БОЛЖАУЛЫ БАРЛАУ
І
Мұрағат деректері Геологиялық ғылымдар институтының
бұл жұмысқа 1952 жылы нақты кіріскеніне куәлік етеді.
Шындығында, зерт
теу әлдеқайда ертерек басталған. Өйткені
«Металлогениялық болжам карталарын жасау» тақырыбы инс-
титуттың зерттеу жоспарына бірнеше жыл бойы енгізіліп, тек
түбегейлі түрде өрістемеген. Бір жайт даусыз анық: институт
ғалымдары зерттеуді Қаныш Имантайұлы президент міндетінен
босап, бірыңғай геологиялық жұмыспен бетпе-бет шұғылданған
кезде бастаған.
Институтта ә дегенде сегіз адамнан кеңесші топ құрылған.
Олар карта жасау жөніндегі ғылыми штабтың мүшелері, мінде-
ті – көлемді жұмысқа қатысатын жүз деген мамандардың, түрлі
геологиялық ұжым
дардың ізденістерін бір жүйеге бағыттап,
басшылық ету. Есімдерін түстесек – Қ.И. Сәт баев, Р.А. Борукаев,
И.И. Бок, Г.Ц. Медоев, Г.Н. Щерба, Д.Н. Казанли, И.П. Новохат-
ский және Г.Б. Жилинский. Бәрі де – Қазақстан қиырында сан
алуан кен көздерін аш қан байыр ғы геологтар әрі металлогения
ілімінің білгірлері, сол кездің өзін де республикадағы ғылым ор-
дасына академик, корреспондент-мүшелер. Теориялық жұмыстар
ғана емес, практикалық барлауда да кімге болсын ақыл-кеңес бер-
гендей білікті мамандар.
Алғашқы карта үшін зерттеу аймағын таңдарда академик
Сәтбаев Орталық Қазақстан атырабын ұсынған. Неге? Кең-байтақ
531
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қазақ даласында болжаулы барлауға алаң болғандай қазыналы
өлкелер аз ба? Неліктен Кенді Алтай, Атырау иә Жетісу емес, жер
бедері күрделі, кеңдігі де телегей теңіздей кең аймақ – Сарыарқа
қыртысы?
Орталық Қазақстан батыста Торғай даласымен шектеседі. Терістікте
Батыс Сібір ойпатымен, шығысында көгілдір Ертіс айдынымен көмкеріліп,
түстікте Шу – Балқаш – Алакөл құламаларына дейін көсіледі. Көлемі сегіз
жүз мың шаршы шақырым, бү кіл Қазақстан жерінің үштен бірі немесе үш
Англия иә Кавказдағы барлық одақтас республикалар түгел сыйып кететін
орасан зор аймақты иеленген шалқар өлке.
Геологиялық сипаты жөнінен де бұл – нағыз классикалық кең плацдарм.
Оның жынысы Орал мен Кавказдағы біртекті құрылымдай емес, әлдеқайда
күрделі және өзгеше дамуға ұшыраған; сол себептен де Сарыарқада тау
мен жазық аралас жаралған; жыныс құрылысы қолдан құралған мозаика
тәрізді түрлі түсті, қазба байлығы да әрқилы және айрықша мол.
Демек, бұл өлке – аса қызықты әрі мүдделі зерттеу алаңы.
Геологтар қауымына бұл құпия емес-ті. Қаныш Имантайұлы Сәт-
баев үшін ол – жанындай ыстық өлке, әрбір төбесі, тау-тасы таныс
аймақ. Ендеше, өмі р ін дегі ең өзекті әрі аумақты эксперимент үшін
неге Сарыарқаны әжетіне жаратпайды?!
Сол қарсаңда, нақты айтқанда, алматылықтардан бір жыл
бұрын Ленинградтың ВСЕГЕИ (Бүкілодақтық геология инсти-
туты) ұжымы да Орталық Қазақстанның металлогениялық бол-
жам карталарын жасауға кіріскен. Ал ол – Одақтағы ең ірі және
Академияның императорлық атанған кезінде іргесі қаланған
зерттеу ошағы. Бұл жұмысты онда өте күшті мамандар тобы
қолға алған; ленинградтықтар металлогениялық болжаумен
жү й елі түр де шұғылданған; зерттеуді кең кө лем ге қойып, таяу
жылдарда Кеңес Одағының барлық территориясын қамтыған
болжам карталарын жасауды мақсат еткен; мынау – сол, көлемді
жұмыстың бір тармағы.
Сонымен, Одақтың іргелі екі институты геологияның осы
заманғы ең күрделі проблемасын шешуге кіріскен. Ең ғажабы,
алғашқы кең көлемді сынаққа екеуі де Сарыарқа қыртысын
таңдап отыр. Неге? «Екі институт құрал-күшін өзара бірік тіріп,
көздеген картаны ортақ зерттеумен жасауға болмай ма?» деген
сұрақ туары сөзсіз. Заңды сауал. Алайда екі топтың ғылыми
жетекшілері зерттеуге екі түрлі жол, тіпті бір-біріне қарама-
қарсы теория ұстанса – бірігу жөні қалай болмақ?..
532
Медеу СӘРСЕКЕ
Жә, болжам карталары, болжаулы барлау деген не нәрсе?
Болжамдау проблемасын геология ілімі осы уақытқа дейін
не себепті ше
ше алмады? Сондай-ақ болжам карталарын жа-
сау әдістемесін ғылыми даралаған нақты теорияның болмауы
неліктен? Немесе мына сұрақтардың жауабы қандай: ҚА ШАН,
ҚА ЛАЙ, ҚАЙ ДА, НЕМЕНЕ?.. Ескерту лазым: біз даралаған төрт
сауалды тізуші – академик Сәтбаев. Бұл са уалдар оның «Орталық
Қазақстанның металлогениялық болжам карталары» аталған
ғылыми монографиясында курсивпен бө
лі
ніп, әлденеше рет
қайталанған? Жә, оқшауланған сөздердің мәні неде?..
ІІ
Геологтар жұмысты қалай істей ді? Оқушыға, әрине, ондаған,
жүздеген шақырым елсіз даланы, тау-тасты жаяу шарлап, ыстық-
қа күйіп, суыққа тоңып жүріп, кен көмбесін іздеген романтика-
лық кезбелер жайындағы әңгіме-хикаяттар мәлім. Иә, ілгергі
жылдарда олар кенді солай іздейтін, бертінде де сол рәсімнің
өзгергені шамалы. Геолог сапардан кейде олжалы оралады: бір иә
бірнеше жерден кен белгісін кезіктіріп, үйіне қуанып қайтады!
Кейде ізденіс сапары ренішпен де аяқталады: алты ай жаз тыным
көрмей із деніс жасап, жүздеген шақырым жер шолды; қаншама
жыра, шыңырау құдық-шурфтар қазды; жүздеген мың сом қар-
жы жұмсап, көп адаммен жабыла кезсе де ештеңе тап қан жоқ.
Мұндай сәтсіздік кейде бірнеше жыл ға созылады...
ХІХ ғасырдың Попов, Деров тәрізді кә сіпқой көпестері қаржыны жел-
ге шашпауды ойлап, неше түрлі айла қолданған. Соның бірі кен белгілерін
көрсеткен адамдарға көтерме сыйлық төлеу. Бұл құдай жаратқан көкжасыл
тастарды іздеуге көп жұртты құмар еткен. Кейбір пысықтар жан баспаған
қияндарға, қыран құс ұя салған қияларға, құлан жортқан ту қашықтарды
кезіп, жер шолған, суыр індерін ақтарып, су шайған жыраларды, өзендер
табанын сүзген. Кей бірінің аузы салымды болып, қоржынын түрлі түсті кен
тастарына толтырып қайтады.
Дала кезбелері көрсеткен қияндарға енді барлаушы мамандар аттана-
ды. Табылған кен мәнді болса іздеу жүргізеді. Екібастұз бен Қарағандының
көмірі, Сарыарқаның көптеген түсті металл кен орындары іздемпаз да
бейнетқор дала шолғыншыларының көрсетуімен мәлім болған.
Кен барлаудың ежелгі тәсілі заман жаңарып, уақыт ХХ ға-
сырдың екінші жартысына ауса да пәлендей өзгере қойған
533
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жоқ. Рас, барлау техникасы өзгерді. Бұрғылау станоктарының
өнімділігі ондаған, жүздеген есе артып, геологтар бұрын арман
ете алмаған құрдым тереңдерге бойлайтын болды. Қол станок-
тары, қайла, мосы соқпалар келмеске кетті. Геофизикалық бар-
лау дүниеге келді: жердің терең қабатына жіберілген электр
толқындары жүздеген метр төменде жасырынып жатқан кендер
туралы хабар беретін болды. Кейбір кен орындарын мамандар
ұшақпен иә тікұшақпен шыр айнала ұшып жүріп, арнаулы аспап-
тар көмегімен ашты (қайсыбір кен белдемдерін осы күні ғарыштан
да болжауға болады).
Мұның бәрі де барлау тәсілі емес, соны орындайтын техника-
ның, геологиялық іздеу жарағының өзгергендігінің, өскендігінің
айғағы. Ой жүгіртіп қарасаңыз: кен атаулы бұрын да, қазір де
жер бетіне білінген танымал белгілері бойынша табылған. Ал
жиырмасыншы ғасырда жер үстінде адам аяғы баспаған түкпірлер
некен-саяқ. Бірлі-жарым минерал белгісіне, жылт еткен болмашы
көзге қарап кен табу мүмкіндігі мүлдем азайып, тіпті біржола сар-
қылған. Сол себепті осы заман геологтары «Жабық кендер» не-
месе «Соқыр жылғалар» деген жаңа терминдерді ойлап тапқан.
Оның мәнісі – қазына қорының өте тереңде жататындығы. Оларды
бұрынғыдай шолғыншы саяхатпен он мәрте жүріп өтсең де таба
алмайсың – іздеуші топ жасақтап, барлаудың сан алуан әдістерін
қолданып, әлденеше жыл жан-жақты іздеу қажет!
Ал сонда геологтарды ҚАЙДА, НЕМЕНЕ іздеуге аттандыру
керек? Мойындамасқа шара жоқ, кен барлауға аттанған геолог
бұл сауалдардың жауабын білмейді, тә жірибесі мен бағына сеніп
ізденіске шығады.
– Қашанға дейін осындай дәрменсіздікке төземіз? – деп ашына
сөйлеген-ді академик Сәтбаев геологтардың бүкілодақтық кезекті
бір кеңесінде. – Геология ілімі орасан зор жетістіктерге жет ті.
Бір ғана Кеңес Одағында сексен қаралы ғылыми-зерттеу мекеме
жұмыс істейді, білімпаз мамандарымыз да он мыңдаған! Осынша
қыруар күш, мол мүмкін діктерге ие бола отырып, мұны айтпа-
сақ – тағы да ұят, қашанға дейін кен барлауға көз жұмып, бақ
сынау үшін шығамыз? «Соқыр барлаумен» шұғылданамыз? Із-
деу сәтін көбінесе барлаушының болжаушыл сезігі шешеді, ал
ғылымның көмегін, нақты болжамын қай жылда, қай күні өзіміз-
ге серік етеміз? Бұған да ойланатын уақыт жеткен сияқты, әсіресе
іздеуші геологтарды болжам карталарымен жасақтайтын мезгіл?!
534
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұл сөздер үлкен кеңесте жұртты таңғалдыру үшін айтылған
әсіре лебіз емес-ті. Ондай қылық Қаныш Имантайұлының та-
биғатына жат. Ал ғылыми болжаулы барлау хақында сөз бастап,
соның «шытырман жыңғылына» енуге ойланып жүргендер геоло-
гия әлемінде Сәтбаевқа дейін де болған. Металлогениялық болжам
карталарын жасау қажеттігін кеңестік геологияда ең алғаш акаде-
мик В.А. Обручев көтеріп, 1932 жылы былай деген : «Қандай да бір
Достарыңызбен бөлісу: |