Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет70/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

тек айтпаған болар, бұл даланың біз білмейтін асылы іздемесе 
көріне ме?» – деп сөзден тосып еді мені.
Алғашқы сапарда екеуміз, ұмытпасам, толық бір ай ат 
үстінде болдық...»
Қаныш Имантайұлының жер шолған са 
я 
хатында қасында 
болғандар одақтық Геолкомның мамандары болатын. Ұлытау 
жонында олар 1924 жылдан беріде шолғын барлау жүргізген. 
Жетекшісі – Иван Степанович Яговкин. Ол кісі жайында трес-
тің бас геологі Мәскеуде бірталай жақсы лебіз ес тіген. Бесшоқы-
да бұрнағы жылы өзі геологиялық тәжірибе-тағылым алғанда, 
Русаков та оның есімін құрметпен атап, Сарыарқа қиырын қа-
жымай аралап, әлденеше кен орындарын ашқан аса жолды, 
іздемпаз геолог деген-ді...
Иван Степанович пен Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанда кез-
деседі. Айтулы кісі тәрізді, жас геологты бірден бауырына тартып, 
жылы шыраймен қуана қарсы алды.
– Хош келіпсіз, әріптес! Қазақ даласы жер-суы, табиғатымен 
етене таныс өзіңіздей тума маманды күткелі қашан. Біздікі не? 
Көк темді шығара келіп, күзде тайып бере міз. Тура сын айтқанда, 
жыл құсындай қо нақ халықпыз, – деген Яговкин іле жұмыс 
жайын баяндады. – Ағыл шындар бұл өңірді он жыл шұқылапты, 
тапқаны мәз емес. 235 ұңғыма бұрғылаған, сірә, жарымаған-ау 
деймін, тереңге аса бойламапты. Біздің адамдар екі-үш жылда 
біраз жерді түртпектеп көрді. Жоғарғы белдемде шұқанақ қабат-
тар бар. Бірақ көңіл толарлық көмбеге жолықпадық. Мына салы-
нып жат қан зауытсымақты жиырма-отыз жыл жемдеуге жетіп 
жатыр, соны тек ұқсатып ала алсақ...
– Неге? Шахталар қалпына келтіріліп, байыту фабрикасы іске 
қосылса – алу қиын бола қоймас, – деп қалған еді Қаныш. 


168
Медеу СӘРСЕКЕ
– Сіз жас мамансыз, Қаныш Имантаевич, – деді Яговкин 
кіді үнмен, – аптығы басылмаған, арыны қайтпаған дегендей. 
Тегінде, бұл өңірден жез түгілі, алтын тапсаң да – соны жер 
бетіне шығарып, қажетіңе жарату өте қиын әрі әлей қымбатқа 
түседі. Ең жақын деген темір жол бекеті төрт жүз отыз шақырым 
жерде, су мүлдем тапшы, төңірек құлазыған шөл дала, тұрғын 
халқы түгелдей сауатсыз. Иә, олар, көңі лі ңіз ге келмесін, ауыр 
өндірістен ештеңе сезбейді. Бұларға бірдеме үйрету үшін тегінде 
жиырма-отыз жыл қажет. Әлде орталық Ресейден келген жұ-
мыскерге сенеміз бе? Бос әрекет! Мына қу медиен далада олар 
ұзаса бір-ақ жаз тұрады. Онда да аңдамай келіп қалған соң. Бұл 
тауқыметті біз жыл сайын бастан кешіп жүрміз. Жалдап әкелген 
жұмыскердің екі жаз қатар істеп, келесі жылы қайыра келуі... 
Жо-жоқ, көрген де, естіген де емеспін. Неге сөйттің деп байғұс-
тарды кінә лауға болмайды. Қайдан шыдасын, жазы әлей ыс-
тық – аспан айналып жерге түскендей. Қысы ұлыған боран, аязы 
қытымыр! Көкөніс атымен жоқ, станокқа суды түйемен әкеле-
міз, ауыз суды алты қыр дың астынан торсық, сабамен тасимыз. 
Жарайды, жұмыскер мәселесін шештік дей ік. Өндіріске қажет 
суды қайдан аламыз? Мыс қорытуға қыруар отын керек, қайдан 
тасимыз? Қарағанды көмірін атарсыз. Сонау жеті жүз шақырым 
қиырдан түйемен тартамыз ба?
– Байқоңыр көмірі ше?
– Байқоңырдың қоңыр көмірі, шырағым, көп дегенде он жыл-
ға жетеді. Әмбе ол көмір деген аты болмаса, боқаты жанғыш за-
тынан көп, қызуы төмен, мардымсыз отын. Жоқ, Қаныш Иман-
таевич! Ағылшын жұрты ақы 
мақ емес, бақырды алтын етуді 
ертеден біл 
ген есепқор халық. Өзіңіз де байқарсыз, олардан 
қалған геологиялық құжаттар жеткілікті. Мен бәрін де шолып 
шықтым, терең барлауға ағылшын инженерлері сірә да баспаған. 
Неге? Иә, иә. Үстіңгі қабаттағы тотыққан кеннің құ нар лы көм-
бесін қаймақтай қалқып алып, ойыншық зауытта шала мысқа* 
айналдыруға жоба жасаған. Олар мұнда небәрі он екі жыл жұмыс 
істейміз деп есептеген. Түсіндіңіз бе, бар-жоғы он екі жыл!?
– Жезқазғанға сенбесек, оны қорлы кен орны демесек – жеті 
миллион сом қаржы жұмсап, Қарсақбай зауытын неліктен қайыра 
жөндеп жатырмыз? Жол бойы көр 
дім, қаншама жүк тасылу-
да, құрылыс жұмыстары да ірге көтерген!.. Осынша бейнеттің 
* Қара мыстың техникалық атауы.


169
ШЫҒАРМАЛАРЫ
керегі қанша? Даланы мәңгі ұйқысынан оятамыз деп ұран салып 
жүргеніміз де бос сөз болғаны ғой, – деп кексе әріп тесінің сөзін 
бөлген-ді Қаныш Имантайұлы, имандай сеніп келген кен орнының 
бағасы көз алдында құрдымға құлдилап бара жатқанына шыда-
май.
– Жассың, шырақ, жассың! – деп салды Яговкин мырс етіп. – 
Бұл өндірісті негізгі цехтары бұрыннан орнаған соң еріксіз са-
лып жатырмыз. Дыбецтің** есебінше, мұндағы ауыр жабдықты 
бір жаққа көшір 
геннен гөрі кемтігін толтырып, біраз жылға 
жүргізген тиімді болған. Ал соны неліктен бұрынғы жобасынан 
үлкейтіп салып жатырмыз, не үшін? Оның жауабын Дыбецтің 
өзінен сұра, шырағым. Ал мен Ұлытаудай қиянға үлкен өндіріс 
ашуға ту бастан қарсы болғанмын. Бұл – бір. Екіншісі, зауыт 
тұрғызылып жатыр екен деп малданып қалмаңыз. Осы да зауыт 
па екен? Ойыншық, далбаса көңіл дің алданышы! Кеніштермен 
қатынас – тар табанды темір жол, он тоғызыншы ғасырдың техни-
касы. Сырт өмірмен байланыс – түйе, өндіріске пайдаланбақ суы-
мыз – көктемгі қар суы. Үлкен істі бұлай бастамайды. Болашағы 
зор кенді игеруге бұлай кіріспейді тегінде...
Қаныш Имантайұлы әлгі тәжікеден соң жасы үлкен әрі тә-
жірибелі маманға ештеңе деген жоқ, үнсіз тыңдады.
Келер күндерде Яговкин жас әріптесін Геолкомның зерттеу 
партиясы үш жылдан бері жүргізген барлау нәтижелерімен таныс-
тырды. Одан соң екеуі жолбасшы алып, Жез ді өзенінің бойына 
шыққан, қайтарда Кеңгірдің жағасын шола оралған. Иен дала-
ны емін-еркін аралау, әлденеше күнге со зыл ған ұзақ сұхбат екі 
геологтың етене жақындасуына түрткі болды. Жосалыға аттана-
тын күні геологиялық мұрағатты тапсырып отырып:
– Біраз күн дәмдес болдық. Үлкендік жө німен бір ақыл айтсам, 
ренжімейсіз бе, Қа ныш Имантаевич? – деп Яговкин тың әңгіме 
бастаған-ды.
– Назарым сізде, Иван Степанович.
– Сіздің халықта «Қыран құстың қанаты ұшқанда қатаяды» 
деген нақыл сөз бар екен, жуықта естіп таң қалдым. Меніңше, 
ерекше мәнді сөз! Сізге де тезірек ұшу керек, достым. Иә, иә, 
қанатыңызды бекем қатайту үшін де биікке самғау керек! Сол 
үшін де айтамын: Жезқазғанға малданып қалмаңыз, болашағы 
баянсыз кен. Иә, ащы болса да шындық солай. Сол себепті мұндағы 
** Дыбец С.С. – Атбасар тресінің сол қарсаңдағы басқарма бастығы.


170
Медеу СӘРСЕКЕ
барлауды бірер жылда аяқтап, басқа бір – қоры мол, сүбелі кенге 
ауысу керек. Қазақ даласын геология лық жағынан әлі күнге дейін 
зерттелмеген тың өлке деген уәж рас. Сіздей жас геологқа өзіңіз-
ді танытар, бақ сынар қазына қазақ даласында аз емес, тек соған 
салымыңыз болғай!..
– Рақмет ілтипатыңызға!
– Жезқазған қыртысын қалай шұқыласаңыз да еркіңізде. Бұл 
жаққа мен сірә да қайтып оралмаспын, сізге сол үшін де рақмет – 
ауыр міндетті мойнымнан алғаныңызға!..
Яговкин аттанып кетті. Қалдырған мұрасы – Жезқазғанның 
кен төбелері Сорқұдық пен Милықұдықты айнала ораған шурф 
пен жыралар; қағазы сарғайып, шеттері жырымдалған ескілі-
жаңалы барлау құжаттары. Иә, соның алдағы жылға жобаланған 
көлемі бес бет геологиялық нұсқау-кеңес. Иван Сте 
панович 
ұсынған кеште-ақ Қаныш Имантайұлы оны мұқият оқып шыққан. 
Оқып қа на емес, әр сөзін көкейіне тоқып та алған. Ұққаны: 
Жезқазған кені – қазақ даласында жиі кездесетін тотыққан кен 
орын дарының бірі; мысы бар, құнарлы, алай да қоры мардым-
сыз – мықтағанда Қарсақбай мыс зауытын отыз жыл шикізатпен 
қамтамасыз еткендей ғана; сол себепті бұл ауданда колонкалы 
қымбат бұрғылаумен шұғылдану тиімді емес; кең көлемде және 
тұрақты жұмыс істейтін барлау қызметін ұйымдастыру да өзін 
ақтамайтын шығын... 
Туған жерінен кен көмбелерін тауып, ел кәдесіне тезірек жа-
ратуды армандап жүрген геолог жігіт кексе әріптесінің мейлінше 
тұжырымдап айтқан, жазып та қалдырған пайымдауына сенер-
сенбесін білмей, екіұдай ойда қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет