Жоспар: Клетка өлімінің екі түрі: некроз және апоптоз



Дата27.03.2024
өлшемі52.5 Kb.
#496589
13 лекция


Дәріс№13
Тақырып: Бағдарланған клеткалық өлім.
Жоспар: 1. Клетка өлімінің екі түрі: некроз және апоптоз.
2. Апоптоздың және некроздың биохимиялық және морфологиялық айырмашылықтары.
3. Бағдарланған клеткалық өлімнің (апаптоз) дамуын реттеуші факторлар. Каспазалар. Белок р53. Токсиндер. Апоптоз деген термин – грекше «жапырақтардың түсуі» деген мағынаны береді. Апоптоз - жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Апоптоз – бұл генетикалық бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Апоптозға ұшыраған жасушалардың ДНҚ-лары бөлшектеніп, жасушалары бір-бірінен ажырап, езіліп, ыдырайды. Мұндай процестің болуы және оның уақыты әрбір ағзаның геномында жазылған. Бұларға қоса ұрпақтан ұрпаққа берілетін кейбір тұқым қуалайтын аурулар болады. Оларда адам өмірінің ұзақ қысқалығына әсеретеді. Апоптоз процесін шартты түрде 3-ке бөліп қарастырамыз: сигналды, эффекторлы және деградациялық фаза. Сигналды фаза: апоптоздың инициациясы клетка ішілік және клетка сыртқы факторларға байланысты жүреді. Мысалы: гипоксия, гипероксия нәтижесінде, клеткалық циклдық сигналдардың ақаулары, химиялық немесе физикалық агенттер, т.б. Алайда, осы факторлардың алуан түрлілігіне қарамастан сигналдың берілуінің екі негізгі жолын ажыратамыз: рецептор-тәуелді және митохондриялық. Рецептор тәуелді жол – клетканың сыртындағы лигандтардың өлу рецепторларымен байланысуы нәтижесінде жүзеге асады. Апоптоз туралы сигналды қабылдайтын рецепторлардың барлығы TNF-рецепторларға жатады. Яғни трансмембраналық рецепторлар болып табылады. Олар өз кезегінде каспазаларды активтендіреді. Митохондриялық жол – клеткаішілік жолға жатады. Бұл митохондриядағы бұзылыстардың пайда болуынан басталады. Митохондрияның мембранааралық кеңістігінен апоптогенді белоктар шығарылады. Осы белоктар каспазаларды активтендіреді. Эффекторлы фазасы – бұл фазада инициациялық жолдар бір ортақ апоптоздық жолға бірігеді. Каспазды каскад жүзеге асады. Каспазды каскад – инициациялық және эффекторлық каспаздардың өзара әрекеттесуі. Деградациялық фаза - апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады. Олар фагациттік клеткалармен макрофагтармен жұтылады. Апоптоз процесін бақылайтын негізгі гендер. Апоптоз – бұл жасушаның табиғи генетикалық бағдарланған өлім процессі. Бұл бірнеше сатыда өтетін динамикалық процесс. Апоптоз генетикалық бақыланатын процесс болып табылады. Оған арнайы фермент – казпазаның синтезін бақылайтын гендер болады. Казпаздың белсенділігі активатор және ингибитор гендерімен бақыланады. Апоптоз процессіне арнайы «апоптоздық» ядролық эндонуклеазалар қатысады. Апоптоз процессінде негізгі рөлді р53 ақуызы атқарады. Апоптоз механизмінің негізінде жасушаның генетикалық материалының зақымдалған жерін танып түзету, жасушаның элиминациясы мен жасушаның және жалпы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету жатыр. Апоптоз процесінің молекулалық механизмдері. Апоптоз – жасуалардың сырттан немесе хромосомалық ДНҚ, зақымдалған митохондриялар, цитоплазма, ДНҚ хромосомалары, т.б. тұратын апоптоздық денешіктер түзілуінің жасушаішілік өлімінің бағдарламасыныңжүзеге асуы нәтижесінде қандай да бір сигналға жауап ретінде бағдарланған өлімі.Апоптоздық денешіктер фагоциттік макрофагтар немесе сңірілген дендрит жасушалары бола алады, соның нәтижесінде тіршілігін жоятын жасушаның құрамы жасушаішілік ортаға түспейді, ал ұлпаларда қабыну дамымайды. Апоптоздың бағдрлануы жаасушада сыртқы сигналдармен активациялануы үшін белгілі бір өнімдер – жасушаның барлыққ ДНҚ-сының және жасушанң қалған құраушыларының заңдылықты түрдегі және қайтымсыз дезинтеграциясына арналған ферменттерді кодтайтын нақты гендер болатындығын білдірді. Бірақ қалыпты жасушаларда апоптоз дербес жасушаның жасушаішілік даму бағдарламасына дейін іске қосылмайды. Сыртқа сигнал қажет. Апоптоз өмірлік циклында физиология болатын жасушада оның қабылдануы үшін арнайы рецептор бар, яғни қазіргі кезде бар сигналдар мен жасушалық өлімі. Апоптоз – арнайы жасушаішілік ферменттермен жүзеге асатын жасуша ішінің құрамының фрагментациясы, олардың активациясы мен индукциясы жасушаның сырттан сигнал алуынан немес апоптоздық машинаның фермент активаторларының жасушасына еріксіз иньекция қабылдауы кезінде жүзеге асады. Апоптоз некрозға әкелетін, бірақ апоптозды инициациялауға қабілетті сыртқы факторлармен жасушаның зақымдалуы кезінде дамиды. Каспаза – арнайылық протеазалар, қабыну мен апоптоздың негізгі ферменттері; жасушалық ақуыдардың көпшілігінің дегредациясын жүзеге асырады, апоптоздың жүзеге асуының аралық және ақырғы сатыларында жасушаішідік сигналдық жолдарға қызмет етеді. Апоптозға каспазаның екі класы қатысады- инициаторлар мен эффекторлар. Некроз – (грекше nekros - өлген) деп, тірі организмде жасушаның, тіннің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім. Некроз қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан- ішекшырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. болады. Әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады, ол “регенерация” деген атауға ие. Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оның патологиялық өлім дейді. Некроз өте күделі үрдіс, бірнеше сатылардан тұрады. Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады. Егер осы кезеңде зақымдаушы себептер жойылса, жасуша өзінің әуелгі қалпына келе алады, сол үшін бұл үрдістердің морфогенезін мұқият және түсіне білу қажет. Некроз даму сатылары: Некроз алды кезеңі (паранекроз) бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық бірақ қайтымды өзгерістер кіреді. Өлу алды кезеңінде (микробиос) жасушада қайтымсыз өзгерісттер пайда болады. Өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) жасуша тіршілігінің бүтіндей жойылуымен сипатталады. Өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді. Некроз ошағында жасушаның барлық микроскоптық және ультрақұрылымды деңгейін қамтитын өзгерістер көрінеді. Өлу кезіндегі жасуша ядросындағы өзгерістерге жатады: Ядросының ісінуі Ядроның еріп кетуі (кариолизис) Ядро мембранасының жарылып кетуі Ядроның бүрісіп қалуы (кариопикноз) Ядроның бөлшектеніп кетуі (кариорексис) Бұл үрдістер бірінен соң бірі дамитын үрдістер ядрошықта да кездеседі. Жасуша цитоплазмасында болатын өзгерістер жай микроскоппен қарағанда: цитоплазманың ұйып қалуы, цитоплазманың бөлшектеніп және еріп кетуі түрінде көрінеді. Ал электрондық микроскопта ең көп өзгерістер митохондрий аппаратында орын алады. Олардың ісінуі, вакуольденуі, бүрісіп қалуы, бөлшектеніп және іріп кетуі некроз үшін тән өзгерістерге жатады. Түйіршікті цитоплазмалық торда рибосомалардың жоғалып кеткендігін, цистерналардың кеңейгендігін көреміз. Лизосомалардың жарылып кетуі нәтижесінде цитоплазмаға шыққан гидролиздеуші ферменттер осы жасушалардың өлуінің, кейін жойылып кетуінің бірде бір себебі бола алады. Дегенмен де жеке бір органеллелардағы қайтымсыз өзгерістерді жасушаны бүтіндей күйреуіне соқтыру шарт емес. Некроз болған жерде аралық заттар да, талшықты құрылымдар да қан тамырларында, нерв талшықтарында да өзгерістер болады. Аралық және дәнекер тінде фибриноидты некроз, каллоген, эластик талшықтарында ісіну, ыдырау, іріп кету; ретикулярлық талшықтарда бөлшектеніп кету үрдістері көрінеді. Некроз этиологиясы (себебі): Экзогендік: Физикалық: жарақаттар, радиация, электр тогы, өте жоғары және төменгі температура; Химиялық: күшті қышқылдар мен сілітілер. Биологиялық: микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар және олардың улары. Нерв жүйесіндегі өзгерістер: Қан айналуының бұзылуына кіретін тромбоз, эмболия, спазм. Эндогендік: Факторлардың әсер етеу нәтижесінде пайда болған некроздарға: Иммундық рекативтіліктің өзгеруіне, антиген және антидене реакцияларыныңнәтижесінде, иммундық кешендер әсерінде пайда болатын некроздар жатады. Бұл айтылған себептердің кейбіреуі өзінің тікелей әсері нәтижесінде, ал басқалары қан тамырларындағы немесе нерв жүйесіндегі өзгерістер арқылы некрозға себеп болады. Осыған орай некроз: тура және жанама деп бөлінеді. Айтылған физикалық, химиялық, биологиялық факторлар тура некроздың себебі болса, жанама некрозға қан тамырлары тығындалып қалғанда немесе спазм нәтижесінде дамитын некрозадр және нерв жүйесінің зақымдануына байланысты туындайтын трофонефроздық некроздар кіреді. Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде (аутолиз) немесе некроз ошағында жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде (гетеролиз) жүреді. Даму механизіме байланысты некроз жіктеледі: Жарақаттық оны тудырушы себептердің тіндердегі тікелей әсерінен дамиды. Мысалы, жоғары температура (күю), төменгі температура (үсу), концентрацияланған қышқылдар әсерінде. Токсиндік тіндерге әртүрлі улы заттар әсерінде дамиды. Оларға бактериялалардың улары, химиялық заттардың (сулема, мышьяк) тікелей әсері кіреді. Мысалы, дифтерия токсиндері нәтижесінде тыныс жолдарындағы некроз, туберкулезге байланысты дамитын казеозды некроз және т.б. Нейрогендік орталық немесе шеткі нервтер зақымданғанда дамиды. Мысалы, ауру салданып, ұзақ жатқанда пайда болатын жатын жаралар (декубиталдық жаралар). Аллергиялық организмнің әртүрлі әсерлерге сезімтелдығы артып кеткенде байқалады. Оның мысалы ретінде жоғары сезімталдықтың жедел түріне дамитын Артюс синдромын келтіруге болады. Қан тамырлық ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Оған қан тамырларының эмболиясы нәтижесінде дамитын жүрек инфаркты, өкпе инфаркты, ішек гангренасы мысал бола алады. Морфологиялық өзгешіліктеріне қарап некроздың екі түрін ажыратады: Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшықетте, бауырда, бүйректе, көкбауырда дамиды. Некроз болған аймақта белоктар ұйып қалып тін сусызданып, тығыздалып қалады. Кальций жиналып қалуы, осыған балынысты жасушаішілік ацидоз денатурация үрдісін күшейтетіні белгілі. Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында су мол ағзаларда, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суды сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқа ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетка өлімінің екі түрі: некроз және апоптоз.
2.Апоптоздың және некроздың биохимиялық және морфологиялық айырмашылықтары.
3. Бағдарланған клеткалық өлімнің (апаптоз) дамуын реттеуші факторлар. Каспазалар. Белок р53. Токсиндер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет