі


Компьютерде тергендер:

Меруерт ҚАЛАУСЫЗОВА, Базаркүл ЖАНКИШЕВА


Корректоры:

Базаркүл ЖАНКИШЕВА


Таралымы 100 дана.

«Центрум» ЖШС,

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 117.

тел/факс: 8 (7142) 54-57-02, 917-888.



АВТОР ТУРАЛЫ
Меңдібаев Сәлім Тоқмырзаұлы – облыстық «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары, осы қара шаңырақта 1971 жылдан бері еңбек етеді. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Қостанай облысы әкімі сыйлығының, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері. «Армысың, алтын таң!» – автордың сегізінші кітабы.

Суреттер
№1

Біздің отбасы: ата-анам Тоқмырза мен Сара, жеңгеміз Қапиза, анамның алдында отырған Зүмірет, тұрғандар Сәлім, Кәрім, Айман. 1952 ж.
№2

Отырғандар: Иманғали жездем мен Зұлқия апам, Сәбира, Есенжол, Дәмеш, Бағира


№3

Кәмшат Дөненбаева


№4

Кәмшат, Кінәз апа мен Тұрсын апа (Өмірзақ Шөкеевтің анасы), Дәметкен мен Сәлім


№5

Дәмеш апа мен Бибіш апа


№6

Дәмеш апа мен өмірде ерекше із қалдырған жиен ағам Өлеңді Төлегенұлы


№7

Ақындар, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова мен Мәдениет қайраткері Әлпия Орманшина


№8

Қайролла мен Бибіш Меңтаевтар келіні Индира және немерелерімен бірге


№9

Гүлжамерия Қазина мен ақын Жолбарыс Баязид


№10

Менің алтын қарындасым – Меруерт


№11

Нағашым Бақытжан мен Гүлбаршын және Қаншайым, Ұлбике, Күләш, Әнуза, Дина, Марат, Лайық


№12

Жібек, Жұпар, Әнияш, Мәнсия, Сәбира


№13

Бақытжан Мұттақов, Дәметкен мен Сәбира


№14

Өтей баба ұрпақтары


№15

Сәлім мен Дәметкен


№16

Бақыт, Өлеңді, Хамит, Сәлім, Мағауия аға, Зайра апа, Жәниса жеңгей, Дәмеш пен Бибіш апалар


№17

Кластастар. 1966 ж. Алматы


№18

Дәмеш, мүсінші Хакімжан Наурызбаев, Сәулеш Қозыбаева...


№19

Айман, Санат, Сәлім және Серік


№20

Әкем Тоқмырза мен Ахметқазы Чутаев


№21

Еліміздің қайраткер тұлғасы Тоқтарбай Қадамбаев


№22

Кәмшат жеңгейдің мерейтойында


№23

Өмірзақ Шөкеев редакция қызметкерлерімен бірге


№24

Омар аға мен Қазыкен апа


№25

Ел азаматтары Елбасымен бірге


№26

Хамит Жансарин, Азамат, Әсел және Сақи жеңгей


№27

Әділ, Дәметкен, Қисым ата және Мұрат


№28

Аманғали Сегізбаев (оң жақта)


№29

Өлеңді Мәмбетов


№30

Хамит Жансарин


№31

Жанділдә Мақанов және Сәлім Меңдібаев


№32

Тұрсынбай Жармұханбетов пен Мұхаметжан Тұралин


№33

Сәлім Меңдібай


№34

Сәлім мен Санат


№35

Кәрім, Қисым ата мен Төлеген


№36

Шерхан Мұртаза мен Сәлім Меңдібай


№37

Еркебұлан, Сәлім, Мәлік Көбеев, Бақытжан


№38

Ғалихан Мәулетов


№39

Қайсар Әлім


№40

Сәлім Меңдібай


№41

Сәлім мен Хамитбек Мұсабаев


№42

Панна Александровна Рыбалова


№43

Әукен Молжігітов


№44

Сағымбай Ешімханов


№45

Сәлім Меңдібай


№46

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен Сәлім Меңдібай


№47

Аманкелді Нұрғалиев пен Сәлім Меңдібай


№48

Аманғали Қасаев


№49

Роза, Жантілеу, Дәметкен мен Сәлім


№50

Аспантай абыз-әулие қабірі басында


№51

Сәлім Меңдібай – «Қазына» сыйлығының лауреаты


№52

Сәлім Меңдібай 60 жылдық мерейтойында


№53

Сәлім мен Мәрзия. Забайкөл әскери округі. 1970 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет