«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
|
Оқу мақсаты
|
4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау
4.5.1.4* Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Бағалау критерий
|
Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтайды
Жалғауларды дұрыс жалғайды
|
уақыты
|
20 мин
|
Оқылым мәтіні .
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы. Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар. Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды. Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
Түркістан қаласында не бар? Сұраққа бір сөйлеммен толық жауап беріңіз.
1- жауап_____________________________________________________________________________
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі туралы 2 ақпарат анықтаңыз.
1- ақпарат __________________________________________________________________________
2- ақпарат __________________________________________________________________________
Қожа Ахмет Ясауи кім? 1 сөзбен жауап бер.
1 сөз ________________________________________________________________________________
Жазылым. Көп нүктенің орнына -ға, -ге, -қа, -ке жалғауларын жазыңдар.
1) Балалар тау......... шықты. 2) Ол дәптер.......... жазды. 3) Әпкем базар......... кетті. 4) Олар
жұмыс......... барды. 5) Мұғалім оқушылар.......... тапсырма берді. 6) Құс бұтақ.......... отырды.
7) Қонақтар бөлме.......... кірді. 8) Мен ит........... тамақ бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |