Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


 семинар  1. Ж.Пиаженің интеллектуалды даму теориясын талдау



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
жасерекшелик сем

семинар 
1. Ж.Пиаженің интеллектуалды даму теориясын талдау 
2. А.Валлонның психика дамуы туралы теориясы 
3. Л.С.Выготский тұжырымдамасындағы баланың психикалық даму кезеңдері. Жас 
дағдарыстары 
 


Жан Пиаженың интеллектуалдық даму теориясы. Пиаже мамандығы бойынша
зоолог және адамның мінез-құлқын зерттеген кезінде тағы басқа тірі ағзалардың
мінез-құлқын кірістіруге тырысты. Оның негізгі мәселесі - жануарлардың өмір
тіршілігіне бейімделу болды. Ал адамның интеллекті бейімделуді қамтамасыз етудің
құралы ретінде қарастырды. 
Пиаже жеке өзгешеліктер мен «интеллектіні тестілеумен» айналысқан жоқ. Ол
адамның қалыпты дамуын ашып түсіндіргісі келді. Пиаже айналысқан екі аймақ -
биологиялық және эпистемологиялық - адамның интеллектуалдық дамуының
зерттеуінде шиеленісті.
Біз Пиаженің дамуын жеке тұлғаның өмірінде немесе тарихи эволюцияда қалай
болып жатқаны ретінде қабылдауымыз керек. Бірақ бір тұлғаның өмірінде
интеллектуалдық дамуын түсіну үшін, біріншіден, оның тұтас биологиялық бейімделу
жайында айту керек. 
1. Биологиялық бейімделудің ерекшеліктері. 
2. Адам инетеллектісі: дамуы.
3. Адамның интеллектісі: теориялық түсініктер. 
Пиаженің айтуынша, тірі ағзаның маңызды белгісі - өз-өзінен реттелу жүйесі
болып табылады. Тірі емес ағзалармен салыстырғанда, қауіп төндірген уақытта олар
өз құрылымын бұрынғы қалпына келтіруге немесе қорғай алуға жағдайы бар.
Физиологиядан екі мысалды алатын болсақ: егер саусағымыздың терісін жарақаттап
алсақ, оның терісін қалпына келтірудің жағдайымыз бар; сыртқы ортаның
температурасы кенет ауысса, жеткілікті түрде біздің денеміздің жылылығын сақтай
аламыз. 
Егер бұл процесті жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ болса, тірі ағза өледі.
Барлық тірі ағзалар ақырында өлетін болғандықтан, түгелімен бейімделуге қол 
жетпейді: әрқашанда жаңа қауіп-қатерлер туындайды. Бірақ адам ортаның
өзгерістеріне икемді түрде жауап қайтаратын қабілетке ие. 
Жас ерекшелік психологиясындағы мәдени тарихы бағыт субъект – орта 
жүйесіндегі қатынасты баланың дамуы жүретін әлеуметтік контекст тұрғысынан 
анықтауға ұмтылыс негізінде пайда болады. Бұл бағыт теоряларының қатарына 
А.Валлонның психика дамуы теориясын да жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет