Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет10/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   422
    Бұл бет үшін навигация:
  • «алу»
діни философияға айналып кетуі мүмкін.
Философиялық білімді тек қана дүние мен танымның ең жалпы 
заңдылықтарына, универсалияларына (unіversalіs – латын сөзі, жалпы 
ұғым) теңеуге болмайды.
Өйткені көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі – философия 
(phіleo – грек сөзі, сүю, sophіa – даналық) оның іс жүзінде өмірге 
лайықтылық жағын көрсетеді. Шығыс пен Батыстағы филосо-
фия бастауындағы тұлғаларды (қытайдағы Кон-Фу-Цзы, Лао-Цзы, 
грек-тердің «Жеті данасы», парсы елінің Заратустрасын алсақ
олар, негізінен, адам бұл тіршілікте қалай өмір сүруі керек, қандай 
құндылықтарды сыйлауы керек, жақсылық пен зұлымдық, сұлулық 
пен түрсіздік дегеніміз не, адам өмірінің мән-мағынасы неде деген 
сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысқан.
Шынында да, даналық дегеніміздің өзі білімділікпен тепе-
тең емес. Оның өзегі – адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын 
мыңдаған жылдар бойы жиналған өмір тәжірибесі мен моральдық 
құндылықтардың және ережелердің біртұтастығында.
Философиядағы құндылықтар адамды айнала қоршап шектелген, 
толымсыз болмыстан тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Қазақстанның 
белгілі ғалымы, профессор К.Әбішев философияның ерекшелігін оның 
ұсынатын бағыты болуға қажетті, болуға лайықты, болуы мүмкін, тіпті 
болуы парыз іспетті нәрселерден көреді. Мұндай пікірмен толығымен 
келісе аламыз. Өйткені адамның рухани өмірі сан алуан ойлар мен 
болжамдарға, күңгірт және әсем сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге 
т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың шеңберінен 
әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ болуға тиіс дүниеге 
жетуге тырысады. Сөйтіп, құндылық әлемі оның өмірінің мақсат-
мұраты мен мән-мазмұнына айналады. Бұл күрделі мәселелерді 
философияның аксиологиялық (aksіos – құндылық, құндылықтар 
ілімі) жағы деуге болар еді.
Адам өмірінің құндылықтары сан алуан. Оларды, негізінен алғанда, 
екі үлкен топқа – материалдық және рухани құндылықтарға бөлуге 
болады. Қарапайым адамдардың көпшілігі өмірдің мән-мағынасын 
материалдық құндылықтарды жинаудан, байлыққа ұмтылудан көреді. 
Американ философы Э.Фромм бұл құндылық бағытын «алу» санаты-
мен көрсетеді. Ал екінші бағытты – адамның рухани ізденісін, оның 
шындық, әсемдік, жақсылыққа, шығармашылық деңгейіне ұмтылысын 
өмірде «болу» санатымен ұштастырады.


19
Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі – 
құндылықтар әлемін сараптау, әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар 
болуы керек, болуға тиіс, – соларды негіздеу болып табылады. 
Қоғам өміріндегі әрбір әлеуметтік топтың өзінің алатын орны, 
соған сәйкес мүдделері мен мақсат-мұраттары болғаннан кейін, олар 
белгілі бір философиялық бағытта негізделмей қоймайды. Әлеуметтік 
болмыс белгілі бір топтың мүддесінен өтіп барып бейнеленеді, яғни 
бұрмаланады. Ал мұның өзі сол топтың құндылық әлемін таңдауына 
өзінің зор әсерін тигізеді. Біз мұны философияның идеологиялық жағы 
деп түсінеміз (іdea – идея; logos – ілім, алғашқы кейіп). Сөйтіп, филосо-
фия таптық қоғамда сондағы идеологиялық және саяси қақтығыстарға 
қатыспай қоймайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің 
күрделі де біріктіргіш (іntegratіo – латын сөзі, біртұтас, қалпына келтіру, 
толықтыру) білім, дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз.
Философияның тағы бір елеулі ерекшелігін алатын болсақ, ол –
ХХ ғасырда пайда болған тілге деген үлкен қызығушылық. Белгілі 
орыс философы В.В.Бибихиннің: «Философия – қабылдайтын түсінік 
ретінде өзінің дүниеге ашықтығымен тілге тең», – деген пікірінде үлкен 
сыр жатса керек. Ал неміс философы Г.Г.Гадамерді алатын болсақ, ол: 
«Тіл дегеніміз – барын қамтитын дүниенің алдын ала берілген түсіні- 
гі», – дейді.
Расында да, сәби ананың ақ сүтімен, әлди-әлди өлеңімен бірге өзінің 
жан дүниесіне туған тілін сіңіріп, жарық дүниенің есігін алғаш ашып, 
өмірге деген дүниетанымы мен түсінігін, ер жете келе көзқарасын 
қалыптастырады. Қайсыбір халық өзінің тарихи мыңдаған жылдар 
бойы қалыптасқан тілі арқылы қоршаған болмысты өзінше бейнелеп, 
сезінеді. Сондықтан атақты неміс философы М.Хайдеггердің: «Тіл – 
болмыстың үйі», – деген нақыл сөзінде үлкен мән-мағына жатыр, 
олай болса, әр халықтың тіліне сәйкес философиясы, өмір салты, 
әдет-ғұрпы, рухани өмірі, ділі бар және ол – оның өшпес құндылығы
өйткені тіл жоғалған жерде халық өз-өзінен айырылады. Мүмкін, ол 
халық тіршілікте болуы мүмкін, бірақ ол тарихтың субъектісі ретінде 
өшеді. Олай болса, қазіргі қазақ халқының ХХI ғасырдың басындағы 
тарихи шешуші сатысындағы негізгі мәселелерінің бірі – ол өз тілін 
жаңа дәрежеге көтеру, ұмыт қалған мыңдаған сөздерді бүгінгі тілге 
енгізу, ата-бабаларымыздан қалған негізгі байлықты мақтан ету, оны 
бүкіл Қазақстан халқы сыйлайтын шынайы мемлекеттік тілге айнал-
дыру. Ал қазақ зияткерлерінің (іntellectus – латын сөзі, тану, білу, ой 
еңбегімен шығармашылық деңгейде айналысатын адамдар) негізгі 
істерінің бірі – туған тілді аса ұқыптылықпен тыңдау, ұмыт қалған 


20
сөздердің мәнін ашу, уақытпен бүркеленген сөздің сырын, шынайы 
көне дүние-танымдарды жандандыру, соның негізінде жаңа шабыт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет