Сіздерді 2014 жылдың 17-21 ақпаны аралығында ғылыми зерттеулер үшін Thomson Reuters ресурстарына арналған онлайн-семинарларға қатысуға шақырамыз.
Семинарлар Web of Science, Journal Citation Reports, EndNote Basic және ResearcherID жаңартылған нұсқасының базалық және кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша орыс тілінде өткізіледі.
Семинарға қатысу үшін тіркелу керек.
Әр сессияның ұзақтығы 1 сағатқа жуық. Семинарларды Сергей Парамонов пен Валентин Богоров жүргізеді.
Thomson Reuters Компаниясы ғылыми зерттеулерге арналған ақпараттық ресурстарды үнемі жетілдіріп және жаңартып отырады.
Осындай жұмыстардың нәтижелерінің бірі 2014 жылдың қаңтарында шыққан Web of Science жаңартылған нұсқасы болып табылады. Жаңа нұсқада мәліметтер базасының дизайны, пайдаланушылар интерфейсі жақсарды, сондай-ақ ақпараттық ізденістер жүргізу үшін қосымша мүмкіндіктер қосылды.
wokinfo.com/russian/training/сайтында толық ақпараттар алып, семинарға тіркелуге болады.