Ш. Жексенбаев атындағы мектеп-бөбекжай кешенінде 22. 09 күні өткен 5-7 сынып қыздары жиынынан(суырма)



Дата04.05.2024
өлшемі26.46 Kb.
#500562
1680695174 хаттама


Хаттама
Хаттама
Ш.Жексенбаев атындағы мектеп-бөбекжай кешенінде 22.09 күні өткен 5-7 сынып қыздары жиынынан(суырма)
Қатысуы керек: 28
Қатысқаны: 28
Күн тәртібінде:

  1. Қыздар кеңесінің жоспарымен таныстыру, сыныптардағы қыздар кеңесінің жетекшілерін сайлау

2.«Қыздар гигиенасы» мектеп медбикесі Ж.Иманбекова

  1. «Ерте жүктіліктен сақтану жолдары »А.Салменова

  2. «Буллинг пен зорлық – зомбылықтың алдын алу» Б.Сихова (мектеп психологі)

  3. Қыз балалардың тәртібі М.Капизова (қыздар клубының жетекшісі)

Тыңдалды:
«Менің қасиетім» тренингі Б.Сихова (мектеп психологі)
Тренинг барысында қыздар өз бойларындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерге тоқталып , жағымсыз қылықтардан арылу жолдарын психологтың кеңесіне сүйене отырып әңгімеледі.
Сөйлеушілер:
Ж.Иманбекова (мектеп медбикесі) Оқушы қыздардың жеке бас тазалығы мен шаш күтіміне тоқталды. Қыздарға салақтық пен өз денесін таза ұстамаудан болатын тері аурулары туралы айтып өтті. Қыздарға жасөспірім кезеңде болатын қыздар ағзасындағы өзгерістер мен оған дайын болу керектігін ескерттіп кетті.
А.Салменова «Ерте жүктіліктен сақтану жолдары» тақырыбында баяндама жасап, ондай жағдайдың жас ағзаға зияны мен жалпы қыз бала психологиясына тигізетін әсері, салдары мен болдырмау жолдары туралы айтып берді.
Б.Сихова «Буллинг пен зорлық зомбылықтың алдын алу» атты презентация мен бейнеролик арқылы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алу, болдырмау үшін қыздардан талап етілетін міндеттер мен алдын алу шараларын түсіндірді.
М.Капизова (5-7 сынып қыздары кеңесінің жетекшісі)
Мектептегі 5-7 сынып оқушыларының тәртібі мен мектеп формасының сақатлуы, жалпы қыз балалардың өзін-өзі ұстау тәртібі, сөйлеу, жүру мәдениеті мен жеке бас тазалығы туралы айтып , себепсіз сабақ қалдырып, мектеп ережесін бұзған кейбір оқушыларға ескету жасады.
Қаулы:

  1. Қыздардың жеке бас тазалығы жоспарлы түрде апта ішінде қаралып отырсын, уақытылы орындау мектеп медбиесіне міндеттелсін.


  1. 5-7 қыздарының жетекшісі М.Капизоваға қыздармен жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар мен жиындар өткізіп отыру міндеттелсін .


  1. Ерте жүктіліктен сақтану жолдары, зорлық- зомбылықтың алдын алу бағытындағы шаралар уақытылы жүргізіліп отырсын, орындау мектеп психологі мен әлеуметтік педагогке жүктелсін.

4.5-7 сынып қыздары кңесінің жетекшісі болып 7-сынып оқушысы Н.Айтжұма тағайындалсын.
Жиналыс басшысы: М.Капизова
Хатшы: Н.Айтжұма

Хаттама
Күні өткен қыздар күні өткен 8-11 сынып қыздары жиналысынан


Қатысуы керек: 31
Қатысқаны : 30
Күн тәртібінде:

  1. «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбындағы бейне түсірілім, пікіралмасу –

Ф.Ажыханова (8-11 сынып қыздары кеңесінің жетекшісі)

  1. «Тазалық – денсаулық кепілі» - Ж.Иманбекова (мектеп медбикесі)

  2. «Жыныстық тәрбие – маңызды әңгіме» жыныстық тәрбие туралы баяндама мектеп психологі Б.Сихова , әлеуметтік педагог А.Салменова

Ағымдағы мәселелер: тәртіп, тазалық, сабақ қалдыру, мектеп формасының сақталуы - Ф.Ажыханова (қыздар кеңесінің жетекшісі)
Тыңдалды:
Ф.Ажыханова (қыздар кеңесінің жетекшісі)
«Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында бенеролик көрсетіліп, қыздар жетекшісі бойжеткен шақтағы қыздың қылығы мен тәлім-тәрбиесіне тоқталды. Қазақ халқының мағыналы сөздері мен мақал-мәтелдерін мысалға ала отырып, презентациядағы жағдаяттарды талқылады, пікіралмасуда оқушы қыздар сұрақтарға жауап берді.
Сөйлеушілер:
Ж.Иманбекова (мектеп медбикесі) «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында презентациямен таныстырып, оқушының жеке бас тазалығы, қыздар гигиенасы мен жүргізілген тазалық қорытындысына тоқталды.
Б.Сихова, А.Салменова (мектеп психолгі мен әлеуметтік педагог) «Жыныстық тәрбие – маңызды әңгіме» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізіп, баяндама жасады. Жыныстық тәрбие бағытындағы маңызды мағлұматтар берді.
Ф.Ажыханова (қыздар кеңесінің жетекшісі)
Ағымдағы мәселелерді қозғап, себепсіз сабақ қалдырып, мектеп формасын сақтамаған оқушыларға ескерту жасады. Жалпы мектептегі қыздар тәртібі мен бос уақытты тиімді ұйымдастыруды оқушылардан сайланған қыздар жетекшілеріне тапсырды.
Қаулы:

  1. Қыздардың жеке бас тазалығы үнемі қадағаланып, уақытылы тексеріліп отырсын. Уақытында тексеру мектеп медбикесі Ж.Иманбековаға міндеттелсін.

  2. Жыныстық тәрбие бағатындағы іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілсін. Түсінік жұмысын жүргізу мектеп психологіне міндеттелсін.

  3. Қыздар тәртібі мен тәрбиесін қадағалау 8-11 сынып жетекшілері мен қыздар кеңесінің жетекшісі Ф.Ажыхановаға міндеттелсін.

Жиналыс басшысы: М.Капизова
Хатшы: Д.Нохат

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет