Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
2.Ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері
3.Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тіл мен білім, діннің қалыптасуы.
4. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер.
Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі кезеңдегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктерін анықтап, әр кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің дамуын, ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің, петроглифтердің ерекшеліктері мен ежелгі адамдардың тілі мен түрлі білімдерді меңгеруін зерттеу еңбектері арқылы кешенді түрде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі кезеңде өмір сүрген адамдардың рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне қатысты зерттеу еңбектері мен жаңа көзқарастарға ауызша талдау жасалынады. Өнер мен діннің қалыптасуы мен аймақтық ерекшелігін анықтап, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып картамен жұмыс жасайды. Ежелгі тұрақтардағы табылған материалдық құндылықтарға сараптама жасауды үйренеді. Сонымен қатар Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрекпетроглифтеріне байланысты кесте дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, картамен жұмыс жасайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ежелгі адамдардың діни наным сенімдері қандай?
2. Ежелгі адамдардың өнері туралы не білесіз?
3. Тас дәуірінің кезеңдерін атаңыз?
4. Қандай тас ғасырының археологиялық ескерткіштері бар?
ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП: Қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер
Сабақтың мазмұны: Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдарларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Анддроново селеосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Қазақстан аумағында қола дәуірі қоныстарының көп екені мәлім, олардың 60 археологиялық қазба жұмыстары жүрізілді. Әдетте, қоныстар өзендердің жайпақ жағасында, кең жайылымда, мүйісте, кейде көл маңында орналасты. Бірақ мұнда да олар ойпаң жерлерде, жылғалардың немесе дала өзендерінің құяр жерінде жайғасты, өйткені мұндай жерлерде шөп көп, ал топырағы кетпенмен ұқсатуға ыңғайлы болды.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүрізілді. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің кезеңдері үшке бөлінді:
Алдыңғысы – Нұра;
Ортаңғысы – Атасу;
Соңғысы – Беғазы-Дәндібай.
Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат алды. Өлгендер жерленгенде бүктеліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстікке немесе оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызылды.
Атасу кезеңінде иіні дөңестеліп иілген ыдыстар сақталды, бірақ мойыны мен бүйірінің арасы ойық құмыралар, қарапайым құты сияқты ыдыстар, аралық түрлер басым болды.
Беғазы құрылыстарының негізі – кіретін дәлізі, айналма галереясы мен тіреуіш тас бағандары бар аралас тұрпатты құрылым.
Соңғы кезеңінде кешендер бір-біріне ұқсас төбешік обаларда құралған, обалардың етегі қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталармен айнала белдеуленген. Керамикалық 130 ыдыстың сынығы табылды. Олардың көпшілігі «меруерт» өрнегі бар, қазан тәрізді үлкен көзелер мен кертпе және тырнақша тәрізді өрнекпен сәнделген білік тәрізді ыдыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |