Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті
Семинар
Тақырыбы:
Жасөспірімдердің әлеуметсізденуіндегі формалды емес криминогенді топтардың алатын орны.
Орындаған: Бисембай. А.Б
Тексерген: Ақашова. Ә.С - г.ғ.к., доцент
Алматы, 2022
Жасөспірімдердің әлеуметсізденуіндегі формалды емес криминогенді топтардың алатын орны.
1.Жасөспірімдердің құқыққа қарсы келетін мінез-құлықтарына тән ерекшеліктері туралы.
Мінез-құлықтың бұзылуы немесе әлеуметтік бейімдеушілік деп мінез-құлықтың әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған формаларының пайда болуын атайды. Бұл формалар соншалықты әр алуан болғанымен, олар басқа жасөспірімдермен және үлкендермен жаман қарым-қатынастармен сипатталады. «Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бәріне ортақ негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатыгездік, тәртіпсіздік және т.б.), оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар (жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы және т.б.), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы. «Қиын» жасөспірімдерге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары дер кезінде жүргілмесе, олар тұрақты асоциалды мінез-құлықпен және заң бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін. Кәмелетке толмағандардың заң бұзушылық әрекеттерінің мөлшерінің төмендегі жіктелімі ұсынылады:
1.Биологиялық мотивтер,бұл мотивтер ағзаның физиологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етеді (жасөспірім өзін, ішімдікке салынған ата-анасын, інілері мен қарындастарын асырайды): тамақ, отын ұрлау және т.б.;
2.Инфантилді мотивтер:өзін-өзі асырау немесе олжа табу мақсаттары болмайды, романтикалық және шытырман реңкті мақсаттар басым болады,. Мысалы, топта бос уақытты «қызықты» өткізу мақсатында дүңгіршекті тонау: ұрланған заттарды бағаламайды, тамақ пен ішімдіктің қалғандарын басқаларға берулері мүмкін;
3.Референтті топқа еліктеу реакциясы шеңберінде өзін-өзі таныту мотивтері, мұнда топтық заң бұзушылықтардың әртүрлі варианттары байқалады;
4.Материалды қамтамасыздану мақсатындағы пайдакүнемдік мотивтер.
5.Туысқандар мен жақындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырушы жалпы адамзаттық мотивтер. Мысалы, өзі немесе інісі үшін велосипед ұрлау, қарындасы үшін ойыншықтар ұрлау және т.б.
6.Агрессивті мотивтер. Бұндай мотивтер бұзақылыққа, вандализм актілеріне, кек алу, өлтіру және т.б. бағыты бойынша дифференцивті және дифференцивті емес әрекеттерге әкеледі;
7.Қорқыныш мотиві екі жақты болуы мүмкін:
а) топтың мүшелеріне немесе оның басшысына психологиялық тәуелді болу.
ә) күштеп бағындыру және қоқан лоқы көрсету арқылы бағындыру. Дәл осы жерде мотивтер күресі анық көрінеді.
Жасөспірімдердің ішімдікке деген қатынасы және оны қолдануға мотивациясы бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға бөлінеді:
•«әуестікпен» ішімдік ішуді бастағандар;
•Өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер;
•«ляззат алуды» жақсы көретіндер;
•«алкогольдік эстеттер»;
•батылдылар;
•ішімдікке тәуелділер.
Улағыш заттарды қолдану мотивтері ішімдікті қолдану мотивтерімен сәйкес келеді. Ең кең тарағандары:
•құмарлықпен қолдану;
•батырлығын көрсету;
•өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс;
•топтық іс-әрекеттер («біреуге серік болу үшін»);
•«ляззат» алуды қалау;
•көңілін көтеруді қалау;
•шынайы өмір мәселелерін ұмытып, галлюцинация әлеміне енуді қалау;
•асоциалды және криминалды әрекеттердің басқа түрін істеу алдында психологиялық кедергіні жою (топтық жыныстық қатынас жасар алдында, қылмыс жасар алдында және т.б.).
Нашақорлық-төтенше күрделі әлеуметтік жағымсыз құбылыс. Бұл құбылыс есірткі заттарын дайындауды, сақтауды және сатуды қамтиды. Бұл-халықаралық сипатқа ие болған, қылмыстық сауданың ең табысты саласы. Бұл салада есірткі заттарын тұтынушы ретінде де және қылмыстық кәсіптің субъектісі ретінде де жасөспірімдер маңызды орын алады. Бұл салада жалғыз жұмыс істемейді. Әдетте нашақорлар тобын жазалау мекемелерінде жазасын өтеп келген үлкен немесе бозбала басқарады. Бұл топқа мынадай белгілер тән: айқын көрінетін құпиялық, бірлескендік, топтағы рөлдердің нақты бөлінуі, өз заңдары мен мінез-құлық ережелері, ақпарат алмасуда қолданылатын сигналдар. Есірткі заттарын дайындаумен,сақтаумен және сатумен айналысатын топты көбінесе нашақорлармен, яғни есірткі қолданылатындармен теңестіреді, бұл дұрыс емес. Есірткі заттарын таратуды баю тәсілі ретінде таңдап алған топ мүшелері есірткі заттарын пайдаланбайды. Бұндай топ тек қана есірткілер даярлайды, сақтайды, сатады, қордалар ұйымдастырып, басқа адамдарды есірткілер қолдануға қызықтырып, нашақорлыққа еліктіреді. Бірақ нашақорлық міндетті түрде топтық қылмыстарға себепкер болады.
2.Асоциалды топтардың түрлері.
Ең танымал топтық қылмыстар:
1.Опиумдық мак, үнді, оңтүстік, маньчжурлық сора және басқада өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердізаңсыз егу және өсіру;
2.Құпия нашақорлар тобы арқылы есірткі заттарын өсірілген аймақтан елдің басқа аймақтарына тасымалдау;
3.Есірткілік әсері бар дәрі-дәрмектерді алу мақсатында жалған рецептер жасау;
4.Дәрілік мақсаттарға арналған рецептер мен есірткілерді сату;
5.Есірткілерді қабылдайтын қордалар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осындай мақсаттарға ғимарат тауып беру;
6.Есірткінің әсері кезінде топтық қылмыс жасау немесе есірткі сатып алуға қажетті қаражат табу үшін қылмыс жасау (тонау, ұрлау, қарақшылық шабуылдар және т.б.).
Алдын алу шаралары мен олардың классификациясы
Зерттеулер жасөспірімдердің қылмыскерлігі үлкендердің қылмыскерлілігіне қарағанда олармен күресу шараларына «сезімтал» келеді. Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асыратын аймақтық деңгейде жүзеге асыратын жалпыәлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру шаралары. Алдын алу жұмысын оқу орындарында және сол оқу орындарында қызмет атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс жалпы шаралармен қоса, жасөспірімдердің топтық және индивидуалды қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы мақсатқа бағытталған психологиялық, педагогикалық, арнайы криминологиялық шараларды қамтуы қажет.
3.Қылмыстық істердің негізгі мотивтері мен классификациясы жайында.
Арнайы психологиялық және педагогикалық шаралар:
Психодиагностикалық; оқуға түскен контингентті зерттеу және қылмыс жасауға бейім тұлғаларды (есепте тұрған, қиын және қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар мен колониялардар келген оқушылар) анықтау, олардың мектептегі және мектептен тыс достық байланыстарын анықтау;
Психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды және ұжымдық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде құқықтық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық қарым-қатынастарын бақылау;
Психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар, оқу топтарынан «шеттетілген» жасөсіпірімдердің топтық заң бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану; оқу орындарында және олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау жүргізу.
Аталған шаралардың нәтижелі болууы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алумен айналысатын мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық және педагогикалық біліктілігіне, терең білімі мен профилактикалық жұмыстың неізгі принциптерін ұстануына тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |