«севказэнерго»



Дата22.02.2016
өлшемі127 Kb.
#1989

«СЕВКАЗЭНЕРГО»

Акционерлік қоғамы





Акционерное общество

«СЕВКАЗЭНЕРГО»



Петропавл қ. 2015 жылғы 2 наурыз
«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ инвестициялық міндеттемелерінің орындалуы туралы
«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ энергия беретін ұйым болып табылады, оның негізгі қызметі - электрэнергияны электр желілері бойынша тарату болып табылады.

Кәсіпорын ұзындығы 13,5 мың км 0,4 кВ-220 кВ кернеу электр желілеріне қызмет көрсетеді, қызмет көрсету аумағы -45 мың.км2. Электр энергия Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Есіл, Мамлют, М.Жұмабаев, Жамбыл, Қызылжар, Тимирязев және Шал ақын аудандарының тұтынушыларына беріледі және таратылады. Қосылған тұтынушылардың саны 160 мың нүкте құрайды, Петропавл қаласы бойынша – 86 мың, облыс бойынша – 74 мың абонент құрайды.

Есептілік жылы кәсіпорын саралау әдісін қолданып ТМРАД бекіткен 2013 жылғы 22.11. №198-НҚ бұйрығымен бекітілген 1 кВт с. үшін 3,416 теңге (ҚҚС есепке алмастан) мөлшерінде тариф бойынша реттелетін қызметтерін көрсетті.

Кәсіпорын 2014 жылы 1050,05 млн. теңге мөлшерінде күрделі салым көлемімен инвестициялық бағдарламасын орындады. Инвестициялық бағдарлама шараларының нақты орындауы жоспардан 3,02 млн. теңгеге асыруымен 1053,07 млн. теңге құрады. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде негізгі қаражаттардың реконструкциясына 531,1 млн. теңге жұмсалды. «Энергияны үнемдеу» бағдары бойынша 337,3 млн. теңге мөлшерінде қаражат игерілді, оның ішінде ЭКЕАЖ енгізуге 211,8 млн. теңге жұмсалды, төмен деңгейдегі ЭКЕАЖ қосылу нүктесі 3763 есепке алу нүктесі және жоғары деңгейдегі 23 есепке алу нүктесі орнатылды. Сонымен қатар 153,9 млн. теңге қаражатқа негізгі қаражат сатып алынды (жиынтық трансформаторлық қосалқы стансалар, қуатты трансформаторлар, ұйымдастыру техникасы, жоғары вольтті кірмелер), 110/35/10 кВ «Сергеев» ҚС және 220/110/10 кВ «Сібір» ҚС-нда 30,7 млн. теңгеге ЖЖ- байланысы орнатылды. Инвестициялық бағдарлама шараларының қаржыландыруы толығымен кәсіпорынның өз қаражаты – амортизациялық есеп айырысулар мен пайдасы арқылы жасалды. Амортизациялық есеп айырысулар бойынша есептелген мөлшері толық көлемінде инвестициялық бағдарламаның орындалуына жолданды.

Инвестициялық бағдарлама шараларды орындау нәтижесінде: 1) тұтынушылар электржабдықтаумен сенімді қамтамасыз етілді; 2) технологиялық бұзушылықтардың саны мен электр желілеріне жеткіліксіз жібереу саны азайды; 3) негізгі жабдықтардың тозу деңгейі азайды; 4) электр энергияны электр желілері бойынша жеткізгенде олардың шығыны азайды. Ұйымдастыру шараларын орындау және инвестициялық бағдарламаны орындау нәтижесінде нормативтік- техникалық шығындар деңгейі 2014 жылы бекітілген деңгейден асқан жоқ және желіге жібергенінен жоспар бойынша 13,44 %, ал нақты түрде 10,17 % құрады. 2014 жылы кәсіпорын электр желілерінде нормадан астам шығындарына жол бермеді.
2014 жылы үшін «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ негізгі өндірістік және қаржы-экономикалық көрсеткіштері

т/б

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2014 жылы үшін есеп

1

Электр беретін желілердің ұзындығы

Км

13 504,06

2

35-220 кВ ҚС саны мен қуаты

дана мың/кВА

163 / 1 573,49

3

10-0,4 кВ саны мен қуаты

дана мың/кВА

2 306 / 543,2

4

Электр энергияны беру және тарату көлемі

млн.кВтс

1224,7

5

Электр энергияның нормативтік-техникалық шығындары

%

10,17

млн.кВтс

138,6

6

Электр энергияның нормадан астам шығындары

млн.кВтс

-

7

Шамамен алғанда қызметкерлер құрамының тізімдік саны

адам

1 200

8

Негізгі қызметтен табысы

млн.теңге

4 183,7

9

Шығындары, барлығы

млн.теңге

3 823,6

10

Оның ішінде: өндірістік шығындар

млн.теңге

3 078,1

11

жалпы және әкімшілік шығындар

млн.теңге

745,5

12

Негізгі қызметтен қаржы нәтижесі (ауди өткізгенше дейін алдын ала мәліметтер бойынша)

млн.теңге

360,1


Кәсіпорынның 2014 жылы үшін жұмысының қорытындысы бойынша электр энергияны беру және тарату бойынша қызметтерінің көлемі 1 224,7 млн. кВтс құрады, ол 2013 жылымен салыстырғанда 43 млн. кВтс-қа немесе 4% -ға астам.

Электр энергияны беру және тарату бойынша қызметтерін көрсетуге ЭТК шығындары (бақыланбайтын шығындар мен тозуды есептен шығарғанда) 2279 млн. теңге құрады, ол төмендегі баптар бойынша шығындар асқанымен байланысты жоспардан 59%-ға немесе 845 млн.теңгеге асты: 1) еңбек төлемі бойынша 403 млн.теңгеге; 2) бөтен ұйымдардың қызметтері бойынша 315 млн.теңгеге; 3) энергоаудит бойынша 29 млн.теңгеге; 4) жылжымайтын өндірістік объектілерін тіркеу бойынша 38 млн.теңгеге; 5) банк қызметтері бойынша -35 млн.теңгеге; 6 ) жөндеулер бойынша 25 млн.теңгеге.

Технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және электржабдықтар жұмысының сенімділігін көтеру үшін 2014 жылы ағымдағы және күрделі жөндеудің шығындары 183,6 млн. теңге құрады. 500 км – 0,4-10 кВ ӘЖ; 586,6 км –35-220 кВ ӘЖ; 2,84 км –0,4кВ және 10кВ КЖ; 20 дана 35-220 кВ ҚС, 136 дана 10/0,4 кВ ТфҚС өндірістік объектілерінің; өндірістік ғимараттар мен имараттардың, және де өз және жалға алынған өндірістік қажеттілігі үшін алынған арнайы автокөлктің жөндеуі жасалды.





Кәсіпорын электрэнергия шығындарының деңгейі жоспар бойынша 13,44% болуымен, желіге жіберілгені 10,17% дейін жетуімен байланысты, шығындарды өтеуге электр энергияның технологиялық шығындарын өтеу шығындары бойынша үнемдеуі 403,5 млн.теңге құрады.
Реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен жасалып жатқан жұмыс

Тұтынушылар және электрэнерегия пайдаланушыларымен жұмыс сапасын жақсарту мақсатымен Электрэнергияны тарату және бақылау басқармасы базасында Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (ТҚКО) ұйымдастырылды, оның мамандары кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын өткізеді, энергияны тұтынуға жол алу үшін қажетті техникалық құжаттамаларды рәсімдеуге өтінімдерді қабылдайды. Тұтынушыларға жайлы болсын деп электрондық кезек орнатылған және төлемдерді қабылдау кассасы жұмыс істейді. Тұтынушылардың үндеуі бойынша кәсіпорын басшылығы жеке қабылдау күндері мен қабылдау сағаттарын белгіледі.
2015 жылы кәсіпорынды дамыту жоспары

2015 жылы акционерлік қоғам 1100 млн. теңге салым көлемімен бекітілген инвестициялық бағдарламасын орындауға кірісті. Инвестициялық бағдарламасының басым бағдарларымен 364 млн. теңге мөлшерінде энергияны үнемдеу бойынша шаралар жоспарланды, оның ішінде ЭКЕАЖ енгізуге 230 млн. теңге қаражат қарастырылды. Негізгі қаражаттың реконструкциясына 607,6 млн. теңге, тозған және жарамай қалған электржабдықтардың ауыстыруына – 98,4 млн. теңге, ЖЖ байланысын жетілдіруге - 30 млн. теңге жұмсауға жоспарланды.

Жөндеу кампаниясының өткізілуіне 209 млн. теңге жоспарланды. Жоспар бойынша 1159,83 км 0,4-110 кВ әуе желісін жөндеуге; 1,445 км 0,4-10кВ кабель желісін; 18 дана 110кВ-35кВ қосалқы стансасын; 144 дана ТфҚС, ТП және ЖТфҚС; өндірістік ғимараттар мен имараттарды, және де кабель желілерін жөндегеннен кейін жол үстін қалпына келтіруге және автокөлікті жөндеуге жоспарланды.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес 2015 жылы кәсіпорын 2016-2020 жылғы кезеңіне саралау әдісін қолданып электр энергияны беру және тарату бойынша қызметтер тарифін дұрыстау және бекіту үшін уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
Отдел по связям с общественностью

АО «СЕВКАЗЭНЕРГО»

Тел.: +7(7152) 41-29-39,

е-mail: vopros_oso@sevkazenergo.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет