ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Сертификатталған мұғалімдердің рефлексиялық есептері панорамасы «Менің тәжірибемдегі өзекті сұрақтар:өзгеріс динамикасы» тақырыбындағы аймақтық сайысына
«Биология пәнін оқытуда оқушылардың сыни ойлау
дағдыларын дамытудың жолдары»
Теміртау қаласы,
№29 ЖББОМ КММ
биология пәнінің мұғалімі
Даулетхан Р
Қарағанды-2015
«Білімге апаратын жалғыз жол-іскерлік».
Бернард Шоу
Кіріспе
Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістіктерін туғызсам» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкіртінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығуларын арттыруды мақсат етеді. Әрине, бұл кездейсоқ емес. Өйткені, мектепке деген талаптар күшейді. Ең бастысы, қазіргі заманда оқытудың негіхзгі мақсаттары-оқушыға белгілі бір шамада білім беріп қоймай, сонымен қатар білім, білік дағдыларын жетілдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыру болып отыр. Ендеше мұндай жағдайда оқушының белсенділігімен қоса мұғалімнің де белсенділігі қажет. Демек баланы өзіндік белсенділікке, құштарлыққа тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі ұйымдастырған үш айлық білімін көтеру курсы. Мен де осы курсқа 10.09.2012-26.11.2012 уақыт аралығында қатысып, білімімді жетілдірдім. Бул курстан үйренгенімді өз оқушыларыма сабақ үстінде тиімді қолданып жеткізгенше асықтым.
Бұл курстың негізгі мақсаты-оқушыларды шағын топта оқыту арқылы ұйымшылдыққа, бірлікке, мейірімділікке, шыншылдыққа баулу және өз ойын қысылмай еркін жеткізуге, сыни ойлай білуге тәрбиелеу. Әрине сабақта қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді шебер әрі тиімді қолдана білу-ұстаздың білімі мен біліктілігіне байланысты. Ең бастысы оқушы мен мұғалім арасында сенімділік, еркіндік, ашықтық қалыптасуы керек.
Өзімнің курста алған теориялық білімдерімді әр сынып оқушыларына практика жүзінде кеңінен қолдана бастадым. Оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерді де назардан тыс қалдырмай бақылап отырдым.. Олар:
-
Өзін оқушы деп білу;
-
мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;
-
тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу.
Өз сабағымда түрлі стратегияларды тиімді қолдану арқылы оқушыларды инновациялық оқытуға жетеледім.
Негізгі бөлім
Инновациялық оқытудың негізгі мақсаттары мыналар:
-оқушылардың интеллектуалды, коммуникативті, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-оқушылардың жекебасты сапасын қалыптастыру;
-әртүрлі ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Инновациялық оқытудың негізгі технологияларына жататындар: дамыта оқыту; проблемалық оқыту; ойлау қабілетін дамыту; дифференциалдық оқыту; сабақ жүйесінде жетістіктерге жетуді тудыру.
Инновациялық оқытудың негізгі ұстанымдары:
а) креативті (шығармашылығын дамыту; ә) білім жүйесін игеру; б) дәстүрден тыс сабақ формалары; в) көрнекіліктерді пайдалану.
Инновациялық технологиялар арқылы биология пәнін оқытқанда мынадай тиімді әдістерді қолданған абзал;
-тірек-сызбалар;
-миға шабуыл;
-топтық пікірталас;
-кластерлер;
-венн диаграммасы;
-дидактикалық ойындар;
-Инсерт;
-презентациялар;
-шағын зерттеулер,
-кейс-стадий әдісі;
-екіжақты күнделік;
-стикермен диалог;
-аквариумдағы балық;
-қара жәшіктегі сұрақтар және т.б.
Ақпаратты беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық ұстанымына негізделген. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушы білімді төрт жағдайда алады екен:
-дайын білімді қабылдап алу;
-зерттеу барысында жаңалық ашу;
-әртүрлі жағдайда әсерді сезіну;
-көрген-білгенінен бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Мен өз іс-тәжірибемде дәстүрден тыс сабақ формаларының жоғарыда айтылған түрлерін жиі пайдаланамын. Бұл дәстүрден тыс оқыту формалары оқушылардың проблемалық сұрақтарды шешу, проблемалық жағдаяттарды құру, оқуға деген құштарлықты ояту, қызығуларын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.
«Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
Мысалы 8-сыныпта «Тістің құрылысы, гигиенасы» тақырыбын ашу мақсатында мынада сұрақтар қойылды:
-Ас ауызға түскен соң қандай өзгеріске үшырайды?
-Астың қорытылуына тістің қандай маңызы бар?
-«Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десейші» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? Оқушылар әуелі жеке дәптерге жауабын жазып орындады. сосын жұппен, топпен талдап «Тіс» ұғымына кластер толтырды.
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамуды қарастырады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
-
бақылау;
-
талдау;
-
қорытынды;
-
интерпретация.
Сабақ беретін сыныптарымда оқушылардың сыни ойлауына көп мүмкіндік туғызуға тырысамын.
Өз сабақтарымда үнемі қолданылатын әдіс-тәсілдер: кубизм, екі жақты күнделік, семантикалық карта, бес жолды тұжырым, Венн диаграммасы, топтастыру, эссе жазу, алты ойлау қалпағы, т.с.с.
«Эссе жазу» арқылы оқушы сол мәселеге байланысты өз ойын білдіреді, ішкі жан дүниесін ұғып, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айтады.
«Топтастыру» арқылы оқушы бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, өз білгендерін, білетіндерін талдайды.
«Кубизм» арқылы оқушы ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, анықтайды, зерттейді, суреттейді.
«Екі жақты күнделік» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымдарды өз бетімен анықтайды, талдайды.
«Семантикалық карта» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын таниды, анықтайды, зерттейді, салыстырады.
«Бес жолды тұжырым» арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымды бір ғана сөзбен жан-жақты талдайды.
«Венн диаграммасы» арқылы оқушы екі жаңа ұғымды салыстырады, екі ұғымның ортақ қасиеттерін табады.
«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім»-деп қазақтың біртуар жазушысы Ғабит Мүсірепов айтқандай оқушылардың жан дүниесін түсіну, оқуға деген ынтасын арттыру, саналы, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіне еніп жатқан тың өзгерістер білімді, тәрбиелі, өз өміріне жауап бере алатын ұрпақ тәрбиелеуге зор сенім ұялатады.
Осы міндеттен шығу үшін өз пәнім бойынша жоғарыда аталған әдістердің барлығын тиімді қолданамын. Сонымен қатар Блум жүйесі, ООМ (орындыққа отырғызу матрицасы), ашық сұрақтар және т.б. әдіс-тәсілдер оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, бір-бірімен, шағын топта ұжымдасып тапсырмаларды орындауға көмектеседі.
Алдымен сабағымның күнтізбелік жоспарын жаңаша бағытта құрдым. Одан соң қысқа мерзімді жоспарды орта мерзімге сәйкестендіріп және жеті модуль аясында құрастырдым. Әр сабағымда жеті модульдың көрініс табуына көңіл бөліп отырдым. Сабақ барысында оқушыларды шағын топқа бөлудің түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды. Және үнсіз оқушыларымның белсенді іс-әрекетке көшуіне баса назар аудардым.
Алғашқы уақытта оқушыларымның нәтижесін көру қиын болды. Өйткені оларды шағын топпен оқытуда көптеген қиындықтар кездесті. Мәселен:
-оқушылардың бір-бірін бағалауы кезінде;
-өз ойларын жеткізе білуде;
-жауапкершілікті сезініп уақытты үнемдеуде,
-бір-бірін тыңдай білуде.
Өзімнің зерттеуге алған сыныптарымда білімі мен дағдысы әлі толық қалыптаспаған оқушылар да (Хайрол А, Даулетбек Т, Тайкеш А, Тұрдыхан Серикбол ) баршылық. Осы аталған оқушыларды шағын топта жұмыс істеуде ынталандыру, мадақтау арқылы сабаққа деген қызығушылығын тудыру және қабілеті жоғары оқушылармен қатар оқыту арқылы белсенділігін арттыруға болатынын байқадым. Оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы өз ойын ашық айта алатын, бір-біріне сұрақ қойып, сыни ойлай білуге үйренетінін анықтадым.
Оқушыларды жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту барысында көптеген кедергілер де болды. Оған себеп:
-оқушылардың тіл байлығының, сөздік қорының аздығы;
-өз ойын жеткізе алмау, еркін сөйле алмау;
-қосымша әдеби кітаптар, газет, журналдарды жиі оқып отырмау;
-ғаламтор мәліметтеріне жиі жүгіне бермеу, тек оқулықпен шектелу.
Аталған кедергілерді жою үшін оқушыларға тақырыпқа сәйкес қосымша ақпараттар үлестіріліп, сабақ үстінде талдап түсіндіріп айтуға мүмкіндік берілді. Сыни ойлауға бағытталған жоғары дәрежелі сұрақтар әр сабақта оқушыларға ұсынылып отырды. Тіл байлығы, сөздік қорын дамыту мақсатында қосымша әдеби кітаптарды, мақалаларды жиі оқу («Биолог анықтамалығы» , «Биология және сауаттылық негіздері» және т.б.), түрлі тақырыптарға хабарлама, эссе жазуға тапсырмалар беріліп отырады.
Тіпті оқушыларды бағалау кезінде тек біржақты бағаламай (өзіміз тарапынан қойылатын баға) бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау, стикер арқылы, екі жұлдыз, бір тілек, шеңбер бойынша бағалау түрлерін қолданған кезімде басында біраз қиыншылықтар туды. Шағын топпен жасаған жұмыстарына толыққанды баға бере алмай, дауласып немесе екі жақсы тілек, бір ескерту айту кезінде оқушылардың қиналғаны байқалды. Бірақ уақыт өте келе оқушылар бұл сабақтың әдіс-тәсілдеріне төселіп, үйреніп кететініне сенімдімін.
Үш айлық курстан кейінгі іс-тәжірибемде түрлі қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, өз біліктілігімді көрсетуге тырыстым.
2012-2013 оқу жылы І қалалық мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференциясында «Биология пәнінен оқушыларды шағын топпен оқытудың тиімділігі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап ІІІ орынға ие болдым.
Облыстық «Оқытуды бағалау» дистанциондық эссе байқауына «Бағалау-оқушы жетістігінің өлшемі» тақырыбында мақаламды жіберіп ІІ дәрежелі диплом иелендім.
Әр сабағымда оқушыммен бірге өз жетістігімді де көргім келетін. Осы мақсатта «Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық журналға мақалалар, сабақтар жариялауға ұсынып отырдым. Осы журналдың «Үздік слайд-2013» байқауына түрлі танымдық тақырыптағы слайдтар ұсынып редакцияның арнайы СЕРТИФИКАТЫ табыс етілді.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың орталығында мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мектебінде оқытушы болғаныма арнайы СЕРТИФИКАТ ие берілді.
Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «Биолог анықтамылы
ғы журналындағы «Үздік слайд-2014» сайысына белсене қатысып, журнал дискісіне мазмұнды-танымды слайд презентациялар жариялағаны үшін МАДАҚТАМА алдым.
Оқушыларымның танымдық деңгейі жоғары болуы үшін сабағымда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», Талантты және дарынды балаларды оқыту», Оқытуды басқару және көшбасшылық» модульдерінің басымды болуына ерекше көңіл бөлемін сол себепті өз бетімен жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысыып көшбасшы болуына барынша мүмкінді беремін. Енді өткізген сабақтарымның кейбіріне тоқталсам:
«Ағзалардың жеке дамуы» тақырыбында 10-сыныпқа өткізген сабағым 2013-2014 оқу жылында
суретке ат қою Өз ойын жеткізу
Онтогенез сатылары Рөлдік ойын
«Миға шабуыл» стратегиясы ББҮ стратегиясы
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дегендей, әр сабақтың мазмұнды, танымды болуы, баланың алған білімді өмірде қолдана алуына пән мұғалімінің еңбегі зор. Биылғы 2014-2015 оқу жылында 10-сыныпқа «Вирустық аурулар және олардан сақтану жолдары» тақырыбында конференция сабағы өтті. Оқушылар өздерінің үйден дайындап келген жарнамалық суреттерін, қосымша ақпараттарын топ алдында айтып, таныыстыырды. Балалар сабақта арнайы маман рөлінде қатысып, көптеген актуальды сұрақтардың жауабын қарастырды. Қазіргі уақыттағы жаңа пайда болып жатқан виурстық аурулар туралы да әңгіме қозғап, олардан сақтану жолдарын талқылады. Енді осы сабақтағы түсірілген суреттерді келтірсем.
Вирустық аурулар туралы Жарнамалық суреттерді
таныстырылым таныстыру
Сабаққа рефлексия жасау Оқушылардың жұмысы
Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен Кембридж Университетінің ұйымдастыруымен 3 айлық біліктілікті арттыру курсы менің тәжірибеме көп өзгерістер әкелді. Курстан кейінгі іс-тәжірибемде қалалық мұғалімдерге арналған ҒПК-ға қатысып жүлделі ІІІ орынды иелендім.
Алдағы уақытта да оқу жылына жоспар құрып, сол бойынша жұмыстар атқарамын. Әр сабақта түрлі стратегияларды тиімді қолдану, оқушылардың ой еркіндігін, сындарлы көзқарастарын қалыптастыру менің жоспарымның өзекті мәселелері.
Қорытынды
Ұлы дана қытай ойшылы Конфуцийдің «Естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» деген ойы бүгінгі күні менің ішкі ойымның негізі сияқты. Өйткені мен бағдарлама мақсатын толық меңгеріп, басқа да әріптестерімнің тәжірибелерін көзбен көріп, тиімді жақтарын көңіліме тоқудамын және соның бәрін тәжірибеме қолданып жатырмын. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілеттерінің артуына біздің курстан алған әсеріміз ықпал ететіні сөзсіз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақта еңбек өтіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген сөзі бізге үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Сондықтан осы міндеттерді орындайтын ұстаздарға шығармашылық табыс, нұрлы ақыл, ыстық жүрек, күш-қайрат, сарқылмас білім мен таусылмас жігер тілегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал
№7, 2012 жыл, 22-24 бет
-
«Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал
№3, 2012 жыл, 4-6 бет
-
«Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде»
С.Мирсеитова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері», Қарағанды 2011 ж
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
5.«Биология және салауаттылық негіздері» ғылыми-педагогикалық журнал
№1-6, 2010-2012 ж
6. «Биолог анықтамалығы» ғылыми-педагогикалық журнал
№1-6, 2010-2012 ж
7.«Ғаламтор» көздері
Достарыңызбен бөлісу: |