Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет90/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

кеншілері өте-мөте ауыр жағдайда жұ мыс істеді, темір жолдан 
жырақта, қа зақ тың Бетпақ даласында жанқиярлықпен еңбек 
етіп, ақыры барлық кедергіні жеңіп шықты. Үш мың жұ мыс шы 
мен әкімшілік қызметтің ұжы мы Сіз арқылы ВЦИК-тің сессия-
сына пролетарлық сә лем жолдайды. Және үкімет тапсырмасын 
әрқашан мүлтіксіз орындауға әзір міз деп сендіреді».
Қуаныш та, тегінде, егіздеп туындайды. Сәті түссе уақыт тал-
ғамай оңнан да, солдан да орайласа қалады.
«...Жезқазғандағы барлау өте-мөте сәт ті жүріпті. Биылдың 
өзінде, сірә, 25-30 мың тоннаға кен қорын өсірсек керек. Элек-
тробарлаудың нәтижесі де көңілдегідей! – деп шаттана сыр шер-
теді Қаныш Имантайұлы Қарсақбайдан, қыркүйектің 3-і күні 
Таисияға жолдаған хатында. – Иә, бұл жақтағы барлау жұмыс-
тарының көлемі ұлан-асыр, со ның бәріне тек қаржымыз жет-
се... Шүбә лі мін... Бұған бірақ аса қайғырып отырғаным жоқ, ең 
бастысы, қазақ даласында кен бар. Екі жылдық шағын барлауда 
Жезқаз ған қоры қаншаға өсті?! Биылдың өзінде Спастағы бар-
лау мыс қорын екі миллион пұтқа көтерді. Ал Өспендегі барлау-
шылар алтын тауыпты. Қайрақты мен Тұрландағы олжалар 
ше?!
«Русаковтан алған ресми емес хабарыма қарағанда, Балқаш 
төңірегінен жалпы көлемі бір миллиард пұт шамасында (?!) мыс 
кенін тауыпты. Шындық болғай, онда бұл – дүниежүзілік алып! – 
деп масаттанады жас геолог келіншегіне жолдаған тағы бір хатын-
да. – Тек біздің далаға деген сенімсіз көзқарас өзгерсе екен. «Жері 
қа шық, су жоқ...» деп күні бұрын байбалам салған, дұрысын айт-
қанда, қиян шалғайлығынан зәре-құты қашқан сақтанымпаз 
мамандардың теріс пиғылынан ада болсақ десеңші».
Барлаудың едел-жедел шараларын бір жайлы еткен соң 
перзенттік парызын өтеуге де мүмкіндік туды. Барар жері алыс
тура қатынас атымен жоқ. Қиғаш болса да айналма жолды таңдады: 
Шортанды стансасына дейін темір жолмен келіп, Ақмолаға апа-
ратын жолаушылар автобусын күтіп алып, одан әрі Қарағандыға 
жетсе, ауылына салт атпен түсуі қиын емес...
* * *
Қаныш ауылына келген кезде туған ағасы үйінде бола-
тын. Мойнына артқан қылмыстан біржола ақталыпты. Бірақ 
сырқат адам сияқты, күні кеше көңіл хошы сергек, еті тірі жан, 


211
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көп сөйлемейтін бұйығы қалыпқа ауы 
сып, иелігіндегі шағын 
шаруашылықтың жұмысын жүрдім-бардым атқаратын бей-
жай енжарлыққа түскен. Бәлкім, қыс бойы басы шыр 
малып, 
ГПУ тергеушілерінен де гөрі, ежелгі ауылдастарынан көрген 
қиянатты ұмыта алмай, қат ты жәбірленіп, жігер-қайраты мұ-
қ алып қалған... Ту-талақайға түскен малының сойыстан аман 
қалғанын жинап алып, соларды бағу-қағумен шұғылданған. Үй-
ішінің айтуынша, соны да көңілсіз атқарады, бала-шағасының 
күнкөрісінен біржола айырылып қал мауы үшін ғана бас-көз бо-
лып жүрген сияқты...
Сәтбай қажының әулеті өздеріне көшбасшы ғана емес, ұзақ 
жылдар сүйеу бол ған би ағасын жоқтап, ел дәстүріне сай қа ралы 
ауыл әлпетін сақтап, жайлауға да шықпай, алыс-жақыннан құран 
оқуға келушілерді күтіп, қыстау маңында болыпты. Бәл кім, сол 
да Бөкештің еңсесін көтертпей, шерлі көңі лін езе түскен. Үй-
іші де көл-көсір жылаудан арыла қоймапты. Қаныштың ке-
луі туыстарын қайғыдан айықтырған жоқ, кенже баласының 
әке орнына кешігіп жетуі, оған көңіл айта келген жұрт нөпірі де 
қаралы жандардың мұң-шерін, өзегін өртеген өкінішін ауырлата 
түскендей...
Әкесін аза тұтқан қапа күндерде Қаныш былтыр көрген, өзі 
жан-жүрегімен құлай сүйген сайын дала тіршілігінің күрт өз-
гергенін жүрек ділімен сезген-ді. Қыр елінде бұрынғыдай ерсі-
лі-қарсылы сабылған қыдырмашылар саябырлаған. Ауылдар қа-
рамы да азайыпты. Ауыл дейді, күні кеше дала төскейін қара 
құртша қаптап, өріске мыңғырап шығатын мал да оқта-текте көр і-
неді. Әсіресе бірнеше ауыл боп өскен, көшкен иә қонғанда осы аты-
рапты у-шуымен даңғазалап жататын Шорман бидің ұрпағынан 
кезіктіргені – тіпті шамалы, мыңдап айдаған жылқысы мен қойы 
өткен қыста жұтап қалғандай. Зында бастаған малдысы туып-
өскен Ақкеліннен аласталып, Қазақстанның батыс өңіріне жер 
аударылғанын естіген-ді, ал қалың кедей бөліске салған қыруар 
малдың (Ба ян ауыл дуанының өзге байларының да) қайда кетке-
нін ешкім түстеп те, түгендеп те айта алмады. Естуінше, құдайдың 
бұйрығы деп, көп шілігі қолға тигенін сойып алып, көмейден әрі 
асырған. Ал сол көптің ертеңгі тірлігі не болмақ? Оны енді бір 
жал ғыздан өзге ешкім білмейді. 
Келген күні-ақ туыстары Қанышқа қарт әкесінің ауырмай-
сырқамай кенеттен опат болған шерлі тарихын да тәптіштей ай-
тып берген: төңіректегі қызыл белсенді қа жы ауылына қарасты 


212
Медеу СӘРСЕКЕ
төрт түлік малдан ті г ер ге тұяқ қалдырмай тәркілеген күні әкесін 
де тұтқындап, станицадағы түрмеге қамапты. Сірә, Шорман 
тұқымы сияқты ту алыс қа жер аудармақ болған. Ара түсер естияр 
жан ауылда болмаған. Кәрім де, Ғазиз де ояз түрмесінде. Жылап-
сықтап соңынан ере бар ған ауыл адамдарына бидің өзі: «Менен 
көз жазып қалмаңдар, сірә да ұзамаспын, сүйе гім ді ескі қорымға 
қоясыңдар!..» – деп қатты ескертіпті. Сөйтіп, ауылдағылар не 
істерін білмей дағдарып отырғанда, бұл да Алланың бұйрығы, 
одан да гөрі өмір жолында көпке жа саған игі жақсылығының 
қарымтасы болар, Баянауыл іргесіндегі Көкжатақтың қа 
лың 
кедейі атқа мініп, сол маңаттағы ауыл дардан да қосылып, жиы-
ны екі-үш жүз адам ереуілдеп шығып, түрме үйін қоршап ала-
ды. Енді біразы аудан басшылары отыратын кеңсені қамап: 
«Қадірменді биді босатпасаң, өкімет біздікі, қолша шығарып ала-
мыз. Имекең кедей-кепшіктің қамқоры болған абыз адам, әділ 
қазы, билік айтқанда да жуан тұқымға емес, жәбір-жапа көрген 
жарлы-жақыбайға жәрдем берген. Әрі ол дәулет жиған кісі емес, 
тек қана орташа, яки тәр кіге жатпайды. Қысқасы, мыналарың 
әсі ре белсендінің бөрік астынан жау іздеген ама лы!..» – десіп шу 
көтеріпті...
Мұндай оғаш мінез күтпеген аудан бас 
шылары қарт биді 
Павлодарға жөнелтпек амалдан бас тартып, сірә, таяқты қат-
тырақ сілтегенін түсінген білем, келесі күні әкесін түрмеден 
шығарыпты. Сексеннің жуан ортасына тақаған кексе кісі қараңғы 
каталашкаға қамалған сорақы қиянатты көтере алмаса керек, 
жарық дүниеге қайта шыққанда, басы мәң гі ріп, жүруге жайы 
келмей, аяғын әрең басып келіп, арбаға қисаяды. Сонда-ақ өзін 
қоршаған жұртқа: «Ауы лы ма жеткізіңдер...» – депті. Сірә, та-
тар дәмінің таусылғанын сезген, өз шаңырағында, өлең төсегінде 
көзін жұмуды қалаған. «Алланың жазуы солай болған соң, амал 
не, ауылға бірнеше шақырым қалғанда, жолшыбай арба үстінде 
көзін жұмды, жа рықтық...» – деп аяқтаған-ды ауылдастары бидің 
кенжесіне көзі көрген шерлі тарихты.
Үй-іші кенжетайына әкесінің өсиет еткен соңғы тілегін де 
жеткізді: сірә, өзін қатты сағынған сияқты, бәлкім, қасына 
алып, бала күніндегідей қолынан, шашынан сипап отырып, мау -
қын басқысы келген, әлде сүйікті кенжесімен арыздаса алмай, 
о дүниеге аттанарын сезген бе, әйтеуір екі сөзінің бірінде Қа-
нышты айтып, түсі ғана емес, өңінде де жиі шақыратын болып-
ты; айтуынша, Бөкешті ұзатып оқытпай, бағын байлап, ауылда 


213
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстап қалғанына қат ты өкінеді екен, ендігі тірлік – малда емес, 
оқу мен табатын өнерге ауысты; Қанкежаным менің – биік ке сам-
ғайтын қыран құс тай түлеп ұшып, өнер-білімге жастай же рік бо-
лып жүріп, өз жөнін ерте тапты, әне, көрдіңдер ме, қандай жер-
ге шығандап шыққанын деп оқ та-текте мақтанса да керек... Әсі-
ресе Кенжетайының өз қатарының алдына шығып, мемлекет жұ-
мысында жүргенін жиі айтады екен. «Қаныштай біздің сонау 
Мәскеу де жұмыс істейді. Оқудың да оңайын емес, қиынын таң-
дап, соныға соқпақ салды! Оның меңгерген кәсібі қазақ баласы біл-
мейтін, қазақ түгілі, орыс жұртының өзі енді-енді игере бастаған, 
әлей қиын әрі аса қажет өнер. Сол үшін де, көрдіңдер ме, құзыр-
мәзір боп оны Мәскеуге алдырды. Қай жерде болсын оның ақыл-
кеңесіне құлақ түре тыңдайды деседі, үкі мет адамдары да жиі 
шақырып ақылдасады білем. Бұл, тегінде, Шоқаннан өзге бірде-
бір қазақ баласының қолы жетпеген зор мәртебе! Ресей патшасы-
на бағынғалы біздің қазақ жұрты көрмеген, естімеген абырой!.. 
Иншалла, кенжетайымның алды ашық, білімі ғана емес, ақылы 
да терең, адамның көңіл-күйін бетіңе бір қарағанда-ақ айтқызбай 
біліп тұ рады... Менің осы сөзімді бағыңдар тегінде: Қанышжан 
біздің әулет қана емес, туған халқын да қуантады; тек мейірімі 
зор Алла оған бақ пен қуат берсін, денсаулығы түзу болып, іші тар 
пенделердің қызғанышы мен арам пиғылынан сақтасын!.. Ал, сен-
дер, өз әуле ті нің үлкен-кішісі, қажы атаң ұрпағы, оның айтқанын 
ешқашанда бұзбаңдар, біз де бірдеме білеміз деп қарсы келмеңдер, 
ендігі жөн нұсқар көшбасшыларың – бал кенжем болады!..» – деп 
оңаша бас қосуларда үй-іші мен жақындарына өне ге айтады екен.
Бір ғажабы, төбесіне көтеріп, жер-көк ке сыйғызбай мақтап 
отырған ақылды кенжесі нің екі-үш жылдан бері жасырып жүр-
ген жі гітшілік «қылмысын» да біліпті, шынтуайтын айтқанда
қарт шөңге соны өз отбасына сирек келіп, қала жаққа тезірек 
кетуге асығып тұратын қылығынан-ақ ұққан. Сірә, сол жайт қа 
ойланған да сияқты, бұл хақында, көк темгі аласапыран баста-
лардан аз бұрын Бө кешке мұңая сыр шертіп, өз байламын жа-
рия еткен: «Орыс қызына көңілі құлап тұрса – не істеймін, ол да 
мына әулекі заманның әуей ісі болған соң?.. Сөйтсе де, Қаныш-
қа қаттырақ айтыңдар, әке-шешесінің батасын бұзбасын, біз 
таңдаған, көңілімізден шыққан сүйікті Шырлай баламды бұл 
фәниде ренжітпесін. Қос әйел алу – атамыздан қалған ғұрып, екі 
қосағымен де тұрсын, заман аужайына қалай икемделеді, жөнін 
өзі тапсын. Жарық дүниеге келген жас өскін ұрпағы әке тәрбиесін 


214
Медеу СӘРСЕКЕ
көріп өссе игі! «Жетім қозы – тасбауыр, отығар да уанар...» де-
ген де, әсілі, жетіскеннің тірлігі емес. Балам менің осыны да 
ұмытпасын!..» – депті.
Әке өсиетін айта отырып Бөкеш ағасы өз ойын да бүккен жоқ, 
қамыға жеткізді.
– Әкей марқұм оқымағанның ақылдысы, заман аужайын 
ерте аңдаған шынайы кемеңгер адам еді, Қанкежан, сен енді
осы уәжге ден қой! Өз отбасың ғана емес, біздің де жай-күйімізді 
түпкілікті қаузамасаң – мынадай ертеңі беймағлұм, аумалы-
төкпелі жағдайда, қыр төсінде баяғыдай мал бағып, қайғы-қамсыз 
күнелтуіміз екіталай нәрсе екеніне түсінікпен қара!.. Әкей де со-
лай деп кетті. «Қайда жүрсеңдер де бірге болыңдар, іргелеріңді 
бөлмеңдер, бір-біріңе сүйеу болып өмір сүріңдер, балалар да сон-
да өзара бауырмал боп тату өседі...» – дегені де қайран әкеміздің 
біліп те, зерделеп те айт қан соңғы тілегі. Мен де сондай ойдамын. 
Туған жер деп Ақкелін бөктерін қимай, қыр төсінде ошарылып 
отыруымыздың енді мәні жоқ, ал жасөспірім балаларды оқыту 
керек. Қысқасы, бұл істің де жөн-жосығын мықтап ойлағын, 
Қанышжан!..
Қаныш туған ағасының ойлы сөзіне дау айтпады. Кінәсін мо-
йындап, әкесі өсиетін шама-шарқынша бұзбайтынына сен дірді. 
Ал болашақ қоныс пен тірлік жайлы ойлануға мұрсат сұрады. 
Аға сы ның меңзеуі дұрыс, өндірісі бар қала маңына жақындаған-
ды өзі де мақұл көреді, «Тек биыл кеш қал дық, қыраулы қыс 
босағада тұрғанда қай 
да көшесіңдер? Әке-шешеміздің асын 
беріп (Нұрым шешесі де сол күзде ақсақалының артынан мәңгі 
сапарға аттанған), басына бейіт қарайтып, қатым түсірген соң, 
бұл мәселені жата-жастана шешейік...» – деген-ді.
Қаныш бұл жолы ауылында небәрі бір-ақ ай болды. Оның 
өзін ырың-жырың жағдайда, әкесін жоқтаумен қоса би ша-
ңырағының құты болған кәрі шешесін де дүниеден жөнелткен 
наламен өткізді. Бұрнағы жылғы демалысы шынында да дархан 
өмірдің өзіне сый еткен, жұмақтың төріне кіріп шыққандай 
тамаша қызығы екен, биылғы көргені – соның елесіне де 
жетпеді, амал не?! Ең қиыны, қадір-құрметі бөлек екі үлкені-
нен бірдей айырылған туған ауылының азасы жан-жүйесін езіп, 
соның зардабы болар-ау, етжақын туыстарымен ашық-жарқын 
отырып сұхбат құра алмай, сырлас та мұңдас жақындығын еш 
сезбей, құдды бір бөтен ауылға келгендей салқын райдан бір 
сәт арыла алмады. Шәрипамен де солай, қоңылтақы күйде күн 


215
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кешті. Сірә, сол да кемеңгер әкесінің жоқтығы, орны толмас шы-
найы қорғанынан айырылып, жетім қалғандығын жан-тәнімен 
сезінуден. Сондай налаға естияр ағасы ғана емес, күллі ауы-
лы тап болып, ауыр қазадан қапелімде есін жия алмай жүргені 
анық. Тек сол уақытша дағдарыс болғай!..
Ақыры, кәрі шешесінің жетісін берген күннің ертеңінде, қа-
сына сенімді серіктер алып, биыл келген қиыс жолмен Ақмола об-
лысы арқылы Мәскеуге аттанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет