Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


 СУМЕН ЖӘНЕ КӨБІКТІ ӨРТ СӨНДІРУДІҢ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ



Pdf көрінісі
бет49/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

15 СУМЕН ЖӘНЕ КӨБІКТІ ӨРТ СӨНДІРУДІҢ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ 
СӨНДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 
 
15.1 Роботталған  өрт  сөндіру  қондырғылары  үшін  жергілікті  және  қашықтықтан 
басқару  пульті  арқылы  оларды  қолмен  басқару  мүмкіндігін  (қарапайым  өрт  сөндіру 
ұңғысы секілді) қарастыру керек. 


 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
28 
15.2 Қорғалатын  аймақтың  әрбір  нүктесі  роботталған  өрт  сөндіру  қондырғысының 
кемінде екі өрт сөндіру ұңғымасымен суландыруы керек. 
15.3 Суландырудың  қорғалатын  аймағын  жабу  әрбір  жағына  кем  дегенде  20% 
құрауы тиіс. 
15.4 Роботталған  өрт  сөндіру  қондырғылары  үшін  басқару  басымдылығы 
(маңыздылығы бойынша) келесілер бар болуы тиіс: қолмен басқару – жергілікті басқару 
пультімен басқару – қашықтық пультімен басқару – бағдарламалық сканерлеу. 
15.5 Роботталған өрт сөндіру қондырғыларының өрт ұңғылары әрекет ету аймағында 
өрт сөндіргіш заттардың ағыстарында кедергі болмайтындай етіп орналасуы керек.   
15.6 Қондырғылардың  өрт  сөндіру  ұңғыларының  арасындағы  қашықтығы 
белгіленген  ең  аз  жұмыс  қысымы  кезінде  өрт  сөндіргіш  заттарды  қондырғының  өрт 
ұңғысымен берудің ең көп ұзақтығы 80% аспауы тиіс. 
15.7 Еден  деңгейінен  1  м  биік  биіктікте  орналасқан  алаңдағы  қондырғының  өрт 
сөндіру ұңғысын орналастыру кезінде ол персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
қоршаумен жабдықталуы тиіс. Алаңға кіру үшін жүру баспалдағын қарастыру керек. 
15.8 Қондырғының өрт ұңғысы алдында қысымды реттегіш орнатылуы керек. 
15.9 Жабу  арматурасы  және  қысымды  реттегіш  роботталған  өрт  сөндіру 
қондырғысының өрт ұңғысынан артық дегенде 3 м қашықтықта боллуы тиіс. 
15.10 Роботталған  өрт сөндіру  қондырғыларының  сыртқы  суландыру  құрылғылары 
бар  болған  кезде  іске  қосылғандағы  температурасы  74  ºС  аспауы  тиіс  немесе  осы 
қондырғының техникалық құжаттама талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс. 
15.11 Қондырғының  өрт  ұңғысын  өрт  ошағына  немесе  қорғалатын  технологиялық 
жабдыққа  жүргізу  өрт  дабыл  қондырғыларынан  (өртті  анықтау  аппаратуралары)  немесе 
өрт ошағына жеке жүргізу аппаратурасынан қарастырылуы қажет.   
15.12 Роботталған өрт сөндіру қондырғысы қорғалатын нысанға тән индустриальды 
кедергілерден қандай да бір іркіліс түрін бермеуі керек. 
15.13 Роботталған  өрт  сөндіру  қондырғыларында  келесі  автоматты  функциялар 
қарастырылуы керек: 
- қондырғының  өрт  ұңғысы  аймағындағы  температура  рұқсат  етілген 
температурадан  жоғары  асып  кеткен  кезде  қондырғыны  сыртқы  суландыру 
құрылғыларына қосу; 
- жабу құрылғыларын (ысырмаларды немесе қақпақтарды) қосу; 
- өрт ошағына жүргізу; 
- қондырғының өрт ұңғысымен сканерлеу бағдарламасын таңдау; 
- қондырғының өрт ұңғысының қондырмасындағы тұрақты қысымды ұстап тұру. 
15.14 Роботталған өрт сөндіру қондырғыларында келесілер қарастырылуы керек: 
а) жарық дабылы: 
- қондырғының жұмыс істеу тәртiпі (қолмен, қашықтықтан, бағдарламалық, дағдылы); 
- қондырғының іске қосылуы; 
- жүзеге асырылатын сканерлеу бағдарламасының түрлері; 
- қондырғының жұмыс істеп тұрған өрт ұңғыларының сәйкестендіру белгілерін; 
- суландыру құрылғыларының іске қосылуы; 
- қондырғының өрт ұңғысының жетек қозғалтқыштарын қайта жүктеу; 
б) іске қосылғандығы туралы дыбыстық дабыл. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет