Семья indd


Бала мен ана алашы айларда бір-бірінен бір елі де



Pdf көрінісі
бет14/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Бала мен ана алашы айларда бір-бірінен бір елі де 
ажырамааны дрыс. Оны дниетанымын дамытамын деп, 
тстерді, фигуралар, тілді, әлемді йретіп әуре болма ыз, 
бала шін сізді дауысы ыз бен алааны ыздан баса еш нәрсе 
керек емес. Бл айтып келмейтін өте ыса уаыт. Жмыс, 
й шаруасы, достар, туыстар ешайда ашпайды, ал баламен 
болаша арым-атынас шін бл айлар – баа жетпес. 
Баланың тілі кеш дамып келе жатқанын байқадық, оны 
құшағымызға жиі аламыз, мейірімімізді төгеміз, телевизор, 
смартфонды кейін шегеріп, баламен «тірі» дауыспен сөйлесеміз 
және төменде көрсетілген қағидаларды ұстануға тырысамыз:
- Баяу асықпай сөйлеуді. Бала түсінетіндей сөзді анықтап 
айтуды;
- Нақты істі, дәл қазыр керек әрекетті айту;
- Өзіңіз сөйлемді дұрыс құрап айтыңыз;
- Баламен диалог жасау. Көзіне қарап сөйлегенде, сізге у-ілдеп, 
дыбыстап, буындап жауап қайтарғанда, іліп алып оған кері 
жауап қайырғандай болыңыз. Мысалы: «Солай ма?», «Ия, 
дұрыс айтасың»....
- Баланың қызығып тұрған заты жайлы айтып беру. Баладан 
кері реакция болмаса да;
- Әрекетті бала тілінде де түсіндіру. Мысалы: «Айби қуыршақты 
ұйықтатты, әлди-әлди..», «Ақби тамақ жеді, ням-ням..»...
- Бір сарынды балаға сөйлей бермеу. Сіздің сөйлеу дауысыңыздан 
(тон, ритм) бала шаршап кетеді де, қосулы тұрған радиодай 
қабылдап мән бермей қояды;
- Балаға сөйлегенде үнемі «сен» деп баланы, «мен» деп өзін 
анықтап жеткізу. Мысалы: «Мама Әсетке доп әкелді. Әсет доппен 
ойнайды ма екен?» – деудің орнына, «Мен саған доп әкелдім, 
сен доппен ойнайсың ба?» – деген дұрыс;
– Керек нәрсесін ыммен сұрағанда, бірден бас салып алып 
бермеу. Оның таңдап, алғашқы дыбыс, буынын айтуына мүмкіндік 
беру:«Қайсысын жейсің, алма ма, әлде жүзім бе?» – деп;
– Алғашқы буындап айтқан затын ары қарай анықтап, кеңінен 
айту қажет. Мысалға, сыртта серуендеп жүргенде, бала ойын 
алаңына қарай сізді қолыңыздан тартып тұр: «йах» деп, оның 
буындап болсын айтқан сөзін мадақтау қажет: «Қайда барайық?... 
Доп теуіп ойнағың келеді ме? Қалай тауып айттың, жарайсың! 
Міне, доп. Келе ғой, йах деп доп тебейік». Осылайша алғаш айтып 
қалатын буындарды, өрбіте кетеміз. Бала поезды көрсетіп ойнай 
бастаса: «Келе ғой, поездбен ойнайық, оған мынадай ұзын жол 
жасаймыз. Ал, мынау вагондары, поезд ту-ту-ту деп жүреді»–
деп әр затқа тән дыбыстарды анықтап көрсетеміз.
– Ойында сұрақ қою әдісін қолданамыз. Қарындаш, парақ 


29
28
алып, теңіз саламыз: «Міне толқын. Иректеп, енді, сен сала ғой. 
Сенің толқының үлкен бола ма, әлде кішкентай ма? Суда не бар? 
Балықтар. Қане, балық салайық. Балықты қандай түспен бояймыз? 
Ол үлкен бе, әлде кішкентай ма? Балықты қай жерге салайық? 
Мұнда. Теңіздің түбі қайда? Міне, астында. Қане онда тастарды 
салайық. Қандай тастарды? Дұрыс үлкен, кішкентай тастарды...».
Сұрақты бала түсіну үшін әр сұрақтан кейін пауза жасаңыз. 
Алғашында бала тек саусағымен көрсетеді, кейіннен буын, 
сөздерді қоса бастайды.
– Сабақтың нақты бөліктерге бөлінуі–ойынның басталуы , 
жалғасы және соңы. Ол ойыннан кейін балада саналы болмаса да, 
қанағаттану сезімі қалуы үшін жасаймыз. Сабақтың басталуында 
– қандай ойын ойнайтынымен таныстару, сабақтың жалғасы – 
ойынды ойнау, аяқталуы – баланың әрекетін мақтау-мадақтау. 
Сабақты аяқ асты үзіп тастауға болмайды. Егер бала шаршап, 
жүгіріп кетсе, жыласа да бір ауыз сөзбен ойынның аяқталғанын 
жеткізу керек.
БАЛАМЕН ЕРІНБЕЙ
СӨЙЛЕСУДІҢ МАҢЫЗЫ
Сіздің ол үшін күнделікті жасаған еңбегіңіз, балаңыздың 
болашақтағы әрбір жасайтын әрекеті болмақ. Сондықтан баламен 
тұрмыста үнемі сабырлық танытып сөйлесу қажет (киінгенде, 
шешінгенде, жуынғанда,тамақ ішкенде, серуенде, жатар алдында), 
бірге жұмыс атқару барысында (ойыншықтарды жинағанда, 
дастархан жайғанда, ыдыс жуғанда, шаң сүрткенде т.с.с.). Іс 
– әрекет кезінде жиі сұрақ қойып, кейін біраз үнсіздік сақтап 
(баланың жауабын күткендей), өз сұрағымызға өзіміз жауап 
береміз. Бала затпен танысқан соң, тапсырманы уақыт өте 
күрделендіреміз. Мысалға, жуынғанда: «Кел, беті-қолыңды 
жуа ғой. Кранды ашайық. Жоқ бұл жаққа емес, келесі жаққа 
бұра. Міне осылай. Сабын қайда? Міне сабын. Сабынды алып 
қолыңды сабында. Жақсылап ысқылаймыз. Енді қолыңды 
шаямыз. Судың астына осылай қолыңды ұстап тұр. Енді бетті 
жуайық. Суды алақаныңа толтырып бетіңді жу. Кранды жап. 
Енді суды сілкі – міне былай. Сүлгі қайда? Бетіңді сүрте ғой, 
қолыңды да сүрт. Жарайсың! Міне тап-таза болып қалдың!». 
Көрдіңіздер ме, бір әрекет арқылы бала бірнеше сөзбен танысып, 
пассивті сөздік қорын молайтады.
Жоғарыда айтылғандай баланың тілі жанындағы адамдарға 
қарап шығады. Балалар ғана емес, ересектер де ортасына 
қарай еліктейді. Сол себепті тілі кешеуілдеп жатқан баламен 
дыбыстарды дұрыс айта алмайтын, тұтығып сөйлейтін кісілермен 
аз араласқаны жөн. Баламен сөйлескенде интонацияны дұрыс 
қойып, үзіліс жасап, түрлі дауыс ырғағын қолданып айтқан 
дұрыс. Бұл кезеңнің басты міндеті – қоршаған ортасын зерттеу. 
Ұстайды, жұлады, жейді, тістейді бір сөзбен айтқанда ата-аналарын 
отырған орнынан тұрғызады. Ересекке еліктеу арқылы жүруді, 
сөйлеуді, әрекеттерді игереді және айтқан сөзді орындауды 
үйренеді. Ата-анасының нұсқауын орындамауға, қырсықтық 
танытуға немесе өз дегенін істетуге мүмкіндігі мол кезең. 
Баланың тіл алғыштығын жазалау, мадақтау немесе дұрыс-
бұрысты үнемі түсіндіру арқылы емес, мейірім төгу арқылы 
тәрбиелеуге болады. Ашуланды ма, құшақтаңыз. Сіз рұқсат 
етпеген затты аламын дейді ме, тағы құшақтаңыз. Сіздің ыстық 


31
30
құшағыңыз жетпегендіктен – бала қырсық мінез танытады. 
Баламен қарым-қатынас жасау үстінде, баланы қинап «осылай 
айтшы» деген сөзді қолданбау керек. Баланың қолынан келсе, ол 
оны бұрыннан айтар еді. Біздің миссиямыз: баланы танымын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет