Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет29/55
Дата02.07.2024
өлшемі212.97 Kb.
#502853
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Кестелі биология

Тіршілік ортасы

Теңіздерде тіршілік етеді.

Жер шарындағы түр саны

1500 түрі бар

Дене құрылысы

Ең ірілерінің талломы тарамдалған. Биіктігі 1 мм- бірнеше 10-даған метр болады. Жасушасы 1 ядролы, вакуолі 1 не көп. Жасуша қабықшасы сілемейлі. Вакуолінде илік заттар бар. Хроматофоры дән тәрізді, онда жасыл түстен басқа қоңыр пигменттері болады. Фотосинтез хроматофорында жүреді.

Көбеюі

Өсімді, жынысты және жыныссыз.

Өкілдері

Ламинария, саргассум, турбинария, нереоцистис, т.б.



Қызыл балдырлар

Тіршілік ортасы

Теңіздерде 270 м тереңдікте тіршілік етеді.

Жер шарындағы түр саны

3800-дей түрі бар.

Дене құрылысы

Талломы таспа, тақташа, жіп тәрізді, аса ірі болмайды. Хроматофор пішіні дән тәрізді, онда жасыл түстен басқа қызыл, көк пигменттер болады. Фотосинтез хроматофорында жүреді.

Көбеюі

Өсімді, жынысты және жыныссыз.

Өкілдері

Хондрус, каролина, порфира, плюмария, т.б.

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы спорасымен көбейетін өсімдіктерге мүктер, плаундар, қырықбуындар, қырықжапырақтар жатады.




Мүктәрізділер



Тіршілік ортасы

Ылғалы мол барлық жерде, орманның батпақты жерлерінде де кездеседі.

Жер шарындағы түр саны

22 000 – 27 000 түрі бар, саны бойынша гүлді өсімдіктерден кейін 2-ші орында.

Зерттейтін ғылым

Бриология (гр. «брион» - мүк, «логос»-ғылым). Бриология ғылымының негізін 18 ғ соңында неміс ботанигі И.Гедвиг салды.

Сипаттамасы

Биіктігі 1 мм – 60 см. Кейбір түрі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін қарапайым тақташа құрылысты. Көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Тамыры болмайды, оның орнына ризоиді бар. Сабағының қабықшасында хлорофилдері жоқ. Қабықшасының астында жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпасы бар. Мына ұлпалары нашар жетілген: өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын ұлпалары.

Маңызы

Қыста да, қар астында -14ОС – та да фотосинтез жүргізеді.

Жасыл мүк (көкек мүгі, көкек зығыры)



Тіршілік ортасы

Орман төсемігінде, ылғал жерлерде өседі. Бойына ылғалды көп сіңіріп, орманды батпаққа айналдырады

Сипаттамасы

Екі үйлі өсімдік - аталық өсімдігі көп жылдық, оның ұшында аталық жыныс жасуша жетіледі. Аналық өсімдігі 1 жылдық, ұшында аналық жыныс жасуша жетіледі. Биіктігі - 40 см. Күй талғамайды, суыққа, құрғақшылыққа төзімді.
Жапырағы, бұтақтанбайтын сабағы, тірек ұлпасы бар. Сабағының ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасқан. Топыраққа ризоидымен бекінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет