Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
жасерекшелик сем



Жас ерекшелік психологиясы пәнінен семинарлар жинағы 
1 семинар 
1. Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері 
2. Адам психикасының даму түрлері 
3. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері 
 
Жас ерекшелігі психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін 
пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның 
психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар 
психологиясы, 
төменгі 
сынып 
оқушыларының 
психологиясы, 
жеткіншектер 
психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы
героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас 
ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің 
жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б 
зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай 
тығыз байланыста. Педагогикалық-психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің 
психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және жас ерекшелігі 
психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жекіншек, жасөспірім – 
ортақтылығымен түсіндіріледі; олар жас ерекшелігіне сай даму динамикасын 
тұтастығында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының объектілірі, ал педагогтың 
мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып 
табылады. Мектепке дейінгі балалар психологясы, төменгі сынып оқушылары 
психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – жас ерекшелік 
психологиясының бөлімдері.Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім 
психологиясы- 
педагьги 
калық-психологияның 
бөлімдері. 
Оқыту 
мен 
даму 
проблемаларына арналған бөлім педаггикалық және жас ерекшелігі психологиясына 
теңдей қарасты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай 
біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады. Сонымен 
бірге оқыту мен тәрбиелеуде өзінен өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни 
баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі 
психологиясы проблемаларды баяндау шегарасын шартты ете түседі. 
Жас ерекшелік психологиясының даму тарихы. XIX ғасырдың ортасына дейін 
балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей келді. Кейін XIX ғасырдың екінші 
жартысында психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. 
Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық 
дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты. Жас ерекшелік 
психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілі советтік 
психолог - ғалымдар Б.Г.Ананьев, И.И.Божович, П.Я.Галперин, В.В.Давыдов, А.В. 
Запорожец, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді. 
Жасерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы: анатомия, 
физиология, философия, жалпы психология. 
Жалпы психология - барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы 
психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оның зерттеу әдістерін, 
теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. 
Анатомия және физиология - бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып өсуі, 
органдардың атқаратын қызметін әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін 
көрсетеді. 
Философия - барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі. Философия барлық 
ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады. (қарама - қайшылық, дамудың 
секірмелігі заңдылығы) 


Жас ерекшелік психологиясының ең тығыз байланысатын ғылымы педагогика 
болғандықтан - зерттейтін объектісі бір, яғни бала, жеткіншек, жасөспірім. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет