Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ



бет6/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#124533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ




6.1 Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар

6.1.1 1 Негіз, үймереттер мен қадалы іргетастар жүйелеріне арналған энергияны тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін көтеру жөнінде» талаптарын ескере жобаланып, орнатылуға тиісті.

6.1.2 Жобалау барысында нысандардың энергия тиімділігін жоғарылататын [2] талаптарына және басқа да Қазақстан Республикасы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес шаралар кешенін қарастыру қажет.

6.1.3 Үймереттердің қадалы іргетастары жобаланғанда, қойылатын негізгі талап пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Энергияны үнемдейтің үймереттің құрылымдары үй-жайларда қабылданған микроклиматты сақтап және оларды дайындау кезінде ресурс сыйымдылығын төмендетуімен қатар, жаңа технологияларды пайдалану арқасында экологиялық қауіпсіз болуы керек.

6.1.4 Жобалау барысында үймеретті күн шығысына қарай дұрыс орналастыру керек. Үймеретті дұрыс орналастыру қыс мезгілінде жылуды сақтауға, ал жазда салқындатуға табиғи мүмкіндік береді.

6.1.5 Жылудың тиімді қолдануын қамтамасыз ету үшін үймереттердің қадалы іргетастары энергия үнемдейтін материалдардан орнатылуға тиісті. Үймереттердің энергия тиімділігін арттыру үшін климаттық және жергілікті жағдайлар, сонымен қатар үй-жайлардағы климаттық жағдайы мен экономикалық тиімділігі ескерілуге тиісті. Бұл шаралар үймереттердің басқа техникалық талаптарына, сонымен бірге олардың қолданылуы мен қауіпсіздігіне әсер етпеуге тиісті.

6.1.6 Үймереттерде тиімділігі жоғары баламалық жүйелерді орнату мүмкіндіктерін қарастыру керек (техникалық, экологиялық және экономикалық).

Пайдаланушылық электр шығындарын төмендету мақсатында, үймереттің көлемдік-жоспарлау шешімдерін, сыртқы көрініс беттері ауданының, ішіндегі көлемге деген қатынасына тең, жинақтылық көрсеткішінің ең төменгі мәнімен қабылдау орынды.

Үймереттердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылатын техникалық құралдары:

а) энергияның балама көздерін пайдалану;

б) жылу сорғыларын қолдану;

в) жылыту жүйелерінің температурасын төмендету;

г) қасбеттер мен төбелердің жақсартылған жылуоқшаулауы;

д) желдету жүйелері мен таратқыш сорғылардың жұмысын орталықтандырылған түрде жүргізу;

е) артық технологиялық жылуды пайдалану.

Үймереттердің энергия тиімділігін арттыру мақсатында:

а) үймереттің күн шығысына қарай, тиімді орналасуы, үй-жайлардың пайдаланылуына қарай бөлінуі, соның ішінде, микроклиматтың температуралық-ылғалдық өлшемдері бойынша;

б) жаңа бірегей шешімдер негізінде, үймереттердің көлемдері мен аудандарының меншікті үлесін азайту;

в) қоршағыш құрылымдар ауданын қысқартуға мүмкіндік беретін, кейінірек блоктандырылатынын ескере үймереттерді модульдардан құрастыру;

г) күн шығысына байланысты орнатылуына қарай, жарықты өткізетін және өткізбейтін қоршаулардың арақатынастарын үйлестіру;

д) көпқабатты қоршағыш құрылымдардың және полимерлік жарық өткізетін қоршаулардың жаңа түрлерін табу (желдетілетін, гелиобайланысты, реттелетін және т.б.);

е) көтергіш құрылымдарды заманауи энергия үнемдеу машиналық технологиясының негізінде әзірлеу.



6.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

6.2.1 Жергілікті құрылыс, өндірістік кешендер және басқа да халыққа қажетті тұрмыстық нысандарды, аймақтық геологиялық ұйымдардан пайдалы қазбалар жоқ деген қажетті мәліметтерді алмағанша, салуға және жобалауға тыйым салынады.

6.2.2 Жобалау барысында Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде» талаптарын ескере отырып, қоршаған ортаға шектік рауалы жүктемелер ескерілуге, сенімді және тиімді қорғаныс шаралары, зиянды қоқыстардан тазарту, оларды жою, ресурс үнемдейтін, аз шығынды және шығынсыз технологиялар мен өндірістер қарастырылуға тиісті.

6.2.3 Талдарды электротаратқыш жүйелерінен, тротуарлардан және т.б. Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес қауіпсіз қашықтықта отырғызған жөн.

6.2.4 Ландшафттық жоспарлар мемлекеттік ресурстар, мысалы: су, жер, биологиялық өсімдіктер, энергетикалық ресурстар, ауаның сапасы және басқа да қоғамға қажетті табиғи ресурстар сақталып құрылуға тиісті.

6.2.5 Алаңда суғарулық суға қол жетімді болуын қамтамасыз ету қажет.

6.2.6 Ландшафтты жобалау кезінде оның табиғи дамуын қарастыру керек.

6.2.7 Талдарды отырғызу кезінде климаттық жағдайлар, жердің түрі, жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты, өсімдіктер күтімі, балалар мен қызметкерлердің тіршілік қауіпсіздігі ескерілуге тиісті. Үймереттің талшықтармен бұзылуын болдырмау үшін, биік болып өсетін талдарды үймереттерге тым жақын отырғызуға болмайды.

Экономикалық тұрғыда, экологиялық талаптарға, сондай-ақ табиғи су қорларының шектелуіне байланысты, өнеркәсіптік кәсіпорындарында техникалық сумен қамту жүйелерінің айналымдық түрін пайдалану керек. Техникалық сумен қамтудың айналымдық жүйелерінде су бірнеше қайта пайдаланылады.

Пайдалану кезінде су сапасының өзгеруіне байланысты, айналымдық сумен қамту келесі түрлерге бөлінеді:

- пайдаланғанда тек қыздырылатын суға арналған «таза циклдар»;

- тек ластанатын суға арналған «лас циклдар»;

- пайдаланғанда қыздырылатын және ластанатын суға арналған «аралас циклдар».

Ормансыз және аз орманды аудандарда орналасқан қалалық және ауылдық елді мекендердің маңында желден қорғайтын және жаға бекітетін орман жолақтарын құру, баурайларды, жыралар мен сайларды көгалдандыру қарастырылғаны дұрыс.



6.3 Қоршаған ортаны қорғау





      1. Өндірістік үймереттерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі талаптарын ескеру қажет.

      2. Үймереттердің қадалы іргетастарын орнату кезінде келесі жайттар есепке алынуға тиісті:

а) тура әсерлер – нысанның орналасқан аймағына тікелей әсер ететін негізгі және серіктес жоспарлы әрекеттер түрлерінің әсерлері;

б) жанама әсерлер – қоршаған ортаға әсер ететін, жанамалық(соңғылық) себептерге байланысты жобаның іске асырылуынан пайда болған әсерлер;

в) кумулятивтік әсерлер – үнемі өсетін өзгерістер нәтижесінде пайда болып, жобаның іске асырылуымен қатар жүретін, өткен, кәзіргі немесе негізді болжанған әрекеттер тудырған әсерлер.

Негіздерді, іргетастарды және жерасты ғимараттарын жобалауда, зиянды және жайсыз экологиялық және олармен байланысты әлеуметтік, экономикалық және басқа жағымсыз салдарды болдырмау, барынша азайту немесе жою мақсаты бар талаптар орындалуға тиісті.

Құрылыста және жобалауда ескерілетін экологиялық талаптар орындалатын инженерлік-экологиялық ізденістер нәтижелеріне негізделеді. Осы ізденістер кезінде, құрылыс ауданындағы қоршаған ортаның қазіргі жағдайы бағаланады және құрылыс нысанының қоршаған ортаға деген әсеріне болжам жасалады (ҚОӘБ)

Негіздерді, іргетастарды және жерасты ғимараттарды, инженерлік-экологиялық ізденістер нәтижелерін ескере жобалау және орнату кездерінде, құрылыс нысандары мен адамдарды, орын алған, жағымсыз әсерлерден қорғайтын және экологиялық жағдайды нашарлатпайтын жобалық шешімдер таңдап, тиісті шаралар қабылдау керек.

Жоба нұсқаларын таңдағанда экологиялық мәселелерді шешу ретін ескерген жөн.

Болжамды құрылыс аймағында (алаңында) ҚОӘБ орындауда анықталған, қоршаған ортаны ластайтын келесі себептердің көріну мүмкіндігін ескерген жөн:

- топырақтың және жердің органикалық, радиоактивтік және уытты-химиялық заттармен ластануы;

- органикалық және органикалық емес заттармен және ауыр металдармен беттік және жерасты суларының ластануы;

- жер бетіндегі радон ағынының болуы;

- құрылыс қоқыстары және тұрмыстық қалдықтарының бұрынғы үйінділерінен әр түрлі газдардың (метан, сутегі, көміртектер және басқа уытты газдардың) шығуы.

Қоршаған ортаның ластануы нормативтік деңгейлерінен асқанда, келеңсіз салдарды жою немесе азайту үшін, тиісті шараларды қарастырған жөн:

- химиялық, термиялық немесе биологиялық әдіспен ластанған топырақтарды тазалау немесе алаң аумағынан сырып алып, келісілген орындарға көму;

- үймереттердің радонға қарсы қорғауын орнату (түрлі желдету әдістерін қолдану);

- желдетілетін еденасты, газды ұстауға арналған әр түрлі кедергілерді (қалқандарды) құру;

- құрылыс нысанына, ластанған беттік және жерасты суларынан су басу қауіпі төнгенде, қорғау ғимараттарын (дамбаларды, кемерлерді, судан қорғау қабырғаларын, сүзілуге қарсы бүркеулерді және т.б.) орнату.

Ғимараттардың тұрғызылу және пайдаланылу кездеріндегі, қоршаған ортаға деген кері әсері келесі жайттардан көрінілуі мүмкін:

- жердің, топырақтардың және жерасты суларының, қалыпты пайдалану және апаттың күйлеріндегі, сондай-ақ, негіз топырақтарының техникалық мелиорациясы нәтижесінде (химиялық бекіту, цементтеу, тоңдандыру және т.б.) химиялық ластануы;

- жерасты суларының күйі мен деңгейінің өзгеруі, молықтыратын және азайтатын жағдайлардың өзгеруімен, деңгейінің көтерілу немесе төмендеуімен анықталады. Барраждық әсердің нәтижесінде және техногендік молығу салдарынан жерасты сулары деңгейінің көтерілуі, аймақты, соның ішінде, ғимараттар жертөлелерін су басу себебі болуы мүмкін. Құрылыстық су тарту және дренаж салдарынан, жерасты сулары деңгейінің төмендеуі, жердің отыруына және тұрған құрылыстардың қауіпті деформацияларына апаратын топырақтың суффозия және тығыздалу себебі болуы мүмкін;

- карст, суффозия, шөккіндер және басқалары сияқты қауіпті геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістердің күшейуі жердің опырылуын және ғимараттардың деформацияларын тудыруы мүмкін;

- қадалар немесе шпунттар қағылғандағы, негіз топырақтары тапталып тығыздалғандағы және басқа да дірілдік, динамикалық және шулық әсерлер, жақын орналасқан ғимараттардың деформацияларына әкелуі, суффозияны, шөккіндерді, деңгейі санитарлық нормаларындағыдан асатын, шудың пайда болуын қоздыруы мүмкін;

- әр түрлі физикалық өрістердің (жылулық, электромагниттік, электрлік және т.б.) пайда болуы.

Қоршаған ортаны, құрылыстың келеңсіз әсерінен, қорғау іс-шараларын әзірлеу үшін, қажетті жағдайларда, болжамдық есептеулерді жүргізген жөн:

- созылған жерасты ғимараттары орнатылғандағы барраждық әсерді, сүзілуге қарсы бүркеулерді, қазаншұңқырлардың қоршаушы құрылымдарын, бөлу қабырғаларын және т.б. есептеу;

- жерасты суларының деңгейінің төмендеуіне байланысты жер бетінің отыруын бағалау;

- қолайсыз инженерлік-геологиялық және геологиялық үрдістердің (карсттың, суффозияның, шөккіндердің және т.б) дамуын болжамдау;

- негіз топырақтарының химиялық бекітілуінің топырақтар және жерасты суларының қасиеттеріне тигізетін әсерін бағалау;

- құрылыс барысындағы дірілдік және динамикалық әсерлердің, жақын орналасқан ғимараттардың құрылымдары мен олардың негіздеріне тигізетін әсерін бағалау және басқа да есептеулер.

Күрделі жағдайларда, болжамды сандық түрде бағалау үшін математикалық үлгілеуді қолданған жөн.



      1. Қоршаған ортаға қарасты келесі әсерлерді бағалау ұсынылады:

а) көшетханалық газ шығымдарының әсерлерін ескермегендегі, атмосфералық ауа;

б) жер беті және жерасты сулары;

в) су қоймалар түбінің беті;

г) ландшафттар;

д) жер ресурстары және жер қыртысы;

е) өсімдік әлемі;

ж) экологиялық жүйелердің күйі.


      1. Үймереттердің қадалы негіздерін жобалау барысында құрылыс аланының радон қауіптілік дәрежесі, техногендік радиоактивтік ластану және құрылыс құрылымдарының радиоактивтік дәрежесі ескерілуге тиісті. Бұл кезде радиация қауіпсіздігінің талаптарын гигиеналық нормативтерге сәйкес орындау керек [1].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет