5.2.1 Қадаларды топыраққа батыру әдісі бойынша келесі түрлерге бөледі:
а) балғаның, дірілдеткіштің, дірілдете басатын енгізгіштің және басып енгізетін құрылғылардың көмегімен топыраққа батырылатын қағылмалы темірбетон, болат және ағаш қадалар, сонымен қатар, топырақты жарым-жартылай шығарып, не шығармай және бетон қоспаларымен толтырмай, дірілді батырғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар;
б) топырақты түгел шығарып және бетон қоспаларымен түгел немесе жарым-жартылай толтырып дірілді батырғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар;
в) топырақты күштеп ығыстыру нәтижесінде пайда болған ұңғымаларға бетон қоспаларын құю арқылы жасалынатын құймалы бетон және темірбетон қадалар;
г) бұрғыланған ұңғымаларды бетон қоспаларымен толтыру немесе ұңғымаларға темірбетон құрылымдарын орнату арқылы топырақтың ішінде жасалынатын бұрғылы темірбетон қадалар;
д) бұрамалы қадалар.
5.2.2 Қадалардың топырақпен әрекеттестігі бойынша, оларды тірелген және қапсырылған деп те ажыратады.
Тіреуіш қадаларға таутасты топырақтарға тірелетін қадалардың барлық түрлерін, сонымен қатар, сығылуы шамалы топырақтарға тірелетін қағылмалы қадаларды жатқызады.
ЕСКЕРТУ Сығылуы шамалы топырақтарға, құрамында тығыз және тығыздығы орташа құмды толтырғыштар бар ірі сынықты топырақтар, сонымен қатар.
Тіреуіш қадалардың топырақтағы көтергіштік қабілетін есептеу кезінде олардың бүйір жақтарындағы теріс үйкеліс күштері ғана есепке алынады, ал топырақтардың қарсылық күштері есепке алынбайды.
Қапсырылған қадаларға, сығылатын топырақтарға сүйене, жүктемелерді, бүйір жақ беттеріндегі және төменгі жағындағы негіз топырақтарына тарататын қадалардың барлық түрлері жатады.
ЕСКЕРТУ Қаданың айналасындағы топырақтардың отыруы кезінде, оның бүйір жақ беттерінде пайда болатын және төмен қарай бағытталған күштер, теріс үйкеліс күштері деп аталады.
5.2.3 Қағылмалы темірбетон қадалар және үлкен қабыршақ қадалар, келесі топтарға бөлінеді:
а) арматуралау (салымдау) әдісі бойынша - кернелмеген бойлық арматурамен көлденең арматураланған және алдын-ала кернелген шыбықты арматурамен немесе бойлық сымды арматурамен көлденең арматураланған немесе арматураланбаған қадалар және қабыршақ қадалар;
б) көлденең қимасы бойынша - шаршы, тік бұрышты, тавр және қос таврлы, дөңгелек қуысты шаршы, жартылай дөңгелек түріндегі қадалар;
в) бойлық қимасы бойынша - призмалы, цилиндрлі және бүйір қырлары көлбеу (пирамида, трапеция және ромб тәрізді);
г) құрылымдық ерекшеліктері бойынша - тұтас және құрама (жеке секциялардан тұратын) қадалар;
д) төменгі ұшының құрылымы бойынша - ұшы үшкірленген немесе жазық ұшты қадалар, жалпағынан немесе көлемінен ұлғайтылған және төменгі жағы ашық немесе жабық қуыс қадалар, камуфлет өкшелі қадалар.
ЕСКЕРТУ Камуфлет өкшелі қаданы орнату үшін төменгі жағы қуыс болат ұштықпен жабдықталған қуыс қаданы жерге қағып, сонан соң оның ішін және басындағы болат ұштықты бетон қоспасымен толтырады да, ұштықтың ішінде камуфлет өкшені жарады. Қадалы іргетастардың жобасында камуфлет өкшелі қағылмалы қадаларды қолданғанда және ғимараттар мен үймереттерден жарылыс болатын жерге дейінгі рұқсат етілетін ара қашықтықты анықтарда, жобада бұрғылау жару жұмыстарын жүргізу ережелерінің шарттарын сақтау туралы нұсқаулар қарастырылуы керек.
5.2.4 Толтырылған қадалар, жасалу әдісіне байланысты, келесі топтарға бөлінеді:
а) құйма қадалар, төменгі жағы, топырақтарда қалдырылатын, табанмен не болмаса бетон тығынмен бекітілген, арнайы құбырды топыраққа батырып, соңынан ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру барысында құбырды қайта шығарып алу арқылы жасалынады;
б) дірілді штамппен нығыздалған құйма қадалар, қазылған ұңғыманы қатқыл бетон қоспасымен толтырып, артынан төменгі жағы үшкірленген құбыр түрінде жасалынған дірілді штампқа дірілді батырғышты бекітіп, нығыздау арқылы жасалынады;
в) штампталған төсемге құйылған қадалар, штамптау әдісімен топырақта пирамида және конус формасындағы ұңғымалар дайындалып, артынан оларды бетон қоспасымен толтыру арқылы жасалынады.
5.2.5 Бұрғылы қадалар, жасалуына байланысты:
а) жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан сазбалшықты топырақта қабырғасы бекітілмей бұрғыланған ұңғымада, ал жерасты суларының деңгейінен төмен орналасқан, кез-келген топыырақта қабырғасы балшықты ерітіндімен немесе қайта суырылып алынатын арнайы құбырмен бекітіліп бұрғыланған ұңғымада бетондалатын, тұтас қималы, ұшы жалпақтау не кәдімгі, бұрғыланып толтырылған қадалар;
б) көп секциялы дірілді өзекшелерді қолдану арқылы жасалынатын, дөңгелек қуысты бұрғыланып толтырылған қадалар;
в) ұңғыма түбіне қиыршықтасты таптау арқылы жасалынатын, өкшесі нығыздалған бұрғыланып толтырылған қадалар;
г) бұрғыланып, соңынан түп жағынан жарылыс жасап кеңейтілген ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру арқылы жасалған, камуфлет өкшелі бұрғыланып толтырылған қадалар;
д) бұрғыланған ұңғымаға цемент-құм ерітіндісін немесе ұсақ түйіршікті бетон қоспасын сықап толтыру арқылы жасалынатын, бұрғылы инъекциялық қадалар;
е) кеңейтіліп не кеңейтілмей бұрғыланған ұңғымаға әуелі қаптамалайтын цемент-құм ерітіндісін, соңынан тұтас, цилиндр немесе призма түріндегі темірбетон құрылымдарды түсіру арқылы жасалған бағана-қадалар;
ж) бұрғыланып түсірілген камуфлет өкшелі қадалар, бұлардың камуфлет өкшелі бұрғыланып толтырылған қадалардан айырмашылығы, ұңғыманы камуфлетті әдіспен кеңейткеннен кейін, оған темірбетон қада түсіріледі.
ЕСКЕРТУ 1 Егер іргетастар құрылымында (бұрғыланып толтырылған қаданы жылжу үстіндегі беткейлерді бекітуге қолданғанда және басқа дәлелденген жағдайларда) басқа шешім қолдану мүмкін болмаса, онда түсірілген арнайы құбырдың топырақта қалдырылғаны жөн.
ЕСКЕРТУ 2 Бұрғыланып толтырылған қаданы сазбалшықты топырақта орнатқан кезде, ұңғыманың қабырғаларын бекітуге судың артық қысымын пайдаланған дұрыс.
5.2.6 Темірбетон және бетон қадаларды ауыр бетоннан жобалау керек.
Негізделген жағдайларда, қысқа бұрғылы және құйма қадаларда ауыр бетонды қолдануға болады.
5.2.7 Көпірлерден, гидротехникалық үймереттерден және әуелік электротарату желілерінің үлкен өтпелерінен басқа, барлық ғимараттар мен үймереттердегі қадалы іргетастардың темірбетон ростверктерін ауыр бетоннан жобалау керек.
Көпір тіректерінің қадаларындағы және қадалардың ростверктеріндегі бетон класын арнайы нормалар бойынша қабылдау керек.
5.2.8 Қадалардың ростверктеріндегі тосбағандарға темірбетон ұстындарды және құрама таспалы ростверктерге қадаларды құйып бекітуге арналған бетонды бойынша, құрама құрылымдардың түйіскен жерлерін бекітуге қолданылатын бетонға қойылатын талаптарды сақтай отырып қабылдау керек.
ЕСКЕРТУ Көпірлерді және гидротехникалық ғимараттарды жобалау кезінде қадалы іргетастардың құрама бөліктерін құйып бекітуге арналған бетонның класы, құрама бөліктерді біріктіретін бетонның класымен салыстырғанда, бір саты жоғары болуға тиісті.
5.2.9 Қадалардағы және қадалардың ростверктеріндегі бетонның аязға төзімділігі және суөткізбеушілігі бойынша маркасы [5] талаптарына сай қабылданады.
5.2.10 Ағаш қадалар [6] талаптарына сай, қылқан жапырақты ағаштардың (қарағай, шырша, балқарағай, май қарағай) бөренелерінен дайындалуға тиісті.
Қада дайындалатын бөрене қабығы аршылып, бұтақтардан және көздерден тазартылуға тиіс. Бөрененің табиғи конустығы сақталады. Пакеттік қадалардың құрылымы мен көлденең қимасының және ұзындығының мөлшерлері, есептеулер нәтижесінде және жобаланатын нысанның ерекшеліктеріне сәйкес қабылданады.
5.2.11 Ағаш қадаларда және пакеттік қадаларда ұзындығы бойынша түйістірілетін бөренелер мен сырғауылдарды бір-біріне тақап орналастырып, түйіскен жерлерін металл бастырманың немесе келтек құбырдың көмегімен жабады.
5.2.12 Қадалы іргетастардың және олардың негіздерінің есептелуі, келесі шекті күйлер бойынша орындалуға тиісті:
а) бірінші тобы бойынша:
- қаданың және қада ростверкінің материалдарының беріктігі бойынша;
- қада негізіндегі топырақтың көтергіштік қабілеті бойынша;
- егер қадалы іргетастарға көлденең бағытталған едәуір жүктемелер (тіреуіш қабырғадан, керме құрылымдарының іргетастарынан және де басқалардан) берілсе, не болмаса олардың негізі құламалармен шектелген немесе топырақ тікқұлама қабаттардан құралған болса, онда негіздің көтергіштік қабілеті бойынша;
б) екінші тобы бойынша:
- қадалардың және қадалы іргетастардың тік жүктемелерден шөгуі бойынша;
- көлденең жүктемелердің және бұраушы күштер әсерінен қадалардың негіз топырақтарымен бірге жылжуы бойынша;
- қадалы іргетастардың темірбетон құрылымдарында жарықшақтардың пайда болуы және ашылуы бойынша.
5.2.13 Ескерілетін жүктемелер мен әсерлерді, жүктеме бойынша сенімділік еселігін, сонымен қатар жүктемелердің мүмкін болатын тіркестерін қадалы іргетастарды жобалау бойынша нормативті құжаттар нұсқауларын есепке ала отырып қабылдау керек.
Жүктемелердің мәндерін ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті органы бекіткен «Құрылымдарды жобалау кезінде ғимараттар мен үймереттердің жауапкершілік дәрежесін есепке алу ережесіне» сәйкес қабылданатын, белгілеу жөніндегі сенімділік еселігіне көбейту керек.
5.2.14 Қадаларды, қадалы іргетастарды және олардың негіздерін көтергіштік қабілеті бойынша есептеуді жүктемелердің негізгі және айрықша бірігуінде, ал деформация бойынша есептеуді жүктемелердің негізгі бірігуінде орындайды.
5.2.15 Көпірлердің және гидротехникалық ғимараттардың қадалы іргетастарын есептеу кезінде жүктемелерді, әсерлерді, олардың бірігулерін және жүктеме бойынша сенімділік еселігін құрылыс нормалар талаптарына сәйкес қабылдау керек.
5.2.16 Қадалардағы, қадалы іргетастардағы және олардың негіздеріндегі барлық есептеулерді топырақтар мен материалдардың сипаттамаларының есептік мәндерін пайдаланып жүргізу керек.
Топырақтар сипаттамасының есептік мәндері нұсқаулары арқылы анықталады. Егер қадаларды сынақтау, статикалық жүктемелермен жүргізілген болса, онда қадалардың негізіндегі топырақтың көтергіштік қабілетін осы сынақтаулардың нәтижелері бойынша қабылдау керек.
5.2.17 Қадалар мен қада ростверктерінің материалдар беріктігі бойынша есептеулері, қадалы іргетастарды жобалауға арналған нормативті құжаттарда берілген шарттары ескеріліп жүргізілуге тиісті.
5.2.18 Қадалардың барлық түрлерін, материал беріктігі бойынша есептегенде, қаданы топыраққа қатқыл бекітілген, ростверк табанының салу тереңдігі ескерілген жағдайдағы баған ретінде қарастыру қажет.
5.2.19 Құйма және бұрғылы қадаларды (баған-қадалар және бұрғылы түсірмелі қадалардан басқа) материал беріктігі бойынша есептегенде, бетонның есептік кедергісін құрылыс нормалар нұсқауларына сәйкес, жұмыс жағдайы еселігін және қада орнату жұмыстарын жүргізу әдісінің ықпалын ескеретін жұмыс жағдайы еселігін есепке ала отырып қабылдау керек:
а) құрылыс жұмыстары кезінде жерасты суларының деңгейі қаданың өкшесінен төмен сазбалшықты топырақта қабырғаларын бекітпей ұңғыма бұрғылап және оны құрғақ түрде бетондауға мүмкіндік болса;
б) топырақта құрғақ түрде ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса;
в) топырақта су болған жағдайда ұңғыма бұрғылауға және оны бетондауға қайта шығарылып алынатын құбыр қолданылса;
г) топырақта ұңғыма бұрғылауға, оның қабырғаларын бекітуге және бетондауға балшықты ерітінді немесе судың артық қысымы пайдаланылса (шығарып алынатын құбырды қолданбай).
5.2.20 Қадалардың барлық түрлерінің құрылымдарының есептеулері, оларға ғимараттар мен үймереттерден берілетін жүктемелердің әсеріне, ал қағылмалы қадаларда, сонымен қатар, оларды дайындау, жинау, тасымалдау бір ғана нүктеден көтергенде өз салмағынан пайда болатын күштерге жүргізілуге тиісті.
5.2.21 Iргетас құрамындағы немесе одан бөлек жеке қаданы негіз топырағының көтергіштік қабілеті бойынша есептеуде беріктік еселігін ескеру керек.
5.2.22 Қадаға түсетін есептік жүктемені анықтау үшін іргетасты, бұраушы күштерді, тік және көлденең жүктемелерді қабылдайтын жақтаулық құрылым ретінде қарастыру керек.
5.2.23 Біркелкі көлденең қимадағы тік қадалы іргетастарға әсер ететін көлденең жүктемені, қадаларға бірдей бөлінген деп қабылдауға болады.
5.2.24 Қадалы іргетастардың және олардың негізінің орнықтылығы топырақтың қозғалатын бөлігіне түсірілген, қадалардан пайда болатын қосымша көлденең бағыттағы кері әсерді есепке ала отырып тексереді.
5.2.25 Негізі ісінгіш топырақтардан тұратын қадалар мен қадалы іргетастарды материал беріктігі бойынша есептеп және аязды ісіну күштері әсер еткендегі іргетастардың орнықтылығына тексеру керек.
5.2.26 Қадалар мен қадалы іргетастарды деформация бойынша есептеуді қадалы іргетастардың және ғимараттардың біріккен деформациясы, қадалы іргетастардың және ғимараттардың біріккен деформациясының шекті мәнінен аспайтын шарты бойынша жүргізеді.
5.2.27 Таутасты топырақтарға тірелетін қағылмалы қадалардың, сонымен қатар, сығылуы шамалы топырақтарға тірелетін қағылмалы қадалардың көтергіштік қабілеті, тіреуіш қадалардың ұшынан төмен жатқан топырақтың есептік кедергісі мен қадалардың топырақтағы жұмыс жағдайының еселігін ескеру арқылы анықталынады.
5.2.28 Сығушы жүктемеге жұмыс істейтін, топырақты шығармай батырылатын қапсырылған қағылмалы қаданың және қабыршақ қаданың көтергіштік қабілеті есептік кедергісі мен қадалардың топырақтағы жұмыс жағдайының еселігін ескеру арқылы анықталынады.
5.2.29 Жұлушы жүктемелерге жұмыс істейтін құйма, бұрғылы және қабыршақ қадалардың көтергіштік қабілеті іргелі беті бойынша топырақтың есептік кедергісі мен қадалардың топырақтағы жұмыс жағдайының еселігін ескеру арқылы анықталынады.
5.2.30 Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұмыс істейтін бұрамалы қадалардың көтергіштік қабілетін есептеулер бойынша анықтау керек.
5.2.31 Қаданың бүйір жақ беттерінде, оның айналасындағы топырақтардың отыруынан пайда болатын және төмен қарай бағытталған теріс (кері әсерлі) үйкеліс күштерін, келесі жағдайларда ескеру керек: жерасты суларының деңгейін төмендету кезінде судың қалқыту әсерін түсіру арқылы топырақтағы тиімді кернеуді арттырғанда; техногендік шөгінді топырақтардың аяқталмаған сығыла нығаюы жағдайында; байланыспаған топырақтардың динамикалық әсерлердің арқасында нығыздалуы жағдайында; суланған топырақтардың отыруы жағдайында.
5.2.32 Кері үйкеліс күштері, қадалы іргетастарды тұрғызып, оны жүктегеннен кейінгі қаданың айналасындағы топырақтардың шөгуінің мәні, іргетастың шөгуінің шекті мәнінің жартысынан асатын тереңдікке дейін ескеріледі.
5.2.33 Қадаларды статикалық және динамикалық жүктемелермен, ал топырақтарды статикалық зондтау және эталон қадамен, сынақтауларын - [4] талаптарын сақтай отырып, жүргізу керек.
5.2.34 Әрбір ғимарат немесе үймерет үшін, далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қадалардың көтергіштік қабілетінің анықталу барысындағы сынақтаулар саны ескерілуі керек.
5.2.35 Қадалардың көтергіштік қабілетін, оларды батырушы, жұлушы және көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық және динамикалық сынақтаулар нәтижелері бойынша анықтау керек.
ЕСКЕРТУ Егер сынақтау жағдайы ғимараттар мен үймереттердің іргетастарындағы қадалардың нағыз жұмыс жағдайына сәйкес келген жағдайда, қадаларға көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық сынақтардың нәтижелері оларға келетін есептік жүктемелерді анықтауға қолданылуы мүмкін.
5.2.36 Егер бірдей топырақ жағдайында сыналған қадалардың саны алтыдан аз болса, онда қаданың шекті кедергісінің нормативтік мәнін сынақтау нәтижелерінен алынған ең кіші шекті кедергіге, ал топырақ бойынша сенімділік еселігін бірге тең етіп алу керек.
Егер бірдей жағдайда сыналған қадалардың саны алтыға тең немесе одан көп болса, сынақ мәліметтерінен алынған қадалардың шекті кедергілерінің жеке мәндерін статикалық өңдеу нәтижелерінің негізінде келтірілген уақытша кедергіні анықтауға арналған әдістеменің талаптарын ескере отырып анықтау керек.
5.2.37 Егер қадалардың батырылуына статикалық сынақтар жүргізу кезіндегі жүктеме, оның мәнін арттырмай-ақ қадалардың шөгуінің тоқтаусыз өсуіне әкелетін жүктемеге дейін жеткізілсе, онда бұл жүктеме сыналатын қадалардың шекті кедергілерінің жеке мәндері ретінде қабылданады.
Ал, қалған барлық жағдайларда, ғимараттар мен үймереттердің іргетастары үшін, қадалардың батырушы күшке шекті кедергілерінің жеке мәндері ретінде, сыналатын қадалар шамасына дейін шөгетін, жүктемені қабылдау керек.Қадаларды сынақтау, шартты тұрақталу жағдайында жүргізілсе, ал, қадалардың ұшынан төменгі жағында шөгуі, қаттыдан тығыз күйге дейінгі сазбалшықты топырақтар жатса, сондай-ақ, қадалардың ұшынан төменгі жағында жұмсақ илемдіден аққыш күйге дейінгі сазбалшықты топырақтар жатса, онда еселігінің мәнін анықтау керек. Ұқсас топырақ жағдайында қадалы іргетастарда салынған ғимараттардың шөгуіне бақылау жұргізудің нәтижелері бойынша анықтауға болады.
Көпірлер мен гидротехникалық ғимараттарда, батырушы жүктемелер кезіндегі қадалардың шектік кедергісі ретінде, төмендегі жағдайларды болдыратын жүктемелерден бір саты төмен жүктемені қабылдау керек:
а) бір саты жүктеу кезіндегі шөгудің өсуі, алдыңғы жүктеу кезінде алынған шөгудің өсуінен көп болса;
б) бір тәулік немесе одан да көп уақыт ішінде шөгу басылмаса.
ЕСКЕРТУ Тиісті негіздемелері бар, жекелеген жағдайларда, сынақтау кезінде жеткен ең жоғарғы жүктемені, қаданың көтергіштік қабілетіне тең етіп қабылдауға болады.
5.2.38 Қадаларды статикалық жұлушы немесе көлденең жүктемелермен сынақтау кезіндегі шекті кедергілерінің жеке мәндері ретінде, ауытқудың жүктемеден тәуелділік кестесі бойынша, жүктемені арттырмай-ақ қадалардың ауытқуы тоқтаусыз өсетін жүктемеден, бір саты төмен жүктеме қабылданады.
ЕСКЕРТУ Қадаларды көлденең жүктемелерге статикалық сынақтау нәтижелері, қада-топырақ жүйесінің есептік өлшемдерін анықтауға қолданылуы мүмкін.
5.2.39 Динамикалық сынақтау жүргізу кезіндегі қағылмалы қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін, соққыдан шөгуінің нақты (өлшенген) тоқтау болған жағдайдағы батырылу мәліметтері арқылы анықтау керек.
Егер соққыдан шөгудің нақты (өлшенген) тоқтау мәні болса, онда қадалы іргетастардың жобасында, қадаларды батыруға соққыдан шөгудің тоқтау мәні болатын соғу энергиясы үлкен балғаны қолдануды қарастыру керек, ал қада қағу жабдығын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда және соққыдан шөгуді өлшеуіш болғанда, қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін есептеулер бойынша анықтау керек.
ЕСКЕРТУ 1 Қазаншұңқырды қазу барысында шығарылатын топыраққа немесе ағып жатқан су түбіндегі топыраққа қада қағу кезінде соғудан шөгудің есептік мәнін, шығарылмаған топырақты немесе шайылып кетуі мүмкін топырақты ескере отырып есептелген қаданың көтергіштік қабілетіне сүйене отырып анықтау керек, ал кері үйкеліс күштері көрінуі мүмкін жерлерде - бұл күштерді де есепке алады.
ЕСКЕРТУ 2 Егер анықталған қадалардың көтергіштік қабілетінің мәндері мен есептелген көтергіштік қабілетінің мәндерінің арасында үлкен айырмашылық болса, онда қадалардың көтергіштік қабілетін статикалық зондтаулардың қорытындылары бойынша немесе қадаларға статикалық сынақтаулар жүргізу арқылы қосымша тексеру керек.
5.2.40 Сығушы жүктемелерге жұмыс істейтін қапсырылған қағылмалы қадалардың көтергіштік қабілетін, топырақтарды эталон қадалармен сынақтаудың, зонд-қадалармен сынақтаудың немесе статикалық зондтаулардың нәтижелері бойынша анықтау керек.
5.2.41 Топырақтарды эталон қадалармен сынақтау орнындағы, қағылмалы қадалардың шектік кедергілерінің жеке мәндерін есептеулер бойынша анықтау керек:
а) топырақтарды І-ші типтегі [4];
б) топырақтарды II немесе III типтегі [4].
ЕСКЕРТУ II типтегі эталон қадаларды қолданғанда, олардың ұшынан төмен және бүйір жақтарында орналасқан топырақтардың шектік кедергілерінің қосындысының эталон қадалардың шектік кедергілеріне сәйкестігін тексеру керек.
5.2.42 Зонд-қадамен сынақтау жүргізілген орындағы қағылмалы қаданың шектік кедергісінің жеке мәнін зонд-қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың шектік кедергісі мен зонд-қаданың бүйір жақ бетіндегі топырақтар қабаттарының меншікті шектік кедергісінің орташа мәні және қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың жұмыс жағдайының еселіктерінің қосындысы арқылы анықталынады.
5.2.43 Қағылатын қаданың зондтау нүктесіндегі шектік кедергісінің жеке мәнін, қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтері бойынша анықталатын, қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың шектік кедергісі, қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтерінен алынатын, қаданың бүйір жақ беттеріндегі топырақтың шектік кедергісінің орташа мәні мен қаданың айналасындағы топырақтың бетінен есептегендегі қаданың батырылу тереңдігінің қосындысы ретінде анықталады.
5.2.44 Қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың шектік кедергісін жобаланған қаданың ұшының деңгейінен бір диаметр жоғары және төрт диаметрге төмен аралықта орналасқан топырақ бөлігінде, тәжірибе арқылы алынған, зонд ұштығының астындағы топырақ кедергісінің орташа мәнің ескеру арқылы анықтайды.
5.2.45 Қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша, қағылмалы қаданың бүйір жақ беттеріндегі топырақтың шектік кедергісінің орташа мәнін, зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақтың өлшенген жалпы кедергісін, таңдап алынған көтергіш қабаттың зондтау нүктесіндегі топырақтың бетінен, қадалардың ұшының орналасу деңгейіне дейінгі аралықтағы зондтың бүйір жақ бетінің ауданына бөлгендегі бөлінді ретінде анықталатын, зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақ кедергісінің орташа мәнің ескеру арқылы анықтайды.
5.2.46 Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұмыс істейтін бұрамалы қадалардың көтергіштік қабілетін статикалық зондтау нәтижелері бойынша, ал зондтау нүктесіндегі қаданың шекті кедергісінің жеке мәнін тереңдік қалақтың диаметрінің мәніне азайтылып қабылданады. Қада қалағының астындағы (үстіндегі) топырақтың шекті кедергісін, қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша анықтау керек. Бұл жағдайдағы қалақтың диаметріне тең етіп қабылданған жұмыс аймағындағы зондтың ұштығынан төмен жатқан топырақ кедергісінің орташа мәнініе байланысты, қабылданатын еселік. Бұрамалы қада діңінің бүйір жақ бетіндегі топырақтың шекті кедергісінің орташа мәнін, қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша анықтау керек.
5.2.47 Шөгуді есептеу барысында жеке қада мен қадалар тобының шөгуін қарастыру керек.
5.2.48 Әсердің есептік шамасы тудырған қадалар тобының немесе шоғырының (жеке орнатылатын немесе таспалы іргетастар) шөгуі, қаданың серпімді шөгуі арқылы анықталынады.
5.2.49 Қапсырылған қадалы іргетасты және оның негізін деформация бойынша есептеуді табиғи негіздегі шартты іргетастарға арналған есептеулермен бірдей етіп жүргізу керек. Шартты іргетастың шекаралары, төменде келтірілген жолмен анықталады:
төменнен — қадалардың ұштары арқылы өтетін;
үстінен —топырақтық тегістелу бетімен.
Шартты іргетастың шөгуін анықтау кезінде, оның өз салмағына, қаданың және ростверктің салмағы, сонымен бірге шартты іргетастың көлеміндегі топырақтың салмағы қосылады.
Есептеулер бойынша алынған қадалы іргетастардың және олардың негіздерінің деформациясының (шөгуінің) мәндері шекті мәндерден аспауға тиісті.
5.2.50 Егер құрылыс кезінде аумақты топырақпен үйіп (шайып) және аумақты топырақ үйіндісіне парапар басқа тұрақты жүктеме қарастырылған болса, ал қаданың батырылу тереңдігінің ішінде үлкен шымтезек немесе лай қабаты жатса, онда қапсырылған қадалы іргетастың шөгуінің мәнін шартты іргетастың өлшеулерінің кішіреюін есепке ала отырып анықтау керек, бұл жағдайда тік және көлбеу қадалы шартты іргетастың шекаралары, шеткі қатардағы тік қадалардың сыртқы қырынан тік жазықтықтармен бүйір жақтарынан шектелген болып қабылданады.
5.2.51 Тіреуіш қада ретінде жұмыс істейтін қадалардан тұратын, шоғырдан бөлек жұлушы жүктемелерді қабылдайтын жеке қапсырылған қадалардан тұратын қадалы іргетастарды, сонымен қатар, жұлушы жүктемелердің әсеріне жұмыс істейтін қадалар шоғырын деформация бойынша есептеу талап етілмейді.
5.2.52 Қаданы тік және көлденең күштердің және бұраушы күшпен бірлескен әсеріне деформация бойынша орындау керек.
5.2.53 Ауытқулар мен деформациялардың жобалық шектеулерін таңдағанда, келесi жайттар ескерілуге тиісті:
– ауытқудың қолайлы мәнiн қабылдауға болады деген сенімділіктің бар болуы;
– негіздік ауытқуларының пайда болуы және шамасы;
– ғимарат түрi;
– конструкциялар материалдарының түрі;
– iргетас түрi;
– негiздік түрi;
– деформациялар сипаты;
– ғимараттың болжамды пайдаланылуы;
– техникалық қызметкерлердiң ғимаратқа кедергісіз енуін қамтамасыз ету.
5.2.54 Әркелкі деформацияларды есептегенде:
– негіздік ауытқуларының пайда болуы және шамасы;
– негiздік топырақтары қасиеттерінің кездейсоқ және жүйелі түрде өзгеруі;
– жүктемелердің таралуы;
– құрылыс әдісі (жүктеу ретін қосқанда);
– құрылыс барысында және ол аяқталған кездердегі ғимарат қатқылдығы ескерілуге тиісті.
Қадаларды орнату жұмыстарды өндіру жобасына сәйкес жұргізіледі.
Бұл жобаға келесі мәліметтерден енеді:
- қадалардың түрі;
- әр қаданың, орналасу рауалары ескерілгендегі, орналастырылуы мен еңкеюі;
- қадалардың көлденең қимасы;
- толтырылмалы қадалар үшін болат салымдар туралы мәліметтер;
- қадалардың ұзыңдығы;
- қадалардың саны;
- қаданың қажетті көтеру қабілеті;
- қада өкшесінің белгісі (реперға немесе орнату орнына жақын жерге қарасты) немесе қағу кезінде берілетін кедергі;
- қаданы орнату кезіндегі жұмыстар реті;
- белгілі бөгеттер;
- қадалық жұмыстарды орындау кезіндегі басқа да шектеулер.
Барлық қадалардың орнатылуы жұмыс өндірушісінің бақылауымен өтетіндігін және жұмыстардың орындалуы туралы жазбалар жүргізілетінін ескерту қажет.
Әр қада туралы жазбаларға, сәйкес стандарттарда, жұмыстар орындалуына байланысты келтірілген, құрылыстың барлық сұрақтары енуге тиісті, нақтырақ айтқанда:
- қадалар саны;
- қадаларды орнатуға арналған жабдықтар;
- қадалардың көлденең қимасы мен ұзыңдығы;
- орнату уақыты мен күні (орнату үрдісіндегі үзілістерді қоса);
- бетон қоспасының құрамы, қолданылған бетон көлемі мен орнату орнына қаданы құю әдісі;
- тығыздығы, pH, Марш бойынша тұтқырлығы және бентонитті ерітіндіні қолдану кезінде, ондағы ұсақ бөлшектердің құрамы;
- шнек көмегі арқылы орнатылатын қадалар үшін немесе басқа бұрғылы инъекциялық қадалар үшін, — цементтік ерітіндінің көлемі мен қысымы немесе ішкі және сыртқы диамертлер, шнек қадамы және бір айналым кезінде топыраққа батырылуы;
- қағылмалы және басқа ыгыстырылмалы қадалар үшін —өлшенген ауытқу кедергісі туралы мәліметтер, мысалы, балғаның салмағы, жүрісі мен қуаттылығы, соққылардың жиілігі мен ақырғы батырылуындағы соққылар саны;
- дірілдеткіштердің қуаттылығы (егер олар пайдаланылса);
- бұрғы қозғалтқышы үшін бұраушы күш(егер олар пайдаланылса);
- бұрғымалы қадалар үшін — бұрғылау орнында жатқан қабаттар, қада өкшесінде жатқан негіздің жағдайы, егер ұңгыма түбінде шлам жиналатын болса;
- қаданы орнату кезінде пайда болуы мүмкін мәселелер;
- орналасу жері мен бағытынан ауытқу, орындалатын белгілер.
Жұмыстардың аяқталғанына бес жыл болған сон, әр қадаға қатысты өзгерістер мен ахуалдар есепке алынуға тиісті. Қаданы орнату бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін, жобалық құжаттарға орындау құжаты қосылуы тиіс.
Егер жергілікті бақылау немесе есеп беру құжаттарын қарастыру кезінде орнатылған қадалардың сапасына күмән туса, қадалардың жағдайын анықтау және күмәндарды жою бойынша шаралар қолдану мақсатында, қосымша зерттеулер жүргізілуі керек. Бұл зерттеулер құрамына, қадаға статикалық жүктемелердің түсірілуін, немесе оның жалпы бүтіндігін тексеру, немесе ол ауытқып кетсе, күмәнданған қаданы, қоршаған негіз топырағын қоса зерттеп, қайта қағу жұмыстары енеді.
Орнату жұмыстары кезінде қада сапасын бақылау мүмкін болмаған жағдайда, қада діңін тұтастыққа сынақтау керек.
Маңызды ақаулары бар немесе орнатылу кезінде қоршаған топырақ беріктігінің төмендеуін туғызған қадалар сапасының жалпы бағалануына, шағын деформациялар туғызатын қада тұтастығын тексеретін динамикалық сынақтау енуі мүмкін. Динамикалық сынақтау кезінде бетонның сапасы немесе бетонның қорғаушы қабатының жеткіліксіз қалыңдығы сияқты елеулі ақауларды табу мүмкін емес, бұл ақаулардың әрбіреуі қаданың ұзақ уақыт жұмыс істеуіне әсер етеді, сондықтан, жұмыстарды орындау кезінде басқа— дыбыс, діріл немесе сынамалар арқылы арнайы заманауи сынақтаулар жүргізу керек.
5.2.55 Топырақтарды нығайту, олардың жобаланып жатқан немесе тұргызылған ғимарат негізінде су сіңірмеушілігін және беріктігін жоғарылату мақсатымен орындалады.
Нығайтылған топырақтардан тұратын сілемдер (бекітілген массивтер) іргетастар және басқа тереңдетілген құрылымдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Нығайтылған сілемдерді, олардың міндеті мен топырақ жағдайларына байланысты орнату үшін келесі тәсілдер қолданылады:
- топыраққа химиялық цементтендіретін ерітінделерді еккіштердің көмегімен немесе ұңғымаларға (шайырландыру, силикаттандыру, цементтендіру) ендіру арқылы іске асатын егу;
- бұрғылай араластыру (ұңғымаларда топырақты өндіріп, цементпен немесе цемент ерітінділерімен араластыру);
- термиялық (ұңғымаларға жоғары температуралық газдарды ендіру арқылы немесе топырақты электр тоғымен күйдіру арқылы).
Нығайту тәсілі мен ерітінділердің құрамтізімі нығайтылған топырақтың есептік физикалық-механикалық сипаттамаларымен қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауды қанағаттандыруға тиісті.
5.2.56 Нығайтылған сілемдердің пішіні мен өлшемдері мен нығайтылған топырақтардың физикалық-механикалық сипаттамаларын құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына, қабылданған тәсілге және топырақтарды нығайту жұмыстарының технологиясына, сондай-ақ нығайтылған сілемнің қоршаған топырақтармен өзара әсерлесулерін ескере отырып негіз есептелуіне байланысты анықталу керек.
Еккіштер мен ұңғымалардың орналасуы және жұмыс тәртібі, талап етілетін пішіндегі және өлшемдегі нығайтылған сілемдердің жасалуын қамтамасыз ету керек. Нығайтылған сілемнің жасалу тәртібі жобадағы немесе тұрғызылған ғимараттардың әркелкі шөгуін тудыратын мүмкіндікті жою қажет.
Жобада жұмыс өндірісінің бастапқы кезеңінде, нығайтылған топырақтың физикалық өлшемдерінің жобалық мәндеріне сәйкес екендігіне баға беретін, бақылау жұмыстарын қарастыру керек.
Топырақтарды еккіштер қолдану тәсілдерімен бекіткен кездегі ендірудің шектік қысымы, бекітілетін топырақтың тұтастығының ажырау мүмкіндігін болдырмайтын шартқа байланысты тағайындалуға тиісті.
5.2.57 Негіздерді жобалау кезінде ғимаратты пайдалану және құрылыс барысында гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеру мүмкіндігі ескерілуге тиісті, әсіресе:
- жерасты сулар деңгейінің мезгілдік және көпжылдық табиғи өзгерістері;
- жерасты сулар деңгейінің мүмкін болатын техногендік өзгерістері және қомсулар пайда болуы;
- сазбалшықты топырақтардағы жерасты суларының капиллярлық көтерілу биіктігі;
- өндірістің технологиялық ерекшеліктерін ескергендегі инженерлік ізденістер деректеріне сүйене отырғандағы топырақтардың тоттану белсенділігіне және жерасты құрылымдарының материалдарына қатысты жерасты суларының жегілік дәрежесі.
Құрылыстың жерасты суларына деген әсерін бағалау үшін, құрылысты салу және пайдалану кездерінде де гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне болжам жасау керек. Сонымен қатар, аталған болжам, құрылыс тұрғызылып жатқан аймаққа да, сонымен қатар шектес аймақтарға да жасалуға тиісті.
Гидрогеологиялық жағдайлар өзгеруінің болжамы, жауапкершілігі I және II деңгейдегі ғимараттар үшін, жерасты суларының көпжылдық күйін қалыптастыратын себептердің өзгеруіне байланысты, геосүзілудің математикалық үлгілеу әдісі пайдаланылып, жасалуға тиісті.
Гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруіне болжам жасалғанда, аймақтық және жергіліктік болып бөлінетін, күй қалыптастыратын себептердің ажыратылғаны жөн. Аймақтық себептерге жататындары: каналдар, өзендер және басқа да су қоймаларынан, суды көп мөлшерде тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларынан, ірі коллекторлардағы апаттардан пайда болатын жерасты суларының қосымша қысымы; су тарту, дренаждар, метро тоннельдерін құрғату жүйесінің, карьерлер және т.б. жұмыстардың нәтижесінде жерасты суларының депрессиялық шұңқырларының пайда болуы. Жергіліктік себептерге жататындар: жерасты ғимараттардың барраждық әсерінен (соның ішінде қадалар алаңдарының), су тасымалдайтын коммуникациялардан келетін сулардан, жерасты суларындағы қосымша қысым; ғимараттарды салу және оларды пайдалану кезеңдеріндегі түрлі дренаждардың әсерінен жерасты суларының депрессиялық шұңқырларының пайда болуы.
Гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеруі туралы нақты болжамдық бағалар алу үшін, жауапкершілігі I және II деңгейдегі ғимараттар жобалау кезінде, жерасты суларын жүйелік бақылауға алған (құрылыс салынып жатқан және оған іргелес аймақтарда), сонымен қатар, сулы деңгейлердің сүзілулік өлшемдерін анықтау үшін, тәжірибелік-сүзілулік жұмыстар кешенін қарастырған жөн.
5.2.58 Жерасты сулары деңгейінің мүмкін болатын мезгілдік және көпжылдық табиғи өзгерістерінің бағалануы, қысқа уақыттық бақылау нәтижелері, сонымен бірге құрылыс алаңдарындағы инженерлік ізденістер кезіндегі жерасты сулар деңгейлерін бір реттен өлшеулерін пайдаланылып, жүргізген көпжылдық жүйелік бақылаулар деректері бойынша орындалады.
Ғимараттардың және жер қазу жұмыстарының жобаларын құрастыру үшін, жерасты суларының көпжылдық орташа және олардың бақылау кезіндегі ең көп және ең аз деңгейлері, сонымен қатар, жерасты суларының тасқынды (көктемдегі, жаз-күздегі) деңгейлерінің ұзақтығы туралы мәліметтер қажет.
Жерасты суларының көтерілу сипатына қарай аудандарды, жерасты суларының көтерілуі табиғи түрдегі және көтерілуі техногендік деп ажыратқан жөн. Жерасты сулары көтерілуінің негізгі себептері: құрылыс кезінде – жер тегістеу кезінде жерүсті су ағындары жағдайының өзгеруі, жер қазу және құрылыс жұмыстары арасындағы ұзақ мерзімді үзілістер; пайдалану кезінде-апаттық ағулардың енуі, ғимараттар және жабындар астындағы буланудың азаюы және т.б.
Техногендік әсер сипатына қарай құрылыс салынып жатқан аудандар әдетте төмендегідей ажыратылады: су басуы мүмкін емес, су басуы әбден мүмкін және құрғатылатын. Су басуы мүмкін емес аудандар - қолайлы табиғи (қалың, сусіңіргіш топырақ қабатының болуы, жерасты сулары деңгейінің терең орналасуы, аймақтың құрғатылуы) және қолайлы техногендік жағдайлардан (коммуникациялардан судың беталды ағып кетулердің болмауы, болмашы барраждық әсер) негіз топырақтары ылғалдылығының көзге көрінерліктей ұлғаюы және жерасты сулары деңгейінің көтерілуі болмайтын аймақтар. Су басуы әбден мүмкін аудандар-қолайсыз табиғи және техногендік жағдайларға байланысты, олардың құрылыстық игерілу нәтижесінде немесе пайдалану кезінде, ғимараттың қалыпты пайдаланылу жағдайының бұзылуын тудыратын және қорғаныс шаралары мен дренаждар салуды талап ететін, жерасты сулары деңгейінің көтерілуі мүмкін аймақтар.
Құрғатылатын аудандар – жер қабатының отыруына және ғимараттардың деформациялануына себепші болуы мүмкін, құрылыс салу кезіндегі құрғату және ғимаратты пайдалану кезіндегі дренаждар жүргізу арқылы жерасты суларының деңгейі төмендетілетін аймақтар.
Ауданды су басуы мүмкін деген жағдай, құрылыс алаңын және оған жапсарлар аймақтардың, инженерлік-геологиялық жағдайлары ескеріліп, гидрогеологиялық жағдайларының өзгеру болжамы мен жобаланатын және тұрғызылған ғимараттар, соның ішінде инженерлік желілердің құрылымдық және технологиялық ерекшеліктері негізінде анықталады.
Жауапкершілігі I және II деңгейдегі ғимараттар үшін тиісті негіз болса, жерасты суларының күйін тұрақты бақылаудың кем дегенде бір жылдық мәліметтері енгізілген, арнайы кешендік зерттеулер негізіндегі техногендік себептер ескеріле, жерасты сулары деңгейі өзгеруінің сандық болжамы жасалады. Қажет болғанда, аталған зерттеулерді орындау үшін, зерттеушілерден басқа, бірлесе орындаушы ретінде мамандандырылған мекемелер де қатыстырылуы мүмкін.
Жерасты сулары деңгейінің төмендеуі болжамдалған кезде, топырақтың өз салмағынан туындайтын қысымның арту салдарынан, депрессиялық шұңқырдың ұлғаю аймағының және оның үстінде тұрғызылған ғимараттардың қосымша шөгуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Осы болжамды ескере отырып, су деңгейінің төмендеу шегін белгілеп, құрылыс мерзімі және құрылыс алаңын игеру кезеңдігін ұсыну қажет, сонымен қатар, құрылыстық құрғату әсерін төмендетуге бағытталған, ғимараттарды тікелей және бүкіл аймақ ауданын қорғайтын шаралар (сүзілуге қарсы бүркеулер мен қалқандар орнату, топырақты мұздатып немесе егіп бекіту және т.б) қажеттілігін анықтау керек.
Жерасты сулары деңгейінің өсуі кезінде, топырақтардың суға қаныққандағы деформациялық сипаттамаларының мүмкін болған нашарлауы салдарынан негіздің қосымша шөгулері мен гидростатикалық және гидродинамикалық қалқытулар нәтижесіндегі сығылу қалыңдығының кернеулік күйінің өзгеруі ескерілуге тиісті.
Жерасты гимараттарының құрылыстарын жүргізу кезінде барраждық әсер туындауы мүмкіндігін ескеру қажет, ол бөгет алдындағы жерасты суының деңгейінің көтерілінуімен көрінеді. Барраждық әсерді сандық түрде бағалау мен қорғынас шараларын негіздеу үшін, математикалық үлгілеу әдістерін қолдана отырып, болжам жүргізу қажет.
Құрылыстандырылатын аудандардағы жер асты суларының деңгейінің техногендік өзгеруі аймақтың қызметтік пайдаланылу түріне байланысты болады. Атап айтсақ, өнеркәсіптік аймақтар, тығыз, аралас және тығыздық деңгейі төмен құрылысы бар селитебтік аймақтар мен саябақтар, ормандар алып жатқан аймақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |