«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата25.02.2016
өлшемі142.26 Kb.
#20990


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » .

қаулысымен

бекітілген



«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – арнайы комиссияның жұмыс органы).

4. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

1) арнайы комиссияның жұмыс органы;

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық).

5. Мыналар:

1) әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949 – 1965 жж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

2) 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңінде осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

3) 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар;

4) осы баптың 1) және 2) абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балалары, олардың денсаулық жағдайы мен «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 1787 Заңында көрсетілген аймақтарда ата-ананың бірінің болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте, көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы қабылданған шешім – арнайы комиссияның жұмыс органында өтінішті тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

бірінші рет өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушыға куәлік беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде;

куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін арнайы комиссияның жұмыс органында тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

арнайы комиссияның жұмыс органында:

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі:

мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығы анықталған жағдайларда – бір ай мерзімге ұзартылады;

2) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін (тіркеу, талон алу кезінде) күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында немесе орталықта:

- осы стандартқа 1-қосымшаға Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану (танудан бас тарту) туралы шешім;

- осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес куәлік немесе оның телнұсқасын беру;

- көрсетілетін қызметті алушының жеке шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

- бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықта:

демалыс (сенбі, жексенбі) және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда түскі үзіліссіз күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде – 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 3 және (немесе) 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) жинақтау кітапшасын немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын үй пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті; болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар сақталмаса, ядролық сынақтардың салдарына ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактісін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.

Құжаттар көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың тұпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

12. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында – көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон;

орталықта – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), өтінішті беру күні және уақыты көрсетілген қолхат.

13. Көрсетілетін қызметті алушы 11-тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда арнайы комиссияның жұмыс органының маманы немесе орталық қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Тексеру қорытындылары бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) арнайы комиссияның жұмыс органының, уәкілетті орталықтардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

17. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

18. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде

электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

21. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, интернет-ресурсы www.enbek/gov.kz.

22. Консультациялық қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан


зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

_____________________________ ауданы (қаласы) әкімінің жанындағы
___________________ арнайы комиссияның


Қазақстан Республикасының азаматтарын

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешімі

№ ____ хаттамаға, күні _______________

Азамат ___________________________________________________________


(тегі, аты, әкесінің аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы
алушы / жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін)

1. Азамат ________________ _______ бастап __________ дейін _________ радиациялық қатер аймағында;

_______ бастап __________ дейін _________ радиациялық қатер аймағында;
_______ бастап __________ дейін _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшін Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші деп саналсын.

2. Өтініш берушінің өтемақы төлемдері туралы деректерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк), «Қазпочта» АҚ-ның деректерімен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:

Азамат: ____________________________________________________

1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңге өтемақы төлеу жүргізілген жоқ/жүргізілген (қажеттісінің асты сызылсын);

_______(күні көрсетілсін)_______ теңге___ тиын сомасында жүргізілді.

2) теңгерімнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнімен № көрсетілсін) жалпы сомасы _______ теңге______ тиын нақты аударылды.

3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
(шоттың № мен түрі көрсетілсін)

Банктің деректеріне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргізілмеген,


өйткені өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.

3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:

1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтіне дейінгі кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргізілмеген және теңгерімнен тыс арнайы шотында көрсетілген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күні көрсетілсін) ашылған №______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.

2) Банк №________ теңгерімнен тыс арнайы шотқа _________(күні


көрсетілсін) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеуді жүзеге асырсын.

4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы


ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде тіркеуден бас
тартылсын.

5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.

Комиссияның төрағасы _________________

Комиссияның мүшелері _________________

Мөрдің орны

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан


зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы
алу құқығын растайтын
КУӘЛІК

Сериясы________________________________ №_______________________


Тегі _____________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туғаны жылы ____________________________________________________
____19____ж. бастап_____ ж. аралығында_____________________________
қатер аймағында орналасқан_________________________________________
____________________________________________________________тұрды,
____19____ж. бастап _____ ж. аралығында____________________________
қатер аймағында орналасқан __________________________________ тұрды,
_________________________________________________________________
(куәлікті берген мекеме)

Берілген күні М.О. Қолы

Куәлік мерзімсіз және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңынан) қысқаша мәліметтер
Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, бұл азаматтар Заңда белгіленген шеңберде:

жеңілдікті шарттармен зейнетақы;

стажды есептеу бойынша жеңілдіктер;

қосымша еңбекақы, зейнетақы төлемі, стипендия мен жәрдемақы;

жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқылы.

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер санаториялық-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқылы.
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________сома мөлшеріндегі біржолғы өтемақы төлеуді _________________________
__________________________________________________________жүргізді
(ұйымның атауы, күні, мөртаңба)

Алушының жеке қолы_______________________

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Өтемақы тағайындау жөнiндегi


уәкiлеттi органның басшысы
_____________________________
_____________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
_____________________________
_____________________________,
жеке басын куәландыратын құжат
СТН_________________________,
жеке шоты №__________________,
банктiң атауы________________

Өтiнiш

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындауды сұраймын. ____________жылдан__________жылды қоса алғанда________________ радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.

Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:____________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.

1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi) ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Өтемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

Күні ______________________ Қолы_________________________________ __________________________________________________________________

(кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен «__»____________200__жылы______данада қабылданды.

Қолы____________  __________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонындағы


ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу және оларға жеңілдіктер алу құқығын
растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы
комиссияның төрағасына__________________
________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________,
_______________________________________
жеке басын куәландыратын құжат

Өтініш

Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.

_______________ бастап_____________ қоса алғанда_______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.

Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_______________

Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.

Куәлікті алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.


Күні_________________________ Қолы___________________
______________________________________________________________

(кесу сызығы)

Азамат __________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен
«__»___________ 20___ жылы______ данада қабылданды.

________________________________________________________________


(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, ТАӘ)
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)



Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.



____________________________ _____________

(Орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)


Тел.__________



Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _______




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет