Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет1/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
оперативтік хир 8 н




 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОПЕРАТИВТІК 
ХИРУРГИЯ 
Оқу құралы 
АЛМАТЫ, 2014



ББК 48.73. я 73 
М 87 
Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж.К. Оперативтік хирургия. 
(оқулық) – Алматы, ҚазҰАУ, 2014, 277 бет. 
Пікір берушілер: 
Мұсаева Ә.Қ. – «Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты» ЖШС 
вирусология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология 
ғылымдарының докторы.
Үмітжанов М. – «Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты» ЖШС 
Микология зертханасының меңгерушісі, мал дәрігерлік ғылымдарының 
докторы, профессор.
Заманбеков Н.А – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, клиникалық 
ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі мал дәрігерлік 
ғылымдардың докторы, профессор
Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқу әдістеме кеңесі 
ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған оқулық 
ретінде басып шығаруға рұқсат еткен. 
М 370600000000 
00(05) - 06 
 



АЛҒЫ СӨЗ 
Оперативтік хирургия XIX ғасырдың ортасында микробиология, 
жансыздандыру, қан кетуін тоқтату тәсілдерін игергеннен кейін және рентген 
саулелері ашылғанан кейін ғылым ретінде қалыптасып дами бастады. 
Негізінен хирургияның дамуы дәуірін асептикадан бұрын болған мерзімге 
және асептикалық мерзіміне бөледі. 
Оперативтік хирургия – ветеринариялық хирургиядағы алатын орны 
ерекше, негізгі хирургияның үлкен саласы, хирургиялық операциялардың 
жасалу ережелері және тәсілдерін зерттейтін ғылым. 
Оперативтік хирургия пәні мал дәрігерлерін дайындаудағы басты 
мәселелерді қарастырады, атап айтқанда жануарларға хирургиялық 
операцияларды жасау әдістерін үйретеді. Бұл пән операцияны жүргізудің 
негізгі принциптерін, оның жеке мүшелерде, ұлпаларда жасалу техникасын 
және аурудың түрін, малдың жағдайын ескере отырып зерттейді. 
Оперативтік хирургия пәнін оқытудағы негізгі ерекшелік студенттер 
алдымен жануарлар өлексесінен алынған материалдарға жаттығу 
жұмыстарын жүргізеді, содан соң зертханалық жануарларға өз бетімен 
операциялар жасайды.
Студент хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, тәжірибеге 
арналған жануарларды қабылдайды. Сонымен қатар оларға хирургиялық 
операцияларды жасайды. Кейіннен клиникадағы сол малдар оның 
пациенттері болып есептеледі. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті 
орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына 
байланысты болатыны сөзсіз, бірақ хирургиялық операцияларды тек қана 
жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды. Керісінше ол организмнің 
барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттер 
оперативтік хирургияны толық меңгеру үшін, анатомия, физиология, дерттік 
физиология, фармакология және басқа да пәндерден толық білім алуы қажет.
Оперативтік хирургия пәнінің мағынасы хирургиялық операцияларды 
әртүрлі 
жаңа 
әдістермен 
жасауды 
үйрету 
болғандықтан, 
оның 
шаруашылықтағы мақсаттары: а) белгілі мезгілде ауырған жануардың 
төмендеген немесе жоғалған өнімділігін қалыпына келтіру; б) ауырған 
жануар жұмыс қабілеттілігін қалыптастыру немесе жоғарылату; в) мал басын 
көбейтуге жәрдемдесу; г) ет, жүн және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту 
және молайту.
Сонымен, оперативтік хирургия басқа да пәндермен қатар болашақ 
ветеринар дәрігерлерді дайындауға және жан-жақты кәсіби маман болуына 
жағдай жасайды. 
Көптеген операциялар малдың өмірін, жұмысқа қабілеттілігін, 
өнімділігін сақтап қалудағы бірден – бір әдіс болып саналады.
Операцияны дұрыс жасамаған жағдайда жануарлардың өнімділігі 
төмендейді. Оперативтік хирургияның негізгі мақсаты студенттерге 
теориялық білім мен тәжірибиелік әдістерді үйрету. 



Өндірістік жұмыстарды атқару үшін төмендегі әдістерді игеру керек: 
малды жансыздандыру, қан тоқтату, инъекциялар мен пункцияларды жүргізу, 
жүйке-жүйесін 
новокаинмен 
тежеу. 
Хирургиялық 
операциялардың 
теориялық элементтерін оқып үйрену үшін, ұлпаларды ажырату техникасын, 
аққан қанды тоқтату, тігін салу, таңғыш түрлерін және хирургиялық 
инфекциядан сақтандыру жолдарын білу қажет. 
Оперативтік тәсілмен жарақаттардың алдын алады (мүйізсіздендіру, 
каудотомия және т.б.), малдың эстетикалық түрін жақсартады (құлақ 
қалқанын кесу, косметикалық және т.б.). 
Оперативтік хирургия пәнін оқып, меңгеру нәтижесінде студент 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қан 
алуды, мүйіздің өсуінің алдын алуын, каудотомияны, еркек малды пішуді, 
ұрғашы малды овариоэктомиялауды және басқада көптеген хирургиялық 
операцияларды, сонымен қатар алдын алу және емдік шараларды 
ұйымдастыра білуді үйренеді. Студент хирургиялық инфекцияның алдын алу 
және онымен күресу әдістерін (хирургтың қолын және операциялық алаңды 
өңдеу, хирургиялық құрал саймандарды, арнайы киімдер, тігін және таңғыш 
материялдарын залалсыздандыру), жансыздандыру тәсілдерін (наркоз, 
жергілікті жансыздандыру), хирургиялық опрациялар әдістерін (ұлпаларды 
ажырату, тігін салу арқылы ұлпаларды біріктіру техникасын, қан тоқтатуды) 
меңгеру керек. 
Студент малмен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі техникасын, 
малды бекемдеу және жығу, таңғыштарды салу және шешу әдістерін жетік 
білуі керек. Мал денесінің әр түрлі аумақтарына байланысты өзара 
қабаттасып орналасқан ұлпалар проекцияларын, хирургиялық маңызы зор 
қан тамырлы-жүйкелік шоғырларды және оларды тежеуді игеру тиіс.
Оперативтік 
хирургияның 
келешектегі 
дамуында 
ағзалардың 
трансплантациясы, гендік инженерия және клондау бағытарымен 
айналасқанда оның ғылыми маңызы зор болады. Хирургияда дерттің 
этиологиясы, патогенезі, белгілері әрқашанда тұрақты болады. Мысалға, 
сынық. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын сынықтарды анықтау (египеттердің 
мумиялары, оңтүстік Америка мүрделері т.б.) осы замандағы әдістермен 
ешқандай айырмашылығы жоқ. Негізгі өзгеретіні емдеу тәсілдері. Сол 
себептен оперативтік хирургия пәнінің негізгі мақсаты жаңа ем тәсілдерін 
болашақ маманға үйрету. 
«Оперативтік хирургия» оқулығы тұңғыш рет қазақ тілінде баспадан 
шығарылып тұр. Оқулық суретермен көркемделген, ең негізгі тиісті 
мағлұматтар қысқаша, нақты келтіріліп, осы замандағы ғылыми ақпараттар 
және дәрілік заттар берілген.
Оқулық жоғарғы оқу орындары студенттеріне, колледж студенттеріне 
және шаруашылықтағы ветеринар мамандарына арналған. 
Мал дәрігерлік ғылымдарының докторы,
профессор Мүрәлінов К. Қ. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет