Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30сағат СӨЖ 30 сағат


Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



бет4/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#12789
түріСеминар
1   2   3   4   5   6



  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті

Мазмұны: 1. Архаикалық мәдениет ерекшелектері. Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, дін мен өнері

Көне көшпелілердің мәдениеті өзінің ауқымы мен таралу жылдамдығы жөнінде дүниеде сирек кездесетін құбылыс. Оның мыңдаған километр бір-бірінен алшақ жатқан мәдени ошақтарында еш өзгеріссіз, бір-бірін айнытпай қайталайтын көптеген әскери-көшпелі өмір салтына тән бұйымдар: әбзелдері, қару, қола қазандар, дала батырларының тас мүсіндері. Көне көшпелі дәуірдің феномені — өнері. Қола ғасырында көшпелі тайпалардың көбінің өнері — геометриялық фигуралар болды, тек петроглифтерде жануарлардың, адам мен құдайлардың бейнелері берілген. Көшпелілердің өнері негізінен қолданбалы болды, олар әртүрлі бұйымдарды әшекейледі. Көне көшпелілердің дүниесі бұл жануарлар дүниесі. Оны жасаушылар адам бейнесінен аңдарды көп бейнеледі. Сондықтан да көне көшпелілердің өнері скиф-сібір аң стилі деп аталды.

Бұлай аталу себебі көне көшпелілер өнерінің екі массиві скифтер қоныстанған Солтүстік Қара теңіз бен шығыста Сібірде табылған. Тек содан кейін ғана археологтар скиф-сібір өнерінің үлгілері Евразия кеңістігінің әр жерлерінен көптеп табылған. Бүгінгі күні көне көшпелілер өнерінің ескерткіштері Карпато-Дунай бассейінінен Тынық мұхит жағалауына дейінгі кең алқапта табылып отыр. Скиф-сібір аң стилін жасап дамытуда көне халықтар қатысты, олар: Дунай мен Балқандағы фракиялықтар, Оңтүстік Шығыс Европа скифтері, сармат пен совроматтар, Солтүстік Кавказдағы меоттар, Қазақстан мен Орта Азия сақ; массагет, дахи, исседондар, Оңтүстік Сібір мен монғолияның динлин мен ғұндары, Қытайдың солтүстік шығысындағы жун мен ди халықтары. Аң стилінің ең көне үлгілері б.з.д. І мың. ортасына (әр түрлі хронология бойынша б.з.д. IX—VІғғ.), ал ең кейінгілері б.з. алғашқы ғасырларына жатады.

Кең ареалға таралған оны өнер үлгілері көне көшпелілер өнерінің стиль жағынан тұтастығын көрсетеді. Бұл тұтастық сүреттелген бейнелерден көрінеді, олар көп емес, жабайы аң мен құстық бірнеше түрі ғана. Кейбір жануарлардың бейнелері жиі қайталанып, символдарға айналып кеткен. Солардың ішінде үлкен мүйізді бұғы, бұралып жатқан мысық типтес жыртқыштар, тұмсықтары, көздері, қанаттары мен аяқтары өте үлкен жыртқыш құстар. Стильдік тұтастық аңдарды бейнелеу тәлімдерінен жүйесіндегі танымалдығында да білінеді. Ең алдымен аңдар белгілі бір бейнеде берілген: мысық типтес жыртқыштар дөңгелей бұрылған, аяқтарын жанына басып, мойындары соза жатқан т.б. Құстың немесе аңның кейбір дене мүшелері үлкейтіліп көрсетіледі: үлкен мүйіз, тұмсық, тырнақ тістері үлкен апандай ашылған ауыздар. Бүтін дененің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Негізгі бейнеге қосымша сүрет қосылды. Дене мен оның мүшелері шеңбер, элипс тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Сөйтсе де, бұл аңдарды тез тани қоюға болады. Барлық бейнелер анық, шартты белгілеуге қарамастан аңдардың бейнелері реалисті түрде берілген. Скиф-сібір аң стилінің бастауын қола ғасырынан табу өте қиын. Ол негізінен фигура ретінде емес, ою түрінде болды. Аң бейнелері кездескенмен олар өте тұрпайы схемалық түрде ғана. Скиф-сібір аң стилінің пайда болуына дейін ерте шығыс өркениеттердің мың жылдық тарихи бар өнері болды.



Әдебиеттер: Аманжолов К. Қазақстан тарихы /дәрiстер курсы - I/. - Алматы, 2004.; Қазақстан тарихы (көне дәуірден бүгінге дейін). І том. - Алматы: Атамұра, 1996.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. – Алматы: Рауан, 1992.

2 апта

3 кредит сағат

2 дәріс



Тақырып: Ежелгі қазақ жеріндегі Ү-Х ғасырлардағы түркі қағандықтары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Мазмұны: 1. Дәуірдің этнолингвистикалық сипаттамасы. 2. Көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арақатынасының мәдени-тарихи алғышарттары және мәдени трансформация мәселесі

Әрбір халықтың рухани байлығы — ғасырлар бойы тарихында жасалған, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын мирас.

VI—VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамындағы Қазақ жеріндегі тайпалар өз жазуын қолданған. Византия тарихшысы Искандрдың 568 ж. Константинопольге барған түрік елшісі Қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатын алып келген.

Ертедегі түрік жазуы тұңғыш рет XVIII ғасырда Енисей аңғарында табылып, ол “руналық жазу” деп аталды. Руналық жазудың ең әйгілілері Білген қаған мен қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне қойылған және Тонікөктің ескерткіштері. Сонымен бірге, Талас бойынан, Шығыс Қазақстан, Талғар қаласы жұртынанда түрік жазба ескерткіштері табылды. Бұлар маңызы зор тарихи дерек көздері болумен бірге, аса көрнекті әдеби шығармаларда болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты, академик В.В.Бартольд атап өткендей ғылымның дамуы кең өріс алады.

Әдебиет пен қатар тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа ғылым салаларындағы әлемге әйгілі ғұламалардың өмірі мен еңбектері бұған айғақ. Отрар қаласында 870 ж. дүниеге келген Әбу-Насыр Әл-Фараби философия, ғарышнама, логика, медицина, заң ғылымы мен математика салаларында үлкен жетістіктерге жетті. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Логика” және басқа еңбектері ғылым тарихының алтын қорынан орын алды.



Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. І том. –Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

3 апта

5 кредит сағат

3 дәріс



Тақырып: Ислам ықпалымен рухани жаңғыру және оның мәдени-өркениеттің мазмұны

Мазмұны: 1. Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары. 2. Мұсылмандық құндылықтар жүйесі.

Ертедегі түріктер негізінен тәңірге сыйынған Орхон жазба ескерткіштерінде “Көкте түрік тәңірісі”,.. Тәңір жарылқағандықтан,.. Төбеңнен тәңірі баспаса,.. тәңірі жарылқаушы,.. тағдырды тәңірі жасар адам баласы өлгелі туған” — деген секілді. Күлтегін жазуындағы теңеулер Тәңірдің көктегі жаратушы екендігін сипаттайды.

Ортағасыр тарихшысы әл-Мақдиси Х-ғасырда түріктердің діні туралы былай деп жазады: “Түріктер бір тәңірі, яғни “тәңір-біреу” дейді.

Сонымен бірге, ежелгі түріктер арасында зороастризм, буддизм, несториан діндерімен қатар отқа, жануарларға, пұтқа, рухқа табыну секілді шамандық сипаттағы діни ағымдар болды. Несториан дінінің, өздері бөлініп шыққан христиан дінінен ерекшелігі — бір құдайға бойұсынушылық болып, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес, құлы және елшісі деп, Мариямның баласы ретінде тануында.

Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырдан бастап тарала бастады. Түркеш жерін жаулап келген қытайларға, түркештермен одақ құрған араб әскерінің 751 жылғы Атлақ соғысындағы тарихи жеңісінен кейін, ел ішінде кеңінен таралып 960 жылы Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін болып қабылданды.

Жаңа мемлекеттік дін қоғам өміріне аса маңызды өзгерістер әкелді. Түркі діндердің ел ішіндегі ыдыратушылық факторын жойып, тайпалардың рухани бірлігін дамыту арқылы этностық тұтастануына негіз қалады. Ислам дінінің келген алғашқы 2—3 ғасырында ортақ территория аясында әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Торуни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Баласағұни, Мазмұт Қашқари секілді алыстар адамзаттың алтын қорына өз үлестерін қосты.

Діни әдебиеттің кеңінен таралуына ХІІ ғасырда Иассы қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи және Сулеймен Бақырғани, Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки секілді ойшыл ақындар үлкен үлес қосты.

Ахмет Иссауидің “Диуан-и Хикмет” өлеңдер жинағы исламдағы сопылық ағымын дәріптеп халыққа діндарлықты, сопылық ұстамдықты, аскетизмді насихаттаумен бірге дүние қызығынан безіп тәркі дүниелікке келуге шақырады.

Ахмет Иүгінекидің “Ахиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Егер сопылық әдебиет өкілдері адамның танымдық мүмкіндігін шектеп, сезім мен қияли ой-жорамалға сүйенсе, Ахмет Иүгінекимен Ж.Баласағұни жолымен парасаттылыққа, оқу, ғылымға, еңбек етуге шақырып, қараңғылықтың бақытсыздыққа апаратынын жырлайды.

Әдебиеттер: Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии. Шығ. 5-том. - М., 1998-192 стр.; Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - А., 1994-480 бет; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

4 апта

7 кредит сағат

4 дәріс



Тақырып: Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі

Мазмұны: 1. Түркілер Халифаттың білім мен ғылым жүйесінде. 2. Қарахандық мәдени ренесанс.

Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен. Ақыл-ой — шам шырағың түндегі Білімдарлық — жарық көзі күндегін”. Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп “Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын, Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”.

Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1996.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

5апта

9 кредит сағат

5 дәріс



Тақырып: Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі

Мазмұны: 1. Түркілер Халифаттың білім мен ғылым жүйесінде. 2. Қарахандық мәдени ренесанс.

Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен. Ақыл-ой — шам шырағың түндегі Білімдарлық — жарық көзі күндегін”. Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп “Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын, Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”.

Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари, тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1996.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

6 апта

11 кредит сағат

6 дәріс



Тақырып: Кейінгі ортағасырлардағы рухани мәдениет /Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезең/.

Мазмұны: 1. Алтын Ордағы рухани және этномәдени жағдай. 2. Дешті Қыпшақтағы мәдени қайта өрлеу процесстері.

Түркі тайпаларының ауыз әдебиеті XIII—XV ғғ. жазба әдебиетпен қатар жаңа сатыға көтерілді. Халық дүниетанымының сипатты деңгейін көрсететін мақал-мәтелдер, жыраулар шығармалары сол заманнан бізге дейін жетті.

ХІІІ ғ. басында найман тайпасының өкілі Кет-бұға жырау Халық аңыздарын Шыңғысханға Жошы ұлының өлімін естірткен осы Кет-бұға дейді.

Қодан тайшы — арғын тайпасынан шыққан. Әбілхайыр хан тұсында оған қарсы топ Жәнібек пен Керейді жақтады. Қоданнан қалған деген жырлар күні бүгінге жетті.

Сол кезеңдердегі атақты жырау Асан Қайғы (Хасан Сабитұлы) 1360 жылдары Еділ бойында өмірге келді. Ұлығ-Мұхаммед тұсында. Ханның жеңіліп Бұлғарға қашқанда жанындағы кеңесшісіне айналды. Жәнібек пен Керейдің көшімен Шуға келіп, Әбілхайыр өлімінен соң орталық Қазақстанға оралды.

Қазақ хандығының алғашқы жырауларының бірі болған Асан жырау, енді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Асан жырау қайтыс болған соң Ұлытауда жерленді.

XIII—XIV ғғ. басында “Қобыланды батыр” эпосы шықты. Отан қорғау, ерлік, ар-намыс мәселелерін тұғыр еткен дастан қыпшақтар мен ирандықтардың арасындағы күресі, Қобыландының иран ханы Казаннан туған жерін азат ету жырланады.

Эпикалық жырларда елдің ішкі оқиғаларында өрнек тауып отырды. “Едіге батыр” жырында Едіге мен Тоқтамыстың күресі сипатталған. Осы кезеңдерден бастау алатын “Алпамыс” батыр дастаны қоңырат елінің салт-дәстүрі, елдік тәрбие, ер жігіттің отан, ата-ана алдындағы парызын ақтау мәселелерін көрнекті жырлармен жеткізеді.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІ том. –Алматы: Атамұра, 1998.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

7 апта

13 кредит сағат

7 дәріс



Тақырып: Дәстүрлі қазақ қоғамының рухани мәдениеті /XV-XVIII ғғ. басы/№

Мазмұны: 1. Қазақ тілі мен жаза мәдениеті, жыраулары. 2. Шешендік сөз өнері.

XV ғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.

Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйінші ұлы. Ол XV ғ. 20 - жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде, өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523 ж. Астрахан соғысында қаза тапты.

Қазақ халқының мәдениетінде Шалгез-жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.

Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа-жырау мен Жиембет-жырау (XVII ғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІ том. –Алматы: Атамұра, 1998.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

8 апта

15 кредит сағат

8 дәріс



Тақырып: Ортағасырлардығы қазақ дәстүрлерінің мазмұны

Мазмұны: 1. Халықтық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптары. 2. Қазақтардың космогониялық және экологиялық білімдері.

Қазақтардың рухани және материалды өмірін халқының салт-дәстүрлі айқындайды. Көптеген тарихи құндылықтар әлеуметтік, заңдылық және тұрмыстық терминологияда кездесіп, тарих сахнасында сақталған.

Халықтық мерекелер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құдажол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі төтемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат табыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған.

Қазақстандағы үстем дін ислам діні. Ислам дінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды. Қазақтарда ислам діні терең етек алған жоқ, халықтары ислам догмаларынан алыс болып ертедегі діни әдістерді орындап, тәңірлікке табынды. Ол ертетүркі кезеңінде бір құдайға сыйынуды ұйғарды. 15-18 ғасырларда “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.

Тілдің негізгі көрінісі кәміл сенушілікті өрбіткен мұсылман дінімен жалғасты. Мұхаммед Шейбани (XVI ғ.) ханға табынған. Бұхара шейхтарымен қазылары мынадай шешім қабылдаған. Бұл шешім бойынша қазақтар мүсінге табынушылар деп есептелінген яғни ислам дінінен безгендер. Олар ханға, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс ашуды ұсынған және бүкіл адам мүсіндерін жоюды көздеді. Халықтар топтарының әлемдік көзқарасында XV-XVII ғасырлардағы анимистикалық түсініктер үстемдік етті және табиғаттың тылсым күші, ежелгі мифологиялық негізгі сақталған көріністері, жалпы алғанда жақсылық пен жамандықтың қарсылығын мойындау.

Табиғи көріністерді рухтандыру мәселесіде анимизмнің маңызы болып табылады. Әрбір табиғат өзгерісіндегі жанның жаны болып соны басқарады деген түсінік қалыптасады.

Қазақ мифологиясында ерте көктемдегі көк шөпті жұлуға болмайды деген ұғым адамдардың түсінігінде өмір өз жалғасын табады деп түсінік берген. Қазақтар жерге және суға табынған. Негізінен отқа табыну маңызды орын алған. Ертедегі қасиетті оттың “алас” деген аты сақталған. Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Қазақстанда мынадай сенім қалыптасқан. Олар қыстық қоныстарда адамдар үнемі күнәкар болады деген, өйткені бұл қоныстарда адамға зиян тигізетін күш (нечистая сила) болады деп сенген. Жайлау таза әрі бүлінбеген. Сондықтан ол жерге таза қалпында бару керек. Осыған байланысты көшу жолдарының басына екі үлкен от жағып арасынан адамдарды, қой отарын өткізген. Ал жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІ том. –Алматы: Атамұра, 1998.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

9 апта

17 кредит сағат

9 дәріс



Тақырып: Жаңа кезеңдегі қазақ мәдениетінің рухани-идеологиялық негіздері

Мазмұны: 1. Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы. 2. Отаршыл Ресейдің тәуелді Қазақстандағы мәдени саясатының мазмұны мен мақсаты

ХІХ ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті орыс мәдениетінің және ең бірінші кезекте орыс білімінің, орыс тілінде оқытатын мектептердің ене бастауымен сипатталды. Мектептерді ұйымдастыру, бір жағынан, жергілікті орыс тұрғындарының сауаттылыққа ұмтылысымен, ал екінші жағынан - патша үкіметінің Қазақстандағы өз әкімшілік аппараты үшін адамдар даярлау қажеттігінен туындады.

XVIII ғ. аяғында-ақ шептер маңында “горнизондық мектептері” ұйымдастырыла бастады. 1789 ж. Омбыда жергілікті әкімшілік үшін аудармашылар мен хатшылар әзірлейтін “азиаттық мектеп”, ал 1813 ж. - әскери училище ашылады, ал 1847 ж. Сібір кадет корпусына айналады. 1825 ж. Орынборда әскери училище ашылып, ол да 1844 ж. Орынбор кадет корпусына айналады. Бұл мектептерде, орыстардан басқа, қазақ шонжарларының балалары да оқып, білім алды. Қаулыларда көрсетілгеніндей, “мектептер азиаттарды орыстармен жақындастыруға, алғашқылардың бойында орыс үкіметіне сүйеспеншілік пен сенім ұялатуға және өлкеде көзі ашық, білімді қайраткерлерді дайындауға ықпал етуі тиіс болды”.

Мектептердің оқу жоспары айтарлықтай ауқымды болды. Орынбор кадет корпусының “азиаттық бөлімінде” атап айтқанда, әскери пәндердеп басқа, орыс тілі, тарих, география, математика, минерология, зоология, ботаника, орман шаруашылығын жүргізу және бірнеше шығыс тілдері оқытылды.

Барлық оқу орындары, патша әкімшілігі қойған отарлаушылық мақсаттарына қарамастан және оқушылар санының аздығына (орыс шенеуніктері мен азғана қазақ ақсүйектерінің балалары) қарамастан өлкеде орыс сауаттылығының тарауына ықпал етті.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

10 апта

19 кредит сағат

10 дәріс



Тақырып: Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы

Мазмұны: 1. Әдеби-ақындық мұра. 2. Діни және тарихи-патриоттық тақырыптардағы поэмалар және жырлар.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Ата мекені Түркістан қаласы. Ержеткен шақтан өмірінің соңына дейін орталық Қазақстанды мекендеген. Жезқазған облысының Шет ауданында жерленген. “Бала зары” толғауларын шығарған. Олар Қазан қаласы баспасында 1882-1890 жылдары бірнеше рет кітап болып басылған. Қазақтың тәуелсіз ел болуын көксеп, заманын батыл сынап, дәуірінің ащы шындығын ақтара, зарлы-шерлі жыр толғаған.

Дулат Бабатайұлы (1802-1874). Дулат – Аякөз бен Балқаш алқабын жайлаған Найман елінде туып өскен аты әйгілі ақын. Қазақ ақындары дәстүрінде тәлім алған талант иесі. Мұсылманша оқып, білім алған, шығыс классиктері еңбектерімен таныс сауатты ақынның бірі. Ақын шығармалары ерте хатқа түсіп, бізге қолжазба (көшірме) және баспа арқылы жеткен. 1880 жылы оның тұңғыш өлеңдер жинағы “Өсиет нама” деген атпен Қазан қаласында шыққан. Бұл қазақтың зиялы қауымына ақынды танытқан маңызды туынды болды. Заман шындығын, оған өзінің көзқарасын танытты. Дулат тұсындағы отаршыл патша саясатына наразылық білдіріп, өзінің туған еліне азаттық, тәуелсіздік талап еткен. Елін, жерін, халқын сүйген, оны қызғыштай қорғауға үндеген адал ниетті азамат. Елді ерлік күреске баулыған. Бірнеше арнау, толғау, сын-сықақ өлеңдер, мысал сөздер жазған. “Еспенбет” атты ерлік дастаны бізге жетті. Ол 1959 жылы “Жұлдыз” журналында алғаш рет жарияланды. 1990 жылы ақын шығармаларының бір тобы жеке кітап боп шықты.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

11 апта

21 кредит сағат

11 дәріс



Тақырып: Қазақ ағартушылығы және ұлт зиялыларының мұрасындағы халықтың рухани жаңдану мәселелері

Мазмұны: 1. Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары. 2. Демократиялық бағыттағы алғашқы оқымыстылар, реформаторлар, ағартушылар.

Капиталистік Ресейдің сұраныстары ұлттық шеткі аймақтарды анағұрлым терең ғылыми зерттеуді қажет етті. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан территориясында ғылыми мекемелер мен Ресейдің әр түрлі ғылыми қоғамдарының филиалдары (бөлімшелері) құрылды.

1867 ж. ИРГО-ның Орынбор бөлімі құрылып, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігін ғылыми зерттеу бастамасын өз қолына алды. Бөлімнің мақсаты мен міндеттері Орынбор генерал-губернаторының сөзімен айтқанда “орыс капитализмнің мүддесі үшін және жергілікті халықты орыстандыруды көздей отырып өлкенің табиғи байлығын қарқынды түрде пайдалану мақсатымен оның өндіргіш күштерін зерттеу болды. “Алайда орыстандыру саясаты тек Орынбор өлкесін мекен еткен әр түрлі тайпалардың мінез-құлқын, тарихын, қасиеттерін, дінінің кемшіліктері мен намыс-сенімдерін мұқият зерттеген жағдайда ғана нәтижелі болады. Мұндай таным-білімдерсіз әрекет ету қиынға соғады, дәлірек айтқанда тек жорамалдап қана әрекет етуге болады”.

Елдің шығыс аудандарын, ең алдымен Сібір мен Қазақстанды игеру ИРГО-ның Батыс-Сібір бөлімін ашуды қажет етті. Бөлімнің негізгі міндеті Батыс Сібір мен Қазақстанда географиялық, жаратылыстану, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеу болды. Бөлімнің жекелеген мүшелерінің сол кезде Батыс Сібірдің құрамына кірген Солтүстік Қазақстанға сапары ерекше маңызды болды.

1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен ХІХ ғ. аяғында Ташкент қаласы елдің ірі ғылыми орталығына айналады. Орта Азия мен Қазақстанды неғұрлым тереңірек зерттеу мақсатымен 1897ж. ақпанда Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі құрылады. Бөлім негізгі міндеттерінің бірі деп Ресейдің жаңа территориясын географиялық жағынан зерттеу деп есептеді. Алайда бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғи жағдайларын зерттеумен шектелік қалмады. Олар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы көптеген мақалалар жазды.

Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

12 апта

23 кредит сағат

12 дәріс



Тақырып: Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктің ізденістері.

Мазмұны: 1. Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. 2. Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері.

ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ әдебиетінде қазақ жазба әдебиетінің жаңа типі пайда болды, оның көрнекті өкілі ұлы ағартушы, ақын, классик Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы (1845—1904) болды. Абай Семей облысындағы Шыңғыс тауларында, тобықты руы ағаманының отбасында дүниеге келді. Бастапқыда, білімді үйінде жалдамалы молдадан алған Абай, сегіз жасқа толғанда Семей медресесіне түсіп, онда мұсылмандық философиямен, әдебиет және діни іліммен танысады. Медреседе оқып жүріп Абай орыс мектебіне түседі. Енді ер жетіп, кемеліне келген Абай жиырма жыл бойы халықтың ақындық шығармашылығын, шығыс ақындарының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып үйренеді. 1886 ж. 40 жасында Абай өзінің “Жаз” деген өлеңін жазды, осыдан кейінгі өмірі ақындық қызметпен өтті.

Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам қоршаған болмысқа деген өзінің сапалы қатынасын қалыптастыруға тиісті. Ол адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқынша өз үлесін қосуы тиіс. Сондықтан Абай естілер қатарында болғысы келген барлық адамдарды: “Күніне бір рет, немесе аптасына бір рет, тіпті ең болмағанда айына бір рет өзіңе өзің есеп бер, осы уақыт ішінде сен өзіңді өмірде қалай ұстадың, ізгілік пен парасаттылыққа сәйкес келетін істер жасай алдың ба?” деген сұраққа жауап беруге шақырды.

“Ақыл, ғылым, еркіндік” қана адамды асқақтатын қоғамның прогресті дамуына талпыныс Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлденуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды



Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

Дерек көзі: интернет: http://www.abay.nabrk.kz/

13 апта

25 кредит сағат

13 дәріс



Тақырып: XIX ғ. музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі.

Мазмұны: 1. Дәстүрлі музыканың дамуы. 2. Өнердің дамуындағы жаңа бағыттар.

Біржан сал Қожағұлұлы (1831-1897жж.) Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туып өскен. Мұсылманша сауатты. Атасы атақты шешен би, ел ағасы – Қожағұл. Біржан осы атасының тәлімінде болған. Көреген Қожағұл Біржанның бойындағы өнерге деген құмарлықты ерте байқап, бетінен қақпайды. Біржан еркін ел аралап, ойын-сауықтар мен ақын, өнер иелеріне жиі кездесіп сауық-сайран құрған. Ақыры өз бойындағы талантының көзі ашылып, қазақтың ұлы ақыны, әнші-композиторы атанды. Алты қырдан ән салған, күшті дауысты сері атанып әнші болуымен бірге табиғат оны тамаша ақын етті. Айтыс өнерін де меңгерген. Біржанның ақындығына, оның көптеген ғашықтық лирикалары куә болады. 1967 жылы ақынның шығармалар жинағы бөлек кітап боп шықты (Алғы сөзін проф. Е.Исмаилов жазған). Біржанның ұлы композитор болғаны туралы. А.Жұбановтың “Замана бұлбұлдары” (1964) кітабы жақсы баяндайды.

Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913). Көкшетау облысы, Қоскөл, Кең ащы мекенінде туып өскен. Мұсылманша оқып, білім алған. Өлең мен ән өнеріне жас кезінен әуестік білдіріп, өзін еркін ұстап, ойын-тойларға жиі араласқан. Елінің ұлағатты адамдарына, өнер иелеріне жақын жүріп, тәлім алған. Ақыры, аты әйгілі талантты ақын, тамаша әнші-композитор боп қалыптасқан. Ән сүйгіш халық оны Ақан сері атап, қадір-құрметке бөлеген. Ақан ақындығы әншілігінен кем түспейді. Ол – зор лирик. Әсіресе, ғашықтық лириканың құдіретті күшін танытқан ұлы суреткер.

Шығармалары халыққа кең тараған. Оның алғашқы шағын өлеңдер жинағы 1935 жылы шықты. 1963 жылы оның шығармалары толығырақ көлемде басылды (Алғы сөзін Әбділдә Тәжібаев жазған). Композиторлығы А.Жұбановтың “Замана бұлбұлдары” (1964) кітабында сөз болады.



Әдебиеттер: Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.

14 апта

27 кредит сағат

14 дәріс



Тақырып: Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтің бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы

Мазмұны: 1. Шығыс ағартушылығының /жәдидизм/ мәні. 2. Түркі халықтарының жаңа интеллекиуалды элитасы – мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері.

Жәдиnтшілік (арабша: جادىيدىيييا‎ — «жаңа») — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді.

Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа» деп атаған еді.

Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.

Жәдиттер ерлер мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер қозғалысы саяси қозғалысына айналып кетті. Жәдиттердің пікірі бойынша феодалдық тұрмысын өзгеріп, ұлттық буржуазиясын қарқынды дамытуы басталады. Осылайша, большевиктермен көзқарасынан, жәдиттер — «буржуаздық-демократиялық ұлтшылдар» деп саналады. Шынында, жәдидтер ұлттық буржуазиясын қамын ойлаған, феодалдық тұрмысын жойып, буржуазия билеген Еуропадан түркі тілдес халықтары кем еместігін көрсеткісі келген. Шынында да, олар демократтар еді, өйткені, демократия өзгерістері дамыту үрдісіне үлес қосады деп ойлаған еді. Жұрттың қамын ойлады. Шынында да, өз ұлттың сүйіп, оны көтергісі келді. Исламнан да бет бұрмаған, исламды хақ діні ретінде ұстаған. Бірақ та Еуропадағы тұрмыстың жақсы жақтарын өз елінде енгізгісі келген еді.

Жәдиттердің арқасында империяда «бұратана халықтар» есептелетін түркі тілдес халықтарының газеттері, журналдары пайда болған. Кітаптарды басып шығаруының мүмкіндігі туғызылған. Арабша оқуға үйрену жаңа тәсілінің арқасында көбірек адамдардың сауаты ашылды. Ұлттық рухы көтерілді. Кейін, жәдиттер саясатқа үлкен үлес қосуын бастады. Мысалы, «Алаш Орданың» азаматтары, Қоқан автономиясында, Бұқар Халық Кеңес Республикасында, Хорезм Халық Кеңес Республикасында, Әзірбайжан Демократиялық Республикасында билігінде тұрған зиялылар не өздері жәдиттер еді, не жәдитшілік әсеріне түсіп, «төте оқудың» арқасында оқып шыққан, білімді адамдар болып кеткен. Жәдитшілік тұраншылық идеясының серігі болып кетті. Кейбір жәдиттер, мысалы, Айни, кейін большевик болып кеткен. Басқалары, керісінше, керітартпа мұсылмандармен қосылып — панисламист, діни экстремист, баспашы болып кетті.



Дерек көзі: интернет:1. http://www.turkystan.kz/

Әдебиеттер: Садыкова Б. Памяти туркестанских джадидов (Мустафа Чокай), Алматы, журнал «Континент», 2007.; Азмуханова А. М. Движение «Алаш» и мусульманский джадидизм. // Вестник КазНУ. Серия историческая ( 2008, №4).

15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Қазақ халқының рухани мұралары.

Дәріс мазмұны: 1. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихының кейбір мәселелері. 2. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы оқытудың негізгі қорытындылары.

Қазіргі заманғы мәдени процес қарама-қайшы тенденцияларға ие. Халықтық білім беру, ғылым мен мәдениет өзін-өзі дамыту, идеологиялық догмалар мен стереотиптерден арылу үшін қанатын кеңге жая түсті. Бұл схематизм мен барлық құрылымдық элементтер және рухани өмір шеңберлеріндегі біркелкілілікті жеңіп шығуға мүмкіндік ашты. Осылайша біртұтас еңбек мектептерінің орнына мектептік білім беру плюрализмі қалыптасуда. Гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, зоология және басқа да мектептік пәндер бойынша жаңа оқулықтар жарыққа шығуда.

Алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындары — Әл-Фараби атындағы ҚазМҰҚ, Абай ат. АМУ, Қаз. Политехникалық институты және басқалар — ҚР-ның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізудегі жауапты тапсырмаларды өз мойнына ала алатын кадр мамандар дайындауға қажетті жаза факультеттер ашты. Түркістандағы Қ.А.Яссауи ат. Халықаралық қазақ - түрік университеті, Оралдағы Мәдениет институты, т.б. жоғарғы оқу орындары өздерінің алғашқы студенттерін қабылдады.

Халықтық білім беру жүйесінің халықаралық байланыстар кебейе түсті. 1991 ж. 1000-нан астам Қазақстан оқушылары, студенттер мен аспиранттары оқуларын шет елдерде жалғастырды.

Жаза талаптарға сай ҚР ҰҒА-ның ғылыми ізденістерінің құрылым мен тематикасы енгізілуде. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археологиялық Институт, ғарыштық зерттеулер, механика мен машина ісі, информатика мен басқару мәселелер, физика-техника, т.б. сияқты жаңа ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды.

Салалық ғылым академияларының байланыстары кезеңіде ҚР-ның Инженерлік және Ауылшаруашылық академиялары жұмыс істей бастады. Ғылыми стипендиялар тағайындау, ғылыми атақтар беру және диссертациялық жұмыстардың сапаларын қадағалау үшін республикалық Жоғарғы аттестациялық комиссиясы құрылды.

Құғынға ұшыраған ғалымдар мен жазушылар және мамандарды елге таныстыру қарқынды жүріп жатыр. А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, Х.Досмұхаметовтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың кітаптары жарық көрді.

Әдебиет: Назарбаева Г., Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих, тұлға, теория.І бөлім. - Алматы, 2004. - 344 б. (52-87 бб.).

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.



Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Ежелгі тайпалық одақтар мәдениеті.


1. Сақ мәдениеті. Аңдық стиль.

2. Савромат-сармат мәдениеті.

3. Үйсін және қаңлы тайпаларының тұрмысы.

4. Ғұндардың бейнелеу өнері. Әскери өнер түрлері.




1

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. І том. – Алматы: Атамұра, 1996.;


Қазақстан тарихы /очерктер/. Алматы, 1994.;

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. - Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998. - 336 б.;

М.Ш.Өмірбекова Сақ(скиф) тарихы мен мәдениеті. - А., 2004. - (70-91 беттер).


2

Ертеортағасырлқ феодалдық мемлекеттердің мәдени дамуы.


1. Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары. Түркі жазба ескерткіштері.

2. Әдеби жазба ескерткіштері (Орхон, Енисей жазбалары, «Қорқыт ата» кітабы, «Оғыз наме»).




2

Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии. Шығ. 5-том. - М., 1972.; Бартольд В.В. Древнетюркские надписи и арабские источники. Шығ.5-том. - М., 1972.;

Барманкулов М. Хрустальные мечты тюрков о квардонации. - А., 1999.; Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в дрение времена. Т. 1. - М.-Л., 1950.;

Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - А., 1994-480 бет.;

Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. - А., 1998.; Кляшторный С.Р. Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии. - М., 1964.;

Салғарин Қ. Көмбе. - А., 1989.


3

Исламның таралуының кезеңдрі мен маңызы, сипаты мен ерекшелектері


1. Мұсылман өркениетінің жетістіктеріне Қазақстан түреілерін тартуда Араб Халифатының, Саманидтер мемлекетінің рөлі

2. Суфизмнің түркілік мектебі және оның тарихи миссиясы

3. Сопылық бауырластықтардың қызметі. Рухани ұстаздар: Арыстан Баб, Әбдүжәлил Баб /Хорасан Ата/


3

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. І том. – Алматы: Атамұра, 1996. - 45-67 бб.;


Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – А., 1992. – 59-91 бб.;

Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.;

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.


4

Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар


1. Түркі-ислам синтезінің жүзеге асуында «Шығыстың Аристотелі» - Әбу Насыр әл-Фарабидің тұлғасы

2. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түркі» - түркі мәдениетінің энциклопедиясы ретінде

3. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан мұсылмандық Шығыстың ғалымдары


4

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. І том. – Алматы: Атамұра, 1996.


Қазақстан тарихы /очерктер/. Алматы, 1994.;

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.



5

Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар


1. Жүсіп Баласағуни «Құдатғұ Білік» шығармасының көркемдік-эстетикалық және идеяық филсофиялық негіздері

2. Ахмед Иугінеки және оның «Хибат ул хақайық» туындысы




5

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ І том. – Алматы: Атамұра, 1996.;


Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.;

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.



6

Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезңіндегі Дешті Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері


1. Қалалар мен мұсылмандық архитектураның дамуы – мәдени қайта өрлеудің маңызды көрсеткіштері

2 Фольклордың жанрлары

3. Ауызша жеке поэзиясы

4. Музыкалық өнері




6

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/ ІІ том. -Алматы, Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.; Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.


7

Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы


1. Қазақ тілінің қалыптасу кезеңдері, ерекшелектері, көркемдік-бейнелілігі, афористілігі

2. Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы

3. Би-шешен шығармашылығы: Әйтеке би-Бәйдібекұлы, Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы /баяндама дайындау/


7

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІ том. – Алматы: Атамұра, 1998.


Қазақстан тарихы /очерктер/. - Алматы, 1994.

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998.



8

Ортағасырлардығы қазақ дәстүрлерінің мазмұны


1. Халықтық білімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптары

2. Қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі – киіз үй – дүние мен социум рәмізі /модель/ ретінде

3. Халықтық мейрамдар, ойындар, сауықтар, дәстүрлі тағамдар дайындау қызметтерінің рухани-салттық көріністік – эстетикалық, коммуникативті, әскери-спорттық функциялары


8

1. Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІ том. –Алматы: Атамұра, 1998.


2. Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. – А., 1992. – 113-163 бб.

3. Райымхан К.Н. Қазақтардың ас-тағам мәдениетіне байланысты наным-сенімдері. / КазНУ Вестник, серия историческая №2, 2006, стр.181-185



9

ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ мәдениеті.


1. ХҮІІІ ғасырдағы музыкалық өнер иелері: Байжігіт күйші, Бұқар жырау, Үмбетай, Шал, Көтеш, Жанкиси жырау, Ақтамберді жырау, Татикара т.б.

2. «Бұратана» халықтарды ағартуға арналған Ресей өкіметінің реформалары




9

1. Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 1996.


2. Садвокасова З.Т. Русификаторская политика царизма в области образования нерусских народов. // Отан тарихы. 2008, №1

10

Әдеби-ақындық мұра


1. Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар: Қөтеш, Тілеуке Құлекеұлы /Шалақын/, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғазұлы, Нысанбай Жаманқұлұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы

2. «Зар Заман» мектебінің өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Абубәкір Кердері Шоқанұлы, Мұрат Мөңкеуұлы т.б.



10

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.





11

Қазақ ағартушылығының мазмұны


1. Ш.Уәлиханов – жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, ғалым шығыстанушы

2. Ы.Алтынсариннің көзқарастары. Ағартушылық қызметі

3. М.Шорманов шығыстық-батыстық синтездің философиясын ұстанған қазақтың алғашқы қайраткерлерінің бірі


11

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.





12

Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктің ізденістері

1. Абай Құнанбаев – ақын, ойшыл және ағартушы /баяндама дайындау/

2. Абай өлеңдері. «Ғақлия» / «Қара сөздері»/: аннотация жасау




12

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. І том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Абай. Қара сөздері. - А., 1998.


13

XIX ғ. музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі


1. Қазақ халық композиторлары: Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Сарымалай

2. Дәстүрлі бағыттағы ақындар - композиторлары: Біржан Қожағұлұлы, Мұхит Мералыұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы



13

Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.


14

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі


1. Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дің мен ұлттық тұтастық мәселелерінің баспасөз беттеріндегі орны

2. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының шығармашылындағы негізгі бағыттар: Ә.Байтұрсынов, М.Дұлатов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Кубеев, Г.Қараш т.б.




14

1. Қазақстан тарихы /көне заманнан бүгінге дейін/. ІІІ том. –Алматы: Атамұра, 2000.

2. ХІХ ғ. соңындағы ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары жєне жазба мєдениет. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2007. - № 6. - 77-82 бб.

3. Азмұханова А.М. ХХ ғасыр басындағы ұлттық ояну проблемалары // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2007. - № 6. - 77-82 бб.


15

Тәуелсіз Қазақстан тұрғысындағы ұлттық мәдениеттің дамуы.


1. Тіл тағдыры ұлт тағдыры.

2. Ұлттық ғылымның дамуы.

3. Мәдени мұра және тәуелсіздік.


15

Назарбаева Г., Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. І бөлім. - Алматы, 2004. - 344 б. 52-87 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет