Семинарлық сабақ. Тақырыбы: Хордалылар типі – Chordata. Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата24.11.2022
өлшемі188.19 Kb.
#465641
түріСеминар
  1   2   3
Практический


23-24 СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚ.
Тақырыбы: Хордалылар типі – Chordata. Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia.
Сабақтың мақсаты: дала агамасын мысалға ала отырып, бауырымен жорғалаушылардың систематикалық жағдайымен, сыртқы және құрылыстарымен танысу.
Сабақтың мазмұны. Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, құрлықта жұмыртқа салып көбейетін, жоғарғы омыртқалылар. Қазіргі кезде бауырымен жорғалаушылардың 6 мыңнан аса түрі белгілі, оның 52 түрі Қазақстанда тіршілік етеді. Олар 4 класасты тармағына бөлінеді:
1. Алғашқы кесірткелер
2. Тасбақалар
3. Крокодилдер
4. Қабыршақтылар.
Солардын бірі - дала агамасы. Кесірткелердің денесі бастан, мойыннан, тұлғадан, құйрықтан, жұп алдыңғы және артқы аяқтардан тұрады. Басының алдынғы жағында үстіңгі ауыз қуысында хоандар ашылатын танау тесіктері болады. Сонымен бірге, басының екі шетінде қозғалмалы қабақтарымен көмкерілген көздері орналасқан. Көздерінің артқы бұрышында жыпықтау жарғағы болады. Және де кәздерінің артқы жағында дөңгелек дабыл жарғағы бар есту тесігі орналасқан. Агаманын басының үсті ұсақ, дұрыс емес пішінді қабыршақтармен жабылған.
Тұлғасы ұзын болып келген. Тұлға мен құйрықтың жалғасқан жерінде клоака орналасқан. Агаманың арқа жағындағы қабыршақтары ұсақ болады. Ал құрсақ жағындағы қабыршақтары қалқаншалар тәрізді ірілеу болып келеді. Қабыршақтары құйрық жағында екі қабатты сақиналар түзеді. Аяқтары бес саусақты болып, тырнақтармен аяқталады.
Агаманың шырышты бездерінің болмауына байланысты, терісі құрғақ болады. Тері бездері тобы шығарған желім тәрізді жабысқақ заттар-секреттер құрсағының артқы бөліміндегі қабыршақтарын қаптап жатады. Ондай бездер әсіресе аталығында жақсы жетілген.
Ас қорыту мүшелері. Дала агамасының ауыз қуысындағы жақтарында ұсақ тістері болады. Тілінің ұшы жіңішке болып, тіл түбірі жұтқыншаққа қараған. Ал оның артында өңеш орналасқан. Құрсақ қуысының алдынғы жағында өңеш қарынға жалғасып, одан әрі - он екі елі, тоқ және тік ішектер кетеді. Тік ішек клоакаға ашылады. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде кішкене өсінді-соқыр ішек (бүйен ) болады. Ұйқы безі қарын мен он екі елі ішектің аралығында орналасқан. Құрсак қуысының алдыңғы бөліміндегі үш бөлікті бауырында өті болады. Өт жолында ұйқы безіне келіп ашылады. (28-сурет).
Тыныс мүшелері. Рептилилердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты тыныс алу жолдары күрделі болып келеді. Біріншіден ауа танау тесіктерінен өтіп, хоандары арқылы ауыз қуысына келеді. Ол жерде ауа көмекей арқылы ұзын кеңірдекке өтеді. Кеңірдек екі бронхага тарамдалып, өкпеге жалғасады. Қосмекенділермен салыстырғанда бауырымен жорғалаушылардың өкпесінде капиллярлар торына еніп тұратын көп санды перделері болады. Ол өкпенің тыныс алу беттігін ұлғайтады.
Қан айналысы. Рептилилердің жүрегі, крокодилдерден басқасы үш камералы. Ол екі оң және сол құлақшадан және бір қарыншадан тұрады. Жүрек қарыншасы екі қуысқа толық емес пердемен бөлінген. Соның нәтижесінде, амфибийлерден айырмашылығы рептилилердің қарыншасында қан толық араласпайды. Кесіртке ағзасында аралас қан болады. Ондағы оттегі қосмекенділердің ағзасындағы оттегіне қарағанда едәуір көп болады. Артериалдық конусы болмайды. Сондықтан жүрек қарыншасынан өз алдына үлкен (оң және сол қолқа доғасы) және кіші (жұп екпе венасы) қан айналу шенберінің қантамырлары кетеді. Қарыншаның оң жақ жартысынан екпе артериясы шығады. Ол оң және сол тармақтарға бөлініп өкпеге вена қанын апарады. Оттегіне қаныққан қан өкпе венасы бойымен сол жақ қарыншаға қайтып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет